Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 7-10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6819 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы 6 тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялар кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Н. Мендешов |