"Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 наурызда № 34164 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13301 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:

      1 "Ағымдағы шығындар" деген санатында:

      01 "Тауарлар мен қызметтерге шығындар" деген сыныбында:

      150 "Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу" деген кіші сыныбында:

      157 деген ерекшелігі бойынша:

      5 "Атауы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеу";

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Форумдар, семинарлар, конференциялар өткізуге және мемлекеттік органның имиджін арттыруға байланысты имидждік іс-шараларға арналған, қызметтерге ақы төлеу, мысалы, брошюралар және (немесе) бейнероликтер дайындау";

      158 деген ерекшелігі бойынша:

      5 "Атауы" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақпараттандыру саласындағы жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу";

      6 "Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған шығындар";

      7 "Ескерту" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) жеткізуге арналған азаматтық-құқықтық мәмілелерден басқа: айырбастау және кейіннен әкімшісі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі болып табылатын "Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің шоттарына аудару үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттарға соманы аудару кезінде.

      Азаматтық-құқықтық мәміле тіркемей 100 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомаға шығыстар бойынша төлемдерді жүргізу растайтын құжаттарды қоса берусіз, төлеуге берілетін шоттың негізінде жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқаысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады