Тасқала ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 3-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 сәуірде № 7145-07 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 14-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы мәслихатының 30.11.2023 № 14-3 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда Тасқала ауданы аумағындағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, оларды орналастыру орындарында тәулігіне болу құнының 1 (бір) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады