Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Т. Кадимов |
Ескерту. Көрсетілген шешімде шешімге қол қоюшы лауазымды тұлғаның атауы "мәслихат хатшысы" деген сөздері тиісінше "мәслихат төрағасы" деген сөздерімен ауыстырылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 14.04.2023 № 2-5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-4 шешіміне қосымша |
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есептік бірлік | Теңге ( қосылған құн салығынсыз ) |
1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 160,23 |
2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 160,23 |
3 | Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф | 1 метр куб | 1922,73 |