"Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 96 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 14 наурызда № 34147 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларында:

      9, 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бірақ:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК);

      Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 3000 (үш мың) АЕК-тен аспайды;

      2) осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 10 000 (он мың) АЕК-тен аспайды.

      Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 10 мың (он мың) АЕК-тен аспайды.

      10. Қарау үшін мынадай:

      1) отандық тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер өндірушілер болып табылатын;

      2) өтінім берген күні салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар бойынша берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);

      3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тіркеген және/немесе хабарлаған күннен бастап Операторға өтінім келіп түскенге дейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) жыл өткен;

      4) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;

      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін өнім өндірісін жүзеге асыратын;

      6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын;

      7) өспелі қорытындымен өтінім берген күннен бастап 3 жылдағы салықтар бойынша аударымдары бар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері жіберіледі.

      Осы тармақтың 7) тармақшасының талабы тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін кемінде күнтізбелік үш жыл өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне таралады.

      Арнайы салық режимі мен салық жеңілдіктері таралатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген талаптар қолданылмайды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алуға үміткер өтініш беруші Операторға:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінімді;

      2) өтелетін кезеңде жарамды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда жасалғандығын растайтын құжаттардың көшірмелерін. "СТ-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификат, Сертификат /Еуразиялық экономикалық одағының сәйкестік туралы декларация, Индустриялық сертификат тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын құжаттар болып табылады;

      3) шығындары оларды өтеу туралы өтінімге енгізілген шартқа қосымшалармен жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттардың көшірмелерін;

      4) төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделген болса), шот-фактуралардың және орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелерін, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге төлем фактін растайтын банкпен куәландырылған төлем құжаттарын.

      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және/немесе шот-фактуралары және/немесе инвойс көшірмелерінің орнына қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады;

      5) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері тартқан шығын қорытындылары бойынша есеп,

      (өтініш берушімен бланкте толтырылады (болған жағдайда)), төмендегі ақпаратты көрсете отырып ұсынылады:

      өтініш берушінің экономиканың басым секторындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы;

      жұмсалған шығындардың қажеттілігі;

      алынған жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерден өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қызметіне жұмсалған шығындарға дейінгі және одан кейінгі экономикалық әсері.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар электрондық нысанда беріледі және бірінші басшының немесе оның міндеттерін атқарушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болғанда) немесе жеке кәсіпкердің немесе немесе олар уәкілеттік берген тұлғаның (сенімхат болғанда) немесе жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Шығындарды өтеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес Оператордың ақпараттық жүйесі немесе осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне - (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес "Электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы беріледі.";

      20, 21-тармақтар алып тасталсын;

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.";

      34-тармақ алып тасталсын;

      35, 36, 37 және 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінім және Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсетумен көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      36. Электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданатын және сонда сақталатын, көрсетілетін қызметті берушінің тарапынан қол қойылған, екі дана Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса берумен, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама (бұдан әрі – шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама) немесе Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      37. Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген өтінім мен құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі оларды көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу сәтінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      38. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында, сондай-ақ Негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық емес топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғаны анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші тарапынан қол қойылған, екі данада Шығындарды өтеу туралы келісімді немесе дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарламаны немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған Негізгі талаптар тізбесінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тартуды жолдайды";

      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:

      "40-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларды өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";

      3-тарау алып тасталсын;

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 12 наурыздағы
№ 96 Бұйрыққа
1-қосымша
  Отандық өңделген тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарыққа
ілгерілетуге бағытталған
өнеркәсіпті мемлекеттік
ынталандыру шараларын
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      нысан

  Оператор
___________________________
(Оператордың атауы)
____________________________
(өтініш берушінің атауы)

Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінім (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса))

      1. Өтініш берушінің атауы (толық).

      2. Заңды мекенжайы немесе орналасқан жері (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон) (болған жағдайда).

      3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық адресі).

      4. БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі).

      5. Өтініш берушінің нөмірі (болған жағдайда) және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні.

      6. Қызметкерлер саны ______ адам, соның ішінде, Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.

      7. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесі____%.

      8. Қызметтің негізгі түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып).

      9. Шығарылатын өнімнің атауы.

      10. Өтініш беруші мемлекеттік Бағдарламалар қатысушысы болып табыл(а)ды ма (иә деп жауап берсеңіз, мемлекеттік ынталандыру шарасын алған жылды көрсетіңіз, қандай Бағдарламалар шеңберінде және қандай мемлекеттік ынталандыру шараларын алдыңыз).

      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары шеңберінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) қандай шығын түрін пайдалану жоспарланған (қажеттісін белгілеңіз ):

      1) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға байланысты шығындар:

      ☐ сертификаттаудан өтуге байланысты отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалау өткізуге;

      ☐ инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;

      ☐ сертификаттарды тіркеуге;

      ☐ сертификаттарды қайта ресімдеуге және ұзартуға;

      2) аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтуды, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын қолдануға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар:

      ☐ сәйкестендіру құралдарын сатып алуға (алуға);

      ☐ өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;

      ☐ инженерлік бағдарламалық қамтуды қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын қолдануға арналған жабдықты немесе материалдық тасымалдауышты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға.

      12. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен жұмсалған шығындар*:

р/с №

Шығындардың атауы

Экономикалық қызмет түрі

Шығындар жүргізілген шарттың нөмірі

Орындалған жұмыстар, қызметтерді/жұмыстарды қабылдап алу актісінің нөмірі мен күні

Шот-фактураның/төлем шотының нөмірі мен күні

Қосылған құн салықсыз шығындар сомасы

экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

атауы

төлем валютасында

теңгемен

1









2









3









      * Кестелерді толтырған кезде жұмсалған шығындардың әр сомасын шот-фактураға сәйкес көрсету.

      Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома:

      ____________________________________________________________________ теңге.

                  (сомасы сандармен және жазумен)

      13. Өтініш берушінің банктік деректемелері:

      Алушының банкі: ________________________________________________

      Шот нөмірі: ____________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) _________________________

      КБе (бенефициар коды) ___________________________________________

      14. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетел валюталарында жұмсалған шығындарды қайта есептеу отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бойынша орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген күндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

      15. Осы өтініммен өтініш беруші ұсынылған ақпараттың, ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен түпнұсқалығын дұрыстығына кепілдік береді.

      Өтініш беруші сұрау салынатын мемлекеттік ынталандыру шарасы шеңберінде шеккен іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.

      16. Өтініш беруші белгілі бір мемлекеттік кызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) жоқтығын, сондай-ақ оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің жоқтығын растайды.

      17. Мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімді толтырған байланыс тұлғасы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы): _________________.

      Осы Өтінімге мынадай құжаттар мен құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

      1) ____________________;

      2) ____________________;

      3) ____________________;

      4) ____________________;

      5) ____________________.

      Өтінімді толтыру күні _______________

      Өтініш берушінің бірінші басшысы (бірінші басшының міндеттерін атқаратын адам (бірінші басшының міндеттерін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе өтініш берушінің өкілі (сенімхат болған кезде)

      _______________ ______________ ____________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      Мөр орны (болған жағдайда).

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 12 наурыздағы
№ 96 Бұйрыққа
2-қосымша
  Отандық өңделген тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарыққа
ілгерілетуге бағытталған
өнеркәсіпті мемлекеттік
ынталандыру шараларын
көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қоса берумен шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Шығындардың бір бөлігін өтеуді алуға үміткер өтініш беруші Операторға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) өтелетін кезеңде жарамды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда жасалғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
"СТ-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификат, Сертификат /Еуразиялық экономикалық одағының сәйкестік туралы декларация, Индустриялық сертификат тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын құжаттар болып табылады;
3) шығындары оларды өтеу туралы өтінімге енгізілген шартқа қосымшалармен жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттардың көшірмелері;
4) төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделген болса), шот-фактуралардың және орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелері, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге төлем фактін растайтын банкпен куәландырылған төлем құжаттары.
Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті орындаушы болғанда, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және/немесе шот-фактуралары және/немесе инвойс көшірмелерінің орнына қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады;
5) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері тартқан шығын қорытындылары бойынша есеп,
(өтініш берушімен бланкте толтырылады (болған жағдайда)), төмендегі ақпаратты көрсете отырып ұсынылады:
өтініш берушінің экономиканың басым секторындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы;
жұмсалған шығындардың қажеттілігі;
алынған жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерден өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қызметіне жұмсалған шығындарға дейінгі және одан кейінгі экономикалық әсері.
Шығын түріне байланысты төмендегі құжаттар қосымша ұсынылады:
1) отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындар бойынша:
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) ұйым стандарттарын немесе шарт (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері, сынақ хаттамалары, көлік құралы типін мақұлдау көшірмелері, шасси типін мақұлдау) талаптарын қоса алғанда, стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестендіру рәсідерінен өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтуды, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын қолдануға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар бойынша:
сәйкестендіру құралдарын сатып алу бойынша, сондай-ақ, өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;
сәйкестендіру құралдарын сатып алуды растайтын шарттың және (немесе) келісімнің көшірмесі;
сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық тасымалдауышты, сондай-ақ, инженерлік бағдарламалық қамтуды қолдануға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға:
жеткізу және пайдалануға беру фактісін растайтын бағдарламалық қамту мен құжаттарды қоса алғанда, жабдық жеткізуге шарт және (немесе) келісім, соның ішінде, лицензиялық келісім көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескерумен өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі –www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=ru, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті беруші – www.qazindustry.gov.kz;
3) портал - www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады