Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі №5 "Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің 2023 жылғы 19 шілдедегі № 8 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 шілдеде № 7227-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің "Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 27436 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бөрлі ауданының әкімі Е. Ихсанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады