Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық маслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
А. Зейнуллин |
Аудандық маслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 7-10 шешіміне қосымша |
1. Қаратөбе аудандық мәслихаттың "Қаратөбе ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы" 2014 жылғы 3 наурыздағы № 20-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3481 тіркелген);
2. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6819 тіркелген);
3. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-1 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 16-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27852 тіркелген);
4. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-1 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 2-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7135-07 тіркелген);
5. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-1 "Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 2 маусымдағы № 5-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7204-07 тіркелген).