"Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 27 ақпандағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 ақпанда № 34063 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН: 

      1. "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31644 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығында (бұдан әрі - Нұсқаулық):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабының 15) тармақшасына, "Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 12) тармақшасына сәйкес "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Арыз иесінің іздеуде жүргені туралы немесе ҚР ҚПК-нің 45-бабы 1-бөлігінің 3) тармағы бойынша қылмыстық іс жүргізуі тоқтатылған, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 45-бабының 7-бөлігі 2) тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген адамдарға қатысты мәліметтер анықталған кезде Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органы (бұдан әрі – аумақтық орган) оны ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін іздеу салудың бастамашысына дереу хабарлайды. Егер осы адам ТМД елдері уәкiлеттi органдарының іздеуінде болса, ақпарат аумақтық ішкі істер органына жіберіледі.";

      23-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Растайтын құжаттар, оларды ұсыну және түзету жөніндегі хат алмасу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 9 тамыздағы № 215 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес жеке номенклатуралық іске тігіледі (қалыптастырылады) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33290 болып тіркелген).";

      26-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комитеттің интернет-ресурсында жеке тұлғаларға сотпен осы Нұсқаулықтың 2-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі ден таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтердің жоқтығы туралы, осы Нұсқаулықтың 2-2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша арнайы есепке алудың көрсетілген мәліметтердің болуы туралы ақпарат беріледі.";

      27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілген Тізбеге сәйкес ашық деректердің интернет – порталында орналастыру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген);";

      осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда 2-1, 2-2-қосымшаларымен толықтырылсын;

      Нұсқаулықтың 4-қосымшасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жіберу.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2024 жылғы 27 ақпандағы
№ 31 бұйрығына
1-қосымша
  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарымен жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-
анықтамалық қызмет көрсету
жөніндегі Нұсқаулыққа
2-1-қосымша

      нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН АҚПАРАТ ИНФОРМАЦИЯ о наличии/отсутствии сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде мәліметтердің болу/болмауы туралы ________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) ________________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)

      20___ жылғы "___" ______ жағдайы бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде тұрғаны туралы мәліметтер жоқ.

      по состоянию на "___" "________" 20___ года сведений о нахождении на специальном учете лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными, не имеется.

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.



      штрих-код "Талдау орталығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы "Аналитический центр" и подписанный электронно-цифровой подписью Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

  Бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2024 жылғы 27 ақпандағы
№ 31 бұйрығына
2-қосымша
  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарымен жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-
анықтамалық қызмет көрсету
жөніндегі Нұсқаулыққа
2-2-қосымша

      нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ КОМИТЕТ ПО ПРАВОВОЙ СТАТИСТИКЕ И СПЕЦИАЛЬНЫМ УЧЕТАМ ГЕНЕРАЛЬНОЙ ПРОКУРАТУРЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН АҚПАРАТ ИНФОРМАЦИЯ о наличии/отсутствии сведений специального учета лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде мәліметтердің болу/болмауы туралы __________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) __________________________________________________________________________ (туған жылы және жері/год и место рождения)

      20___ жылғы "___" ______ жағдайы бойынша сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған тұлғалардың есебінде төмендегідей мәліметтер бар:

      соттың атауы:

      сот шешімінің күні:

      іс №:

      сотпен танылған: әрекетке қабілетсіз (әркетке қаблеттілігі шектеулі)

      по состоянию на "___" "________" 20___ года имеются следующие сведения о нахождении на специальном учете лиц, признанных судом недееспособными и ограниченно дееспособными:

      наименование суда:

      дата решения суда:

      дело №:

      признан судом: недееспособный (ограниченно дееспособный)

      Осы құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бiрдей.

      Данный документ согласно пункту 1 статьи 7 Закона Республики Казахстан "Об электронном документе и электронной цифровой подписи" равнозначен документу на бумажном носителе.



      штрих-код "Талдау орталығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынған жəне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды.

      штрих-код содержит данные, полученные из автоматизированной информационной системы "Аналитический центр" и подписанный электронно-цифровой подписью Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2024 жылғы 27 ақпандағы
№ 31 бұйрығына
3-қосымша
  Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу
органдарымен жеке және заңды
тұлғаларға ақпараттық-
анықтамалық қызмет көрсету
жөніндегі Нұсқаулыққа
4-қосымша

      нысан

Құқықтық статистикалық ақпараттардың электронды жинақтарының тізбесі

Құқықтық статистикалық ақпараттар жинақтарының атауы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты

Басшылық

Бас Прокурордың Аппараты

Қызмет (Департамент)

Құқық қорғау органдары академиясы

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті

Cотқа дейінгітергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау бойынша

заңды күшіне енген үкімдердің ззаңдылығын және олардың орындалуын қадағалау бойынша

қоғамдық мүдделерді қорғау бойынша

сотқа дейінгі тергеп-тексеру

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1

Қазақстан Республикасындағы қылмыстылық пен құқық қорғау органдары және соттар қызметінің нәтижелері туралы

7

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

2

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар және құқық бұзушылықтар туралы

7

1

1

1

1


1

1

1

1

1

3

Есірткі заттарының, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымымен байланысты құқық бұзушылықтар туралы

7

1

1




1

1

1

1


4

Қазақстан Республикасы соттарының жұмысы туралы

7

1


1

1

1

1

1

1

1

1

5

Қазақстан Республикасы қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы

7

1

1



1

1

1

1

1

1

6

Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы

7

2

1

1

1

1

1

1

1

1

1

      кестенің жалғасы:

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

Қазақстан Республикасы ның Мемлекеттік күзет қызметі

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


1

1

1

1

1

1


1



1

1

1

1


1

1

1

1



1

1

1


1

1


1

1

1

1

1

1

1

1

1

1


1

1




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады