Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 8-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 7240-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 – бабы 2 - тармағына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Ж. Бисенгалиева

  Тасқала аудандық мәслихаты
2023 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 8-3 шешіміне қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6756 болып тіркелген);

      2. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 28 наурыздағы № 20-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27471 болып тіркелген);

      3. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7150-07 болып тіркелген);

      4. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 56-10 "Тасқала ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 2 маусымдағы № 5-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7216-07 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады