Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 06.09.2023 № 8-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6756 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Ж. Бисенгалиева |
Тасқала аудандық мәслихаты 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3 шешіміне қосымша |
|
Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №56-10 шешімімен бекітілген |
Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң), "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі -Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Тасқала ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы-отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
7) өмірдегі қиын жағдай- азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – "Тасқала ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және Заңның 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.
2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
6. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай түрде көрсетіледі:
1) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне біржолғы 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар (бұдан әрі – КСР) Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
3) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына, бір реттік 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк балалары (тәрбиеленушілері) және юнгалар ретінде болған адамдарға бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
5) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
6) бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;
7) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай бір рет 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай бір рет 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерінде және ай сайын 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға бір рет 9 мамыр Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
10) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген адамдарға, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) ;
Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде, 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр- Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
11) қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
12) басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргiзілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілеріне бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
13) 1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға 9 мамыр-Жеңіс күніне орай бір рет 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
14) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
15) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
16) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
17) бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағының Ішкі істер министрлігінің (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) басшы және қатардағы құрамының адамдарына:
Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысқан адамдарды қоспағанда, ұрыс қимылдар жүргізілген, басқа мемлекеттердің аумағында - 9 мамыр - Жеңіс күніне орай бір рет - 100 000 (жүз мың) теңге және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
Ауғанстан аумағында 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай бір рет 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде.
18) оқу жиындарына шақырылған және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
19) жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне 15 ақпан-Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күніне орай бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
20) бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшып шыққан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 15 ақпан-Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күніне орай бір рет 100 000 (жүз мың) теңге және 9 мамыр-Жеңіс күніне орай - 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
21) Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
22) 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
23) 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
24) 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына бір рет 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 80 000 (сексен мың) теңге мөлшерінде;
25) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Заңның 4–6-баптарында аталған адамдардың отбасыларына бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
26) бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
27) ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына:
Ауғанстанда бір рет 15 ақпан-Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде - бір рет 9 мамыр – Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
28) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
29) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына бір рет 9 мамыр- Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
30) сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
31) Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
32) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға бір рет 9 мамыр-Жеңіс күніне орай 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде және 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;
33) 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бір рет 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде.
7. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірдегі қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетіледі:
1) амбулаториялық емдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын адамдарға медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес, табыстарын есепке алмай, ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табыстарын есепке алмай, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде ай сайын;
3) емделудің амбулаторлық кезеңіндегі қатерлі ісіктің 1, 2, 3 және 4 сатысындағы ауруы бар адамдарға ауруды растайтын анықтамаға сәйкес, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) бар адамдарға "Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың анықтамасына сәйкес, дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы бар тұлғаларға дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізінде табыстарын есепке алмай, бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 18 жасқа дейін мүгедектігі бар балаларға дәрігерлік консультативтік комиссия қорытындысы негізінде емделуге, табыстарын есепке алмай, бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға табыстарын есепке алмай, бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы Батыс Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен адамдарға (отбасыларға) бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмай, бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде, табыстарын есепке алмай, шекті мөлшерде бір рет 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
8. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару негіздері Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
9. Мереке күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
10. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Тасқала ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
11. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
12. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.