Жәнібек ауданы әкімінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 5 "Жәнібек ауданының Жәнібек ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 наурызда № 7122-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 13 қаңтардағы №1 хаттамасы негізінде, Жәнібек ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Жәнібек ауданы әкімінің 2022 жылғы 23 тамыздағы №5 "Жәнібек ауданының Жәнібек ауылдық округі аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №29306 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жәнібек ауданының әкімі А. Сафималиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады