Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қазандағы №1910 "Орал қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 829 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 7140-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Орал қаласы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" Орал қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қазандағы №1910 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6431 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қаласының әкімі М. Сатканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады