Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 15 ақпандағы № 63 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 34001 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартта:

      1-тармақта:

      10) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) техникалық минимум – конденсациялық, жылуландыру, газ турбиналық және бу-газ электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін – Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төмен рұқсат етілетін электр қуатының қосындысы, МВт;";

      14) және 15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "14) электр қуатын төмендетудің аттестатталған жылдамдығы – генерацияның электр қуатын төмендету жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасында тіркелген энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын төмендету жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;

      15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы уақыт ішінде энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутпен;";

      9-тармақтың 6) және 7) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) газ электр станциялары және гидроэлектр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерацияның маневрлік режимі бар (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі берілмеген кезде – осы Шарттың талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасынан 30 % мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төлемге талап қоюға;

      7) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін - осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалған тәртіппен бекітілген генерацияның маневрлік режимі бар (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі берілмеген кезде – осы Шарттың талаптарының орындалуын қаржылық қаматамасыз ету сомасынан 100 %, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарынын орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – осы Шарттың талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің 70 % сомасы мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төлемге талап қоюға міндетті.";

      11-тармақтың 20) және 21) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "20) газ электр станциялары және гидроэлектростанциялар үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерацияның маневрлік режимі бар (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынуға;

      21) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, гидроэлектростанциялар үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс ай) ішінде Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген генерацияның маневрлік режимі бар (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсынуға міндетті;".

      2. "Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      89-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "89. Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде қатысушыларға өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы хабарламаны электрондық түрде жібереді. Жазбаша хабарламалар қатысушыларға келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18:00-ден кешіктірілмей жіберіледі.";

      97-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "97. Осы Қағидалардың 95-тармағында көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайтын болып табылады, алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша мынадай қолданылу мерзімімен толық немесе бөліп-бөліп орындалуын көздейді:

      газ электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 50 (елу) ай;

      гидроэлектр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 61 (алпыс бір) ай;

      отын ретінде пайдалы қазбаларды пайдаланбайтын генерациялайтын қондырғылар үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 38 (отыз сегіз) ай.";

      101-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "101. Осы Қағидалардың 95-тармағында көрсетілген тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив (тиісті қаржылық қамтамасыз ету) бойынша төлеуге қойылатын талапты бірыңғай сатып алушы мынадай жағдайларда қояды:

      1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте газ электр станциялары және гидроэлектростанциялар үшін электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасынан 30% мөлшерінде;

      2) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте газ электр станциялары үшін – осы көшірме осы Қағидалардың 104-тармағының 2) тармақшасында көзделген мерзім ішінде, ал гидроэлектр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қаматамасыз ету сомасынан 100%, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шарты талаптарынын орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасынан 70% мөлшерінде.";

      104-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "104. Электр қуатын сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттар мен ақпаратты ұсынады:

      1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі, бұл ретте газ электр станциялары және гидроэлектр станциялары үшін бұл көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде ұсынылады;

      2) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі, бұл ретте газ электр станциялары үшін осы көшірме электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, ал гидроэлектр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде ұсынылады.";

      3) бірыңғай сатып алушының сұратуы бойынша генерацияның маневрлік режимі бар (электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ететін) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың салыну барысы туралы ақпарат;

      4) осы Қағидалардың 95-тармағына сәйкес электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

      Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны салу жобасын іске асыру процесінде аукциондық сауда-саттық жеңімпазына электр қуатын сатып алу шартын кейіннен түзете отырып, көрсетілген жобаның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызмет көлемінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен 15 (он бес) %-ға дейін ұлғаю жағына қарай да, кему жағына (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен) қарай да ауытқуына жол беріледі.".

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
А. Жамауов

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 15 ақпандағы
№ 63 Бұйрыққа
қосымша

  Генерацияның маневрлік
режимі бар жаңадан
пайдалануға берілетін
генерациялайтын
қондырғыларды салуға арналған
аукциондық сауда-саттықты
ұйымдастыру мен өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі

Аукциондық сауда-саттық күні

Аукциондық сауда-саттықты өткізу уақыты (Астана қаласының уақыты)

Аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін құжаттарды қабылдау кезеңі

ҚР БЭЖ аймағы

Түрі

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі, МВт

Шекті аукциондық тарифтің шамасы, тг / МВт * ай

Пайдалануға берудің талап етілетін күні, шарттың қолданылу мерзімі

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі, теңге

Электр қуатын сатып алу шартының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі, теңге

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады