"Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 ақпанда № 34027 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе);";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мыналар:

      Тізбенің 63-жолы 2022 жылғы 22 қазаннан бастап қолданылады;

      Тізбенің 110-жолы 2022 жылғы 2 сәуірден бастап қолданылады деп белгіленсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:

      "

1-1.

КLT жәшіктері***

3923 10 000 0-ден

      ";

      реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10, 12, 15, 16 және 56-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-1-жолмен толықтырылсын:

      "

9-1.

Тұрмыстық техниканы жинайтын конвейерлік желіге арналған стеллаждар; антистатикалық стеллаж; қойма паллет стеллаждар; сөрелік стеллаждар; динамикалық паллет сөре стеллаждар; консольдық стеллаждар; қорғаныс қоршауы***

7308 90 980 9-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1 және 11-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

11-1.

Бекіткіштерді бақыланатын қатайту үшін бағыттаушы циферблаты бар индикатор типтес динамометрикалық кілт ***

8204 11 000 0-ден

11-2.

Штамптау жабдығының трансферлік жүйелеріне арналған жарақтар; прогрессивті (дәйекті) штамптауға арналған жарақтар ***

8207 30 100 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42-1, 42-2 және 42-3-жолдармен толықтырылсын:

      "

42-1.

Компрессорлық станция ***

8414 80 750 0-ден

42-2.

Ыстық ауаны сору жүйесі; арнайы сорғыш шкаф***

8414 80 900 0-ден

42-3.

Таза ауа беру жүйелері ***

8415 10 900 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-1-жолмен толықтырылсын:

      "

55-1.

Бояу камераларының ағындарын тазартуға арналған қондырғы ***

8421 21 000 9-дан

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 59-1-жолмен толықтырылсын:

      "

59-1.

Цифрлық таразы (каркасы бар) ***

8423 81 900 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 63-1-жолмен толықтырылсын:

      "

63-1.

2022 жылғы 1 сәуірден 2022 жылғы 21 қазан аралығындағы кезеңде әкелінген ауыл шаруашылығына немесе бағбандыққа арналған өзге құрылғылар

8424 82
8424 41
8424 49

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 63-2-жолмен толықтырылсын:

      "

63-2.

Көпір құймалары мен цилиндр блоктарын бояудың автоматты желісі; тұрмыстық техниканы ұнтақты бояу камерасы; ас үй плиталарының пештеріне және шағын пештің тұмшапешіне эмаль жағудың автоматты камерасы ***

8424 89 000 9-дан

      ";

      реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

64.

Төңгершекті көтергіштерден басқа, көтергіш тальдар және көтергіштер; шығырлар және кабестандар; автомобильдерге арналған тасымалды домкраттардан басқа домкраттар (8411 12 300 5 және 8411 12 300 6 қосалқы позицияларының авиациялық қозғалтқыштарын ұшаққа алуға және орнатуға арналған домкраттардан басқа; өзге де домкраттар мен гидравликалық көтергіштер; көлік құралдарын көтеру үшін пайдаланылатын домкраттар, өзге көтергіштер)

8425-тен (8425 19 000 1,
8425 42 000 0,
8425 49 000 0 басқа)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 67-1-жолмен толықтырылсын:

      "

67-1.

Үлкен крандар; екі тельферлік кран-балка (30 тонна) ***

8426 11 000 0-ден

      ";

      реттік нөмірі 69-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

69.

Көтеруге, тасымалдауға, тиеуге немесе түсіруге арналған өзге машиналар мен құрылғылар (мысалы, лифтілер, эскалаторлар, конвейерлер, аспалы жолдар), өзгелер (діңгекті көтергіштерді қоса алғанда, лифтілерден басқа): кабинаның қозғалыс жылдамдығын секундына 2 метрден артық қамтамасыз ететін лифтілер; өзгелер, скиптік көтергіштер; өзге тауарлар немесе материалдар үшін үздіксіз әрекет ететін элеваторлар мен конвейерлер: өзге таспалылар; өзге роликті конвейерлер; эскалаторлар және қозғалатын жаяу жүргіншілер жолдары; ауыл шаруашылығы тракторларына ілу үшін әзірленген өзге жабдықтар; өзге жабдықтар)

8428-ден (8428 10 200 1, 8428 10 200 2, 8428 10 200 9, 8428 33 000 0, 8428 39 200 0, 8428 40 000 0, 8428 90 710 0, 8428 90 800 0 басқа)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-1-жолмен толықтырылсын:

      "

69-1.

Цилиндр блогы мен цилиндр блогының бас жағына арналған әрлеу конвейері; орауға арналған роликті конвейер; электр жетегі жоқ еденге қоятын роликті конвейер; автоматты орау машинасы (Pet таспа) ***

8428 39 200 0-ден

      ";

      реттік нөмірі 70-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

70.

Бұрылмайтын немесе бұрылатын күрегi бар бульдозерлер; грейдерлер, жоспарлаушылар, скреперлер, механикалық күректер, эксковаторлар, бiршөмiштi тиегiштер, тегістейтін машиналар, өздігінен жүретін жол аунақтары* (өзгелерден басқа; өзге біршөмішті фронтальды тиегіштер; механикалық басқа күректер, эксковаторлар және біршөмішті тиегіштер, өзге толық айналмалы машиналар, өзге бұрылмайтын немесе бұрылатын күрегi бар бульдозерлер, өзге грейдерлер және жоспарлаушылар)

8429-дан (8429 19 000 9, 8429 20 009 9, 8429 51 990 0, 8429 52 900 0, 8429 59 000 0 басқа)

      ";

      реттік нөмірлері 72 және 73-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

72.

Топырақты дайындауға және өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы, бау-бақша немесе орман шаруашылығы машиналары; көгалдарға немесе спорт алаңдарына арналған аунақтар (соқадан басқа; дискілі тырмалар; өзгелер: қопсытқыштар мен культиваторлар; тырмалар; сепкіштер: өзгелер)

8432-ден (8432 10 000 0, 8432 21 000 0, 8432 29 100 0, 8432 29 300 0, 8432 31 190 0, 8432 39 190 0 басқа)

73.

Сабанды немесе пішенді дестелерге буып-түюге арналған престерді, тайлағыш престерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға немесе бастыруға арналған машиналар немесе тетіктер; пішен орақтары немесе көгал орақтары; 8437 тауар позициясының машиналарынан басқа жұмыртқаны, жеміс өнімдерін немесе басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін тазалауға, сорттауға немесе сұрыптауға арналған машиналар (шығарылған кезінен бастап 3 жылдан астам уақыт өткен астық жинайтын комбайндардан басқа, өзге астық жинайтын комбайндар; сүрлем жинайтын комбайндар: өздігінен жүретіндер: өзгелер; өзге шөп шабатын машиналар: аспалы немесе тіркемелі трактор машиналары; өзге шөп дайындауға арналған машиналар; тайлағыш престер; бөлшектер)

8433 (8433 51 000 1, 8433 51 000 9, 8433 59 110 9 басқа селекциялық комбайндарды қоспағанда), сондай-ақ 8433 59 850 9 тауар позициясының қармау ені 7, 9, 12, 16 метрді құрайтын дәнді дақылдарды жинауға арналған тіркемелі және аспалы дестелегіштерден басқа (күріш, жүгері, майлы және бұршақ дақылдарын жинауға арналған дестелегіштерді, іріктегіштерді, көшіргіш кесіндісі бар дестелегіштерді қоспағанда), 8433 20 500 0,
8433 30 000 0, 8433 40 000 1, 8433 90 000 0)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 97-1-жолмен толықтырылсын:

      "

97-1.

Токарь станогы ***

8458 11 200 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 98-1-жолмен толықтырылсын:

      "

98-1.

Сандық басқарылатын көлденең токарь станогы ***

8458 19 000 0-ден

      ";

      реттік нөмірі 105-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

105.

Металдарды көлемдi қалыптау, соғу немесе қалыптау арқылы өңдеуге арналған станоктар (сығымдағыштарды қоса алғанда) (илектеу станоктарынан басқа); металдарды өңдеуге арналған ию, көмкеру, түзеу, кесу, тесу немесе шабу станоктары (престерді, ұзына бойы
кесу желілерін және көлденең кесу желілерін қоса алғанда) (созуға арналған станоктардан басқа); жоғарыда аталмаған металл немесе металл карбидтерді өңдеуге арналған сығымдағыштар (өзге гидравликалық престен басқа)

8462 (8462 90 009 7-ден басқа)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 108-1-жолмен толықтырылсын:

      "

108-1.

Мөртабан жабдықтары***

8466 94 000 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 110-1-жолмен толықтырылсын:

      "

110-1.

Есептеу машиналары және олардың блоктары; магнитті немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректерді кодталған нысандағы ақпарат тасығыштарға тасымалдауға арналған машиналар және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, 2022 жылғы 1 қаңтардан 2022 жылғы 1 сәуір аралығындағы кезеңде әкелінген машиналар

8471 (8471 30 000 0-ден басқа)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 111-1-жолмен толықтырылсын:

      "

111-1.

Тұрмыстық техниканы құрастыру желісіне арналған ағынды сканер ***

8471 90 000 0-ден

      ";

      реттік нөмірлері 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 130, 131, 134, 135, 136, 137 және 138-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 141-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

141.

Электр қозғалтқыштары мен генераторлары (электр генераторлық қондырғылардан басқа), (номиналды шығыс қуаты 750 кВт-тан астам өзгелерден басқа)

8501 (8501 53 990 0-ден басқа)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 143-1-жолмен толықтырылсын:

      "

143-1.

20 кВт, 30 кВт арналған үздіксіз қуат көзі ***

8504 40 300 8-ден

      ";

      реттік нөмірлері 145 және 146-жолдар алып тасталсын;

      реттік нөмірі 147-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

147.

Өнеркәсіптік немесе зертханалық электр пештері мен камералары (индукция немесе диэлектрлі шығындар құбылыстарының негізінде жұмыс істейтіндерді қоса алғанда); материалдарды индукция немесе диэлектрлі шығындар құбылыстарының көмегімен термиялық өңдеуге арналған өнеркәсіптік немесе зертханалық жабдық (бөліктен басқа)

8514 (8514 90 000 0-ден басқа)

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 148-1-жолмен толықтырылсын:

      "

148-1.

Жабдықтарды жасанды тоздырудың сынақ камерасы ***

8516 10 800 0-ден

      ";

      реттік нөмірлері 151, 160, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 176, 177, 178, 179, 185, 186, 187, 188, 189, 212 және 216-жолдар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 184-1-жолмен толықтырылсын:

      "

184-1.

Серіппелі жәшіктерге арналған көлік арбасы ***

8716 80 000 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 202-1-жолмен толықтырылсын:

      "

202-1.

Материалдардың құрылымын өлшеуге арналған аспаптар кешені, оның ішінде стереомикроскоп ***

9011 10 900 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-1-жолмен толықтырылсын:

      "

205-1.

Құймаларды бұзбайтын бақылауды жүргізуге арналған жабдықтар кешені, оның ішінде цифрлық микрометр; цифрлық штангенциркуль; микрометр ***

9017 30 000 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 211-1 және 211-2-жолдармен толықтырылсын:

      "

211-1.

Жылу температурасын өлшеу жабдығы; термоэлектрлік түрлендіргіш ***

9025 19 800 9-дан

211-2.

Зертханаға арналған көпарналы термограф; ылғалдылық анализаторы ***

9025 80 400 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 213-1-жолмен толықтырылсын:

      "

213-1.

Спектрофотометр ***

9027 30 000 0-ден

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 216-1, 216-2, 216-3 және 216-4-жолдармен толықтырылсын:

      "

216-1.

Электр статикалық әдіспен жағылған ұнтақ бояумен қапталған үстелге арналған аспалы шкаф; электр статикалық әдіспен жағылған ұнтақ бояумен қапталған химиялық реактивтерге арналған шкаф ***

9403 10 930 0-ден

216-2.

Электр статикалық әдіспен жағылған ұнтақ бояумен қапталған сервистік бөлшектері бар оқшау үстел; электр статикалық әдіспен жағылған ұнтақ бояумен қапталған сервистік тірек; электр статикалық әдіспен жағылған ұнтақ бояумен қапталған қабырға үстелі ***

9403 10 980 9-дан

216-3.

Артқы қабырғасы бар жұмыс үстелі; тұрмыстық техниканың құрамдас бөліктеріне арналған стеллаждар ***

9403 20 800 9-дан

216-4.

Электр қозғалтқыштарын жинауға арналған антистатикалық үстел ***

9403 20 800 9-дан

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      қосылған құн салығынан босату мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалануға ыңғайлы болу үшін берілген.

      * - тауарлардың номенклатурасы тауарлардың кодымен де, атауымен де айқындалады.

      ** - арнайы инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлғалар және (немесе) осындай заңды тұлғалар үшін тауарларды импорттайтын лизингтік компаниялар үшін.

      *** - *және **.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және

      құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады