Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 сәуірде № 34238 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық:

      1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының он сегізінші, он тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші абзацтарын, 2-тармағының сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші абзацтарын, 3-тармағының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын, 4-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтарын және Тізбеге 2-қосымшаның 2-тармағын қоспағанда;

      2) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 2-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәскелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 8 сәуірдегі
№ 152 Бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Электр энергиясының көтерме сауда нарығы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің арасындағы электр энергиясын сатып алу-сату шарттары негізінде жұмыс істейтін, электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алу-сатуға байланысты қатынастар жүйесін білдіреді.

      Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілері электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асырмайды.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сатуды электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жүзеге асырады. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізу осы Қағидалардың 117-тармағына сәйкес тиісті шарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. Шартты тұтынушылар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 164 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10662 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларында (бұдан әрі – Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидалары) айқындалған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушы есептейтін бағалар бойынша және көлемдерде цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын тұтынуының жоспарлы көлемдерін, олардың құрамына кіретін жаңартылатын көздер өндірген электр энергиясының көлемдерін, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жаңартылатын көздерден сатып алатын электр энергиясының көлемдерін және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын көздерден электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындарын қоспағанда, республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі олардың электр энергиясын жоспарлы тұтыну үлесін ескере отырып сатып алады, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 480 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16241 болып тіркелген) үлгілік нысандар бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сатудың тиісті шарттарын жасасады.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10899 болып тіркелген) Электр желілік қағидаларға сәйкес электр энергиясының белгіленген сенімділік нормалары мен сапа стандарттарына сәйкес электр энергиясын беруді жүзеге асырады;";

      16-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) тұтынушылардың меншігіндегі электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиісті техникалық жай-күйін ұстап тұрады, "Электр энергетикасы туралы" Заңның 19-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындайды;";

      17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "17. Барлық энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана электр энергиясын сатуды жүзеге асырады және осы Қағидаларға 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тиісті шарттар жасасады және (немесе) олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асырады және Заңның 13-бабының 3-1-тармағына сәйкес олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасады.":

      22-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) уәкілетті орган бекіткен үлгі нысан бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясының жоспарлы көлемін сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздермен және жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамаға сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бар жаңартылатын көздермен жауапкершілікті беру шартын жасасады және Заңға сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында олардың теңгерімінің провайдері болады;";

      26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "26. Электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын операциялық тәуліктерге сатып алу үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны, цифрлық майнингті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін және электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің және/немесе үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымның атынан Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнерлерге өткізетін электр энергиясын берушілерді қоспағанда) операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 08:00 сағатына дейін (Астана уақыты бойынша) теңгерімдеуші нарық жүйесінде жүйелік оператор бекітетін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір келісімшарттық өнім беруші бойынша жоспарланған сатып алуға өтінім береді және оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу және сату қағидаларына сәйкес айқындалатын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан операциялық тәуліктерге сатып алуға міндетті электр энергиясының тиісті сағаттық көлемдері (бұдан әрі – электр энергиясын сатып алудың рұқсат етілген ең аз сағат көлемдері) бөлігінде шартты тұтынушылардың сатып алуға өтінімдері операциялық тәуліктердің алдындағы тәуліктерде теңгерімдеуші нарық жүйесінде автоматты түрде қалыптастырылады, және оларға электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылмайды.

      Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің сатып алуға өтінімдерін осы субъектілер Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес орталықтандырылған сауда нарығы операторының сауда жүйесінде береді. Цифрлық майнерлерге арналған орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторы операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 10:15 сағатына дейін (Астана уақыты бойынша) цифрлық майнерлер үшін орталықтандырылған сауда-саттық қорытындыларын теңгерімдеуші нарық жүйесіне автоматты түрде береді. Цифрлық майингті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық майнерлерге электр энергиясын тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін электр энергиясын берушілер электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесіне цифрлық майнерлер үшін сауда-саттық аяқталғаннан кейін, бірақ операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 11:00 сағатынан кешіктірмей (Астана уақыты бойынша) кешіктірмей Қазақстанның шегінен тыс жерден электр энергиясын сатып алуға өтінім береді.

      Осы Қағидалардың 113-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылмаған электр энергиясын сатып алуға өтінімдер теңгерімдеуші нарық жүйесінде қабылданбайды және электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілмейді.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін теңгерімдеуші нарық жүйесінде осы Қағидалардың 26-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес екі және одан да көп операциялық тәулікке алға сатып алуға өтінімдер беруге жол беріледі.

      Бұл ретте сатып алуға осы өтінімдер жүйелік оператор қалыптастыратын және бекітетін электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестелерінде кезекпен қаралады және ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:

      "31-1. Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы есепті айдан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейінгі мерзімде теңгерімдеуші нарық жүйесінде бекітілген нақты теңгерімнің электрондық көшірмесін жариялайды.";

      35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "35. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі (цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін қоспағанда) сатып алуға тиісті өтінім берген кезде операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 08.00 сағатынан кешіктірмей (Астана уақыты бойынша) алдын ала төлеуді жүзеге асырады.

      Көтерме сауда нарығы субъектісі үшін үшінші тұлғадан келіп түскен алдын ала төлемді есепке жатқызуды электр энергиясын сатып алу-сатудың тиісті шартына үшжақты қосымша келісім негізінде не алдын ала төлем сомасын және пайдасына алдын ала төлем жүзеге асырылатын көтерме сауда нарығы субъектісін көрсете отырып, үшінші тұлғадан уақтылы жазбаша хабарлама негізінде сегіз жұмыс сағаты ішінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы жүзеге асырады.";

      5-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын басқа елдердің электр энергиясын берушілерінен (өндірушілерінен) және (немесе) уәкілетті ұйымнан (импорт) сатып алу тәртібі";

      45-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "45. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің электр энергиясын берушілерден (өндірушілерден) және (немесе) уәкілетті ұйымнан (импорт) тауар алмасуды қамтамасыз ету мақсатында үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді (хаттамаларды) орындау үшін электр энергиясының жоспарлы көлемін сатып алуы осы Қағидалардың 81-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тәуліктік кестеге енгізу арқылы басым түрде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген басқа елдердің электр энергиясын берушілер (өндірушілер) және (немесе) уәкілетті ұйым (импорт), сондай-ақ осы өнім берушілерден (өндірушілерден) және (немесе) уәкілетті ұйымнан сатып алу көлемдері, бағалары мен шарттары тиісті үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерде (хаттамаларда) айқындалады.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын басқа елдердің электр энергиясын берушілерінен (өндірушілерінен) және (немесе) уәкілетті ұйымнан (импорттан) осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес айқындалатын көлемде және осы өнім берушілердің (өндірушілердің) және (немесе) уәкілетті ұйымның бағалары бойынша сатып алуды жүзеге асырады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген басқа елдердің электр энергиясын берушілері (өндірушілері) және (немесе) уәкілетті ұйым (импорт), оның ішінде жеткізу (импорт) талаптарын үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерде (хаттамаларда) және (немесе) уәкілетті орган айқындайды.";

      46-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы электр қуаты нарығында бір немесе бірнеше ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйым сатуға бір өтінім жібереді, онда қуаты осы шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылардың желіге жоспарлы босатуының сағаттық көлемі (энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығынан тыс сату көлемі) мен энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында операциялық тәулікке сатуға жоспарланатын электр энергиясының сағаттық көлемдерінің қосындысына тең электр энергиясының бірыңғай сатып алушыға операциялық тәуліктерге электр энергиясын сату көлемдері көрсетіледі;";

      46-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "7) жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі ұзақ мерзімді шарты жоқ энергия өндіруші ұйым – "Электр энергетикасы туралы" Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес сатуға жеке өтінім береді,онда электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сату ниеті кезінде - электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған саудасында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға операциялық тәуліктерге сатуға жоспарланатын электр энергиясының көлемін көрсетеді (осы тармақшада көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын тиісті энергия өндіруші ұйым өзінің электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобына енгізілуін қамтамасыз етеді).

      Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері берген сатып алуға арналған өтінімдердің көлемі алдын ала болып табылады: олар осы субъектілер қатысуды жоспарлап отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелерін, электр энергиясын сатып алудың ең аз рұқсат етілген сағаттық көлемін айқындау, сондай-ақ жүйелік оператор жүргізген электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесінің іске асырылуына техникалық сараптаманы ескере отырып өзектілендіріледі (нақтыланады).

      Сатуға арналған өтінімдерге электрондық цифрлық қолтаңба қойылады. Осы Қағидалардың 113-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылмаған сатуға арналған өтінімдер электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесінде қабылданбайды және электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілмейді.";

      4-тарау мынадай мазмұндағы 3-параграфпен толықтырылсын:

      "3-параграф. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын басқа елдердің (экспорт) тұтынушыларына және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымға сату тәртібі

      58-1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің тұтынушыларына және (немесе) уәкілетті ұйымдарға тауар алмасуды қамтамасыз ету мақсатында үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді орындау үшін электр энергиясының көлемін сатуы осы Қағидалардың 5-тарауының 2-параграфына сәйкес электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесіне басымдық тәртібімен енгізу арқылы жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген басқа елдердің тұтынушылары және (немесе) уәкілетті ұйымдар, сату көлемдері, бағалары мен шарттары тиісті үкіметаралық, мемлекетаралық, ведомствоаралық келісімдерде және (немесе) хаттамаларда айқындалады.

      58-2. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 76-1-тармағына сәйкес айқындалатын көлемде басқа елдердің және (немесе) уәкілетті ұйымның (елдің жекелеген өңірлерінің суармалы жерлерін суармалы сумен қамтамасыз ету үшін тауар алмасу және экспорттық жеткізу мақсатында үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді (хаттамаларды) орындауына жатпайтын) тұтынушыларына электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.

      Басқа елдердің электр энергиясын тұтынушылары және (немесе) уәкілетті ұйым, экспорттық электр энергиясын сату бағалары мен шарттары үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерде (хаттамаларда) және (немесе) уәкілетті органмен айқындалады. Бұл ретте экспорттық электр энергиясын сату осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес айқындалған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының базалық бағаларының нақты мәндерінен төмен емес бағамен жүзеге асырылады.

      Басқа елдердің электр энергиясын тұтынушылары және (немесе) уәкілетті ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алуға арналған операциялық тәуліктің әрбір сағаты бойынша көлемі туралы ақпаратты электр энергиясын бірыңғай сатып алушының экспорттық электр энергиясын сатуды жүзеге асыруы үшін операциялық тәуліктің алдындағы сағат 08:30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) кешіктірмей жібереді.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің сағат 10:30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) жүйелік операторға операциялық тәуліктің әрбір сағаты бойынша экспорттық электр энергиясының жоспарланған көлемі туралы өтінім жібереді.

      Жүйелік оператор басқа елдер субъектілерінің және (немесе) уәкілетті ұйымның атынан теңгерімдеуші нарық жүйесінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан алынған ақпарат негізінде экспорттық электр энергиясын жоспарлы сатып алуға өтінім береді.

      Бұл ретте осы Параграфта көрсетілген уәкілетті ұйым үкіметаралық келісімде айқындалады.";

      68-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "68. Егер электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне жүргізілген техникалық сараптаманың нәтижелері бойынша алдағы тәуліктің бір немесе бірнеше сағатында қалыпты жағдайлар орындалмаған жағдайда, жүйелік оператор алдағы тәуліктің осы сағаттары үшін енгізілген өзгерістердің себептерін көрсете отырып, қалыпты шарттарды орындау үшін қажетті көлемдерде (сағаттық) қалыпты шарттар орындалмайтын сатып алуға және сатуға берілген өтінімдерге (сағаттық) өзгерістер енгізеді.

      ҚР БЭЖ-нің бір аймағына (бір торабына) жататын сатып алуға арналған өтінімдер теңгерімдеуші нарық жүйесінде өзгерген кезде электр энергиясын сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер басқа елдердің тұтынушыларынан, цифрлық майнерлерден, үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді (хаттамаларды) орындау үшін басқа елдердің тұтынушыларынан басымдық тәртібіндегі өзгерістердің себебін көрсете отырып, бірдей пропорцияда өзгереді.

      Енгізілген өзгерістер жеткіліксіз болған жағдайда, өзгерістер қалған өтінімдерге өзгерістердің себебін көрсете отырып, бірдей пропорцияда енгізіледі.";

      70-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "70. Электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесі электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері берген сатып алуға өтінімдер шеңберінде мәлімделген электр энергиясын сатып алудың (тұтынудың) жоспарлы көлемдері, сондай-ақ үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді (хаттамаларды) орындау үшін электр энергиясын басқа елдердің тұтынушыларына сату (экспорт) қажет болған жағдайда электр энергиясын бірыңғай сатып алушының өтінімі негізінде осы Қағидаларға сәйкес теңгерімдеуші нарық жүйесінде қалыптастырылады.

      Бұл ретте тұтынудың тәуліктік кестесін қалыптастыру кезінде елдің жекелеген өңірлерінің суармалы жерлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мақсаттары үшін тауар алмасу мәселесі бойынша үкіметаралық (мемлекетаралық, ведомствоаралық) келісімдерді (хаттамаларды) орындау үшін электр энергиясын басқа елдердің тұтынушыларына сату (экспорт) мақсатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алуына өтінім тұтынудың тәуліктік кестесіне басым түрде енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 76-1-тармақпен толықтырылсын:

      "76-1. Операциялық тәуліктің әрбір сағаты бойынша сатылмаған квотаның көлемі туралы алынған ақпаратты жүйелік оператор операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 10:20-сағатына дейін (Астана уақыты бойынша) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға экспорттық электр энергиясын тиісті сатуды жүзеге асыру үшін жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 99-1-тармақпен толықтырылсын:

      "99-1. Кернеуі 500 кВ және одан жоғары энергия беруші ұйымның ұлттық электр желісіне қосылған желілері бойынша электр энергиясының өңіраралық транзиті жүзеге асырылатын ҚР БЭЖ энергия торабында орналасқан электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері тиісті энергия беруші ұйыммен электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасады.";

      101-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "101. Егер тиісті есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша өңірлік электр желісі компаниясының желілерінде электр энергиясын генерациялау мен тұтыну арасында оң айырма туындаса, онда осы айырмаға сәйкес келетін электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтің көлемін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы төлеуге тиіс. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы шығындары оның электр энергиясын сатуға арналған бағаларында ескеріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр энергиясын генерациялау мен тұтыну арасындағы оң айырма туралы ақпаратты өңірлік электр желісі компаниясы есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 10-күнінен (күнтізбелік аймен) кешіктірмей өңірлік электр желісі компаниясы мен жүйелік оператор (өңірлік диспетчерлік орталық) арасында қол қойылған және мөрмен куәландырылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін салыстыру актісі нысанында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының атына жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 101-1-тармақпен толықтырылсын:

      "101-1. Егер тиісті есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша ұлттық электр желісіне қосылған және ҚР БЭЖ энергия торабына электр энергиясының өңіраралық транзитін жүзеге асыратын кернеуі 500 кВ және одан жоғары энергия беруші ұйымның желілерінде келісілген есепке алу нүктелерінде осы энергия беруші ұйымның электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері мен көтерме сауда электр энергиясы нарығы, осы энергия беруші ұйымның желілеріне қосылған және олармен бірге тұлғалардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын, осы оң айырмашылыққа сәйкес келетін өңіраралық транзит көлемі осы энергия беруші ұйымның желілері бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызмет көлеміне тең және ҚР БЭЖ тиісті энергия торабының электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері осы Қағидалардың 99-1-тармағына сәйкес тиісті шарттарда көрсетілген тарифтер бойынша тұтыну көлеміне пропорционалды төлеуге жатады.

      Ұлттық электр желісіне қосылған кернеуі 500 кВ және одан жоғары энергия беруші ұйымның электр желілері бойынша электр энергиясының өңіраралық транзитінің көлемі энергия беруші ұйымның нақты теңгерімі, ұлттық электр желісімен шекарада есепке алу аспаптарын салыстыру актісі негізінде айқындалады.

      Ұлттық электр желісіне қосылған кернеуі 500 кВ және одан жоғары электр желілері бойынша электр энергиясының өңіраралық транзитін жүзеге асыратын энергия беруші ұйым ай сайын есеп айырысу кезеңінен (күнтізбелік айдан) кейінгі ай аяқталғанға дейін өзінің интернет-ресурсында осы тармақтың бірінші абзацына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты тиісті көлемдерді көрсете отырып, электр энергиясының көтерме сауда нарығының әрбір субъектісі бойынша бөліп көрсетіп орналастырады.";

      103, 104 және 105-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "103. Құрамына қалалар мен аудандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары (электр энергиясы тиісті Тұлғалар тобы шеңберінде тұтынылатын жылу электр орталықтарын қоспағанда) кіретін энергия өндіруші ұйым болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі үшін тәуліктің нақты сағатына арналған сағаттық мөлшерлеме мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

тәуліктің нақты сағатына арналған сағаттық мөлшерлеме;

     

- құрамына қалалар мен аудандарды орталықтандырылған жылу мен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары (электр энергиясын тиісті Тұлғалар тобы шеңберінде тұтынылатын жылу электр орталықтарын қоспағанда) кіретін энергия өндіруші ұйым болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі электр энергиясын осы тәуліктің осы сағатына бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- құрамына қалалар мен аудандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары (электр энергиясы тиісті Тұлғалар тобы шеңберінде тұтынылатын жылу электр орталықтарын қоспағанда) кіретін энергия өндіруші ұйым болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі бірыңғай сатып алушыға осы тәулікке электр энергиясын сатқан электр энергиясының ең аз сағаттық көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

(нөлге тең) болған жағдайда сағаттық мөлшерлеме (

) нөлге тең.

      2024 жылғы 1 шілдеге дейін осы тармаққа сәйкес айқындалатын сағаттық мөлшерлеменің мәні 1 (бірге) теңестіріледі.

      104. Құрамына қуаты Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылар кіретін, энергия өндіруші ұйым болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі үшін тәуліктің нақты сағатына сағаттық мөлшерлеме (құрылуы осы генерациялайтын қондырғылар есебінен жүзеге асырылуы жоспарланған электр энергиясын сату көлемі үшін) мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- тәуліктің нақты сағатына арналған сағаттық мөлшерлеме;

     

- Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуаты нарығында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы бір немесе бірнеше ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйым болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан, қуаты Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылар желісіне электр энергиясын жіберу көлемі, кВт*сағ-пен (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуаты нарығында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы бір немесе бірнеше ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйым болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі осы тәулікке электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан, қуаты Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес жасалған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылар желісіне жіберудің ең аз сағаттық көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      Осы тармақта көрсетілген сағаттық мөлшерлеме Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес жасалған, қуаты электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылардың электр энергиясы бөлігінде ғана қолданылады (нөлге тең емес).

     

(нөлге тең) болған жағдайда сағаттық мөлшерлеме (

) нөлге тең.

      2024 жылғы 1 шілдеге дейін осы тармаққа сәйкес айқындалатын сағаттық мөлшерлеменің мәні 1 (бірге) теңестіріледі.

      105. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысатын энергия өндіруші ұйымдар үшін көтерме сауда нарығының субъектісі үшін тәуліктің нақты сағатына арналған сағаттық мөлшерлеме (

) мынадай түрде айқындалады:

      1)

= 1,0 – тәулік сағаттары үшін, 00:01 сағаттан 04:00 сағатқа дейін;

      2)

= 1,15 – тәулік сағаттары үшін, 04:01 сағаттан 08:00 сағатқа дейін;

      3)

= 1,30 – тәулік сағаттары үшін, 08:01 сағаттан 15:00 сағатқа дейін;

      4)

= 1,45 – тәулік сағаттары үшін, 15:01 сағаттан 18:00 сағатқа дейін;

      5)

= 1,6 – тәулік сағаттары үшін, 18:01 сағаттан 21:00 сағатқа дейін;

      6)

= 1,45 – тәулік сағаттары үшін, 21:01 сағаттан 23:00 сағатқа дейін;

      7)

= 1,3 – тәулік сағаттары үшін, 23:01 сағаттан 00:00 сағатқа дейін.

      2024 жылғы 1 шілдеге дейін осы тармаққа сәйкес айқындалатын сағаттық мөлшерлеменің мәні 1 (бірге) теңестіріледі.";

      109-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "109. Теңгерімдеуші нарық жүйесіне қол жеткізу үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартын, сондай-ақ қосылу шартын жасасады.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы көтерме сауда нарығы субъектілерімен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктер сатып алу-сату шарты, сондай-ақ қосылу шарты жасалған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде теңгерімдеуші нарық жүйесіне қол жеткізуді ұсынады.

      Теңгерімдеуші нарық жүйесінің жұмысын қолдауды жүйелік оператор жүзеге асырады.

      Теңгерімдеуші нарық жүйесіндегі жоспарлы-профилактикалық жұмыстар негізінен демалыс күндері түнгі уақытта жүргізіледі. Жүйелік оператор бұл ретте электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерін осы жұмыстар туралы алдын ала (жоспарлы-профилактикалық жұмыстар басталғанға дейін кемінде 8 сағат бұрын) хабардар етеді.

      Теңгерімдеуші нарық жүйесінде жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде теңгерімге қатысуға өтінімдер берілмейді, түзетілмейді, жойылмайды және іске қосылмайды, сатып алуға және сатуға жоспарлы өтінімдерді беру және өзектілендіру де осы уақытта қол жетімді болмайды.";

      115-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "115. Жүйелік оператордың атына жіберілген орталықтандырылған сауда нарығы операторының ресми хатымен расталған орталықтандырылған сауда нарығы операторының электрондық сауда жүйесі қол жетімсіз болған кезде:

      1) цифрлық майнерлер үшін орталықтандырылған сауда-саттық және энергия өндіруші ұйымдар үшін алдағы операциялық тәуліктерге арналған ағымдағы операциялық тәуліктерде орталықтандырылған сауда-саттық жүргізілмейді;

      2) жүйелік оператор электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жүйесінде цифрлық майнерлерге сатуға арналған қолжетімді квоталар туралы ақпаратты жариялайды;

      3) цифрлық майнерлер электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген цифрлық майнерлер үшін квоталар шегінде цифрлық майнерлер үшін соңғы орталықтандырылған сауда-саттықтардың көлемінде және бағалары бойынша сатып алады. Цифрлық майнерлер электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алудың жиынтық көлемі квотаның қолжетімді сағаттық көлемдерінен асып кеткен жағдайда, электр энергиясын сатып алуға тиісті өтінімдер пропорционалды түрде асып кету көлеміне азаяды;

      4) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын басым генерациялаудың тәуліктік кестесіне кірмейтін энергия өндіруші ұйымдардан олардың шекті тарифтері бойынша операциялық тәулікке теңгерімдеуші нарық жүйесінде берілген осы энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын сатуға арналған өтінімдерінде көрсетілген көлемдерде сатып алады. Басым генерацияның тәуліктік кестесіне кірмейтін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатудың жиынтық көлемі басым генерациямен жабылмаған сұраныс көлемінен бір немесе бірнеше сағат асып кеткен жағдайда, басым генерацияның тәуліктік кестесіне кірмейтін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушының атына сатуға өтінімдерінің көлемі, пропорционалды түрде асып кету көлеміне азаяды;

      5) басым генерацияның тәуліктік кестесінің электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларына сәйкес айқындалған басым генерацияның тәуліктік кестесіне кірмейтін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатып алуының сағаттық көлемдерінің қосындысы электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесінің сағаттық көлемдерінен асып кеткен кезде жүйелік оператор басым генерацияның тәуліктік кестесіне кірмейтін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын сатуға арналған өтінімдерінің сағаттық көлемін асып кету көлемінде осы өтінімдердің іске асырылуының техникалық сараптамасын ескере отырып, осы энергия өндіруші ұйымдардың бірыңғай сатып алушыға сатуға арналған өтінімдерінің сағаттық көлеміне пропорционалды азайтады;

      6) электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесінің сағаттық көлемі электр энергиясын генерациялаудың тәуліктік кестесінің сағаттық көлемінен асып кеткен кезде жүйелік оператор осы өтінімдердің іске асырылуының техникалық сараптамасын ескере отырып, бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға арналған өтінімдердің сағаттық көлемін пропорционалды төмендетеді.";

      119-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "119. Көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесін өзектілендіруді жүйелік оператор оның өзгеру фактісі бойынша жүзеге асырады.

      Жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне өзгерістер енгізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде электр энергиясының бірыңғай сатып алушысына және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығына электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген және одан шығарылған көтерме сауда нарығы субъектілері туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы жібереді.";

      1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымшада:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің болжамды мәнін электр энергиясын бірыңғай сатып алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелді) бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес алдағы есептік кезеңге (күнтізбелік айға) ай сайын (ағымдағы айда) есептейді.";

      3-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      5-қосымшада:

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) ай сайын, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 20-күніне дейін Тараптар қол қойған қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат негізінде шот-фактура жазып беруге міндетті. Қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат есеп айырысу кезеңі үшін жиынтық көлемін және теңгерімдеуші нарық жүйесінде көрсетілген қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған осы жүкқұжаттың ашып жазылуына сәйкес тиісті есеп айырысу кезеңі үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген тәуліктік кестелерінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелді) сәйкес есептелген бағалардың негізінде сағаттар бойынша бөліп ресімделеді;

      3) Сатып алушы қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатқа және осы бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатты ашып жазуға қол қоймаса, Сатушының тиісті есеп айырысу кезеңі үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген тәуліктік кестелерін және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелді) сәйкес есептелген бағаларды, шот-фактураларды ұсынуы үшін негіз деп есептеуге;";

      4-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатқа және бөгде тарапқа жіберуге арналған осы жүкқұжатқа ашып жазуға қол қоймаған жағдайда, осы құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сатушыға өзінің қарсылығын баяндай отырып, жазбаша өтініш беруге;";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Нақты төлемді Сатып алушы Сатушы ұсынған қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжаттың, осы бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатқа ашып жазу және тиісті есеп айырысу кезеңінің әрбір сағатына нақты базалық бағалар бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатып алынған электр энергиясының көлемі үшін тиісті шот-фактураның негізінде жүргізеді.";

      28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "28. Осы Шарт 20 _____ жылғы ________ бастап күшіне енеді және 20___ жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, ал өзара есеп айырысу бөлігінде Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.";

      6-қосымшада:

      5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) ай сайын, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 20-күніне дейін Тараптар қол қойған қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат негізінде шот-фактура жазып беруге міндетті. Қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат есеп айырысу кезеңі үшін жиынтық көлемін және сағат бойынша бөле отырып қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған осы жүкқұжаттың ашып жазылуына сәйкес тиісті есеп айырысу кезеңі үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген тәуліктік кестелерінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелді) сәйкес есептелген бағалардың негізінде ресімделеді;";

      6-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) сатушы қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатқа және осы бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатты ашып жазуға қол қоймаған кезде, осы құжатты алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сатушыға өзінің қарсылығын баяндай отырып жазбаша өтініш беруге;";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Сатылған электр энергиясы үшін түпкілікті есеп айырысуды Сатып алушы Сатушы ұсынған және Тараптар қол қойған қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжаттың және осы бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатты ашып жазу және сатып алынған электр энергиясының көлемі үшін тиісті шот-фактураның негізінде жүргізеді.";

      33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. Осы Шарт 20 _____ жылғы ________ бастап күшіне енеді және 20 ______ жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, ал өзара есеп айырысу бөлігінде Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.";

      7-қосымшада:

      5-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) ай сайын, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 20-күніне дейін Тараптар қол қойған қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат негізінде шот-фактура жазып беруге міндетті. Қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжат есеп айырысу кезеңі үшін жиынтық көлемін және сағат бойынша бөле отырып қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған осы жүкқұжаттың ашып жазылуына сәйкес тиісті есеп айырысу кезеңі үшін электр энергиясын өндіру-тұтынудың бекітілген тәуліктік кестелерінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс iстеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелді) сәйкес есептелген бағалардың негізінде ресімделеді;";

      6-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) сатушы қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатқа және осы бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатты ашып жазуға қол қоймаған кезде, осы құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сатушыға өзінің қарсылығын баяндай отырып жазбаша өтініш беруге;";

      10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Сатылған электр энергиясы үшін түпкілікті есеп айырысуды Сатып алушы Сатушы ұсынған және Тараптар қол қойған қорларды бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжаттың және осы бөгде тарапқа жіберуге арналған жүкқұжатты ашып жазу және сатып алынған электр энергиясының көлемі үшін тиісті шот-фактураның негізінде жүргізеді.";

      33-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "33. Осы Шарт 20 _____ жылғы ________ бастап күшіне енеді және 20 ______ жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, ал өзара есеп айырысу бөлігінде Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады.".

      2. "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "36-1) тепе-теңдік коэффициенті – пайда болған теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу мақсатында теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық бағаларын және теріс теңгерімсіздіктерді есептеу үшін қолданылатын коэффициент;";

      27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "27. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері теңгерімдеуші нарық жүйесінде жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға арналған әрбір жүйелік оператор іске қосқан өтінім (төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінім) туралы автоматты түрде хабардар етіледі, бұл ретте бұл хабарлама тиісті іске қосу жүргізілген минутта жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламада мынадай ақпарат болады: егер бір өтінім іске қосылған болса, іске қосылған өтінімнің түрі, оның көлемі мен бағасы, не тиісті минут ішінде бірнеше өтінім іске қосылған болса, іске қосылған өтінімдердің түрлері, олардың көлемі мен бағалары.

      Хабарлама алған теңгерімдеуші нарық субъектісі осы хабарламада өтінімнің орындалу мүмкіндігін растайды. Бес минут ішінде алынған хабарламада өтінімді растау болмаған жағдайда, осы өтінім өшіріледі және осы көлемде сараланған тізімде ретімен іске қосылмаған келесі өтінім іске қосылады.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Жүйелік оператордың операциялық тәуліктің бір сағаты ішінде жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған бір өтінімді кезең-кезеңімен іске қосуына (іріктеуіне) жол беріледі, бұл мынаны білдіреді:

      1) бірінші кезеңде, бірінші іске қосу кезінде осы өтінімде көрсетілген бастапқы жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеу көлемінің бастапқы ерікті (жүйелік оператор айқындаған) бірінші бөлігі іске қосылады;

      2) келесі кезеңдерде осы өтінімде көрсетілген жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеу көлемінің алдыңғы іске қосылғаннан кейін қалған бөлігі іске қосылады.

      Жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді кезең-кезеңмен іске қосу (іріктеу) кезінде осы өтінімде көрсетілген жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеудің толық емес көлемінде өтінімдерді іске қосуға болады.

      Іске қосудың бірінші кезеңінен кейін жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімді кезең-кезеңімен іске қосу шеңберінде осы өтінімнің жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуінің бастапқы көлемі сағаттың қалған уақыты үшін бірден (сол минутта) теңгерімдеуші нарық жүйесінде осы өтінімді жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеу көлемінің бастапқы (іске қосылғанға дейін) көлемінде жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеу көлемінің бірінші іске қосылған бөлігі қанша пайыз алса, сонша пайызға автоматты түрде түзетіледі (төмендетіледі).

      Жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімді іске қосудың әрбір келесі кезеңінен (соңғысын қоспағанда) кейін теңгерімдеуші нарық жүйесінде (сол минутта) жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеудің жаңа қалған көлемін (сағаттың қалған уақыты үшін) көрсете отырып, осы өтінімге ұқсас автоматты түзету жүзеге асырылады.

      Бұл ретте кезең-кезеңімен іске қосу нәтижелері бойынша электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісін жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге қатысуға осындай тәсілмен іске қосылған өтінімде көрсетілген жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеу көлемі осы өтінімді кезең-кезеңімен іске қосу шеңберінде іске қосылған жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеудің жиынтық көлемі болып табылады.

      Іске қосудың әрбір кезеңінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының тиісті субъектілері осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес теңгерімдеуші нарық жүйесінде бұл туралы автоматты түрде хабардар етіледі.";

      31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "31. Теңгерімдеу аймағының нәтижелік теңгерімсіздігі нөлге тең болған не теңгерімдеуші нарық жүйесі қолжетімсіз болған операциялық тәулік сағаттары теңгерімдеуші нарық жүйесінде реттеусіз сағат ретінде айқындалады.

      Жүйелік оператор "Авария" режимін жариялаған операциялық тәулік сағаттары теңгерімдеуші нарық жүйесінде "Авария" ретінде айқындалады.

      Теңгерімдеуші нарық жүйесі қолжетімсіз болған не теңгерімдеу аймағының нәтижелік теңгерімсіздігі нөлге тең болған операциялық тәуліктің өткен сағаты бағыты бойынша қандай болғандығы туралы ақпарат осы сағат не осы сағаттар (егер бірнеше сағат болса) аяқталғаннан кейін бес минут ішінде теңгерімдеуші нарық жүйесінде көрсетіледі.

      Реттеусіз сағат ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату бойынша теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар осы Қағидалардың 98 және 98-1-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Авария" ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату бойынша теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар осы Қағидалардың 98-2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, жүйелік оператор "Авария" режимі жарияланған операциялық тәулік сағаттары осы сағаттың басында іске қосылған жоғарылатуға (төмендетуге) арналған теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдер жойылады және жарияланған "Авария" режимі шеңберінде Жүйелік оператордың командаларына теңестіріледі.";

      58 және 59-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "58. Операциялық тәуліктің бір сағаты ішінде іске қосу үшін жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді іріктеуді жүйелік оператор осы тізімде бірінші тұрған өтінімнен бастап, осы сағатқа сәйкес келетін жоғарылатып сараланған тізімнен кезекпен (жоғарыдан-төменге) жүзеге асырады.

      Жүйелік оператор электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерін жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді бұғаттау себебін көрсете отырып, іске қосылуы тиісті электр беру желілері бойынша жол берілетін ағындардың асып кету қаупін тудыратын өтінімдерді бұғаттайды. Бұғатталған өтінімдер жоғарылатып сараланған тізімдерге қатыспайды, бұл ретте осы өтінімдер теңгерімдеуші нарық субъектілері берген болып есептеледі.

      59. Операциялық тәуліктің бір сағаты ішінде іске қосу үшін төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді іріктеуді жүйелік оператор осы тізімде бірінші тұрған өтінімнен бастап, осы сағатқа сәйкес келетін төмендетіп сараланған тізімнен кезекпен (жоғарыдан-төменге) жүзеге асырады.

      Жүйелік оператор электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерін төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімдерді бұғаттау себебін көрсете отырып, іске қосылуы тиісті электр беру желілері бойынша жол берілетін ағындардың асып кету қаупін тудыратын өтінімдерді бұғаттайды. Бұғатталған өтінімдер төмендетіп сараланған тізімдерге қатыспайды, бұл ретте осы өтінімдер теңгерімдеуші нарық субъектілері берген болып есептеледі.";

      65-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "65. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне операциялық тәулік сағаты үшін теңгерімдеу аймағында сатылған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін соманы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы тиісті өтінімнің нақты орындалуын ескеретін мынадай формула бойынша есептейді:

     


      Sээт - теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне операциялық тәулік сағаты үшін теңгерімдеу аймағында сатылған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

– осы сағат ішінде теңгерімдеу аймағында ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теріс теңгерімсіздіктерді шегергенде, осы теңгерімдеу аймағында берілген жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға арналған оның өтінімі іске қосылған сағат ішінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы осы теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі жасаған теріс теңгерімсіздіктің нақты мәні ретінде айқындайтын теңгерімдеу аймағындағы операциялық тәулік сағаты ішінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің жоғарылатып теңгерімдеуінің нақты көлемі (теңгерімдеуші электр энергиясын сату көлемі), кВт * сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

– электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісін жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға берген өтінімде көрсетілген жоғарылатып теңгерімдеу көлемі (теңгерімдеуші электр энергиясын сату көлемі), кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

      Бээт- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға іске қосылған өтінімінде көрсетілген теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағасы (тарифі), теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      d - мынадай мәндерді қабылдайтын өлшемсіз коэффициент:

     


     

(осы сағатта теңгерімдеу аймағында ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теріс теңгерімсіздіктерді шегергенде, осы теңгерімдеу аймағында берілген оның жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға өтінімі іске қосылған сағат ішінде осы теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі теріс теңгерімсіздік жасамаған не осы сағатта, керісінше, осы субъект оң теңгерімсіздік жасаған).";

      69-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "69. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына операциялық тәулік сағаты үшін теңгерімдеу аймағында сатып алынған теріс теңгерімсіздіктер үшін төлейтін сома тиісті өтінімнің нақты орындалуын ескеретін мынадай формула бойынша есептеледі:

     


      Sтт- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына операциялық тәулік сағаты үшін теңгерімдеу аймағында сатып алынған теріс теңгерімсіздіктер үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы осы сағатта теңгерімдеу аймағында ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған оң теңгерімсіздіктерді шегергенде, осы теңгерімдеу аймағында берілген оның төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімі іске қосылған сағат ішінде осы теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі жасаған оң теңгерімсіздіктің нақты мәні ретінде айқындайтын теңгерімдеу аймағындағы операциялық тәулік сағаты ішінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің төмендетіп теңгерімдеуінің нақты көлемі (теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу көлемі), кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

      Отөмен- - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісін төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға іске қосылған өтінімде көрсетілген төмендетіп теңгерімдеу көлемі (теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу көлемі) кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

      Бтт- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға іске қосылған өтінімінде көрсетілген теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағасы (тарифі), теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      d- мынадай мәндерді қабылдайтын өлшемсіз коэффициент:

     


      l=0,

0 егер: (осы сағатта теңгерімдеу аймағында ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған оң теңгерімсіздіктерді шегергенде, осы теңгерімдеу аймағында берілген оның төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған өтінімі іске қосылған сағат ішінде осы теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі оң теңгерімсіздік жасамаған немесе осы сағатта, керісінше, бұл субъект теріс теңгерімсіздік жасаған).";

      72, 73, 74 және 75-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "72. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүйелік операторға тәуліктің бір сағатында теңгерімдеу аймағында сатылған және тәуліктің осы сағатында Ресей Федерациясымен шекарадағы оң ауытқуға сәйкес келетін теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін бағаны осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы айқындайды.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеу аймағында тәуліктің бір сағаты үшін сатылған және тәуліктің осы сағаты үшін ОА шекарасындағы оң ауытқуға сәйкес келетін теңгерімдеуші электр энергиясы үшін Жүйелік операторға төлейтін баға есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасы мен ОА арасындағы нақты жоспардан тыс сальдо-ағынның бағытына байланысты қолданылатын жүйелік оператор мен Орталық Азияның шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында жасалған электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеу үшін электр энергиясын сатуға арналған шарттардың не электр энергиясын сатып алуға арналған шарттардың талаптарына сәйкес айқындалады.

      73. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүйелік операторға тәулік сағатына теңгерімдеу аймағында сатылған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін соманы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

– теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүйелік операторға теңгерімдеу аймағында тәулік сағаты ішінде сатылған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- жүйелік операторға тәулік сағатына теңгерімдеу аймағында сатылған және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалатын тәуліктің осы сағатында РФ-мен шекарада оң ауытқуға сәйкес келетін теңгерімдеуші электр энергиясы үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы төлейтін баға, теңге/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- тәуліктің осы сағаты үшін РФ-мен шекарадағы оң ауытқудың мәні, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүйелік операторға тәулік сағатына теңгерімдеу аймағында сатылған және тәуліктің осы сағаты үшін ОА шекарасындағы оң ауытқуға сәйкес келетін теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- тәуліктің осы сағаты үшін ОА-мен шекарадағы оң ауытқудың мәні кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      74. Жүйелік оператор теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәуліктің бір сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған және тәуліктің осы сағатында РФ-мен шекарадағы теріс ауытқуға сәйкес келетін теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін бағаны теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес анықтайды.

      Жүйелік оператор теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәуліктің бір сағаты үшін теңгерімдеу аймағында сатып алынған және тәуліктің осы сағатында ОА-мен шекарадағы теріс ауытқуға сәйкес келетін теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін баға жүйелік оператор мен Орталық Азияның шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында жасалған, электр энергиясының жоспардан тыс ағындарын реттеу үшін Қазақстан Республикасы мен ОА арасындағы есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан нақты жоспардан тыс сальдо-ағынның бағытына байланысты қолданылатын сатуға арналған шарттардың не электр энергиясын сатып алуға арналған шарттардың талаптарына сәйкес айқындалады.

      75. Жүйелік оператор теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәулік сағатына теңгерімдеу аймағында сатып алынған теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін соманы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

-жүйелік оператор теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәулік сағатына теңгерімдеу аймағында сатып алынған теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

– жүйелік оператор теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәулік сағатына теңгерімдеу аймағында сатып алынған және тәуліктің осы сағатына РФ-мен шекарадағы теріс ауытқуға сәйкес келетін теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес айқындалатын баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

-РФ-мен шекарадағы теріс ауытқудың мәні (модулі), кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- жүйелік оператор теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәулік сағатына теңгерімдеу аймағында сатып алынған және тәуліктің осы сағатына ОА шекарасындағы теріс ауытқуға сәйкес келетін теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- тәуліктің осы сағаты үшін ОА-мен шекарадағы теріс ауытқудың мәні (модулі), кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).";

      80-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "80. Теңгерімдеу аймағындағы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің генерациясы мен тұтынуының нақты сағаттық мәндері келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ орталық дерекқорына беруді қамтамасыз ететін оның ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалады.

      Жүйелік оператордың ЭКЕАЖ орталық деректер базасында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің ЭКЕАЖ-ден көрсетілген сағаттық есепке алу деректері болмаған кезде есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің генерациясының (тұтынуының) нақты сағаттық мәндері оның осы теңгерімдеу аймағындағы электр энергиясының генерациясы (тұтыну көлемінің нақты мәнінің туындысы ретінде айқындалады) көлемінің есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) нақты мәнінің, МВт*сағ-қа (тиісті есептеу аспаптарына сәйкес) бөлінген көбейтіндісі ретінде айқындалады.

      Өңірлік жүктеме бейіндерін (облыс, энергия торабы) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес Жүйелік оператор айқындайды.";

      87-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "87. ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған өзінің барлық теріс теңгерімсіздіктерін теңгерімдеуші электр энергиясының шекті тарифі бойынша теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатады.

      ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған өзінің барлық оң теңгерімсіздіктерін қосылған құн салығын есепке алмағанда 0,01 теңге/кВт*сағатқа тең баға бойынша тиісті көлемде теңгерімдеуші электр энергиясын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан сатып алу арқылы жабады.";

      90-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "90. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінен тәуліктің бір сағатында теңгерімдеу аймағында сатылған, жоғарылатуға бір сағат ретінде айқындалған теріс теңгерімсіздікті (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) сатып алатын бағаны теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай тәртіппен қалыптастырады:

      1) шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ құрамында шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер – өзінің шекті тарифі бойынша;

      2) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және цифрлық майнерлер, сондай-ақ шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы бойынша;

      3) энергия өндіруші ұйым болып табылатын теңгерім провайдері – өзінің шекті тарифі бойынша;

      4) құрамына энергия өндіруші ұйым кіретін өнеркәсіптік кешен болып табылатын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша;

      5) энергия өндіруші ұйымның және/немесе теңгерімдеуші нарықтың басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті өзіне алған, құрамына шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйым кіретін, энергия өндіруші ұйым және өнеркәсіптік кешен болып табылмайтын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша;

      6) энергия өндіруші ұйымның және/немесе теңгерімдеуші нарықтың басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті өзіне алған, құрамына шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйым кіретін, энергия өндіруші ұйым және өнеркәсіптік кешен болып табылмайтын теңгерім провайдері – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасы бойынша.";

      мынадай мазмұндағы 90-1 және 90-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "90-1. Егер электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі жоғарылатуға арналған бір сағатта бекітілген тәуліктік кестеде көрсетілген генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосынан 20% – дан астам нақты генерация-тұтыну сальдосының ауытқуына жол берген жағдайда, онда теңгерімдеу аймағындағы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатылған теріс теңгерімсіздікті (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) жоғарылатуға бір сағат ретінде айқындалған тәулік сағатына сату бағасы мынадай тәртіппен қалыптасады:

      1) шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ құрамында шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйым бар өнеркәсіптік кешендер – өзінің шекті тарифінен 30%-ға төмен;

      2) шекті тарифі жоқ тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергия беруші ұйымдар, цифрлық майнерлер мен энергия өндіруші ұйымдар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының базалық бағасының нақты мәндерінен 30%-ға төмен.

      90-2. Егер теңгерім провайдерімен шарты бар немесе теңгерім провайдерінің функцияларын орындайтын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі жоғарылатуға арналған сағатта бекітілген тәуліктік кестеде көрсетілген нақты генерация-тұтыну сальдосының жоспарлы генерация-тұтыну сальдосынан 20%-дан астам ауытқуына жол берген жағдайда, онда теңгерімдеу аймағындағы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәуліктің бір сағаты ретінде сатылған теріс теңгерімсіздікті (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) сату бағасы мынадай тәртіппен қалыптастырылады:

      1) энергия өндіруші ұйым болып табылатын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифінен 30 % - ға төмен;

      2) құрамына энергия өндіруші ұйым кіретін өнеркәсіптік кешен болып табылатын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифінен 30 % - ға төмен;

      3) энергия өндіруші ұйым болып табылмайтын, энергия өндіруші ұйымның немесе құрамына энергия өндіруші ұйым кіретін өнеркәсіптік кешеннің және/немесе теңгерімдеуші нарықтың басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті өзіне алған теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифінен 30 % - ға төмен;

      4) энергия өндіруші ұйым және өнеркәсіптік кешен болып табылмайтын, құрамына теңгерімдеуші нарық субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті өзіне алған, құрамына энергия өндіруші ұйым кіретін энергия өндіруші ұйым теңгерім провайдері – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасынан 30 % - ға төмен.

      Бұл ретте егер теңгерім провайдерімен жауапкершілікті беру шарты бар немесе теңгерім провайдерінің функциясын орындайтын теңгерімдеуші нарық субъектісінде жоспарлы генерация–тұтыну сальдосынан нақты генерация–тұтыну сальдосының ауытқуы (оң және/немесе теріс теңгерімсіздік) 20 % -дан астам болса, онда теңгерім провайдері өзінің барлық теріс теңгерімсіздіктерін осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатады.";

      91-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "91. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісіне – шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымға, сондай-ақ құрамында шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендерге теңгерімдеу аймағында тәулік сағаты ретінде айқындалған тәулік сағатында сатылған теріс теңгерімсіздік (ЖАҚР жүйесінің әсерінен туындамаған) үшін төлейтін соманы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


      мұнда:

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне – энергия өндіруші ұйымға сатып алынған теңгерімдеу аймағында тәуліктің бір сағатында жоғарылату сағаты ретінде айқындалған (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) теріс теңгерімсіздік (ЖАҚР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенді);

     

- теңгерімдеу аймағында тәуліктің бір сағатында жоғарылату сағаты ретінде сатып алынған, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы энергия өндіруші ұйымның, шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымның, сондай-ақ құрамында шекті тарифтерімен энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендердің электр энергиясының теңгерімдеуші нарық субъектілеріне төлейтін шекті тарифі, кВт*сағ/теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенді);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі – шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйым, сондай-ақ құрамында шекті тарифтерімен энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешен жасаған теріс теңгерімсіздіктің (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) жоғарылату сағаты ретінде айқындалған мәні (модулі), кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      Бұл тармақ энергия беруші ұйымдардың теңгерімсіздіктеріне және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктерге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 91-1-тармақпен толықтырылсын:

      "91-1. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне – тұтынушыға, энергиямен жабдықтаушы ұйымға, көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлерге, шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдарға теңгерімдеу аймағында жоғарылатуға арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатында сатып алынған теріс теңгерімсіздік үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін соманы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


      мұнда:

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне – тұтынушыға, энергиямен жабдықтаушы ұйымға, цифрлық майнерлерге, шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдарға теңгерімдеу аймағында жоғарылатуға арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатында сатып алынған теріс теңгерімсіздік үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатуға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы (қалдық бағасы), теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеу аймағында жоғарылатуға арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі – тұтынушы, энергиямен жабдықтаушы ұйым, цифрлық майнерлер, шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйым жасаған теріс теңгерімсіздіктің (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) мәні (модулі), кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      Бұл тармақ энергия беруші ұйымдардың теңгерімсіздіктеріне және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктерге қолданылмайды.";

      92, 93 және 94-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "92. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) теңгерімдеу аймағында тәуліктің бір сағаты үшін сатып алынған, жоғарылату сағаты ретінде айқындалған бағаны теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

- теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағында жоғарылату сағаты ретінде айқындалған тәулік сағатында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының i-ші субъектісіне тәуліктің осы сағаты ішінде теңгерімдеу аймағында сатылған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- i бойынша сома;

      I – 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      n – тәуліктің осы сағатында теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағындағы теңгерімдеуші электр энергиясын сатқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің саны;

     

– теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүйелік операторға тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында сатылған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) төлейтін сома, теңгемен (егер осы сағат ішінде жүйелік оператор теңгерімдеуші электр энергиясын сатпаса, нөлге теңестіріледі);

      k – мынадай мәндерді қабылдайтын түзету коэффициенті:

      1) К = 3, егер қаралып отырған сағат Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының электр энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуі туралы шартқа сәйкес бақыланбайтын болса;

      2) К = 1, егер қаралып отырған сағат Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының электр энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуі туралы шартқа сәйкес бақылау болып табылса;

     

– жүйелік оператор теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған теріс теңгерімсіздік үшін (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) төлейтін сома, теңгемен (егер осы сағат ішінде жүйелік оператор теріс теңгерімсіздікті сатып алмаса, нөлге теңестіріледі);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектілеріне – шекті тарифі бар, оның ішінде өнеркәсіптік кешендерге кіретін энергия өндіруші ұйымдарға тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында сатылған теріс теңгерімсіздіктер (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектілеріне – тұтынушыға, энергиямен жабдықтаушы ұйымға, цифрлық майнерлерге, шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдарға тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында сатылған теріс теңгерімсіздіктер үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тәуліктің осы сағатында (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) теңгерімдеу нарығының есеп айырысу орталығының туындаған шығындары (кірістері), теңгемен (оң және теріс мәндерді де қабылдай алады);

     

- осы сағатта теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері жасаған барлық оң теңгерімсіздіктердің қосындысы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының басқа субъектілерімен жауапкершілік беру шартын жасасқан энергия беруші ұйымдар жасаған оң теңгерімсіздіктерді қоспағанда, осы сағатта энергия беруші ұйымдар теңгерімдеу аймағында жасаған барлық оң теңгерімсіздіктердің қосындысы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- осы сағатта теңгерімдеу аймағында осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің барлық оң теңгерімсіздіктерінің қосындысы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

     

теріс мәні кезінде ол 0,01тг/кВт*сағ мәніне тең болады.

     

– шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ құрамында "Авария" режимі кезінде осы сағат ішінде теңгерімдеу аймағында жүйелік оператордың командаларын орындаған шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер жасаған барлық оң теңгерімсіздіктердің сомасы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);;

     

- "Авария" режимі кезінде осы сағат ішінде теңгерімдеу аймағында жүйелік оператордың командаларын орындаған, шекті тарифі жоқ тұтынушылармен, энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен, цифрлық майнерлермен, энергия өндіруші ұйымдармен жасалған барлық оң теңгерімсіздіктердің сомасы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

      Бұл ретте шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ құрамында шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер үшін баға мынадай тәртіппен қалыптасады:

      - егер

≤ ЭӨҰ шекті тарифі + 30%, онда

= ЭӨҰ шекті тарифі + 30%;

      - егер

> ЭӨҰ шекті тарифі + 30%, онда

есеп айырысу ретінде қабылданады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер, сондай-ақ шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдар үшін баға мынадай тәртіппен қалыптасады:

      - егер

≤ Бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы + 30%, онда

= Бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы + 30%;

      - егер

> Бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы + 30%, онда

есеп айырысу ретінде қабылданады.

      93. Теңгерімдеу аймағында жоғарылату сағаты ретінде анықталған тәуліктің бір сағатында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына төлейтін сома, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

- теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағында жоғарылату сағаты ретінде анықталған тәуліктің бір сағатында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағында жоғарылату сағаты ретінде анықталған тәуліктің бір сағатында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін баға, теңге/кВт*сағ(жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеу аймағындағы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі жоғарылату сағаты ретінде анықталған тәуліктің осы сағаты үшін жасаған оң теңгерімсіздіктің (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) мәні, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      Бұл тармақ энергия беруші ұйымдардың теңгерімсіздіктеріне және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктерге қолданылмайды.

      94. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) теңгерімдеу аймағында тәуліктің бір сағаты үшін сатып алынған төмендеу сағаты ретінде айқындалған бағаны теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай тәртіппен қалыптастырады:

      1) шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ құрамында шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер – өзінің шекті тарифі бойынша;

      2) электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және цифрлық майнерлер, сондай-ақ шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының бағасы бойынша;

      3) энергия өндіруші ұйым болып табылатын теңгерім провайдері – өзінің шекті тарифі бойынша;

      4) құрамына энергия өндіруші ұйым кіретін, өнеркәсіптік кешен болып табылатын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша;

      5) құрамына шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйым кіретін, энергия өндіруші ұйымның және/немесе теңгерімдеуші нарықтың басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті өзіне алған, энергия өндіруші ұйым және өнеркәсіптік кешен болып табылмайтын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі бойынша;

      6) құрамына шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйым кіретін энергия өндіруші ұйымның және/немесе теңгерімдеуші нарықтың басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті өзіне алған, энергия өндіруші ұйым және өнеркәсіптік кешен болып табылмайтын, теңгерім провайдері – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы бойынша.";

      мынадай мазмұндағы 94-1 және 94-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "94-1. Егер электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі сағатына төмендетуге бекітілген тәуліктік кестеде көрсетілген генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосынан 20 %-дан астам нақты генерация-тұтыну сальдосының ауытқуына жол берген жағдайда, онда теңгерімдеуші электр энергиясын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеу аймағында тәулік сағаты ретінде айқындалған тәулік сағатын сатып алу бағасы мынадай тәртіппен қалыптастырылады:

      1) шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ құрамында шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйым бар өнеркәсіптік кешендер – өзінің шекті тарифінен 30 % -ға жоғары;

      2) шекті тарифі жоқ тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергия беруші ұйымдар, цифрлық майнерлер және энергия өндіруші ұйымдар – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының базалық бағасының нақты мәндерінен 30 % - ға жоғары.

      94-2. Егер теңгерім провайдерімен шарты бар немесе теңгерім провайдерінің функцияларын орындайтын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі жоғарылатуға арналған бір сағатта бекітілген тәуліктік кестеде көрсетілген генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосынан 20 % – дан астам нақты генерация-тұтыну сальдосының ауытқуына жол берген жағдайда, онда теңгерімдеуші электр энергиясын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан тәулік сағаты ретінде айқындалған теңгерімдеу аймағы үшін сатып алу бағасы төмендеу үшін мынадай тәртіппен қалыптастырылады:

      1) энергия өндіруші ұйым болып табылатын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифінен 30 % - ға жоғары;

      2) құрамына энергия өндіруші ұйым кіретін өнеркәсіптік кешен болып табылатын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифінен 30 % - ға жоғары;

      3) энергия өндіруші ұйымның және теңгерімдеуші нарықтың басқа субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті өзіне алған, құрамына энергия өндіруші ұйым кіретін, энергия өндіруші ұйым және өнеркәсіптік кешен болып табылмайтын теңгерім провайдері – осы энергия өндіруші ұйымның шекті тарифінен 30 % - ға жоғары;

      4) энергия өндіруші ұйым болып табылмайтын, теңгерімдеуші нарық субъектілерінің теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті өзіне алған, құрамына энергия өндіруші ұйым кіретін энергия өндіруші ұйым және энергия өндіруші ұйым болып табылмайтын теңгерім провайдері – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасынан 30 % - ға жоғары.

      Бұл ретте егер теңгерім провайдерімен жауапкершілікті беру шарты бар теңгерімдеуші нарық субъектісінде немесе теңгерім провайдері функциясын орындайтын теңгерімдеуші нарық субъектісінде жоспарлы генерация – тұтыну сальдосынан нақты генерация – тұтыну сальдосының ауытқуы (оң және/немесе теріс теңгерімсіздік) 20%-дан астам болса, онда теңгерім провайдері өзінің барлық теріс теңгерімсіздіктерін осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатады.";

      95-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "95. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі – шекті тарифі бар, сондай-ақ құрамында шекті тарифімен энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағында төмендету сағаты ретінде анықталған тәулік сағатында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін соманы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі – шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйым, сондай-ақ құрамында шекті тарифімен энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағында төмендету сағаты ретінде анықталған тәулік сағатына сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

– электр энергиясы теңгерімдеуші нарығының субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағында төмендету сағаты ретінде анықталған тәулік сағатына сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі – шекті тарифі бар шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйым, сондай-ақ құрамында шекті тарифімен энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер теңгерімдеу аймағында төмендетуге арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатында теңгерімдеу аймағында жасаған оң теңгерімсіздіктің (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) мәні, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

      Бұл тармақ энергия беруші ұйымдардың теңгерімсіздіктеріне және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктерге қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 95-1-тармақпен толықтырылсын:

      "95-1. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі – тұтынушы, энергиямен жабдықтаушы ұйым, көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнер және шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағында төмендету сағаты ретінде анықталған тәулік сағатына сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін сома, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі – тұтынушы, энергиямен жабдықтаушы ұйым, цифрлық майнер және шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына теңгерімдеу аймағында төмендету сағаты ретінде анықталған тәулік сағатына сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- тәуліктің осы сағатында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағасы (қалдық бағасы), теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі – тұтынушы, энергиямен жабдықтаушы ұйым, цифрлық майнер және шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйым теңгерімдеу аймағында төмендету сағаты ретінде анықталған тәуліктің осы сағатында жасаған оң теңгерімсіздіктің (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) мәні, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      Бұл тармақ энергия беруші ұйымдардың теңгерімсіздіктеріне және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктерге қолданылмайды.";

      96, 97 және 98-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "96. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісінен теңгерімдеу аймағында төмендетуге арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатына сатылған теріс теңгерімсіздігін (ЖҚАР әсерінен туындамаған) сатып алатын бағаны теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

– теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісінен теңгерімдеу аймағында төмендетуге арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатына сатылған теріс теңгерімсіздікті (ЖҚАР әсерінен туындамаған) сатып алатын баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының i-субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- i бойынша сомасы;

      i- 1-ден p-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      p- тәуліктің осы сағатында теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеу аймағындағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алған электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің саны;

     

- жүйелік оператор теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәуліктің осы сағатында сатып алынған теріс теңгерімсіздік үшін (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) төлейтін сома, теңгемен (егер осы сағат ішінде жүйелік оператор теріс теңгерімсіздікті сатып алмаса, нөлге теңестіріледі);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүйелік операторға тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында сатылған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) төлейтін сома, теңгемен (егер осы сағат ішінде жүйелік оператор теңгерімдеуші электр энергиясын сатпаса, нөлге теңестіріледі);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері – шекті тарифі бар, оның ішінде өнеркәсіптік кешенге кіретін энергия өндіруші ұйымдар теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздіктерге байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері – тұтынушылар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, цифрлық майнерлер, шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдар теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздіктерге байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес тәуліктің осы сағатында (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) теңгерімдеу нарығының есеп айырысу орталығының туындаған шығындары, (кірістері), теңгемен (оң және теріс мәндерді де қабылдайды);

     

- осы сағат ішінде теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері жасаған барлық теріс теңгерімсіздіктер қосындысының модулі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының басқа субъектілерімен жауапкершілікті беру шартын жасасқан энергия беруші ұйымдар жасаған теріс теңгерімсіздіктерді қоспағанда, осы сағат ішінде энергия беруші ұйымдар теңгерімдеу аймағында жасаған барлық теріс теңгерімсіздіктер қосындысының модулі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- осы сағаттағы теңгерімдеу аймағында осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің барлық теріс теңгерімсіздіктер қосындысының модулі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

     

- "Авария" режимі кезінде осы сағат ішінде теңгерімдеу аймағында жүйелік оператордың командаларын орындаған, шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдар, сондай-ақ құрамында шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер жасаған барлық теріс теңгерімсіздіктердің сомасы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- "Авария" режимі кезінде осы сағат ішінде теңгерімдеу аймағында жүйелік оператордың командаларын орындаған, шекті тарифі жоқ тұтынушылармен, энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен, цифрлық майнерлермен, энергия өндіруші ұйымдармен жасалған барлық теріс теңгерімсіздіктердің сомасы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

     

теріс мәні кезінде ол 0,01 тг/кВт*сағ мәніне тең болады;

      Бұл тармақ энергия беруші ұйымдардың теңгерімсіздіктеріне және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктерге қолданылмайды.

      Бұл ретте өндіруші ұйымдар, сондай-ақ құрамында шекті тарифтері бар энергия өндіруші ұйымдар бар өнеркәсіптік кешендер үшін баға мынадай тәртіппен қалыптастырылады:

      - егер

<ЭӨҰ шекті тарифі - 30 %, онда

есеп айырысу ретінде қабылданады;

      - егер

≥ЭӨҰ шекті тарифі - 30 %, онда

= ЭӨҰ шекті тарифі - 30 %.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер, сондай-ақ шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдар үшін баға мынадай тәртіппен қалыптастырылады:

      - егер

<Бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы - 30 %,

      онда

есеп айырысу ретінде қабылданады;

      - егер

Бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы - 30 %,

      онда

= Бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы - 30 %.

      97. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші нарық субъектісіне теңгерімдеу аймағында төмендетуге арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатына сатылған теріс теңгерімсіздік (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) үшін төлейтін соманы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне теңгерімдеу аймағында төмендетуге арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатына сатылған теріс теңгерімсіздік (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісінен тәуліктің осы сағаты үшін теңгерімдеу аймағында сатылған теріс теңгерімсіздікті сатып алатын баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі теңгерімдеу аймағында төмендетуге арналған сағат ретінде айқындалған тәулік сағатында жасаған теріс теңгерімсіздіктің (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) мәні (модулі), кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      Бұл тармақ энергия беруші ұйымдардың теңгерімсіздіктеріне және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктерге қолданылмайды.

      98. Реттеусіз сағат ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші электр энергиясын және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері арасындағы теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл шеңберінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен жүйелік оператор арасында осы Қағидалардың 72 және 74-тармақтарына сәйкес тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша;

      2) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен энергия беруші ұйымдар арасында бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасы бойынша;

      3) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер, сондай-ақ шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдар арасында тепе-теңдік коэффициентіне түзетілген бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасы бойынша;

      4) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесімен басқарылатын энергия өндіруші ұйымдар арасында:

      - жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесінің әсерінен туындаған теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сату кезінде теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф бойынша,

      - теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесінің әрекетінен туындаған оң теңгерімсіздіктерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын есепке алмағанда 0,01 теңге/кВт*сағ тең баға бойынша;

      5) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде өнеркәсіптік кешенге кіретін энергия өндіруші ұйымдар арасында тепе-теңдік коэффициентіне түзетілген шекті тарифтер бойынша.";

      мынадай мазмұндағы 98-1, 98-2 және 98-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "98-1. Реттеусіз сағат ретінде анықталған тәулік сағатын есептеу үшін қолданылатын тепе-теңдік коэффициенті мынадай тәртіппен есептеледі:

      1) реттеусіз тәуліктің бір сағаты ішінде теңгерімдеу аймағында туындаған теңгерімдеуші нарықтың оң және теріс теңгерімсіздіктері құнының қосындыларының орташа мәні мынадай формула бойынша есептеледі:

      Sом = (Sэөұ(-) + Sтұтын(-) + SЖҚАР(-) + Sаэк(-) + Sрф(-) + Sоа(-) + Sэтнеао + Sэөұ(+) + Sтұтын(+) + SЖҚАР(+) + Sаэк(+) + Sрф(+) + Sоа(+)) / 2, мұнда:

      Sэөұ(+) – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері – шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдар теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына реттеусіз сағат ретінде айқындалған тәуліктің бір сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін сома (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Sэөұ(-) – теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектілеріне – шекті тарифі бар энергия өндіруші ұйымдарға реттеусіз сағат ретінде айқындалған тәуліктің бір сағатында теңгерімдеу аймағында сатылған теріс теңгерімсіздік (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Sтұтын(+) - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері – энергиямен жабдықтаушы ұйым, цифрлық майнерлер және шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдар теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына реттеусіз сағат ретінде айқындалған тәуліктің бір сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Sтұтын(-) - теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектілеріне – тұтынушыларға, энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, цифрлық майнерлерге, шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдарға реттеусіз сағат ретінде айқындалған тәуліктің бір сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған теріс теңгерімсіздік үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздікке байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      SЖҚАР(+) - ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған оң теңгерімсіздіктерге байланысты теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алатын сома, реттеусіз сағатына теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      SЖҚАР(-) - ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған өздерінің теріс теңгерімсіздіктерін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сататын сома, реттеусіз сағатына теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Sаэк(+) – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері - энергия беруші ұйымдар теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының басқа субъектілерімен жауапкершілікті беру шартын жасасқан энергия беруші ұйымдар жасаған оң теңгерімсіздіктерді қоспағанда, осы сағатта теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алатын сома, реттеусіз сағатына кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Sаэк(-) - электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері - энергия беруші ұйымдар теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының басқа субъектілерімен жауапкершілікті беру шартын жасасқан энергия беруші ұйымдар жасаған теріс теңгерімсіздіктерді қоспағанда, осы сағатта теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына өздерінің теріс теңгерімсіздіктерін сататын сома, реттеусіз сағатына кВт*сағ-қа (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Ѕрф (+) - теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүйелік операторға теңгерімдеу аймағында тәулік сағатына сатылған және тәуліктің осы сағатында РФ-мен шекарадағы оң ауытқуға сәйкес келетін теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін сома, реттеусіз сағатына теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Ѕрф (-) – есеп айырысу орталығы есеп айырысу жүйелік операторына тәуліктің бір сағатында теңгерімдеу аймағында сатып алынған және тәуліктің осы сағатында РФ-мен шекарадағы теріс ауытқуға сәйкес келетін теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін сома, реттеусіз сағатына теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Sоа(+) – теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жүйелік операторға теңгерімдеу аймағында тәулік сағатына сатылған және тәуліктің осы сағатына ОА шекарасындағы оң ауытқуға сәйкес келетін теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін сома, реттеусіз сағатына теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Sоа(-) – есеп айырысу орталығы есеп айырысу жүйелік операторына теңгерімдеу аймағында тәулік сағатына сатып алынған және тәуліктің осы сағатына ОА шекарасындағы теріс ауытқуға сәйкес келетін теріс теңгерімсіздік үшін төлейтін сома, реттеусіз сағатына теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      Sэтнеао – теңгерімдеу аймағында тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу нарығының есеп айырысу орталығының туындаған шығындары (кірістері), теңгемен (оң және теріс мәндерді де қабылдайды) (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

      2) реттеусіз сағаттағы теріс теңгерімсіздіктердің құнын төмендету / арттыру коэффициенті мынадай формулалар бойынша есептеледі:

      ( Sэөұ(-) + Sтұтын(-) )* k1 + SЖҚАР(-) + Sаэк(-) + Sрф(-) + Sоа(-) + Sэтнеао = Sср

      k1 = (Sср - SЖҚАР(-) - Sаэк(-) - Sрф(-) - Sоа(-) – Sэтнеао) / ( Sэөұ(-) + Sтұтын(-) ), мұнда:

      k1 – теріс теңгерімсіздіктердің құнын төмендету/арттыру коэффициенті;

      егер теріс теңгерімсіздік құнының төмендету/арттыру коэффициенті бірден көп болса, онда бұл арттыру коэффициенті, ал егер теріс теңгерімсіздік құнының төмендету/арттыру коэффициенті бірден аз болса, онда бұл төмендету коэффициенті;

      3) реттеусіз сағаттағы оң теңгерімсіздіктердің құнын төмендету/арттыру коэффициенті мынадай формулалар бойынша есептеледі:

      ( Sэөұ(+) + Sтұтын(+) ) * k2 + SЖҚАР(+) + Sаэк(+) + Sрф(+)+ Sоа(+) = Sср

      k2 = (Sср - SЖҚАР(+) - Sаэк(+) - Sрф(+) - Sоа(+) ) / ( Sэөұ(-) + Sтұтын(+) ), мұнда:

      k2 – оң теңгерімсіздіктердің құнын төмендету/арттыру коэффициенті;

      егер оң теңгерімсіздік құнының төмендету/арттыру коэффициенті бірден көп болса, онда бұл арттыру коэффициенті, ал егер оң теңгерімсіздік құнының төмендету/арттыру коэффициенті біреуден аз болса, онда бұл төмендету коэффициенті;

      4) тепе-теңдік коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:

      егер k1>k2, онда

      kор = (k1-k2)/2 = 1/2 * ( (Sор - SЖҚАР(-) - Sаэк(-) - Sрф(-) - Sоа(-) – Sэтнеао) / ( Sэөұ(-) + Sтұтын(-) ) –

      (Sор - SЖҚАР(+) - Sаэк(+) - Sрф(+) - Sоа(+) ) / ( Sэөұ(-) + Sтұтын(+)))

      егер k2>k1, онда

      kор = (k2-k1)/2 = 1/2 * ( Sор - SЖҚАР(+) - Sаэк(+) - Sрф(+) - Sоа(+) ) / ( Sэөұ(-) + Sтұтын(+) ) -

      (Sср - SЖҚАР(-) - Sаэк(-) - Sрф(-) - Sоа(-) – Sэтнеао) / ( Sэөұ(-) + Sтұтын(-) ) );

      5) егер теріс теңгерімсіздіктердің құнын төмендету/арттыру коэффициенті оң теңгерімсіздіктердің құнын төмендету/арттыру коэффициентінен көп болса, онда теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағасы тепе-теңдік коэффициентінің шамасына артады, ал оң теңгерімсіздіктерді сату бағасы мынадай формула бойынша тепе-теңдік коэффициентінің шамасына азаяды:

      егер k1>k2, онда:

      ( Sэөұ(-) + Sтұтын(-) ) * (1 + kор) + SЖҚАР(-) + Sаэк(-) + Sрф(-) + Sоа(-) + Sэтнеао = Sr1

      ( Sэөұ(+) + Sтұтын (+) ) * (1 - kор) + SЖҚАР(+) + Sаэк(+) + Sрф(+) + Sоа(+) = Sr2, мұнда:

      Sr1 – тепе-теңдік коэффициентін қолданғаннан кейінгі теріс теңгерімсіздіктер құнының сомасы;

      Sr2 – тепе-теңдік коэффициентін қолданғаннан кейінгі оң теңгерімсіздіктер құнының сомасы;

      6) егер оң теңгерімсіздіктердің құнын төмендету/арттыру коэффициенті теріс теңгерімсіздіктердің құнын төмендету/арттыру коэффициентінен көп болса, онда теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағасы тепе-теңдік коэффициентінің шамасына азаяды, ал оң теңгерімсіздіктерді сату бағасы мынадай формула бойынша тепе-теңдік коэффициентінің шамасына артады:

      егер k2>k1, онда:

      ( Sэөұ(-) + Sтұтын(-) ) * (1 – kор) + SЖҚАР(-) + Sаэк(-) + Sрф(-) + Sоа(-) + Sэтнеао = Sr1

      ( Sэөұ(+) + Sтұтын (+) ) * (1 + kор) + SЖҚАР(+) + Sаэк(+) + Sрф(+) + Sоа(+) = Sr2.

      98-2. "Авария" ретінде айқындалған тәулік сағатында теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату бойынша теңгерімдеу аймағында мынадай операциялар жүзеге асырылады:

      1) басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимыл шеңберінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен жүйелік оператор арасында осы Қағидалардың 72 және 74-тармақтарына сәйкес тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша;

      2) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен энергия беруші ұйымдар арасында бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасы бойынша;

      3) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесін басқаратын энергия өндіруші ұйымдар арасында:

      - жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесінің әсерінен туындаған теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сату кезінде теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф бойынша,

      - теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан жиілік пен қуатты автоматты реттеу жүйесінің әрекетінен туындаған оң теңгерімсіздіктерді сатып алу кезінде қосылған құн салығын есепке алмағанда 0,01 теңге/кВт*сағ тең баға бойынша;

      4) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен шекті тарифі бар, оның ішінде генерациялайтын қондырғылары жүйелік оператордың өкімі бойынша іске қосылған өнеркәсіптік кешенге кіретін энергия өндіруші ұйымдар арасында:

      - энергия өндіруші ұйымның тиісті шекті тарифтері бойынша генерацияны арттырған кезде шекті тарифтен 30%-ға жоғары баға бойынша;

      - энергия өндіруші ұйымның тиісті шекті тарифтері бойынша генерацияны төмендеткен кезде шекті тарифтен 30%-ға төмен баға бойынша;

      5) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген, тұтынуы жүйелік оператордың өкімі бойынша шектелген цифрлық майнерлер арасында бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасынан 30%-ға жоғары баға бойынша. Бұл ретте жүйелік оператордың өкімі бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алынған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлердің электр энергиясын тұтыну көлемі шектелген болған кезде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы осы теңгерімдеуші нарық субъектісінен теріс теңгерімсіздікті сатып алу бағасы расталған кезде электр энергиясын жоспарлы сатып алу бағасы бойынша сатып алуды жүзеге асырады;

      6) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен шекті тарифі бар, оның ішінде өнеркәсіптік кешенге кіретін энергия өндіруші ұйымдар арасында теңгерімсіздік сағат бағытына сәйкес келген кезде шекті тарифтер бойынша теңгерімдеуші нарық жүйесінде айқындалады;

      7) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер, сондай-ақ шекті тарифі жоқ энергия өндіруші ұйымдар арасында теңгерімсіздік сағат бағытына сәйкес келген кезде бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасы бойынша теңгерімдеуші нарық жүйесінде айқындалады;

      8) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының қалған субъектілері арасында осы тармаққа және Қағидалардың 92 және 96-тармақтарына сәйкес есептелген тиісті орташа өлшемді бағалар бойынша.

      98-3. Егер осы Қағидалардың 92 және 96-тармақтарына сәйкес жүргізілген есеп айырысулардың қорытындылары бойынша теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығында теңгерімдеуші электр энергиясын сатудан түскен кірістер мен шығыстар арасында оң айырма қалыптасқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу, сомаларды дөңгелектеу және осы Қағидалардың теріс (нөлдік) бағалары туралы шарт жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің кірістері мен шығыстарын қоспағанда, онда айырмашылық ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін субъектілер, жоғарылатуға арналған сағатта теңгерімге қатысуға арналған өтінімі іске қосылған субъектілер және Жүйелік оператордың командаларын жоғарылатуға арналған сағатта "Авария" режимінде орындайтын субъектілер арасында жоғарыда көрсетілген теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергия көлемдерінің пропорционалды арақатынасы бойынша олардың бағаларын кейіннен түзете отырып бөлінеді.";

      99, 100 және 101-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "99.

тәуліктің бір сағаты ішінде теңгерімдеу аймағында пайда болған теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының шығындары (кірістері) мынадай формула бойынша есептеледі:

     


     

- теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының басқа субъектілерімен жауапкершілік беру шартын жасасқан энергия беруші ұйымдар жасаған теңгерімсіздіктерді қоспағанда, тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағындағы теңгерімдеуші электр энергиясын сатудан және энергия беруші ұйымдардан теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудан теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының шығындары (кірістері), теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында теңгерімдеуші электр энергиясын сатудан және ЖҚАР жүйесінің басқарылумен жұмыс істейтін теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудан болатын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының шығындары (кірістері), теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында теңгерімдеуші электр энергиясын сатудан және Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу туралы шарт жасасқан теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектілерінен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудан теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының кірістері, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- тәуліктің осы сағатында теңгерімдеу аймағында теңгерімдеуші нарықта есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметтен теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының кірістері, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- жүйелік оператордың командаларын орындаған теңгерімдеуші электр энергиясын сатудан және теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектілерінен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудан теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының кірістері (шығындары) – теңгерімдеу аймағында тәуліктің осы сағаты үшін (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), "Авария" режимі кезінде теңгемен.

     

мәндерді осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептейді.

      100. Есептік кезең үшін (күнтізбелік ай) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің теңгерімдеуші электр энергиясы үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы атына төленетін төлемінің жиынтық көлемін және осы кезеңдегі теңгерімдеу аймағында одан сатып алынған теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

- осы кезеңде теңгерімдеу аймағында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы және теріс теңгерімсіздіктер үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының атына электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) жиынтық төлем көлемі, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына есептік кезең (күнтізбелік айдағы) үшін теңгерімдеу аймағында сатып алынған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған оң теңгерімсіздіктерге байланысты) төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші нарық субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына есептік кезеңде (күнтізбелік айдағы) теңгерімдеу аймағында сатып алынған теріс теңгерімсіздіктер үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған оң теңгерімсіздіктерге байланысты теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алатын баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) теңгерімдеу аймағында осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің барлық оң теңгерімсіздіктерінің сомасы (бүтін санға дейін дөңгелектенеді), кВт*сағ (егер электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істемесе, нөлге теңестіріледі).

      101. Теңгерімдеуші электр энергиясы үшін теңгерімдеуші нарық субъектісінің атына теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының теңгерімдеуші электр энергиясы мен осы кезеңдегі теңгерімдеу аймағында сатып алған теріс теңгерімсіздіктері үшін төлемінің жиынтық көлемін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мынадай формула бойынша есептейді:

     


     

- теңгерімдеуші нарық субъектісінің атына теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының теңгерімдеуші электр энергиясы және осы кезеңдегі теңгерімдеу аймағында сатып алған теріс теңгерімсіздіктері үшін есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) жиынтық төлем көлемі, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші нарық субъектісіне есептік кезеңде (күнтізбелік айда) теңгерімдеу аймағында сатылған теріс теңгерімсіздіктер (ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындамаған) үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне теңгерімдеу аймағында есептік кезеңде (күнтізбелік ай) сатылған теңгерімдеуші электр энергиясы үшін төлейтін сома, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған өзінің теріс теңгерімсіздіктерін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сататын баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) теңгерімдеу аймағында осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің барлық теріс теңгерімсіздіктерінің модульдерінің қосындысы (бүтін санға дейін дөңгелектенеді), кВт*сағ (егер электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істемесе, нөлге теңестіріледі).";

      мынадай мазмұндағы 115-1-тармақпен толықтырылсын:

      "115-1. Теңгерімдеуші нарық субъектісі теңгерімдеуші нарық жүйесінде өзінің қызмет түрін (түрлерін) дербес көрсетеді.";

      122-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "122. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен жасалған теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартына бір мезгілде тиісті өзгерістер енгізе отырып, азаматтық заңнамаға сәйкес жасалатын жауапкершілікті беру шарты бойынша теңгерімдеудің бір аймағы шеңберінде провайдерге беруге құқылы. Теңгерім провайдеріне жауапкершілікті беру шарты жасалған жағдайда теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату шартына және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жасаған теріс теңгерімсіздіктерге өзгерістер енгізу теңгерімдеуші нарық субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының мекенжайына жүгінген айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі.";

      124-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "124. Теңгерім провайдерімен жауапкершілік беру шартын жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері осы Шарттың қолданылу барысында теңгерімсіздіктерге жол берген кезде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сату жөніндегі тиісті операцияларды және теріс теңгерімсіздіктерді жүзеге асырмайды.

      Теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі операцияларды, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес өзара есеп айырысуларды жүзеге асыруды осы сағат ішінде теңгерімдеу аймағында ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған жоғарылатып (төмендетіп) теңгерімдеуге арналған оның өтінімі іске қосылған тәуліктің бір сағаты ішінде теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері жасаған теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктер үшін өзара есеп айырысуды жүзеге асырудан басқа, теңгерімдеуші нарық субъектісінің теңгерімсіздігін қаржылық реттеуге жауапкершілік алған теңгерім провайдері жүзеге асырады.";

      127-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "127. Теңгерім провайдері жүйелік операторға онымен жауапкершілік беру шартын жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері үшін жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға өтінім (төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға өтінім) бермейді.

      Теңгерім провайдерімен жауапкершілік беру шартын жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері жүйелік операторға жоғарылатып реттеуге қатысуға өтінімдерді (төмендетіп реттеуге қатысуға өтінімдерді) дербес береді.";

      129-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "129. Теңгерім провайдерлері теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы қалыптастыратын, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының интернет-ресурсында жарияланатын провайдерлер тізбесіне енгізіледі.

      Бұл ретте теңгерімдеуші нарық субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың объектісін және/немесе объектілерін қоспағанда, объектінің және/немесе объектілердің барлық көлемін бір теңгерім провайдеріне береді.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерім провайдерін мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде провайдерлер тізбесіне енгізеді:

      1) энергия өндіруші ұйым болып табылатын электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі басқа энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімсіздігін қаржылық реттеу үшін жауапты қабылдамайды;

      2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда, екі және одан да көп энергия өндіруші ұйым электр энергиясын өндіру-тұтынудың өзіндік теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті бір теңгерім провайдеріне бермейді;

      3) энергия беруші ұйым теңгерім провайдері болып табылмайды.

      Теңгерім провайдерлерінің тізбесін өзектілендіруді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы жауапкершілікті беру шарттарын жасасу (бұзу) фактісі бойынша тиісті жасасқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату ұзақ мерзімді шарты бар, электр энергиясын өндіру-тұтынудың өз теңгерімсіздіктерін қаржылық реттеу үшін жауапкершілікті теңгерім провайдеріне берген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар төмендетіп/жоғарылатып реттеуге қатысуға өтінім бермейді.";

      131-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "131. Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен және қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жауапкершілік беру шартын жасасуға міндетті.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өз теңгерімсіздігі болмайды және осы нарыққа тек теңгерім провайдері ретінде, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан, оның ішінде қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып қатысады.

      Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығын жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды пайдалануға беру фактісі туралы оны пайдалануға бергеннен кейінгі келесі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.";

      136-тармақта:

      2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне жеткізу айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін бір жолмен қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжатты және электрондық шот-фактураны береді. Қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжатқа теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің есептері және сағаттық теңгерімсіздіктер жарияланғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының ресми интернет-ресурсында электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) арқылы қол қойылады. Теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және сағаттық теңгерімсіздіктердің есептеулерін түзету кезінде қорларды бір жаққа босатуға түзетілген жүкқұжат және электрондық шот-фактура 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және сағаттық теңгерімсіздіктердің алдын ала есептеулерін алған кезде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясы нарығының субъектісіне қорларды бір жаққа босатуға арналған алдын ала жүкқұжатты және алдын ала электрондық шот-фактураны қояды;";

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі жеткізу айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына бір жолмен қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжат және электрондық шот-фактураны қояды. Қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжатқа теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдері мен сағаттық теңгерімсіздіктер есептеулері жарияланғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының ресми интернет-ресурсында ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және сағаттық теңгерімсіздіктердің есептеулерін түзету кезінде қорларды бір жаққа босатуға түзетілген жүкқұжат және электрондық шот-фактура 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және сағаттық теңгерімсіздіктердің алдын ала есептеулерін алған кезде теңгерімдеуші нарық субъектісі теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына қорларды бір жаққа босатуға арналған алдын ала жүкқұжатты және алдын ала электрондық шот-фактураны қояды;";

      140-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "140. Жүйелік оператор ол бойынша өзара есеп айырысу тізілімі қалыптасқан есеп айырысу кезеңінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтынудың жоспарлы және нақты шамаларын түзеткен жағдайда, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы осы есеп айырысу кезеңіндегі бағаларды қайта есептемейді, ал жүйелік оператор жүктеменің өңірлік бейінін қайта есептемейді.

      Электр энергиясын өндіру-тұтынудың жоспарлы және нақты мәндері түзетілген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің атына электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы төлейтін соманы және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығының атына осы субъектілер төлейтін соманы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығы электр энергиясын өндіру-тұтынудың жоспарлы және нақты мәндері түзетілген субъектілердің оң және теріс теңгерімсіздіктерінің көлемін түзетуді ескере отырып түзету жүргізілетін есепті кезеңнің қолданыстағы бағалары бойынша есептейді.

      Теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу-сатудың қайта есептелген көлемдерінің және теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есепке алу тізіліміндегі теріс теңгерімсіздіктердің нәтижесінде пайда болған ақшалай міндеттемелердің айырмасы өзара есепке алу тізілімі қалыптастырылмаған келесі есептік айда ескеріледі.";

      146-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "146. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы бағдарламалық қамтылымды пайдалана отырып, автоматты режимде өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін теңгерімдеуші электр энергиясы нарығына қатысушылар арасында жиынтығында мынадай шарттардың сақталуын ескере отырып, жұптарды қалыптастырады:

      1) қалыптасқан жұптардың санын азайтуды қамтамасыз ету;

      2) бір өңірде (облыста) орналасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасында жұпты қалыптастырудың басымдылығын қамтамасыз ету;

      3) келесі 3 (үш) айда бірдей жұптардың қалыптасуына жол бермеуді қамтамасыз ету;

      4) алдыңғы өзара есеп айырысу тізілімдері бойынша өзара берешекті өтемеген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасында жұптардың басым қалыптасуын қамтамасыз ету. Егер дебитор бұрынғы өзара есепке алу тізілімі бойынша кредитор алдындағы берешекті өтемесе және жаңа тізілімнің қорытындылары бойынша кредитор болса, онда оған жұпқа бұрынғы өзара есепке алу тізілімі бойынша берешекті төлемеген кредитор басымдыққа ие болады.

      Осы Қағидалардың 146-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген басымдық осы Қағидалардың 146-тармағының 1 – 3) тармақшалары қолданылғанға дейін ескеріледі.

      Егер жоғарыда көрсетілген жиынтық шарттарды ескере отырып, теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есепке алу тізілімін қалыптастыру кезінде электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының бірнеше субъектілерінде жабылмаған ақшалай міндеттемелері қалса, онда теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есепке алу тізілімі осы тармақтың 3) тармақшасының ережесін қолданбай қалыптастырылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігі орындалмаса және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының бірнеше субъектілерінде жабылмаған ақшалай міндеттемелері болған жағдайда, теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есепке алу тізілімі осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларының ережесін қолданбай қалыптастырылады.

      Осы тармақтың үшінші бөлігі орындалмаса және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының бірнеше субъектілерінде жабылмаған ақшалай міндеттемелері болған жағдайда, теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есепке алу тізілімі осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларының ережесін қолданбай қалыптастырылады.";

      1-қосымшада:

      10-тармақтың 5) және 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін, жүкқұжаттарды, шот-фактураларды теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына жазып беруге/қоюға;

      6) орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін, жүкқұжаттарды, шот-фактураларды алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қоюға;";

      12-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісіне орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін, жүкқұжаттарды, шот-фактураларды жазып беруге/қоюға;

      2) орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін, жүкқұжаттарды, шот-фактураларды алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қол қоюға;";

      22-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "22. Теңгерімдеуші нарық субъектісі жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесінен шығарылған кезде Шарттың қолданылуы тоқтатылады. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы теңгерімдеуші нарық субъектісін хабардар етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Теңгерімдеуші нарық субъектісі Қағидалардың 129-тармағының талаптарын бұзған кезде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерім провайдеріне жауапкершілікті беру туралы осы Шартқа қосымша келісімді біржақты тәртіппен бұзады. Бұл жағдайда теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы 5 (бес) жұмыс күні ішінде бұл туралы теңгерімдеуші нарық субъектісін хабардар етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 30 және 30-1-тармақтармен толықтырылсын:

      "30. Шарт 20 _____ жылғы ________ бастап күшіне енеді және 20 ______ жылғы _____________ дейін қолданылады.

      30-1. Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін Шарт автоматты түрде келесі қаржы жылына ұзартылады және Шарттың 9-тарауына сәйкес ол бұзылған сәтке дейін қолданылады.";

      2-қосымшада:

      16-тармақтың 2) және 3) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісіне жеткізу айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін бір жолмен қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжатты және электрондық шот-фактураны береді. Қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжатқа теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің есептері және теріс теңгерімсіздіктер жарияланғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының ресми интернет-ресурсында ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және теріс теңгерімсіздіктердің есептеулерін түзету кезінде қорларды бір жаққа босатуға түзетілген жүкқұжат және электрондық шот-фактура 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі;

      3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектісі жеткізу айынан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күніне дейін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына бір жолмен қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжат және электрондық шот-фактураны қояды. Қорларды бір жаққа босатуға арналған жүкқұжатқа теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің есептері және теріс теңгерімсіздіктер жарияланғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының ресми интернет-ресурсында ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Теңгерімдеуші электр энергиясының сағаттық көлемдерінің және сағаттық теңгерімсіздіктердің есептеулерін түзету кезінде қорларды бір жаққа босатуға түзетілген жүкқұжат және электрондық шот-фактура 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі;";

      43-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) теңгерімдеуші нарық субъектілеріне теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есептеулер тізілімінде көрсетілген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілеріне төлемге шот ұсынуға;";

      44-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) теңгерімдеуші нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу тізілімінде көрсетілген теңгерімдеуші нарық субъектілеріне (борышкерлерге) төлем шотын қоюға;";

      65-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "65. Шарт электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі Шартқа № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына өтініш берген сәттен бастап күшіне енеді және Шарттың 12-тарауында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

      Бұл ретте Тараптардың теңгерімдеуші нарық субъектісінің берілген өтінішінің күніне сәйкес шарттың қолданылу мерзімін таратуға құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы 65-1-тармақпен толықтырылсын:

      "65-1. Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін Шарт автоматты түрде келесі қаржы жылына ұзартылады және Шарттың 12-тарауына сәйкес ол бұзылған сәтке дейін қолданылады.";

      8-қосымшада:

      1, 2, 3 және 4-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Теңгерімдеуші электр энергиясын сатудан және теңгерімдеу аймағындағы энергия беруші ұйымдардан тәулік сағатына (

), теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудан теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының шығындары (кірістері) мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- электр энергиясын сатуға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының болжамды бағасы (қалдық бағасы) тәуліктің осы сағатына, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді).

      Егер энергия беруші ұйым генерация-тұтынудың нақты сальдосын генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосынан 20% - дан астам ауытқуды (оң немесе теріс теңгерімсіздік) жасаған жағдайда, онда:

      - энергия беруші ұйымның теріс теңгерімсіздігін сату бағасы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының базалық бағасының нақты мәннен 30 % - ға азаяды;

      - теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу бағасы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының базалық бағасының нақты мәнінен 30% - ға артады.

     

- кВт*сағ электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының басқа субъектілерімен жауапкершілік беру шартын жасасқан энергия беруші ұйымдар жасаған оң теңгерімсіздіктерді қоспағанда, осы сағатта теңгерімдеу аймағында электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті шарттар негізінде көрсететін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының j-ші субъектісі (энергия беруші ұйым) жасаған оң теңгерімсіздік (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- j бойынша сомасы;

      j - 1-ден z-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      z - осы сағатта теңгерімдеу аймағында оң теңгерімсіздік жасаған электр энергиясын немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті шарттар негізінде көрсететін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің (энергия беруші ұйымдардың) саны;

     

- кВт*сағ электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының басқа субъектілерімен жауапкершілік беру шартын жасасқан энергия беруші ұйымдар жасаған теріс теңгерімсіздіктерді қоспағанда, осы сағатта теңгерімдеу аймағында электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті шарттар негізінде көрсететін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының i-ші субъектісі (энергия беруші ұйым) жасаған теріс теңгерімсіздік модулі (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- i бойынша сомасы;

      i- 1-ден w-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      w – осы сағатта теңгерімдеу аймағында теріс теңгерімсіздік жасаған электр немесе жылу энергиясын беру жөніндегі қызметті шарттар негізінде көрсететін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің (энергия беруші ұйымдардың) саны.

      2. Теңгерімдеуші электр энергиясын сатудан және ЖҚАР жүйесін басқарумен жұмыс істейтін теңгерімдеуші электр энергиясы нарығы субъектілерінен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудан болатын теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының тәулік сағатына (

), теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) теңгерімдеу аймағындағы шығындары (кірістері) формула бойынша айқындалады:

     


     

- ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған оң теңгерімсіздіктерге байланысты теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алатын баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- ЖҚАР жүйесін басқарумен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының j-ші субъектісінің осы сағаттағы теңгерімдеу аймағында осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған оң теңгерімсіздігі (бүтін санға дейін дөңгелектенеді), кВт*сағ;

     

- j бойынша сома;

      j - 1-ден y-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      y - осы сағатта теңгерімдеу аймағында ЖҚАР жүйесінің әсер етуі себебінен оң теңгерімсіздік жасаған ЖҚАР жүйесіне әсер етуімен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің саны;

     

- ЖҚАР жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісі осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған өзінің теріс теңгерімсіздіктерін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сататын баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- осы сағатта теңгерімдеу аймағында осы ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған ЖҚАР жүйесін басқарумен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының i-ші субъектісінің теріс теңгерімсіздік модулі, теңгемен/ кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- j бойынша сомасы;

      j - 1-ден h-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;

      h - осы сағатта теңгерімдеу аймағында ЖҚАР жүйесінің әсер етуі себебінен теріс теңгерімсіздік жасаған ЖҚАР жүйесін басқарумен жұмыс істейтін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің саны.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу туралы шарт жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінен теңгерімдеуші электр энергиясын сатудан және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудан теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының тәулік сағатына (

) теңгерімдеу аймағындағы кірістері, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу туралы шарт жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімдеуші электр энергиясы үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының мекенжайына өткен есептік кезең үшін (күнтізбелік ай) жиынтық төлем көлемі және осы кезеңдегі теңгерімдеу аймағында одан сатып алынған теріс теңгерімсіздіктер, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу туралы шарт жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілерінің теңгерімдеуші электр энергиясы үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының мекенжайына өткен есептік кезең үшін (күнтізбелік ай) жиынтық төлем көлемі және осы кезеңдегі теңгерімдеу аймағында олардан сатып алынған теріс теңгерімсіздіктер, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- энергия беруші ұйымдардың теріс теңгерімсіздіктері және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктер енгізілмеген теңгерімдеу аймағында есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) сағаттары үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері жасаған барлық теріс теңгерімсіздіктер сомасының модулі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді) ;

     

– электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері энергия беруші ұйымдардың оң теңгерімсіздіктері және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктер кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді) енгізілмеген теңгерімдеу аймағында өсуге арналған сағат ретінде айқындалған есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) сағаттары үшін жасаған барлық оң теңгерімсіздіктердің сомасы;

     

- тәулік сағатына байланысты мынадай екі мәннің бірін қабылдайтын мән:

      1) энергия беруші ұйымдардың теріс теңгерімсіздіктері және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктер енгізілмеген теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері тәуліктің бір сағатында жасаған барлық теріс теңгерімсіздіктер қосындысының модулі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді) – егер тәуліктің бір сағаты төмендеу сағаты ретінде айқындалса;

      2) энергия беруші ұйымдардың оң теңгерімсіздіктері және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктер енгізілмеген теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері тәуліктің бір сағатында жасаған барлық оң теңгерімсіздіктердің қосындысы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді) – егер тәуліктің бір сағаты жоғарылау сағаты ретінде айқындалса;

      и- мынадай мәндерді қабылдайтын өлшемсіз коэффициент:

     


      4. Тәуліктің осы сағатнда теңгерімдеу аймағындағы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының операциялық шығындары (

), теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) формула бойынша айқындалады:

     


     

- теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) (

) барлық теңгерімдеу аймақтарында теңгерімдеуші нарықта есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметтен кірістері, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- энергия беруші ұйымдардың теріс теңгерімсіздіктері және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктер енгізілмеген барлық теңгерімдеу аймақтарында есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) сағаттары үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері жасаған барлық теріс теңгерімсіздіктер сомасының модулі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері энергия беруші ұйымдардың оң теңгерімсіздіктері және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктер енгізілмеген барлық теңгерімдеу аймақтарында төмендету сағаты ретінде айқындалған есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) сағаттары үшін жасаған барлық оң теңгерімсіздіктердің сомасы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- тәулік сағатына байланысты мынадай екі мәннің бірін қабылдайтын мән:

      1) энергия беруші ұйымдардың теріс теңгерімсіздіктері және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктер енгізілмеген теңгерімдеу аймағында электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері тәуліктің бір сағатында жасаған барлық теріс теңгерімсіздіктер сомасының модулі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді) – егер тәуліктің бір сағаты төмендету сағаты ретінде айқындалса;

      2) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері энергия беруші ұйымдардың оң теңгерімсіздіктері және ЖҚАР жүйесінің әсерінен туындаған теңгерімсіздіктер енгізілмеген теңгерімдеу аймағында тәуліктің бір сағатында жасаған барлық оң теңгерімсіздіктердің сомасы, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді) – егер тәуліктің бір сағаты жоғарылату сағаты ретінде айқындалса.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. "Авария" режимінде (

) тәуліктегі аталған сағат ішінде теңгерімдеу аймағындағы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының шығындары (кірістері) мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

– "Авария" режимінде тәуліктегі аталған сағат ішінде теңгерімдеу аймағындағы теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығының шығындары (кірістері);

     

– "Авария" режимі жарияланған есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) сағат ішінде электр энергиясын сатуға шекті тарифтері бар және Жүйелік оператордың өкімдерін орындаған энергия өндіруші ұйым жасаған оң теңгерімсіздік, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

– "Авария" режимі жарияланған есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) сағат ішінде электр энергиясын сатуға арналған шекті тарифтері бар және Жүйелік оператордың өкімдерін орындаған энергия өндіруші ұйымның шекті тарифі, теңге/ кВт * сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

– "Авария" режимі жарияланған есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) сағат ішінде электр энергиясын сатуға шекті тарифтері бар және Жүйелік оператордың өкімдерін орындаған энергия өндіруші ұйым жасаған теріс теңгерімсіздік, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

– тәуліктегі осы сағат ішінде Бірыңғай сатып алушының болжамды базалық бағасының мәні, теңге/кВт * сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

– "Авария" режимі жарияланған есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) сағат ішінде электр энергиясын сатуға шекті тарифтері жоқ және Жүйелік оператордың өкімдерін орындайтын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар және цифрлық майнерлер, құрамына энергия өндіруші ұйымдар кіретін өнеркәсіптік кешендер жасаған теріс теңгерімсіздік, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      "Авария" режимі әрекет етпеген сағаттарда

мәні нөлге теңеледі.".

      3. "Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) сауда-саттық қорытындылары туралы хабарлама – орталықтандырылған сауда нарығының операторы әзірлеген, өткізілген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша жасалатын құжат;";

      12) және 13) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:

      "12) сауда-саттыққа қатысушының операторы – электрондық сауда жүйесіндегі жұмыс бойынша орталықтандырылған сауда нарығы операторынан оқытудан өткен және электрондық сауда жүйесіне қол жеткізе алатын, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысуға байланысты ақпаратты енгізуге құқылы сауда-саттыққа қатысушының жауапты қызметкері;

      13) сауда-саттыққа қатысушы оператордың жұмыс орны – сауда-саттыққа қатысушының жауапты қызметкерінің электрондық сауда жүйесіне, оның ішінде жабдыққа қойылатын талаптарға сәйкес жарақтандырылған сауда-саттыққа қатысушы оператордың жеке кабинетіне кіру жүзеге асырылатын орын;";

      22) тармақша алып тасталсын;

      12-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Орталықтандырылған сауда нарығының операторымен Қатысу шартын жасасқаннан кейін сауда-саттыққа қатысушы ерікті негізде электрондық сауда жүйесінің бағдарламалық қамтылымымен жұмыс істеу бойынша нұсқамадан өтеді. Ол үшін сауда-саттыққа қатысушы орталықтандырылған сауда нарығының операторына оқытуға жіберілетін қызметкерлердің тізімін ұсынады.";

      20-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      29-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "29. Осы Қағидаларға сәйкес ресімделген сатып алуға/сатуға арналған сауда сессиясына қатысуға өтінімді электрондық сауда жүйесіне беру оның сауда-саттық сессиясына қатысуға өтінімінде көрсетілген бағалар бойынша электр энергиясын сатып алуға/ сатуға мәміле жасасуға оны берген сауда-саттыққа қатысушының келісімінің қажетті және жеткілікті куәлігі болып табылады.";

      40-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "40. Сатып алуға арналған сауда сессиясына қатысуға арналған өтінімдегі баға Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелді) бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының көтерме нарығын ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу қағидаларына 4-қосымшада көзделген тәртіппен айқындалған бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алуға арналған есептік бағасынан бастапқы бағадан төмен емес көрсетіледі.

      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының ресми интернет-ресурсында 12 (он екі) ай кезеңіне электр энергиясын сатып алуға арналған есептік баға туралы ақпарат алады.";

      мынадай мазмұндағы 46-1-тармақпен толықтырылсын:

      "46-1. Цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының бағасы мыналардан тұрады:

      1) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығындағы сатып алу бағасы;

      2) ұлттық желілерді пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы;

      3) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы;

      4) электр энергиясын желілер арқылы беру бойынша энергия беруші ұйымдар көрсететін қызметтің бағасы;

      5) электр қуатының жүктемені ұстап тұру бойынша әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы;

      6) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және өткізу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы;

      7) сауда жүйесінің электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізуге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы.";

      53-тармақ алып тасталсын;

      63-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "63. Операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 11-40 сағатында (Астана уақыты бойынша) электрондық сауда жүйесі сатуға өтінімдерді қабылдауды 50 секундқа тоқтата тұрады және осы уақыт ішінде сатуға берілген өтінімдер негізінде энергия өндіруші ұйымдар үшін орталықтандырылған сауда-саттықтың алдын ала қорытындыларын көрсетеді. Содан кейін сатуға өтінімдерді қабылдауды операциялық тәуліктің алдындағы тәуліктің 11-50 сағатына (Астана уақыты бойынша) дейін жалғастырады.";

      72-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "72. Энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясымен орталықтандырылған сауда-саттықтың алдын ала нәтижелері туралы хабарламаларды орталықтандырылған сауда нарығының операторы тек жүйелік операторға және бірыңғай сатып алушыға жібереді, ал сауда-саттыққа қатысушылар үшін алдын ала нәтижелерді сауда-саттық сессиялары аяқталғаннан кейін көруге қолжетімді болады.";

      78-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "78. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр энергиясын өндірудің/тұтынудың бекітілген тәуліктік кестесіне енгізілген көлемдердің расталуын алғаннан кейін 10 минут ішінде сауда-саттыққа қатысушыларға және бірыңғай сатып алушыға электрондық поштаны қолдана отырып, орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелерді, операциялық тәуліктің әрбір сағатына мәмілелердің белгілі бір бағаларын, сауда-саттыққа қатысушылар сатқан электр энергиясының көлемін көрсете отырып, өткізілген орталықтандырылған сауда-саттықтың нәтижелері туралы хабарлама жібереді.".

      4. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

      60-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "60. Есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) қуат нарығын тұтынушылардың электр қуатының нақты ең жоғары мәндерін Жүйелік оператор әрбір есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша мынадай әдістер бойынша айқындайды:

      1) ішінара орташалау әдісі бойынша – энергия беруші ұйымдар мен өнеркәсіптік кешендерінен басқа, қуат нарығының барлық тұтынушылары үшін. Бұл ретте осы әдісті энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қолданған кезде электрмен жабдықтауды энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырған электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілерін тұтынудың электр қуаты ғана есепке алынады;

      2) толық орташалау әдісі бойынша – энергия беруші ұйымдар үшін;

      3) аралас орташалау әдісі бойынша өнеркәсіптік кешендер үшін.

      Жүйелік оператор электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қуат нарығын тұтынушылардың электр қуатының нақты ең жоғары мәндері туралы тиісті есеп түрінде бірыңғай сатып алушыға есептік кезең (күнтізбелік ай) үшін нақты ең жоғары қуат нарығын тұтынушылардың электр қуатының мәндерін береді, ол электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің есептік кезеңінде бірыңғай сатып алушы тұтынушыға нақты көрсеткен қуат нарығын есептеу үшін растайтын құжат болып табылады.

      Есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) қуат нарығын тұтынушының электр қуатының нақты ең жоғары мәнін айқындау кезінде пайдаланылатын электр қуатының мәндері келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректер базасынан Жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық деректер базасына сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) деректері болмаған кезде электр қуатының есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) әрбір сағаты үшін қуат нарығын тұтынушының электр қуатының нақты ең жоғары мәнін айқындау кезінде пайдаланылатын электр қуатының мәндері осы қуат нарығын тұтынушының электр энергиясын тұтыну көлемінің есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) нақты мәнінің туындысы ретінде айқындалады, 1 (бір) сағатқа бөлінген МВт * сағ (электр энергиясын өндіру-тұтыну фактілік балансына сәйкес), және өңірдің өңірлік жүктеме бейінінің есептік кезеңіне (күнтізбелік айына) сәйкес келеді.

      Жүйелік оператор өңірдің өңірлік жүктеме бейінін ай сайын есептік кезең (күнтізбелік ай) қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айқындайды.

      Жүйелік оператор есептік кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін өзінің ресми интернет-ресурсында өңірдің өңірлік жүктеме бейінін жариялайды.";

      2-қосымшада:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. k3 коэффициентін анықтау

      k3=Rор/(R∑), мұндағы

      Rор – есепті кезеңде энергия өндіруші ұйым орындаған жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге өтінімдердің жиынтық саны;

      R∑ - есепті кезеңде жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге энергия өндіруші ұйымның Жүйелік оператор іске қосқан өтінімдерінің жиынтық саны.

      R∑=0 болған жағдайда k3 коэффициенті 1-ге тең болады.

      k3 коэффициентінің мәні 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бірге теңеледі.".

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Электр энергиясының көтерме
нарығын ұйымдастыру мен
оның жұмыс iстеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан

      Сатып алуға өтінім. Сатуға өтінім

Жіберуші


01:00


МВт

13:00


МВт



02:00


МВт

14:00


МВт

Контрагент


03:00


МВт

15:00


МВт



04:00


МВт

16:00


МВт

Операция


05:00


МВт

17:00


МВт



06:00


МВт

18:00


МВт



07:00


МВт

19:00


МВт



08:00


МВт

20:00


МВт



09:00


МВт

21:00


МВт



10:00


МВт

22:00


МВт



11:00


МВт

23:00


МВт



12:00


МВт

24:00


МВт

       Ескертпе:

      * мәндер мыңнан біріне дейінгі дәлдікпен көрсетіледі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Электр энергиясының көтерме
нарығын ұйымдастыру мен
оның жұмыс iстеу
қағидаларына
3-қосымша

Тәуліктің нақты сағатына базалық бағаның нақты мәнін есептеу тәртібі

      1. Тәуліктің нақты сағатына базалық бағаның нақты мәні, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- тәуліктің нақты сағатына базалық бағаның нақты мәні, теңгемен/кВт*сағ, (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындарының сомасы, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатудан түскен кірістерінің сомасы, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асырмайтын және атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілмеген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының жиынтық көлемі (электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатып алудың жалпы көлемі бөлігінде жүйелік оператор (түзетулерді ескере отырып) бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік графигіне енгізілген электр энергиясын сатып алудың рұқсат етілген ең аз сағаттық көлемінің сомасынан артық (бүтін санға дейін дөңгелектенеді).

      2. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындарының сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындарының сомасы, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы электр қуаты нарығында бір немесе бірнеше ұзақ мерзімді шарттар жасасқан і-ші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына шекті тарифінің мәні, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді) ҚҚС-сыз;

     

- Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы электр қуаты нарығында бір немесе бірнеше ұзақ мерзімді шарттар жасасқан і-ші энергия өндіруші ұйым тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі (қуаты осы шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылар есебінен құру жоспарланған электр энергиясын сату көлемі), кВт*сағ-пен (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- құрамына қалалар мен аудандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары (электр энергиясы тиісті Тұлғалар тобы шеңберінде тұтынылатын жылу электр орталықтарын қоспағанда) кіретін і-ші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясына шекті тарифінің мәні, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- электр энергиясы тиісті Тұлғалар тобы шеңберінде тұтынылатын жылу электр орталықтарын қоспағанда, құрамына қалалар мен аудандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары кіретін і-ші энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға тәуліктің осы сағатына сатқан электр энергиясының көлемі кВт*сағ (бүтінге дейін дөңгелектенеді);

     

- і-ші энергия өндіруші ұйым тәуліктің осы сағатына электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында (сатушыларды іріктеу бойынша) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатқан баға, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- і-ші энергия өндіруші ұйым тәуліктің осы сағатына электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында (сатушыларды іріктеу бойынша) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- осы Қағидаларға сәйкес айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлеме;

     


      i - тиісінше 1-ден a, b, c, дейін өзгеретін реттік нөмірі;

      a – электр қуаты нарығында Заңның 15-4, 15-6 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы бір немесе бірнеше ұзақ мерзімді шарттар жасасқан, тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатқан энергия өндіруші ұйымдардың саны;

      b – электр энергиясы тиісті Тұлғалар тобы шеңберінде тұтынылатын жылу электр орталықтарын қоспағанда, құрамына тиісті қалалар мен аудандарды орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары кіретін энергия өндіруші ұйымдардың саны;

      с – тәуліктің осы сағатына электр өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатқан энергия өндіруші ұйымдардың саны;

     

- тәуліктің осы сағатына импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындарының сомасы, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

– тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатып алу кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыда туындаған жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалған шығындар ҚҚС-сыз теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу себебінен есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) ішінде Заңның 19-1-бабы 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыда туындаған қосымша шығындар, электр энергиясының экспортына байланысты электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу себебінен туындаған шығындар, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының орталықтандырылған сауда нарығы операторының алдындағы шығындары, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз.

      2.1. Тәуліктің осы сағатына (сағатына) импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындарының сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- тәуліктің осы сағатына импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындарының қосындысы, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- тәуліктің осы сағатына импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының і-шартында көрсетілген, і-шарттың талаптарына сәйкес бағам бойынша теңгемен/кВт*сағ айырбасталған электр энергиясын сатып алу бағасы, (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз.

     

- тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін жүйелік оператор мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушы арасында жасалған техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған тиісті шартта көрсетілген техникалық диспетчерлеу жөніндегі қызметтердің тарифі.

     

- электр энергиясын бірыңғай сатып алушы импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының і шарты бойынша тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     


      i – 1-ден d-ге дейін өзгеретін реттік нөмірі;

      d – электр энергиясын бірыңғай сатып алушының импорттық электр энергиясын сатып алуға арналған шарттарының саны, олардың шеңберінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы тәуліктің осы сағатына импорттық электр энергиясын сатып алған.

      2.2 Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыда тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатып алу кезінде туындаған жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындар (

), мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- электр энергиясын сатып алу кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыда тәуліктің осы сағатына туындаған жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалған шығындар, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын і-ші энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шартының бағасы, ҚҚС-сыз теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын і-ші энергия өндіруші ұйым тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, теңгемен/кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын і-энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шартының бағасы, ҚҚС-сыз теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді);

     

- жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес қаржы есеп-айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты шеңберінде электр энергиясының көтерме сауда нарығында өндіру-тұтынудың нақты теңгеріміне сәйкес тәуліктің осы сағатына жататын есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) ішінде жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын і-энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге электр энергиясын бірыңғай сатып алушының (күнтізбелік айға) нақты шығындары, ҚҚС-сыз теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), олар мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- жүйелік оператордың тиісті есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік ай) электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге арналған тарифі, теңгемен/кВт*сағ, ҚҚС-сыз,

     

- тиісті есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік ай) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар энергия өндіруші ұйымдардың желіге жіберген электр энергиясының нақты көлемі теңгемен/кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында (кірістерді шегергенде) жұмсалған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының нақты шығындары, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін оның қызметін жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидалары) сәйкес айқындалатын нақты шығындары, теңгемен, ҚҚС-сыз;

     

- тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін резервтік қорды қалыптастыруға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 29 шілдедегі № 361 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14210 болып тіркелген) Резервтік қорды қалыптастыру және пайдалану қағидаларына сәйкес айқындалатын нақты шығындары, теңгемен;

      Nай - тиісті есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік айдағы) сағат санын көрсететін өлшеусіз коэффициент;

     

- бойынша қосынды;

      i – тиісінше 1-ден p-ге дейін өзгеретін реттік нөмірі;

      p – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату) пайдаланатын және электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар, тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатқан энергия өндіруші ұйымдардың саны;

      w – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамаға сәйкес жаңартылатын энергия көздерін (қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды) пайдаланатын және қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар, тәуліктің осы сағатына жататын есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) ішінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатқан энергия өндіруші ұйымдардың саны.

      3. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатудан түскен кірістерінің қосындысы (

) мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- электр энергиясын бірыңғай сатып алушының тәуліктің осы сағатына электр энергиясын сатудан түскен кірістерінің сомасы, теңгемен (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тәуліктің осы сағатына жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифтің нақты мәні, теңгемен/кВт*сағ, ҚҚС-сыз, (үтірден кейін 4 белгіге дейінгі дәлдікпен дөңгелектенеді);

     

- жүйелік оператор (түзетулерді ескере отырып) бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген тәуліктің осы сағаты үшін электр энергиясын сатып алудың рұқсат етілген ең төмен сағаттық көлемінің мәніне тең, і-шартты тұтынушы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісінің тәуліктің осы сағатына майнингтік бағасы, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі үшін тәуліктің осы сағатына атаулы қолдауды алушылар тізімінде көрсетілген электр энергиясын сатып алу бағасы, теңгемен/кВт*сағ (жүзден біріне дейін дөңгелектенеді), ҚҚС-сыз;

     

- атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- бойынша қосынды;

      i – тиісінше 1-ден k, l, m, дейін өзгеретін реттік нөмір;

      k – тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған шартты тұтынушылардың саны;

      l – тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған, цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің саны;

      m – тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған, атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің саны.

      4. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асырмайтын және атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілмеген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының жиынтық көлемі (жүйелік оператор (түзетулерді ескере отырып) бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын сатып алудың рұқсат етілген ең аз сағаттық көлемінің сомасынан асып кететін тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан олардың электр энергиясын сатып алуының жалпы көлемі бөлігінде) (

) мынадай формула бойынша айқындалады:

     


     

- цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асырмайтын және атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілмеген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының жиынтық көлемі (жүйелік оператор (түзетулерді ескере отырып) бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын сатып алудың рұқсат етілген ең аз сағаттық көлемінің сомасынан асып кететін тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан олардың электр энергиясын сатып алуының жалпы көлемі бөлігінде), кВт ∗ сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт ∗ сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- жүйелік оператор (түзетулерді ескере отырып) бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тиісті тәуліктік кестесіне енгізілген тәуліктің осы сағаты үшін электр энергиясын сатып алудың рұқсат етілген ең аз сағаттық көлемінің мәніне тең, і−шартты тұтынушы электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тәуліктің осы сағатына сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт ∗ сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді));

     

- цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     

- атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының і-субъектісі тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясының көлемі, кВт*сағ (бүтін санға дейін дөңгелектенеді);

     


      i – тиісінше 1-ден r, k, l, m, дейін өзгеретін реттік нөмір;

      r – тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің саны;

      k – тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің (шартты тұтынушылар болып табылатын) саны;

      l – тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған, цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің саны;

      m – тәуліктің осы сағатына электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған, атаулы қолдауды алушылар тізіміне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің саны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады