Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 7-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қазанда № 7265-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) Ақжайық аудандық мәслихатының "Ақжайық ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы" 2014 жылғы 14 наурыздағы № 18-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3484 болып тіркелген);

      2) Ақжайық аудандық мәслихатының "Ақжайық ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы" Ақжайық аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 наурыздағы № 18-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11-3 шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжайық аудандық маслихат төрағасы С. Сиражев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады