Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3- тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңақала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Жардемалиев |
Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33-6 шешіміне қосымша |
Жаңақала ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдыққалдықтаржинақталатынобъектілер | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 0,86 |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,28 |
3. | Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,20 |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,52 |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,68 |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіпкету | 0,03 |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,85 |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,17 |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,15 |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,25 |
11. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,3 |
12. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,28 |
13. | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,76 |
14. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,74 |
15. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,45 |
16. | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,48 |
17. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,76 |
18. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,80 |
19. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмысорны | 0,28 |
20. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,18 |
21. | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмысорны | 0,16 |
22. | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,31 |