"Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 4 наурыздағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 7 наурызда № 34128 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) аукциондық баға – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектісі өндіретін электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуына арналған, аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын баға;";

      11) және 12) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "11) жаңартылатын энергия көздері (бұдан әрі – ЖЭК) – табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы; сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: тұтыну қалдықтары, биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тұтыну қалдықтарынан алынатын өзге де отын;

      12) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – уәкілетті орган айқындаған, Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;";

      51-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "51. Ұйымдастырушы баға есебін мынадай шарттар орындалған кезде жүргізеді:

      1) сатуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі белгіленген қуатқа сұраныс көлемінің кемінде 130% - ы;

      2) сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екіден кем емес.

      Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда Ұйымдастырушы баға есебін жүргізбейді, сауда сессиясының жабылу уақыты өткенге дейін сауда-саттықты жабады және сауда-саттықты өтпеді деп жариялайды.

      Осы тармақтың 1) тармақшасының ережесі судың гидродинамикалық энергиясын, тұтыну қалдықтарын, биомассаны, биогазды және электр энергиясын өндіру үшін қалдықтардан алынатын өзге де отынды пайдаланатын объектілерді салу жөніндегі жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттыққа қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 54-1-тармақпен толықтырылсын:

      "54-1. Аукциондық сауда-саттық бір қосылудың техникалық мүмкіндігімен өткізілген кезде, сауда сессиясында Графикте көрсетілгенге тең белгіленген қуаттың көлеміне аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер қабылданады.";

      60-5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23936 болып тіркелген) бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларында айқындалған энергетикалық кәдеге жарату объектілерін енгізу үшін елді мекендердің топтары бойынша;";

      60-10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "60-10. Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жөніндегі жобаларды іріктеу жөніндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 10 тамыздағы № 321 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23936 болып тіркелген) бекітілген Қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізу үшін құжаттарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жібереді.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің міндетін атқарушы
С. Есимханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады