Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы кейбір көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округі әкiмiнiң 2023 жылғы 27 ақпандағы № 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 1 наурызда № 7123-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шыңғырлау ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 8 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Шыңғырлау ауылындағы атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      №2 көшеге – Аққұм көшесі;

      №3 көшеге – Сарқырама көшесі;

      №4 көшеге –Торыатбас көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі А. Каражанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады