Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 2-7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 сәуірде № 7147-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық аудандық маслихат төрағасы С. Сиражев

  Ақжайық аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 17 сәуірдегі
№ 2-7 шешіміне қосымша

Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3

1

Жайлы және
жайлы емес үйлер

1 тұрғын

0,91

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,13

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,13

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,4

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,22

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,04

7

Ауруханалар, өзгеде емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,06

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,1

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа ойын-сауық орындары және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,16

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,18

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,13

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,21

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

Сауда алаңы 1 м2

0,8

15

Машиналардан сату

Сауда орнының 1 м2

0

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады