"Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына өзгерістер мен толықтулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 наурызда № 34121 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Сырттай проактивті куәландыруды (қайта куәландыруды) қоспағанда, куәландыру (қайта куәландыру) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МӘС жүргізуге өтініш (бұдан әрі – өтініш) бойынша куәландырылатын адамның, өтініш берген кезде заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып және "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық-цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар түрінде алынатын мәліметтер негізінде жүргізіледі:

      1) адамды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын мәліметтер;

      2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 cәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен бекітілген Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды;

      3) медициналық ұйым оны әзірлеген кезде, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 033/е нысаны бойынша мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі);

      4) сырқат динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, ауру тарихынан үзінділер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелері – бар болса;

      5) сараптамалық қорытынды туралы деректерді енгізу үшін жұмыс істейтін адам ұсынған еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтама);

      6) алғашқы куәландыру кезінде еңбекке қабілетті жастағы адам ұсынатын еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар болған кезде, сонымен бірге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады);

      7) осы әлеуметтік қатер бойынша жалпы еңбекке қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – ЖЕА дәрежесі) алғаш рет белгіленген кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат;

      8) өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам осы жазатайым оқиға бойынша КЕА және (немесе) мүгедектіктің себебін белгілеу үшін КЕА дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде ұсынатын "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – жазатайым оқиға туралы акт).

      Жазатайым оқиға туралы акт болмаса және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен жарақаттанудың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі қоса беріледі;

      9) екі жылдық мерзімнен кеш емес берілген, кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын "Кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидалары" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-301/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21862 болып тіркелген) нысан бойынша сараптамалық кәсіби патологиялық комиссия немесе республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясының қорытындысы;

      10) жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін бір рет берілетін, себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат;

      11) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген кезде қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат;

      12) "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерткен жағдайда қайта куәландыру кезінде куәландыратын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгерту туралы мәліметтер талап етіледі;

      13) балаларды куәландыру (қайта куәландыру) кезінде – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы – бар болса.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне № 031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.

      Құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде ұсынылады.";

      31-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес Он сегіз жастан асқан адамдарға мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулардың, ақаулардың тізбесінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда организм функцияларының тұрақты, қалпына келмейтін өзгерістері мен бұзылулары болған, толық көлемде жүргізілген оңалту іс-шаралары тиімсіз, оперативті емдеу және/немесе органдардың трансплантациясын қоса алғанда, мүгедектік тобы тұрақты болған кезде және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде төрт жыл, екінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде бес жыл, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамды кемінде алты жыл динамикалық қадағалаған кезде;";

      41-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидалары;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32992 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидалары;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32988 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер негізінде;";

      69-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) дәлелді себептер (үздіксіз ұзаққа созылған стационарлық емделуіне не табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға байланысты келуге мүмкіндігінің болмауы) бойынша қайта куәландырудың мерзімін өткізіп алған кезде – үш жылға дейін;";

      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) әрекетке қабілетсіз деп тану және қамқоршыны тағайындау жөніндегі рәсімдерді жүргізу себебі бойынша қайта куәландырудың мерзімін өткізіп алған кезде – бір жылға дейін есептеледі.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. МӘС әдіснама және бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік сараптамаға анық емес құжаттарды ұсыну және (немесе) сараптамалық қорытындыны негізсіз шығару фактісін анықталған кезде бақылау бойынша көзбе-көз қайта куәландыруды жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 73-1, 73-2, 73-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "73-1. Бақылау бойынша қайта куәландыру үшін куәландырылатын адамның немесе оның заңды өкілінің МАБ-та тіркелген абоненттік нөміріне "МОДБ" ААЖ-дан sms-хабарлама жіберілген күннен бастап, ал МАБ-та абоненттік нөмір тіркелмеген жағдайда – шақыруды пошта байланысы арқылы алған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мүгедектігі бар адам МӘС әдіснама және бақылау бөліміне келуі қажет.

      73-2. Бақылау бойынша көзбе-көз куәландыруға келмеген жағдайда МӘС әдіснама және бақылау бөлімі Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама рәсімдейді, оның негізінде бақылау бойынша қайта куәландыруға және сараптамалық қорытынды шығарғанға дейін мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесімен байланысты жәрдемақылар мен төлемдер тоқтатылады.

      73-3. МӘС бөлімінің сараптамалық қорытындысының негізділігіне бақылау жүргізу кезінде МӘС әдіснама және бақылау бөлімі қайта куәландырған жағдайларда немесе дәйексіз құжаттарды, негізсіз шығарылған сараптамалық қорытындыны ұсыну фактілері анықталған кезде мүгедектік және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі:

      1) егер мүгедектік тобы күшейтілсе (мүгедектігі бар адам неғұрлым ауыр топқа ауыстырылса) және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі ұлғайтылса, МӘС бөлімі мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеген күннен бастап;

      2) егер мүгедектігі бар адам ауырлығы төмен топқа ауыстырылса немесе мүгедектік белгіленбесе және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі төмендетілсе немесе белгіленбесе, не мүгедектік тобы және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі өзгермесе, МӘС әдіснама және бақылау бөлімі тоқтатқан күннен бастап белгіленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.;

      3-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

МӘС және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдері өтінішті қабылдау кезінде ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай электрондық құжаттарды сұратады және "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады:
1) куәландырылатын адамның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлімет;
2) адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде немесе тергеу изоляторында ұстау фактісін растайтын мәліметтер;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 031/е нысаны бойынша МӘС-ке қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны). Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығымен бекітілген "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы" ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес № 031/е нысанының мерзімі оған қол қойылған күнінен бастап бір айдан кешіктірмейтін уақытқа жарамды;
4) медициналық ұйым оны әзірлеген кезде, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген № 033/е нысаны бойынша мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі (бұдан әрі – ОЖБ медициналық бөлігі);
5) ауру динамикасын талдау үшін амбулаториялық пациенттің медициналық картасынан мәліметтер болған кезде – ауру тарихынан үзінді-көшірмелер, мамандардың қорытындылары және зерттеу нәтижелері;
6) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтама) – жұмыс істейтін адамдар куәландырудан өткен кезде;
7) алғашқы куәландыру кезінде, еңбекке қабілетті жастағы адамдарға – еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса), ал өндірістік жарақаттар және кәсіптік аурулар кезінде, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірістегі еңбек сипаты мен жағдайлары туралы мәліметтер (жұмыс беруші толтырады) ұсынылады;
8) жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі алғашқы рет белгіленген кезде – осы әлеуметтік қатер бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын мәліметтер;
9) өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адамға осы жазатайым оқиға бойынша КЕА дәрежесін алғашқы рет белгілеу кезінде мүгедектікті және (немесе) КЕА себебін белгілеу үшін – "Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын рәсімдеу бойынша нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1055 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12655 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт (бұдан әрі – жазатайым оқиға туралы акт).
Жазатайым оқиға туралы акт болмаса және жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда өндірістік жарақат алған және/немесе кәсіптік ауруға шалдыққан адам ұсынатын еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен жарақаттанудың немесе аурудың себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі тіркеледі;
10) кәсіптік ауруға шалдыққан адамдарды куәландырған кезде – кәсіптік ауру және улану диагнозын белгілеу (аурудың кәсіппен байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері;
11) жаралануға, контузияға, жарақаттануға, мертігуге, ауруға байланысты мүгедектік себептерін анықтау үшін – себеп-салдарлық байланысын белгілейтін тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат туралы мәліметтер;
12) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеген кезде – қорғаншылықты (қамқоршылықты) растайтын құжат туралы мәліметтер;
13) куәландырылатын адамның атын, әкесінің атын (бар болса) және тегін өзгертуді мемлекеттік тіркеген жағдайда қайта куәландыру кезінде – "Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы электрондық және қағаз жеткізгіштегі акт жазбаларының, куәліктер мен анықтамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 9 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10173 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерту туралы куәлік туралы мәліметтер;
14) балаларды куәландыру (қайта куәландыру) кезінде – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы бар болса.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, куәландырылатын адамның өтінішіне № 031/е нысаны, сондай-ақ тиісті құжаттардың қағаз жеткізгіштегі көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары қоса беріледі.
Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) мынадай құжаттарды:
организм функцияларының бұзылу дәрежесін, диагноздар мен ұсынымдарды көрсете отырып, шағымдарын, объективті тексеру деректерін көрсететін мамандардың консультацияларын;
клиникалық, зертханалық, рентгенологиялық және басқа зерттеулердің нәтижелерін;
пациенттің жай-күйінің динамикалық өзгерістерін көрсете отырып, амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйде, санаторий-курорттық ұйымдарда емделіп шығу жағдайының (емделіп шығу жағдайларының) нәтижелерін;
туындаған асқынуларды;
зертханалық зерттеулердің, консультациялардың нәтижелерінің қорытындыларын;
оңалту әлеуеті, оңалту диагнозы және оңалту маршрутының шкаласы ескерілген ұсынымдарды;
жедел/шұғыл медициналық көмек шақырған пациентке белсенді бару нәтижелерін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20495 болып тіркелген) бекітілген Проактивті қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес алынған пациенттің немесе оның өкілінің келісімі бойынша № 031/е электрондық нысан негізінде жүргізіледі.
Медициналық электрондық құжаттар аурудың бейінін ескере отырып және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың клиникалық хаттамаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен (бұдан әрі – ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) бекітілген Медициналық оңалтуды көрсету қағидаларына сәйкес ұсынылады.

      ";

      10-қосымшада:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көрсетілген жай-күйлер бойынша он сегіз жасқа дейін мүгедектік алғашқы рет белгіленген кезде, ақыл-ой кемістігі ауыр немесе терең және оларға сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі, оның ішінде Даун синдромы (ауруы) кезінде;";

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) көрсетілген жай-күйлер бойынша он сегіз жасқа дейін мүгедектік алғашқы рет белгіленген кезде, ақыл-ой кемістігі орташа (имбециальдық) және сәйкес келетін әртүрлі генездегі жарыместік дәрежесі, оның ішінде Даун синдромы (ауруы) кезінде;";

      15-қосымшада:

      Сырттай проактивті куәландыру (қайта куәландыру) жүргізілетін нозологиялық нысандардың тізбесіне қазақ тілінде толықтырулар енгізіледі, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      қазақ тілінде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4, 5-жолдармен толықтырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "

4.

Ересектерде созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы зәр шығару жүйесінің аурулары

№ 18.5 (ересектерде)

5.

Ақыл-ой кемістігін қоса алғанда, психикалық аурулар, балалар аутизмі

F00-99

      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Даун синдромы (ауруы)

Q90

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

  2024 жылғы 4 наурыздағы
№ 62 бұйрығына
қосымша

  Медициналық-әлеуметтік
сараптама жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге арналған өтініш

      Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің _________ облысы (қаласы) бойынша департаменті, ______ бөлімі

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________

      Куәландырылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      ___________________________________________________________

      Туған күні: _____ жылғы "___" _________

      Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________

      Құжаттың нөмірі: __________ кім берген ________________________

      Берілген күні _____ жылғы "___" _________

      Тіркелген орны: ___________________________________

      облыс____________________________________________

      қала (аудан) ______________________________________

      ауыл: ____________________________________________

      көше (шағын аудан) ___________________________ ____ -үй _____- пәтер

      Сізден мына мақсатта медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуді сұраймын:

      1) мүгедектікті белгілеу: мүгедектікті алғашқы белгілеу, мүгедектікті қайта белгілеу (қайта куәландыру), мүгедектік себебінің өзгеруі (керегінің астын сызу);

      2) жалпы еңбекке қабілетінен айрылу дәрежесін, кәсіптік еңбекке қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу (керегінің астын сызу);

      3) мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын (ОЖБ) қалыптастыру, ОЖБ түзету, зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығын айқындау (керегінің астын сызу).

      Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу үшін құжаттардың және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтердің тізбесі:

Р/с

Құжат атауы

Құжаттағы парақтар саны

Ескерту (электрондық немесе қағаз форматта)

1.

жеке басты куәландыратын құжат



2.

тіркелген орнын растайтын құжат



3.

МӘС-ке қорытынды



4.

ОЖБ-ның медициналық бөлігі



5.

амбулаториялық науқастың медициналық картасы, ауру тарихынан үзінді және зерттеу нәтижелері



6.

еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (анықтамасы)



7.

еңбек қызметін растайтын құжат және (немесе) өндірістегі еңбек сипаты мен еңбек жағдайлары туралы мәліметтер



8.

міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу (немесе қатыспау) фактісін растайтын құжат



9.

жазатайым оқиға туралы акт



10.

кәсіптік ауру мен улану диагнозын анықтау (кәсіппен аурудың байланысын анықтау) кезінде сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы



11.

себеп-салдарлық байланысты белгілеген тиісті қызмет саласындағы уәкілетті орган берген құжат



12.

жарақаттың немесе аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен себеп-салдарлық байланысы туралы сот шешімі



13.

қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеуді растайтын құжат



14.

атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру туралы куәлік



15.

балаларды куәландыру (қайта куәландыру) кезінде - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы бар болса



      Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес куәландыруды (қайта куәландыруды) үйде, стационарда, сырттай (керегінің астын сызу) жүргізуге келісім беремін. Мерзімінен бұрын қайта куәландырылған кезде себебін көрсету ___________________________________.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеуге және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындауға қажетті менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертілдім.

      Қайта куәландыру кезінде мүгедектік тобының және соған сәйкес жәрдемақы мөлшерінің өзгеру мүмкіндігі туралы ескертілдім.

      20 ____ жылғы "____" __________

      Өтініш берушінің, куәландырылатын адамның немесе заңды өкілдің қолы _______________

      Заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады