"Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 ақпанда № 34049 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18771 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және жерлеу мен зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың тәртібін айқындайды.

      Зират қорымдарын күтіп ұстауға және пайдалануға, қайтыс болған адамдарды немесе олардың сүйектерін жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға, сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 тамыздағы № ҚР ДСМ-81 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24066 болып тіркелген) бекітілген санитариялық қағидаларында айқындалады.

      Зират қорымдарын жобалау қағидаттарын айқындау және оларды күтіп ұстауға, жерлеу ісін, жерлеу салт-жорасын (адамның сүйектерін немесе күлін жерлеу рәсімін) ұйымдастыру тәртібіне, сондай-ақ жерлеу орындарын күтіп ұстауға және Қазақстан Республикасындағы жерлеу ісі мәселелері жөніндегі мамандандырылған қызметтердің жұмысына ұсынымдар "Қазақстан Республикасының Зираттарды жобалау және күтіп ұстау" қағидалар жинағымен" (ҚР ҚЖ 3.02-141-2014) айқындалады.";

      5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу және оның талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін қамтиды.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жергілікті атқарушы органдар зират қорымдары орналасқан және оларға арналған ортақ пайдаланудағы жерден елді мекеннің қайтыс болған әрбір тұрғынын немесе осы елді мекенде қайтыс болған тұрғылықты жері белгісіз адамды жерлеу үшін кемінде алты шаршы метр жер учаскесін тегін бөледі.

      Зират қорымының аумағы зираттарға арналған қатарларға бөлінетін учаскелерден тұрады және оған автомобиль көлігіне арналған жүру жолдары мен зират учаскелеріне өтетін жолдар салынады.

      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық (облыстық) маңызы бар қаланың әкімдігі:

      зиратқа арналған жер учаскелерін есепке алу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды және тіркеуді ұйымдастырады;

      жерлеу, зират қорымдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шілдедегі № 252/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33106 болып тіркелген) жария кадастрлық картада зират қорымының бос емес және бос учаскелері бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

      Облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі зираттарға арналған жер учаскелерін есепке алуды және тіркеуді есепке алу журналдарының негізінде жүргізеді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мынадай:

      зират қорымын немесе оның учаскесін мерзімінен бұрын жою;

      сүйектерді Қазақстан Республикасының басқа жерлеріне немесе одан тыс жерлерге қайта жерлеу үшін жекелеген зираттардан тасымалдау жағдайларын қоспағанда, жұмыс істеп тұрған және жабық зират қорымдарында сүйектерді қайта жерлеуге рұқсат етілмейді.

      Қайтыс болған адамдарда аса қауіпті инфекциялық ауру (күйдіргі, конго-қырым геморрагиялық қызбасы) болмаған жағдайда жерленген сәтінен бастап алғашқы екі апта ішінде кейіннен үш жылдан ерте емес, құмдауыт жерлерде бір жылдан ерте емес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның келісімі бойынша сүйектерді қайта жерлеуге жол беріледі.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы мен зират қорымының әкімшілігі арасында жерлеуге, зират қорымдарын күтіп ұстауға және оларға қызмет көрсетуге шарт жасасу жүргізілетін конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгілінген мерзімде жүзеге асырылады.";

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады