2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 34285 болып тіркелді. Бұйрық 2024 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда қолданыста болды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданыста болу мерзімі - 20.12.2024 дейін (осы бұйрықтың 4-т. қараңыз)
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданыста болу тәртібін 4 т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларының 24-5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 13.09.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Ұлттық
экономика министрі
2024 жылғы 22 сәуірдегі
№ 18 бұйрығымен
бекітілген

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларының 24-5-тармағына сәйкес әзірленді және 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу тәртібін (бұдан әрі – Мүліктік шығынға өтемақы төлеу) айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші 2024 жылғы су тасқыны салдарынан жылжымайтын мүлік шығынын қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеуге қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 13.09.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу тәртібі

      3. Мүліктік шығынға өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті қоспағанда, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (бұдан әрі – мүлік иелері) тиесілі жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу жолымен жүргізіледі.

      4. Жойылған тауарлық-материалдық құндылықтарды өтеу көтерме бағамен өнім берушінің сатып алу бағасы бойынша жүргізіледі.

      5. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) немесе бюджеттен тыс қорлардың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарауы жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Қор комиссиясы) шешімі жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін негіз болып табылады.

      Өңірлік комиссия өз қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Үлгілік ереже негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану және мүліктік шығындарды алдын ала бағалау үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссия өз қызметін осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес Үлгілік ереже негізінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жойылған мүліктің құны немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны мүлік иесіне мынадай көздердің бірінен:

      1) бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен;

      2) жеке қорлар (бұдан әрі – Қор) қаражатынан ақшалай қаражат төлеу жолымен өтеледі.

      7. Жойылған мүліктің түрлеріне (жылжымайтын мүлік, жабдық, автомобиль көлік құралдары (бұдан әрі – автокөлік құралы), тауарлық-материалдық құндылықтар) байланысты жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін қаражат көзін айқындау Өңірлік комиссияның құзыретіне жатады.

      8. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес меншiк құқығы немесе мүлiкке өзге де заттай құқық, осы мүлiктiң құрамы осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттармен расталады.

      9. Жойылған мүліктің немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының өтелетін құнының мөлшерін айқындауды Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы жүзеге асырады.

      10. Жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу мөлшері:

      1) залал сомасы 10 (он) миллион теңгеге дейінгі тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жойылған тауар-материалдық құндылықтарды өтеу сомасына жүргізілген есептеудің қорытындылары бойынша;

      залал сомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – жойылған тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды бағалау жөніндегі есеп не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша;

      2) жабдық үшін – қалпына келтіріп жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы не залал басталған күнгі тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша;

      3) жылжымайтын мүлік үшін – ұсынылған ақаулық ведомосі, сметалық құжаттама, жобалау-сметалық құжаттама, жылжымайтын мүлікті бағалау не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша;

      4) бүлінген, сондай-ақ қалпына келтіруге жатпайтын автокөлік құралдары үшін – қалпына келтіріп жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы, залал басталған күнгі тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша айқындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мүлікті бағалауды және (немесе) ілеспе аудиторлық көрсетілетін қызметтерді, техникалық қарап-тексеруді, жобалау-сметалық құжаттаманы жүргізуге, сметалық құжаттама жасауға және бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығындарының калькуляциясына, сот сараптамасына/арнайы зерттеуге байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ адвокаттық қызметтерге ақы төлеу облыстың жергілікті атқарушы органына және (немесе) Қорға жүктеледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Облыстың жергілікті атқарушы органы және (немесе) Қор осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген қызметтерді көрсету үшін бағалау, аудиторлық компаниялар және адвокаттар тізбесін алдын ала айқындайды және оны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.

      Облыстың жергілікті атқарушы органы және (немесе) Қор қызметтерді көрсету фактісі бойынша осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген қызметтерге ақы төлейді.

      13. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін мүлік иесі Өңірлік комиссияға "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – электрондық платформа) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған, электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынды өтеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтемақы туралы өтініш) береді.

      Өтемақы туралы өтініш беру үшін мүлік иесі электрондық платформа арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы Өтемақы туралы өтінішті және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жібереді.

      Өтінішті электрондық платформа арқылы беру мүмкіндігі болмаған жағдайда Өңірлік комиссияға және (немесе) Қор комиссиясына Өтемақы туралы өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қағаз жеткізгіште беріледі.

      Мүлік иесінің жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда, Өтемақы туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар жүгіне алады.

      Мүлік иесі не оның өкілі Өтемақы туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің және қоса берілген барлық құжаттардың дұрыстығын растайды.

      Мүлік иесінен Өтемақы туралы өтініштерді қабылдауды Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы 2024 жылғы 10 желтоқсан қоса алынған мерзімде жүзеге асырады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 13.09.2024 № 73 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      14. Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы Өтемақы туралы өтінішті түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      15. Өтемақы туралы өтінішке мүлік иесі не оның өкілі өтемақы сомасын міндетті түрде көрсете отырып, Комиссия қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ мыналарды береді:

      1) дара кәсіпкерлер үшін – электрондық түрде elicense.kz порталында "Жеке кабинет" – "Өтініштер мен алынған қызметтер тарихы" – "Хабарламалар" – "МО-ға қабылдау" – "Талон" қосымша парағында дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны тіркеу туралы талон, заңды тұлғалар үшін – электрондық түрде egov.kz порталында "Көрсетілетін қызметтер" – "Бизнесті тіркеу және тарату" – "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама беру" қосымша парағында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама.

      Мұндай құжат су тасқыны салдарынан жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесі;

      2) мүлікке меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты растайтын құжаттар, жеке басын куәландыратын құжаттар (бар болса);

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті ерікті сақтандырудың жоқтығы туралы өтініш не сақтандыру шарты не сақтандыру шартының электрондық көшірмесі (бар болса).

      Егер сақтандыру шартының талаптарына сәйкес су тасқыны, төтенше жағдай барысында мүлікке келтірілген залал сақтандыру жағдайы болып табылмаса, Өңірлік комиссияның шешімі бойынша сақтандырылған мүлікті өтеу жүргізіледі;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлік иесіне не оның өкіліне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау, сараптама ұйымдарын, сондай-ақ адвокаттарды немесе өтемақының мөлшерін айқындау үшін тартылатын өзге де адамдарды олар ұсынатын құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;

      6) бағалау және өтемақы мөлшерін айқындау үшін тартылатын өзге де компаниялардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлеуге арналған шот-фактура не шот;

      7) залал сомасы 10 (он) миллион теңгеге дейінгі тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген мерзімдерге сәйкес, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға келісім, жеке кәсіпкердің не заңды тұлғаның бірінші басшысының қолы қойылған, жойылған және (немесе) бүлінген тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың бекітілген тізбесі;

      залал сомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы Қағидалардың 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – жойылған тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды бағалау туралы есеп не сот сараптамасы/арнайы зерттеу;

      8) бүлінген жабдық үшін – қалпына келтіріп жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы.

      Қалпына келтіруге жатпайтын сәйкестендірілетін жабдық үшін – мүлікті залал басталған күнгі тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп.

      Активтер, жұмыс немесе өндіріс үшін пайдаланылатын машиналардың, механизмдердің, аспаптардың, құрылғылардың жиынтығы, сондай-ақ олардың жинақтауыштары, кәсіпорынның немесе ұйымның қызметін ұйымдастыру-технологиялық қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын керек-жарақтар, мүкәммал, көлік құралдары, құралдар жабдық болып табылады;

      9) бүлінген автокөлік құралы үшін – қалпына келтіріп жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы.

      Қалпына келтіруге жатпайтын сәйкестендірілетін автокөлік құралы үшін – мүлікті залал басталған күнгі тозуын ескере отырып бағалау туралы есеп;

      10) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүліктің бүліну, жойылу фактілерін растайтын өзге де құжаттар, фото және бейнематериалдар (бар болса).

      Жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру бойынша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – аккредиттелген сараптамалық ұйым қол қойған және растаған техникалық қарап-тексеру қорытындысы.

      Техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – техникалық қарап-тексеру жөніндегі сарапшы қол қойған және растаған техникалық қарап-тексеру қорытындысы.

      Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу тәртібі "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      2) дара кәсіпкерлер үшін – электрондық түрде elicense.kz порталында "Жеке кабинет" – "Өтініштер мен алынған қызметтер тарихы" – "Хабарламалар" – "МО-ға қабылдау" – "Талон" қосымша парағында дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны тіркеу туралы талон, заңды тұлғалар үшін – электрондық түрде egov.kz порталында "Көрсетілетін қызметтер" – "Бизнесті тіркеу және тарату" – "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама беру" қосымша парағында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама.

      Мұндай құжат су тасқыны салдарынан жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесі;

      3) жылжымайтын мүлік объектісінің (тұрғын үйдің) техникалық паспорты.

      Мұндай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда осы құжаттың телнұсқалары не көшiрмесi берiледi;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы берген жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама;

      5) ағымдағы жөндеу бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жасалған ақаулық ведомосі және сметалық құжаттама;

      6) күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша – жобалардың кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған және сметалық есептері бар жобалау-сметалық құжаттама;

      7) қалпына келтіруге жатпайтын ғимараттарды демонтаждау бойынша – салдар туындаған кездегі тозуды ескере отырып, жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп.

      Қалпына келтіруге жатпайтын автокөлік құралдары бойынша:

      1) автокөлік құралының болуын растау және автокөлік құралын есепке алуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік орган берген құқық белгілейтін құжаттар;

      2) дара кәсіпкерлер үшін – электрондық түрде elicense.kz порталында "Жеке кабинет" – "Өтініштер мен алынған қызметтер тарихы" – "Хабарламалар" – "МО-ға қабылдау" – "Талон" қосымша парағында дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны тіркеу туралы талон, заңды тұлғалар үшін – электрондық түрде egov.kz порталында "Көрсетілетін қызметтер" – "Бизнесті тіркеу және тарату" – "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама беру" қосымша парағында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама.

      Мұндай құжат су тасқыны салдарынан жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесі;

      3) автокөлік құралының тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп;

      4) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың автокөлік құралын толық сақтандыру шартының (КАСКО) жоқтығы туралы өтініш.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде Өңірлік комиссияның жұмыс органы болып табылатын, кәсіпкерлікті дамытуға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты Өтемақы туралы өтінішті қайтару туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттарды қайтару туралы шешім өтініш берушіні Өтемақы туралы өтінішті қайта жіберу мүмкіндігінен айырмайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Жойылған тауарлық-материалдық құндылықтардың өтемақы сомасын есептеу осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мынадай формулалардың бірі бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде жүргізіледі:

      1) S = Х * N/M, мұндағы:

      Х – 1,2 тең коэффициент – сауда субъектілері және өзге санаттар үшін/0,5 тең коэффициент – қоғамдық тамақтану субъектілері үшін;

      S – өтемақы сомасы;

      N – салық есептілігі нысандарының және (немесе) электрондық шот-фактуралардың деректеріне сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің өткізу айналымы немесе кірісі.

      Бұл ретте айналым мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтерінен ең көп сома негізінде айқындалады:

      1) қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеушілер үшін – 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алғанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған 2023 жылғы қосымша нысандарды ескере отырып, қосылған құн салығы бойынша декларациялар бойынша өткізу айналымдары (300.00-нысан);

      2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алғанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған 2023 жылғы қосымша нысандарды ескере отырып, шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларациялар бойынша айналымдар сомасы (910.00-нысан);

      3) бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алғанға дейін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған 2023 жылғы бөлшек салықтың салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация бойынша айналымдар сомасы (913.00-нысан);

      4) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын және ҚҚС төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылған 2023 жылғы корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан) немесе жеке табыс салығы бойынша декларация (220.00-нысан) бойынша жиынтық жылдық кіріс сомасы, 2024 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей жазып берілген 2023 жылғы электрондық шоттардың деректері бойынша өткізу айналымы.

      Егер тұлға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде ҚҚС төлеуші болып табылса, кірісін айқындау үшін салықтық есептілік нысанының (100.00, 110.00, 150.00, 300.00, 910.00,911.00, 912.00, 913.00, 920.00, 220.00 нысандары) бір түрі бойынша ең көп сома қолданылады;

      М – зерттелетін кезеңдегі айлар саны.

      Ескертпе: әдетте, есептеу үшін 12 ай пайдаланылады. Егер кәсіпкерлік субъектісін тіркеу күні немесе ҚҚС бойынша есепке қою күні немесе салық режимі ауысқан күні зерттелетін салықтық кезеңге сәйкес келсе, айлар саны 12-ден аз болуы мүмкін.

      Мұндай жағдайда айлар саны ҚҚС бойынша тіркелген не есепке қойылған не салық режимі ауысқан айдан бастап есептеледі;

      2) S = Х * N/D*30, мұндағы:

      Х – сауда және өзге санаттағы субъектілер үшін 1,2, қоғамдық тамақтандыру субъектілері үшін 0,5;

      S – өтемақы сомасы;

      N – су тасқыны кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдері туралы тәуліктік мәліметтер негізінде, бірақ 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін есептелген айналым сомасы;

      D – 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда су тасқыны кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап күндер саны.

      Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген формулалар бойынша есептеу нәтижесінде алынған сомалардың ең көбі таңдап алынады.

      18. Егер зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 2024 жылғы 1 қаңтардан кеш тіркелген жағдайда, кірісті айқындау үшін 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алғанға дейін су тасқыны кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдері туралы тәуліктік мәліметтер негізінде айқындалған айналымның не 2024 жылғы 15 сәуірді қоса алғанда одан кешіктірмей жазып берілген 2024 жылғы 1-тоқсандағы электрондық шоттардың деректері бойынша айналымның ең көп сомасы мынадай формула бойынша қолданылады:

      S = Х * N/D*30, мұндағы:

      Х – сауда және өзге санаттағы субъектілер үшін 1,2, қоғамдық тамақтандыру субъектілері үшін 0,5;

      S – өтемақы сомасы;

      N – 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алғанға дейін су тасқыны кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының түсімдері туралы тәуліктік мәліметтер негізінде айқындалған айналымның не 2024 жылғы 15 сәуірді қоса алғанда одан кешіктірмей жазып берілген 2024 жылғы 1-тоқсандағы электрондық шоттардың деректері бойынша айналымның сомасы;

      D – 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алғанға дейін су тасқыны кезеңінде орналасқан жері (жалдау шартына немесе құқық белгілейтін құжатқа сәйкес айқындалған) бойынша кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы басталған күннен бастап күндер саны.

      19. Егер зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісінің қызметін жүзеге асыру орны бірнешеу болған жағдайда, су тасқыны салдарынан зардап шеккен қызмет жүзеге асырылатын орын (орындар) бойынша өтемақы сомасы ретінде:

      1) осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес есептелген, қызметті жүзеге асыру орындарының санына бөлінген және су тасқыны салдарынан зардап шеккен қызметті жүзеге асыру орындарының санына көбейтілген сома;

      2) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген 2-формула бойынша нақты зардап шеккен объектіде тіркелген деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасының (машиналарының) түсімдері туралы тәуліктік мәліметтер негізінде есептелген сома қабылданады.

      20. Осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жойылған тауарлық-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) өтеу сомасының жүргізілген есептеу қорытындылары бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде коэффициенттер бойынша мәлімделген және есептелген сомаларда алшақтық болған кезде өтемақы сомасы мынадай жағдайлардың бірінде:

      1) егер есептеу сомасы мәлімделген сомадан жоғары болса, мәлімделген сомаға дейін азайту жағына қарай;

      2) егер мәлімделген сома есептеу сомасынан жоғары болса, есептеу сомасына дейін азайту жағына қарай азаяды.

      21. Егер мүлік иесі осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарындағы есептеулерге сәйкес көзделген, жойылған тауарлық-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) өтеу сомасымен келіспеген және нақты келтірілген залал бойынша өтемақы алуға ниет білдірген жағдайда, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарға – өтемақы сомасын айқындау жөніндегі сот сараптамасы/арнайы зерттеу (сот-бухгалтерлік немесе сот-тауартану) қоса беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Өтемақы туралы өтініштің және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тиісті құжаттардың негізінде Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы 5 (бес) жұмыс күні ішінде республикалық және (немесе) облыстың және (немесе) Қордың бюджетінен мүліктік шығынды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін шешімнің жобасын әзірлейді.

      Өңірлік комиссияның және (немесе) Қор комиссиясының шешімі әрбір Өтемақы туралы өтініш бойынша, оның ішінде шығындардың түрін ескере отырып, қаржыландыру көзі туралы мәліметтерді қамтиды.

      Мүліктік шығындарды өтеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      23. Ақша қаражатын Өңірлік комиссияның тиісті шешімімен айқындалған бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тиісті шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жеткілікті қаржыландыру болған кезде мүлік иесінің Өтемақы туралы өтініште көрсетілген ағымдағы немесе жинақ шотына аударады.

      24. Облыстың жергiлiктi атқарушы органы 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде Өңiрлiк комиссия мен Қор комиссиясы қабылдаған, меншік иелеріне облыстың және (немесе) Қордың бюджетінен мүліктік шығынды өтеуге қаражат бөлудi көздейтiн шешiмдерінің негiзiнде мүлік иелерінің тізбесін, өтелуге жататын сомаларды, қаржыландыру көзін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің санатын көрсете отырып, су тасқыны салдарынан зардап шеккен субъектілердің өңірлік тізілімін (бұдан әрі – Өңірлік тізілім) қалыптастырады.

      25. Өңірлік тізілімді растайтын құжаттарды қоса бере отырып (Өңірлік комиссияның және Қор комиссиясының шешімдері, Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы өз шешімін 2024 жылғы су тасқыны салдарынан келтірілген өтемақы сомасын бағалау бойынша негіздеген бағалау актілері), облыстың жергілікті атқарушы органы ай сайын есепті кезеңнің 5-күнінен кешіктірмей қалыптастырады және 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен субъектілердің жалпы тізілімін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жібереді.

      26. 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғаларға келтірілген мүліктік шығынды, оның ішінде коммерциялық автокөлік құралдары болып табылмайтын автокөлік құралдарына қатысты өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 860 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайлардың салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға тұрғын үй-жайлар беру, материалдық залалды өтеу, қажетті көмек беру ережелерінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
1-қосымша

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді және 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) мәртебесіне және қызметіне байланысты мәселелерді реттейді.

      2. Өңірлік комиссия алқалы орган болып табылады және өз қызметін 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысы сомасын айқындау үшін қажетті кезеңде жүзеге асырады.

2-тарау. Өңірлік комиссияның құрамы

      3. Өңірлік комиссия облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады және бекітіледі.

      4. Өңірлік комиссияның құрамы жеті мүшеден кем болмауға тиіс.

      Өңірлік комиссияның құрамына жергілікті атқарушы және өкілді органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің, өңірлік кәсіпкерлер палаталары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді.

      5. Өңірлік комиссияға облыстың кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары жетекшілік етеді.

      6. Жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлікті дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшесі Өңірлік комиссияның құжаттарды жинауды және қалыптастыруды жүзеге асыратын жұмыс органы болып табылады.

      7. Өңірлік комиссияның қызметін бастау және тоқтату туралы шешімді облыстың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

3-тарау. Өңірлік комиссияның міндеттері

      8. Өңірлік комиссияның міндеттері:

      1) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысы сомасын айқындау;

      2) өтініш берушілер берген құжаттарды қарау;

      3) бүлінген ғимараттарға, құрылыстарға, жойылған мүлікке (қажет болған жағдайда) тексеру жүргізу;

      4) өтініш берушілер ұсынған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді ұйымдастыру.

      9. Жүктелген міндеттерді орындау үшін Өңірлік комиссия:

      1) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысы сомасын айқындау жөніндегі құжаттар топтамасын қарау кезінде Өңірлік комиссияның отырыстарына өтініш берушілерді және (немесе) лауазымды тұлғаларды, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шақырады (қажет болған жағдайда);

      2) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысы сомасын айқындау мақсатында өтініш беруші ұсынған мәліметтер мен құжаттарға тексеру жүргізеді (қажет болған жағдайда);

      3) мүлік иесінің мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан мәліметтерді сұратуға және алуға келісіміне сәйкес және заңнама талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік кіріс органдарынан шешім қабылдау үшін қажетті мәліметтерді талап етеді;

      4) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттарда шешімдер қабылдайды.

4-тарау. Өңірлік комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Төрағаның шешімі бойынша Өңірлік комиссияның отырыстары мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) Өңірлік комиссия мүшелерінің бірлесіп қатысуы (бетпе-бет нысан не онлайн форматтағы бетпе-бет нысан);

      2) өтініш берушінің не ол уәкілеттік берген адамның қатысуымен Өңірлік комиссияның көшпелі отырыстары.

      11. Өңірлік комиссияның отырысы қажеттігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі.

      12. Өңірлік комиссия бетпе-бет нысанда (онлайн форматтағы бетпе-бет нысан) өткізілетін отырыста оның мүшелерінің жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібін төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Өңірлік комиссияның мүшесі бекітеді.

      14. Өңірлік комиссияның отырысын төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Өңірлік комиссияның мүшесі шақырады.

      15. Өңірлік комиссияның отырыстарын шақыру Өңірлік комиссияның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын Өңірлік комиссияның мүшелеріне электрондық нысанда (ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық поштаны немесе байланыстың өзге де түрлерін қоса алғанда, электрондық байланыс арналарын, сондай-ақ хабарламаны алу фактісін анық айқындау мүмкіндігін пайдалана отырып немесе адресатқа тікелей қол қойғызу арқылы табыс етіледі) хабарламалар жіберу жолымен жүргізіледі.

      16. Хабарламада мыналар көрсетіледі:

      1) Өңірлік комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты, орны және форматы;

      2) Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібі.

      Хабарламаға қаралатын мәселелерге байланысты қажетті материалдар қоса беріледі.

      17. Өңірлік комиссияның отырыстарын шақыру туралы хабарлама қажет болған жағдайда Өңірлік комиссияның бетпе-бет отырысына қатысу үшін шақырылатын өзге адамдарға да жіберіледі.

      Шақырылатын адамдардың тізбесін төраға немесе бұйрықтың негізінде төрағаның міндетін атқарушы Өңірлік комиссияның мүшесі айқындайды.

      18. Өңірлік комиссияның отырысын өткізу нысанына қарамастан, мәселелерді шешу кезінде Өңірлік комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.

      19. Өңірлік комиссияның мүшелері Өңірлік комиссияның жұмысына жеке өзі қатысады. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.

      20. Өңірлік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер Өңірлік комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Өңірлік комиссияның мүшесі (Өңірлік комиссияның отырысын өткізу нысанына қарамастан) өзі қабылдаған шешімнің жазбаша дәлелді негіздемесін ұсынады. Осы құжатты Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркейді.

      22. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссия төрағасының шешімімен жергілікті атқарушы органның жұмыскерлері қатарынан тағайындалады. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.

      23. Өңірлік комиссияның хатшысы:

      1) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Өңірлік комиссияның қарауына шығарылатын мәселелер қатарынан Өңірлік комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады және оны Өңірлік комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;

      2) Өңірлік комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаларды дайындауды және таратуды, қажетті материалдарды жинауды және таратуды ұйымдастырады;

      3) отырысқа шақырылған адамдарды Өңірлік комиссия отырысының өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді, оларға отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жібереді;

      4) келіп түскен, оның ішінде Электрондық платформадағы Өтемақы туралы өтініштердің есебін жүргізеді;

      5) Өңірлік комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді және оларға қол қояды;

      6) Өңірлік комиссияның қарауына ұсынылатын материалдардың түпнұсқаларын есепке алуды және сақтауды жүргізеді;

      7) Өңірлік комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      8) Өңірлік комиссия отырысының хаттамаларынан үзінділерді олардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен таратуды жүзеге асырады;

      9) Өңірлік комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ Өңірлік комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмелерді (үзінді көшірмелердің көшірмелерін) куәландырады.

      24. Өңірлік комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Өңірлік комиссияның құрамында әрекет ете отырып, Өңірлік комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады;

      2) Өңірлік комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініштер жасай алады, ұсыныстар енгізе алады;

      3) Өңірлік комиссияның жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша жазбаша ұсыныстар енгізе алады;

      4) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Өңірлік комиссияның отырысын шақыруды талап ете алады;

      5) Өңірлік комиссия отырысының хаттамасына Өңірлік комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қабылданатын шешімдер бойынша ерекше пікірін енгізуді талап ете алады.

      25. Өңірлік комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) Өңірлік комиссияның мүддесі үшін адал, парасатты және әділ әрекет етеді;

      3) Өңірлік комиссияның отырысына өзі қатысады;

      4) Өңірлік комиссияның хатшысына Өңірлік комиссия отырысы басталғанға дейін кемінде бір күн бұрын өзінің болмау себептерін көрсете отырып, Өңірлік комиссияның отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлайды;

      5) мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда өзінің лауазымдық жағдайын (Өңірлік комиссияның мүшесі ретінде) пайдаланудан бас тартады.

      26. Өңірлік комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Өңірлік комиссияны хабардар етуді қамтамасыз етеді және тиісті шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруден (тиісті шешім қабылдаудан қалыс қалу) қалыс қалады.

5-тарау. Облыстың өңірлік комиссиясы отырысының хаттамасын ресімдеу

      27. Өңірлік комиссия отырысының нәтижелері бойынша Өңірлік комиссияның хатшысы ол өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде отырыстың хаттамасын жасайды.

      28. Өңірлік комиссия отырысының хаттамасында:

      1) өткізу орны, уақыты, форматы (бетпе-бет, онлайн форматтағы бетпе-бет, сырттай);

      2) отырысқа қатысып отырған адамдар;

      3) отырыстың күн тәртібі;

      4) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындылары;

      5) қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      29. Өңірлік комиссияның хатшысы Өңірлік комиссия отырысы хаттамасының дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді.

      30. Хаттамаға Өңірлік комиссияның төрағасы (отырыста төрағалық етуші), Өңірлік комиссияның мүшелері және Өңірлік комиссияның хатшысы қол қояды.

      31. Өңірлік комиссия отырысының хаттамасы 1 (бір) данада ресімделеді, оған бекітілген, қаралған құжаттардың мәтіндері, жазбаша пікірлер және хаттамаға қосымша болып табылатын өзге де материалдар қоса тіркеледі.

      32. Өңірлік комиссия хаттамасының сканерленген көшірмесі де Электрондық платформада электрондық түрде сақталады.

      33. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Өңірлік комиссияның хатшысы оған қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Өңірлік комиссияның мүшелеріне хаттаманы таратуды ұйымдастырады және Электрондық платформа және (немесе) электрондық пошта арқылы өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
1-1-қосымша

2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссия туралы үлгілік ереже

      Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді және 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) мәртебесі мен қызметіне байланысты мәселелерді реттейді.

      2. Комиссия алқалы орган болып табылады және өз қызметін 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен мүлік иесін айқындау үшін қажетті кезеңде жүзеге асырады.

2-тарау. Комиссияның құрамы

      3. Комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады және бекітіледі.

      4. Комиссияның құрамы бес мүшеден кем болмауға тиіс.

      Комиссияның құрамына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдарының және өңiрлiк кәсiпкерлер палаталары филиалдарының, өзге де мүдделi мемлекеттiк органдардың және жеке ұйымдардың өкiлдерi кіредi.

      5. Комиссияға кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары жетекшілік етеді.

      6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының кәсіпкерлікті дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшесі мүлік иелерінің 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен деп тану туралы өтініштерін қабылдауды жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      7. Комиссияның қызметін бастау және тоқтату туралы шешімді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

3-тарау. Комиссияның міндеттері

      8. Комиссияның міндеттері:

      1) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану;

      2) мүлік иелері ұсынған құжаттарды қарау;

      3) бүлінген ғимараттарға, құрылыстарға, жойылған мүлікке қарап-тексеру жүргізу (қажет болған жағдайда);

      4) мүлік иелері ұсынған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) болып табылады.

      9. Жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Комиссия:

      1) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану туралы мәселенi қарау кезiнде Комиссияның отырыстарына (қажет болған жағдайда) мүлiк иелерiн және (немесе) лауазымды адамдарды, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шақырады (қажет болған жағдайда);

      2) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан өзін зардап шеккен деп тану мақсатында мүлік иесі ұсынған мәліметтер мен құжаттарға тексеру жүргізеді (қажет болған жағдайда);

      3) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттармен шешімдер қабылдайды.

4-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Төрағаның шешімі бойынша Комиссияның отырыстары мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) Комиссия мүшелерінің бірлесіп қатысуы (бетпе-бет нысан не онлайн форматтағы бетпе-бет нысан);

      2) өтініш берушінің не ол уәкілеттік берген адамның қатысуымен Комиссияның көшпелі отырыстары.

      11. Комиссияның отырысы қажеттігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі.

      12. Комиссия бетпе-бет нысанда (онлайн форматтағы бетпе-бет нысан) өткізілетін отырыста оның мүшелерінің жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдайды.

      13. Комиссия отырысының күн тәртібін төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Комиссия мүшесі бекітеді.

      14. Комиссия отырысын төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Комиссия мүшесі шақырады.

      15. Комиссияның отырыстарын шақыру Комиссияның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Комиссияның мүшелеріне электрондық нысанда (ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық поштаны немесе байланыстың өзге де түрлерін қоса алғанда, электрондық байланыс арналарын, сондай-ақ хабарламаны алу фактісін анық айқындау мүмкіндігін пайдалана отырып немесе адресатқа тікелей қол қойғызу арқылы табыс етіледі) хабарламалар жіберу жолымен жүргізіледі.

      16. Хабарламада мыналар көрсетіледі:

      1) Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты, орны және форматы;

      2) Комиссия отырысының күн тәртібі.

      Хабарламаға қаралатын мәселелерге байланысты қажетті материалдар қоса беріледі.

      17. Комиссияның отырыстарын шақыру туралы хабарлама қажет болған жағдайда Комиссияның бетпе-бет отырысына қатысу үшін шақырылатын өзге адамдарға да жіберіледі.

      Шақырылатын адамдардың тiзбесiн төраға немесе бұйрықтың негiзiнде төрағаның мiндетiн атқарушы Комиссияның мүшесi айқындайды.

      18. Комиссия отырысын өткізу нысанына қарамастан, мәселелерді шешу кезінде Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.

      19. Комиссия мүшелері Комиссияның жұмысына жеке өздері қатысады. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.

      20. Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      21. Комиссия хатшысы:

      1) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Комиссияның қарауына шығарылатын мәселелер қатарынан Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады және оны Комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;

      2) Комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаларды дайындауды және таратуды, қажетті материалдарды жинауды және таратуды ұйымдастырады;

      3) отырысқа шақырылған адамдарды Комиссия отырысының өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді, оларға отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жібереді;

      4) келіп түскен меншік иелері туралы өтініштердің есебін жүргізеді;

      5) Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді және оларға қол қояды;

      6) Комиссияның қарауына ұсынылған материалдардың түпнұсқаларын есепке алуды және сақтауды жүргізеді;

      7) Комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      8) Комиссия отырысының хаттамаларынан үзінді көшірмелерді олардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен таратуды жүзеге асырады;

      9) Комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмелерді (үзінді көшірмелердің көшірмелерін) куәландырады.

      22. Комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Комиссияның құрамында әрекет ете отырып, Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады;

      2) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініштер жасай алады, ұсыныстар енгізе алады;

      3) Комиссияның жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша жазбаша ұсыныстар енгізе алады;

      4) осы Ережеде көзделген тәртіппен Комиссия отырысын шақыруды талап ете алады;

      5) Комиссия отырысының хаттамасына Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қабылданған шешімдер бойынша ерекше пікірін енгізуді талап ете алады.

      23. Комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) Комиссияның мүддесі үшін адал, парасатты және әділ әрекет етеді;

      3) Комиссия отырысына өзі қатысады;

      4) Комиссия хатшысына Комиссия отырысы басталғанға дейін кемінде бір күн бұрын өзінің болмау себептерін көрсете отырып, Комиссияның отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлайды;

      5) мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда өзінің қызметтік жағдайын (Комиссия мүшесі ретінде) пайдаланудан бас тартады.

      24. Комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Комиссияны хабардар етеді және тиісті шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруден (тиісті шешім қабылдаудан қалыс қалу) қалыс қалады.

5-тарау. Комиссияның қорытындысын тіркеу

      25. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша Комиссия хатшысы ол өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан мүлік иесін зардап
шеккен деп тану жөніндегі
аудандық (облыстық
маңызы бар қала) комиссия
туралы үлгілік ережеге
қосымша

      Нысан

2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі комиссияның ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      _ аудан/қала_____ 2024 жылғы "__" ______

      ________ облысы __________ ауданының/облыстық маңызы бар қаласының

      2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі комиссиясы:

      АНЫҚТАДЫ:

      2024 жылғы "_" _______ бастап "_" _______ дейінгі кезеңде ________облысының _____, ______ ауданы/облыстық

      маңызы бар қаласы, _________ ауылының/кентінің ______көшесі мекенжайы бойынша _________ЖК/ЖШС тиесілі

      аумақта/ғимаратта су басу орын алды.

      Су басу нәтижесінде мынадай мүлікке залал келтірілді: ___________

      ____________________________________________________________________.

      Келтірілген залалдың алдын ала сомасы __________ теңгені құрайды.

      Комиссия төрағасы _________

      Комиссия хатшысы _________

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынның
өтемақысын айқындау жөніндегі
өңірлік комиссия
_________________________
  (облыстың)

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 18.06.2024 № 34 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке индикациялық нөмір/Бизнес индикациялық нөмір: _____________

      2. Дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы: __________________________

      3. Байланысатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ___________

      4. Байланыс деректері: ___________________________________________

      5. Электрондық пошта мекенжайы: _________________________________

      6. Жеке/ заңды тұлғаның заңды мекенжайы: _________________________

      ________________________________________________________________

      7. Банктің банктік сәйкестендіру коды: _____________________________

      8. Есеп айырысу/карточкалық шот нөмірі: ___________________________

      9. Қайтару түрі __________________________________________________

      (1. сот сараптамасын/арнайы зерттеуді жүргізбей

      2. сот сараптамасы/арнайы зерттеу негізінде өтеу)

      10. Мүлікті ерікті сақтандыру шартының болуы: _____________________

      11. Объект түрі: _________________________________________________

      ерікті түрде (сауда, тамақтану, қонақ үй, жол бойындағы сервис)

      12. Өтемақының жалпы сомасы: ____________________________________

      13. Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі: _______________________

      _______________________________________________________________

      дара кәсіпкердің/заңды тұлға өкілінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса),

      күні, қолы, мөрі (бар болса)

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынның
өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

Мүлікті ерікті сақтандырудың жоқтығы туралы өтініш

_______________________________________________________________

дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы

      осы өтінішпен 2024 жылғы су тасқыны салдарынан материалдық залал келтірілген мүлік Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандырылмағанын растаймын.

__________________________________________________ дара кәсіпкердің/заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы, мөрі (бар болса)

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынның
өтемақысын айқындау жөніндегі
өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

Мүлік иесіне не оның өкіліне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы хабарлама

      Мен, _________________________________________________________,

      дара кәсіпкердің/заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2024 жылы су тасқыны салдарынан келтірілген мүліктік шығынның өтемақысы мөлшерін айқындау үшін құжаттар ұсындым.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес маған көрінеу жалған құжаттарды және (немесе) осындай құжаттарда көрсетілген анық емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      _____________________________________________________________

      дара кәсіпкердің/заңды тұлға өкілінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса),

      күні, қолы, мөрі (бар болса)

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын
және орта кәсіпкерлік
субъектілеріне келтірілген
мүліктік шығынға өтемақы
төлеу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынның
өтемақысын айқындау жөніндегі
өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

Бағалау, сараптама ұйымдарын, сондай-ақ адвокаттарды немесе өтемақының мөлшерін айқындау үшін тартылатын өзге де адамдарды олар ұсынатын құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы хабарлама

      Мен, _________________________________________________________,

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2024 жылғы су тасқыны салдарынан келтірілген залалдың мөлшерін айқындау бойынша сараптама/бағалау жүргіздім. ____________________________

      дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне сәйкес маған көрінеу жалған қорытынды/бағалау немесе қорытындыда/бағалауда көрсетілген анық емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

__________________________________________________ дара кәсіпкердің/заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы, мөрі (бар болса)

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынның
өтемақысын айқындау жөніндегі
өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

Мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан мәліметтерді сұратуға және алуға келісім

      _______________________________________________________________

      2024 жылғы су тасқыны салдарынан материалдық залал келтірілген

      дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы

      осымен 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларында белгіленген коэффициенттерді ескере отырып, өткен жылдағы орташа айлық айналымдар негізінде өтеу сомасын одан әрі есептеу үшін мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан өткен жылдағы айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға өз келісімімді білдіремін.

__________________________________________________ дара кәсіпкердің/заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы, мөрі (бар болса)

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынның
өтемақысын айқындау
жөніндегі өңірлік комиссия
_________________________
(облыстың)

Автомобиль көлік құралын толық сақтандыру шартының жоқтығы туралы өтініш _______________________________________________________________, дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы

      осы өтінішпен автомобиль көлік құралы, атап айтқанда:

      2024 жылғы су тасқыны салдарынан материалдық залал келтірілген

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес сақтандырылмағанын растаймын.

__________________________________________________ дара кәсіпкердің/заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), күні, қолы, мөрі (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады