"Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 49/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 17154 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 20/қе бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 14.02.2024 № 20/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8456 болып тіркелген, 2013 жылғы 1 маусымдағы № 186-188 (27460-27462) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын, тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ұсыныстарын енгізу қағидаларында:

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ол ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Заң департаментінің қызметіне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазастан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының 2018 жылғы 19
маусымдағы № 49/қе бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
қауіпсіздігіне төнетін
қауіп-қатерлерді іске асыруға
мүмкіндік туғызатын, тергелуі
Қазақстан Республикасының
заңнамасымен ұлттық
қауіпсіздік органдарының
қарауына жатқызылған
қылмыстық құқық
бұзушылықтарды жасауға ықпал
ететін себептер
мен жағдайларды жою туралы
Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
ұсыныстарын енгізу
Қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ___________________________________________________________

      ұсынысты енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы

      _______________________________________________________басшысы

      заңды тұлғаның атауы ______________________________________________________

      заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін

      қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік туғызатын себептер мен

      жағдайларды жою туралы

      ұсыныс

      20__жылғы "___" __________ №_____ ___________қала

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға

      мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайлардың анықталғанына себеп болған

      іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы

      АНЫҚТАЛДЫ:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы

      2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 6-бабында қарастырылған Қазақстан

      Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді іске асыруға мүмкіндік

      туғызатын нақты себептер мен жағдайлардың толық баяндалуы

      Баяндалғанның негізінде, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары

      туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 13-бабына

      сәйкес ТАЛАП ЕТЕМІН:

      1._____________________________________________________________;

      2. __________________________________________________, тағы басқа

      себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар, орындалу мерзімдері

      Осы ұсынысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

      шағым жасауға болады.

      Осы ұсынысты орындау туралы жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген

      мерзімдерде хабарлауыңызды сұраймыз. Осы ұсынысты орындамау "Әкімшілік құқық

      бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің

      462-бабына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      _______________________ ________ _________________

      ұлттық қауіпсіздік органының қолы тегі және аты-жөні

      лауазымды тұлғасы,

      атағы

Берді:

20__жыл "__"___________/____________

беру күні лауазымы, атағы

___________________________

тегі және қолы

Алды:

___________/_____________

қолы тегі, аты-жөні

_______________________

алу күні мен уақыты

      М. о.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 49/қе бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
қауіпсіздігіне төнетін
қауіп-қатерлерді іске асыруға
мүмкіндік туғызатын, тергелуі
Қазақстан Республикасының
заңнамасымен ұлттық
қауіпсіздік органдарының
қарауына жатқызылған
қылмыстық құқық
бұзушылықтарды жасауға ықпал
ететін себептер
мен жағдайларды жою туралы
Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
ұсыныстарын енгізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      _______________________________________________________________

      ұсынысты енгізетін ұлттық қауіпсіздік органының атауы мен мекенжайы

      ___________________________________________________________басшысы

      заңды тұлғаның атауы

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлға басшысының тегі және аты-жөні

      ____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның мекенжайы, байланыс телефоны

      Тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен

      ұлттық қауіпсіздік органдарының жүргізуіне жатқызылған

      қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен

      жағдайларды немесе басқа заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс

      20__жылғы "__"_________ №_____ ________қала

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының

      қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер

      мен жағдайлардың анықталғанына себеп болған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы

      АНЫҚТАЛДЫ:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      тергелуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұлттық қауіпсіздік органдарының

      жүргізуіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін мән-жайлардың

      толық сипаттамасы

      Баяндалғанның негізінде, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік

      органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы

      21 желтоқсандағы Заңының 13-бабына сәйкес ТАЛАП ЕТЕМІН:

      1.___________________________________________________________;

      2.___________________________________________________, тағы басқа

      себептер мен жағдайларды жою туралы нақты іс-шаралар, орындалу мерзімдері

      Осы ұсынысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым

      жасауға болады.

      Осы ұсынысты орындау туралы жазбаша түрде және жоғарыда көрсетілген мерзімдерде

      хабарлауыңызды сұраймыз. Осы ұсынысты орындамау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"

      Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 462-бабына сәйкес

      жауапкершілікке әкеп соқтырады.

      _____________________ _________ ________________

      ұлттық қауіпсіздік органының қолы тегі және аты-жөні

      лауазымды тұлғасы,

      атағы

Берді:

20__жыл "__"___________/____________

беру күні лауазымы, атағы

___________________________

тегі және қолы

Алды:

___________/_____________

қолы тегі, аты-жөні

_______________________

алу күні мен уақыты

      М. о.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады