Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің "Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 сәуірде № 34231 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 751 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16189 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілерін не азаматтарды бос әскери лауазымға уақытша тағайындау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Арнайы операциялар күштері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының басқармаларын қоспағанда, бағынысында офицер болмаған жағдайда кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі, жоғары білімі, базалық офицер курсынан өтуі болған кезде "майор" штаттық-лауазымдық санатынан жоғары емес офицер құрамының бос әскери лауазымына уақытша тағайындалады.

      Базалық офицер курсынан өту туралы талап қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына сәйкес білімі бар, сондай-ақ әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына сәйкес келмейтін білімі бар, бірақ қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығы бойынша кемінде 3 жыл қызметтік іс тәжірибесі бар әскери қызметшілерге және "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес арнайы бастапқы оқытудан өткен әскери полиция органының әскери қызметшілеріне қолданылмайды.

      Базалық офицер курсының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті әзірлейді, оларды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орны жанында жүргізіледі.

      Медициналық мамандық пен "ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік (IT мамандары)", "математикалық және компьютерлік модельдеу", "ғарыш техникасы және технологиялары", "ақпаратты қорғау әдістері мен жүйесі (криптография)", "журналистика (PR және SMM мамандары)" мамандықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы лауазымына олимпиада ойынының, әлем чемпионатының, Азия чемпионатының және әскери спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегер спортшыларын тағайындау кезінде кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілінің болуы талап етілмейді.".

      2. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 1247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31256 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру қағидаларын қолдану жөніндегі нұсқаулықта:

      "56. Төмен тұрған құрамның әскери қызметшілері Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Арнайы операциялар күштері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер тектері қолбасшыларының басқармаларын қоспағанда, олардың бағынысында офицер болмаған жағдайда кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілі, жоғары білімі, базалық офицер курсынан өтуі болған кезде "майор" штаттық-лауазымдық санатынан жоғары емес офицер құрамының бос әскери лауазымына уақытша тағайындалады.

      Базалық офицер курсынан өту туралы талап қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына сәйкес білімі бар, сондай-ақ әскери лауазымның әскери-есептік мамандығына сәйкес келмейтін білімі бар, бірақ қаралып отырған әскери лауазымның әскери-есептік мамандығы бойынша кемінде 3 жыл қызметтік іс тәжірибесі бар әскери қызметшілерге және "Әскери полиция органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес арнайы бастапқы оқытудан өткен әскери полиция органының әскери қызметшілеріне қолданылмайды.

      Базалық офицер курсының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті әзірлейді, оларды Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы бекітеді және Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орны жанында жүргізіледі.

      Медициналық мамандық пен "ақпараттық жүйелер және киберқауіпсіздік (IT мамандары)", "математикалық және компьютерлік модельдеу", "ғарыш техникасы және технологиялары", "ақпаратты қорғау әдістері мен жүйесі (криптография)", "журналистика (PR және SMM мамандары)" мамандықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы лауазымына олимпиада ойынының, әлем чемпионатының, Азия чемпионатының және әскери спорт түрі бойынша халықаралық жарыстардың жүлдегер спортшыларын тағайындау кезінде кемінде үш жыл үздіксіз әскери қызмет өтілінің болуы талап етілмейді.".

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады