Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 5 мамырдағы № 5-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 мамырда № 7162-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелді) сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Жаңақала ауданы бойынша 2023 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына 1 шаршы метр үшін 34,89 теңге сомасында бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      К. Каменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады