Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 ақпанда № 33980 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігi


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігi


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігi


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігi

  Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика
бюросының басшысы
2024 жылғы 7 ақпандағы
№ 1 Бұйрыққа
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 4 қыркүйектегі № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21178 болып тіркелген).

      2. "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 26 тамыздағы № 15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24144 болып тіркелген).

      3. "Білім және ғылым статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 46 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25849 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады