БҰЙЫРАМЫН:
"Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"4-1) аяқ киім тауарларын әкету туралы хабарлама – ТТҚ АЖ жеке кабинетінде сәйкестендіру кодтары туралы мәліметтерді сканерлеу, қолмен енгізу немесе файлдан жүктеу арқылы және (немесе) электрондық өзара іс-қимыл интерфейсін пайдалана отырып, осындай мәліметтерді беру арқылы ТТҚ АЖ тауарлардың экспорты туралы мәліметтерді беру мақсатында қалыптастырылатын электрондық құжат;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Аяқ киім тауарларын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын енгізу және аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, олардың айналымы және Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады.
Сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған аяқ киім тауарлары қалдықтарының айналымына және айналымнан шығаруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін (сатылатын) аяқ киім тауарларының қалдықтарын таңбалау 2024 жылғы 1 маусымға дейін жүзеге асырылады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды тауарды жаңа меншік иесіне немесе өзге тұлғаға бастапқы өтеулі немесе өтеусіз бергенге дейін жүзеге асырады.
Импорттаушы Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өндірілген аяқ киім тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелгенге дейін немесе аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырғанға дейін таңбалауды қамтамасыз етеді. 2024 жылғы 1 маусымға дейін тауарларды импорттаушының меншікті қойма үй-жайларында ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт рәсіміне орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етіледі.
Комиссионер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 43-тарауына сәйкес жасалған комиссия шарттары шеңберінде жеке тұлғалардан сатуға қабылданатын аяқ киім тауарларын таңбалауды қамтамасыз етеді.
Аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдары жоғалған немесе бүлінген жағдайда, аяқ киім тауарлары айналымына қатысушы сатып алу-сату мәмілелері шеңберінде жеткізілетін (өткізілетін), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 41 және 43-тарауларына сәйкес жасалған комиссия/тапсырма шарттары шеңберінде жүзеге асырылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Аяқ киім тауарлары Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, айналымда болған және қайтарылған жағдайларда, аяқ киім тауарларына, аяқ киім тауарларының тұтыну қаптамаларына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына сәйкестендіру құралдарын енгізу осындай тауарларды өндіру немесе сақтау орындарында, ал әкелінген жағдайда – Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін, ішкі тұтыну немесе кері импорт үшін шығарудың кедендік рәсімдерімен орналастырылғанға дейін жүзеге асырылады. 2024 жылғы 1 маусымға дейін аяқ киім тауарларына немесе аяқ киім тауарларының тұтыну орамдарына немесе аяқ киім тауарларының тауарлық жапсырмаларына аяқ киім тауарларын ішкі тұтыну үшін шығару рәсіміне орналастырғаннан кейін немесе импорттаушының меншікті қойма үй-жайларында кері импорт жасауға рұқсат етіледі.";
54-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54-1. Таңбаланған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына нақты трансшекаралық орын ауыстырғанға дейін осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тауар жөнелтетін тауарлар айналымына қатысушы өзі, тауарды алатын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің резиденті туралы, сондай-ақ тауарлар мен таңбалау кодтары туралы мәліметтерді көрсете отырып, аяқ киім тауарларын әкету туралы хабарламаны ТТҚ АЖ-ға береді."
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 9 - қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
К. Шарлапаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 51 Бұйрыққа 1-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 1-қосымша |
нысан
Таңбалау кодтарын алуға сұрау салу
1. Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________
2. Жалпы деректер:
Тауарды айналымға шығару тәсілі ______________________________
Тауарды өндірген ел____________________________
3. Таңбалауға арналған өнімдер тізімі: _________________________
№ | Тауар коды 1 | Таңбалау кодтарының саны | Жеке сериялық нөмірлерді генерациялау тәсілі2 | Жеке сериялық нөмірлердің жиымы 3 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
1- бір сұрау салуда тауардың 10-нан артық коды көрсетіледі;
2- мәні дербес/Оператор болуы мүмкін;
3- Жеке сериялық нөмірлерді генерациялау тәсілінің мәні "Дербес" болған жағдайда көрсетіледі.
Бұйрыққа 2-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 2-қосымша |
нысан
Таңбалау кодтарының эмиссиясы туралы мәліметтер
1. Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________
2. Тапсырыс бойынша таңбалау кодтары ұсынылады:
№ | Тауар коды | Таңбалау кодтарының жиымы |
1 | 2 | 3 |
Бұйрыққа 3-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 3-қосымша |
нысан
Қаптамаларды агрегаттау туралы ақпарат
Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________
1. Агрегат деректері:
Агрегат деректері | Агрегатталған таңбалау кодтарының жиымы | ||||
№ | Агрегаттау бірлігінің сәйкестендіру коды | Қаптама сыйымдылығы | Агрегаттау бірлігіндегі нақты саны, дана | № | Сәйкестендіру коды |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Бұйрыққа 4-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 4-қосымша |
нысан
Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарлар әкелу туралы _____ жылғы ________ № _________ мәліметтер
1. Алушының ЖСН-і / БСН-і _____________
2. Жіберушінің сәйкестендіру нөмірі (немесе жіберушінің еліндегі аналогы) ________
3. Жіберушінің атауы ___________________________________
4. Аумағынан тауарлар әкелу жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет __________________
5. Тауардың Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 876 шешімімен бекітілген "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркеу күні және тіркеу нөмірі) _______________
6. Әкелу туралы бастапқы құжаттың күні мен нөмірі*_________________
7. Тауарлар туралы ақпарат:
№ | Тауарды сәйкестендіру коды |
1 | 2 |
8. Жиыны туралы ақпарат:
Тауар коды | Тауар коды бойынша тұтыну қаптамаларының саны |
1 | 2 |
Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ____________________
Ескертпе:
* - аяқ киім тауарларын әкелу туралы жазылған және бұрын қағаз тасығышта берілген мәліметтер бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі.
Бұйрыққа 5-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 5-қосымша |
нысан
Қазақстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан тауарлар әкелу туралы _____ жылғы ________ № _________ мәліметтер
1. Алушының ЖСН-і / БСН-і _____________
2. Тауарларға арналған декларацияның деректемелері:
Нөмірі және күні ("А" бағаны) ______________
3. Тауардың Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 876 шешімімен бекітілген "Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы" және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 797 шешімімен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтер (тіркеу күні және тіркеу нөмірі) _______________
4. Әкелу туралы бастапқы құжаттың күні мен нөмірі*____________________
5. Тауарлар туралы ақпарат:
р/с № | Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының коды | Тауарды сәйкестендіру коды |
1 | 2 | 3 |
Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ____________________
Ескертпе:
* - аяқ киім тауарларын әкелу туралы жазылған және бұрын қағаз тасығышта берілген мәліметтер бойынша мәліметтер енгізілген жағдайда көрсетіледі.
Бұйрыққа 6-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 6-қосымша |
нысан
_____ жылғы ________ № _______ қабылдау/беру актісі
1. Жөнелтушінің ЖСН-і / БСН-і _________________
2. Алушының ЖСН-і / БСН-і ____________________
3. Бастапқы құжат - Қабылдау/беру актісінің күні мен нөмірі*____ жылғы______ № ____
4. Тауарлар туралы ақпарат:
№ | Тауарды сәйкестендіру коды |
1 | 2 |
5. Жиыны туралы ақпарат:
Тауар коды | Тауар коды бойынша тұтыну қаптамаларының саны |
1 | 2 |
Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ____________________
Ескертпе:
* - бұрын қағаз тасымалдаушыда жазып берілген қабылдау/беру актісі бойынша мәліметтерді енгізу кезінде көрсетіледі;
Бұйрыққа 7-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 7-қосымша |
нысан
Айналымнан шығару туралы ақпарат
1. Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________
2. Шығару себебі: _______________________________________________
3. Құжат-негіздеме____________ жылғы ____________ №__________
4. Шығарылған өнім туралы мәліметтер:
№ | Тауарды сәйкестендіру коды |
1 | 2 |
Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ___________________
Бұйрыққа 8-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 8-қосымша |
нысан
Айналымға енгізу туралы ақпарат
1. Жеке кәсіпкердің ЖСН-і / Ұйымның БСН-і ______________________
2. Негізгі құжат________________ жылғы _________ №________
3. Тауарды айналымға қайта енгізу себебі___________________
4. Айналымда қалпына келтірілетін тауарлар туралы мәліметтер:
№ | Тауарды сәйкестендіру коды |
1 | 2 |
Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ______________
Бұйрыққа 9-қосымша |
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына 9-қосымша |
нысан
Аяқ киім тауарларын әкету туралы хабарлама _______ № _______
1. Жалпы ақпарат:
1.1. Ұйым (жеке кәсіпкер) - жөнелтуші
1.2. Жөнелтушінің ЖСН-і / БСН-і
1.3. Қабылдаушының ЖСН-і / БСН-і (немесе оның аналогы)
1.4. Қабылдаушының атауы
2. Қабылдаушының елі
3. Бастапқы құжаттың күні мен нөмірі –_______ №___
4. Нақты жөнелту күні
5. Тауарлар туралы ақпарат:
№ | Тауарды сәйкестендіру коды |
1 | 2 |
Құжатқа электрондық цифрлық қолтаңба қойылған ______________