Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 17-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 қаңтарда № 33916 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 203) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Соты


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет

      істері агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Орталық сайлау комиссиясы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы қызмет)


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық банкі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17-НҚ бұйрықпен
бекітілген

Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 203) тармақшасына сәйкес әзірленді және ол ұлттық қауіпсіздік, прокуратура органдарын, сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау және бағалау мақсатында қолданылады.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      2) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      3) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;

      4) бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;

      5) интернет-конференциялар – азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қоятын және ұсыныстарымен бөлісетін ашық диалог интернет-порталының сервисі;

      6) нормативтік құқықтық акт (бұдан әрі – НҚА) – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;

      7) сауалнамалар – мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалардағы (аялардағы) қандай да бір мәселелер бойынша азаматтарға сауалнама жүргізуді жүзеге асыратын ашық диалог интернет-порталының сервисі;

      8) түсініктемелер – ашық бюджеттердің интернет-порталы және (немесе) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы пайдаланушысының нақты ескертулер мен (немесе) ұсыныстарды қамтымайтын пікірі;

      9) уәкілетті орган – ақпарат және мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.

2-тарау. Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинау

      3. Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын жинауды мемлекеттік органдар:

      1) НҚА жобаларына келіп түскен түсініктемелер, ескертулер мен (немесе) ұсыныстар нысанасына ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталының мониторингі;

      2) бюджеттік бағдарламалар жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге келіп түскен түсініктемелер, ескертулер мен (немесе) ұсыныстар нысанасына ашық бюджеттер интернет-порталының мониторингі;

      3) жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын, сондай-ақ мемлекеттік органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарындағы пайдаланушылардың түсініктемелерін мемлекеттің жобалары мен бастамаларына қоғамдық реакция тұрғысынан талдау;

      4) мемлекеттің іске асырылатын жобалары мен бастамаларының аралық және қорытынды нәтижелері туралы ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;

      5) ашық диалогтың интернет-порталында интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу арқылы жүзеге асырады.

1-параграф. НҚА жобаларына келіп түскен түсініктемелер, ескертулер мен (немесе) ұсыныстар нысанасына ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталының мониторингі

      4. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында НҚА жобаларын жария талқылауды жүргізеді.

      5. Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында НҚА жобасын орналастыру кезінде әзірлеуші мемлекеттік органдар халықты жария талқылаулар өткізу мерзімдері туралы хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды орналастырады және жария талқылаудың белгіленген мерзімі ішінде ұсыныстар және (немесе) ескертулер жинауды қамтамасыз етеді.

      6. НҚА жобасын жария талқылау шеңберінде әзірлеуші мемлекеттік органдар ұсынылып отырған жаңа енгізілімдерді түсіндіру және халықтан кері байланыс алу мақсатында (қажет болған жағдайда) БАҚ-та ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын (брифингтер, жарияланымдар, алдын ала хабарлаумен тікелей эфирлер) жүргізеді.

      7. Жария талқылау нәтижелері бойынша қабылданған және қабылданбаған ескертулер мен (немесе) ұсыныстар туралы ақпаратты қамтитын есеп қалыптастырылады.

      8. Заңнаманы жетілдіруді жөнінде келіп түскен ұсыныстарды әзірлеуші мемлекеттік органдар мемлекеттік органның нормашығармашылық қызметінде, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарларын және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарын қалыптастыру кезінде ескереді.

2-параграф. Бюджеттік бағдарламалар жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге келіп түскен түсініктемелер, ескертулер мен (немесе) ұсыныстар нысанасына ашық бюджеттер интернет-порталының мониторингі

      9. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық бюджеттердің интернет-порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге жария талқылауды жүргізеді.

      10. Бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді орналастыру кезінде мемлекеттік органдар-бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері халықты жария талқылаулар өткізу мерзімдері туралы хабардар етуге бағытталған ақпараттық хабарламаларды орналастырады және жария талқылаудың белгіленген мерзімі ішінде ұсыныстар және (немесе) ескертулер жинауды қамтамасыз етеді.

      11. Жария талқылау нәтижелері бойынша қабылданған және қабылданбаған ескертулер және (немесе) ұсыныстар туралы ақпаратты қамтитын есеп қалыптастырылады.

      12. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 31-бабының 9-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламалар жобаларын жария талқылау нәтижелері туралы есептерді және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді талдайды және мемлекеттік орган жанындағы қоғамдық кеңестің отырысына шығарады.

      13. Бюджеттік бағдарламаның мемлекеттік органы-әкімшісі қабылдаған ұсыныстар бекітілген бюджеттік бағдарламаларды түзету және (немесе) нақтылау кезінде немесе алдағы 3 (үш) жылғы кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру кезінде ескеріледі.

3-параграф. Жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдарын, сондай-ақ мемлекеттік органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарындағы пайдаланушылардың түсініктемелерін мемлекеттің жобалары мен бастамаларына қоғамдық реакция тұрғысынан талдау

      14. Мемлекеттік органдар тоқсан ішінде келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарына, сондай-ақ мемлекеттік органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарындағы пайдаланушылардың түсініктемелеріне талдау жүргізеді және мемлекеттің іске асырылатын жаңа жобалары мен бастамаларын іске асыру не түзету бойынша ұсынымдар әзірлейді.

      15. Жауапты тұлға ақпаратты қарау үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының атына енгізеді.

      Қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік органның бірінші басшысы әзірленген ұсынымдарға сәйкес құрылымдық бөлімшелердің жұмысын қамтамасыз етеді.

4-параграф. Мемлекеттің іске асырылатын жобалары мен бастамаларының аралық және қорытынды нәтижелері туралы ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру

      16. Халықты мемлекеттің іске асырылатын жобалары мен бастамалары туралы хабардар ету мақсатында мемлекеттік органдар "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес ресми интернет-ресурста:

      1) тоқсан сайынғы негізде мемлекеттің жобалары мен бастамаларының іске асырылу барысы туралы аралық ақпаратты;

      2) жылдық негізде мемлекеттің жобалары мен бастамаларын іске асырудың нақты нәтижелері бар қорытынды ақпаратты орналастырады.

5-параграф. Ашық диалогтың интернет-порталында интернет-конференциялар мен сауалнамаларды өткізу

      17. Мемлекеттік органдар жолданымдар шеңберінде көтерілген азаматтардың проблемалық мәселелеріне талдау жүргізеді және оларға сәйкес интернет-конференциялар мен сауалнамаларды одан әрі құру үшін тақырыптар тізбесін қалыптастырады.

      18. Көрсетілген тақырыптар бойынша интернет-конференциялар мен сауалнамалар жарты жылда 1 (бір) реттен сиретпей интернет-конференция және (немесе) сауалнама ашық диалогтың интернет-порталында құрылады.

      19. Өткізілген интернет-конференциялар мен сауалнамалардың нәтижелерін мемлекеттік органдар нормашығармашылық қызметте немесе құқық қолдану практикасын қайта қарау үшін, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және бюджетті бағдарламаларды әзірлеу кезінде қолданылады.

3-тарау. Мемлекеттің ұсынылатын және (немесе) іске асырылатын жобалары мен бастамаларына халықтың кері байланысын бағалау

      20. Бағаланатын мемлекеттік органдар уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мынадай ақпаратты:

      1) келіп түскен ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың жиынтығын, олардың жалпы санын, сондай-ақ қабылданған (күшіне енген құқықтық актінің нақты тармағына және бекітілген бюджеттік бағдарламаға сілтеме жасай отырып немесе басқа растайтын құжаттар) және қабылданбағандардың санын көрсете отырып;

      2) келіп түскен түсініктемелердің жиынтығын, олардың жалпы санын, сондай-ақ жауап берілгендер мен жауап берілмегендердің санын көрсете отырып;

      3) ашық диалогтың интернет-порталында орналастырылған интернет-конференцияларға және сауалнамаларға сілтемелерді;

      4) тікелей эфирлерді (интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде), брифингтерді өткізуді, БАҚ-та жарияланымдарды орналастыруды растайтын материалдарды (болған жағдайда) ұсынады.

      21. Бағалау жүргізу кезінде уәкілетті орган жиынтығында мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) мемлекеттің жобалары мен бастамаларын әзірлеуге халықтың қатысу көрсеткіші;

      2) мемлекеттің іске асырылатын жобалары мен бастамаларын іске асырудың аралық және қорытынды нәтижелеріне халықтың қол жеткізуі;

      3) уәкілетті орган жүргізетін әлеуметтанулық сауалнама қорытындылары бойынша мемлекеттің жобалары мен бастамаларын іске асыруға халықтың қанағаттану деңгейі.

      22. Мемлекеттік органдардың келіп түскен ұсыныстармен және (немесе) ескертулермен жұмысының қорытындылары бойынша уәкілетті орган мемлекеттік органның кері байланыс көрсеткішін мынадай формула бойынша есептейді:



      F – мемлекеттік орган бойынша кері байланыстың қорытынды көрсеткіші;

      В – қабылданған ескертулер және (немесе) ұсыныстар саны;

      С – келіп түскен ескертулердің және (немесе) ұсыныстардың жалпы саны;

      E –азаматтардың жауап берілген түсініктемелерінің саны;

      G– азаматтардан келіп түскен түсініктемелердің жалпы саны.

      Мемлекеттің жобалары мен бастамаларына азаматтардан түсініктемелер және (немесе) ескертулер мен ұсыныстар түспеген жағдайларда, түсініктемелер (E/G) немесе ескертулер мен ұсыныстар (B/C) бойынша қатынас 1-ге (бірлік) тең болады.

      23. Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға шкала бойынша кері байланыс көрсеткіші беріледі:

      50%-дан кемі – мемлекеттік органның кері байланыс алу жөніндегі тиімсіз қызметі;

      50-69, 9% – кері байланыстың төмен көрсеткіші;

      70% -89,9% – кері байланыстың орташа көрсеткіші;

      90-100% – кері байланыстың жоғары көрсеткіші.

      Құқықтық актілердің және (немесе) бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептер не мемлекеттің іске асырылатын жобалары мен бастамаларының аралық және қорытынды нәтижелері туралы ақпарат ашық қолжетімділікте болмаған жағдайда кері байланыс көрсеткіші нөлге теңестіріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады