Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 тамыздағы № 6-18 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 қыркүйекте № 7235-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабы 2 -тармағына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі аудандық мәслихаты
2023 жылғы 28 тамыздағы
№ 6-18 шешіміне қосымша

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6577 тіркелген).

      2. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-2 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 16 наурыздағы №3-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6856 тіркелген).

      3. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-2 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 9 сәуірдегі №4-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6958 тіркелген).

      4. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-2 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 15 сәуірдегі №15-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27665 тіркелген).

      5. Бөрлі аудандық мәслихатының "Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 57-2 "Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 17 мамырдағы №3-17 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164-07 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады