"2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 34 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 18 маусымда № 34514 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34285 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 10 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Өңірлік комиссия) немесе бюджеттен тыс қорлардың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарауы жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Қор комиссиясы) шешімі жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін негіз болып табылады.

      Өңірлік комиссия өз қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Үлгілік ереже негізінде жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану және мүліктік шығындарды алдын ала бағалау үшін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

      Комиссия өз қызметін осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес Үлгілік ереже негізінде жүзеге асырады.";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу мөлшері:

      1) залал сомасы 10 (он) миллион теңгеге дейінгі тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарына сәйкес жойылған тауар-материалдық құндылықтарды өтеу сомасына жүргізілген есептеудің қорытындылары бойынша;

      залал сомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – жойылған тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды бағалау жөніндегі есеп не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша;

      2) жабдық үшін – қалпына келтіріп жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы не залал басталған күнгі тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша;

      3) жылжымайтын мүлік үшін – ұсынылған ақаулық ведомосі, сметалық құжаттама, жобалау-сметалық құжаттама, жылжымайтын мүлікті бағалау не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша;

      4) бүлінген, сондай-ақ қалпына келтіруге жатпайтын автокөлік құралдары үшін – қалпына келтіріп жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы, залал басталған күнгі тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша айқындалады.

      11. Мүлікті бағалауды және (немесе) ілеспе аудиторлық көрсетілетін қызметтерді, техникалық қарап-тексеруді, жобалау-сметалық құжаттаманы жүргізуге, сметалық құжаттама жасауға және бүлінген мүлікті қалпына келтіру (жөндеу) шығындарының калькуляциясына, сот сараптамасына/арнайы зерттеуге байланысты көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ адвокаттық қызметтерге ақы төлеу облыстың жергілікті атқарушы органына және (немесе) Қорға жүктеледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген жойылған мүліктің құнын немесе бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін мүлік иесі Өңірлік комиссияға "Электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – электрондық платформа) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған, электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылған 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынды өтеу туралы өтініш (бұдан әрі – Өтемақы туралы өтініш) береді.

      Өтемақы туралы өтініш беру үшін мүлік иесі электрондық платформа арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы Өтемақы туралы өтінішті және осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жібереді.

      Өтінішті электрондық платформа арқылы беру мүмкіндігі болмаған жағдайда Өңірлік комиссияға және (немесе) Қор комиссиясына Өтемақы туралы өтініш осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған қағаз жеткізгіште беріледі.

      Мүлік иесінің жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда, Өтемақы туралы өтінішпен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сенімхат негізінде әрекет ететін адамдар жүгіне алады.

      Мүлік иесі не оның өкілі Өтемақы туралы өтініште көрсетілген мәліметтердің және қоса берілген барлық құжаттардың дұрыстығын растайды.

      Мүлік иесінен Өтемақы туралы өтініштерді қабылдауды Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы 2024 жылғы 30 қарашаны қоса алғанға дейінгі мерзімде қабылдайды.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Өтемақы туралы өтінішке мүлік иесі не оның өкілі өтемақы сомасын міндетті түрде көрсете отырып, Комиссия қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ мыналарды береді:

      1) дара кәсіпкерлер үшін – электрондық түрде elicense.kz порталында "Жеке кабинет" – "Өтініштер мен алынған қызметтер тарихы" – "Хабарламалар" – "МО-ға қабылдау" – "Талон" қосымша парағында дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны тіркеу туралы талон, заңды тұлғалар үшін – электрондық түрде egov.kz порталында "Көрсетілетін қызметтер" – "Бизнесті тіркеу және тарату" – "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама беру" қосымша парағында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама.

      Мұндай құжат су тасқыны салдарынан жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесі;

      2) мүлікке меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықты растайтын құжаттар, жеке басын куәландыратын құжаттар (бар болса);

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті ерікті сақтандырудың жоқтығы туралы өтініш не сақтандыру шарты не сақтандыру шартының электрондық көшірмесі (бар болса).

      Егер сақтандыру шартының талаптарына сәйкес су тасқыны, төтенше жағдай барысында мүлікке келтірілген залал сақтандыру жағдайы болып табылмаса, Өңірлік комиссияның шешімі бойынша сақтандырылған мүлікті өтеу жүргізіледі;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлік иесіне не оның өкіліне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау, сараптама ұйымдарын, сондай-ақ адвокаттарды немесе өтемақының мөлшерін айқындау үшін тартылатын өзге де адамдарды олар ұсынатын құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;

      6) бағалау және өтемақы мөлшерін айқындау үшін тартылатын өзге де компаниялардың көрсеткен қызметтеріне ақы төлеуге арналған шот-фактура не шот;

      7) залал сомасы 10 (он) миллион теңгеге дейінгі тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы Қағидалардың 10-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарында көзделген мерзімдерге сәйкес, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарынан, фискалдық деректер операторларынан айналым сомалары туралы мәліметтерді сұратуға және алуға келісім, жеке кәсіпкердің не заңды тұлғаның бірінші басшысының қолы қойылған, жойылған және (немесе) бүлінген тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың бекітілген тізбесі;

      залал сомасы 10 (он) миллион теңгеден асатын тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдар үшін (осы Қағидалардың 2), 3) және 4) тармақшаларында санамаланған мүлікті қоспағанда) – жойылған тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдарды бағалау туралы есеп не сот сараптамасы/арнайы зерттеу;

      8) бүлінген жабдық үшін – қалпына келтіріп жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы.

      Қалпына келтіруге жатпайтын сәйкестендірілетін жабдық үшін – мүлікті залал басталған күнгі тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп.

      Активтер, жұмыс немесе өндіріс үшін пайдаланылатын машиналардың, механизмдердің, аспаптардың, құрылғылардың жиынтығы, сондай-ақ олардың жинақтауыштары, кәсіпорынның немесе ұйымның қызметін ұйымдастыру-технологиялық қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылатын керек-жарақтар, мүкәммал, көлік құралдары, құралдар жабдық болып табылады;

      9) бүлінген автокөлік құралы үшін – қалпына келтіріп жөндеу сметасы, шығындар калькуляциясы.

      Қалпына келтіруге жатпайтын сәйкестендірілетін автокөлік құралы үшін – мүлікті залал басталған күнгі тозуын ескере отырып бағалау туралы есеп;

      10) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүліктің бүліну, жойылу фактілерін растайтын өзге де құжаттар, фото және бейнематериалдар (бар болса).

      Жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру бойынша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – аккредиттелген сараптамалық ұйым қол қойған және растаған техникалық қарап-тексеру қорытындысы.

      Техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – техникалық қарап-тексеру жөніндегі сарапшы қол қойған және растаған техникалық қарап-тексеру қорытындысы.

      Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызу тәртібі "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.

      2) дара кәсіпкерлер үшін – электрондық түрде elicense.kz порталында "Жеке кабинет" – "Өтініштер мен алынған қызметтер тарихы" – "Хабарламалар" – "МО-ға қабылдау" – "Талон" қосымша парағында дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны тіркеу туралы талон, заңды тұлғалар үшін – электрондық түрде egov.kz порталында "Көрсетілетін қызметтер" – "Бизнесті тіркеу және тарату" – "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама беру" қосымша парағында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама.

      Мұндай құжат су тасқыны салдарынан жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесі;

      3) жылжымайтын мүлік объектісінің (тұрғын үйдің) техникалық паспорты.

      Мұндай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда осы құжаттың телнұсқалары не көшiрмесi берiледi;

      4) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы берген жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама;

      5) ағымдағы жөндеу бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жасалған ақаулық ведомосі және сметалық құжаттама;

      6) күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша – жобалардың кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған және сметалық есептері бар жобалау-сметалық құжаттама;

      7) қалпына келтіруге жатпайтын ғимараттарды демонтаждау бойынша – салдар туындаған кездегі тозуды ескере отырып, жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп.

      Қалпына келтіруге жатпайтын автокөлік құралдары бойынша:

      1) автокөлік құралының болуын растау және автокөлік құралын есепке алуды тіркеу жөніндегі мемлекеттік орган берген құқық белгілейтін құжаттар;

      2) дара кәсіпкерлер үшін – электрондық түрде elicense.kz порталында "Жеке кабинет" – "Өтініштер мен алынған қызметтер тарихы" – "Хабарламалар" – "МО-ға қабылдау" – "Талон" қосымша парағында дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны тіркеу туралы талон, заңды тұлғалар үшін – электрондық түрде egov.kz порталында "Көрсетілетін қызметтер" – "Бизнесті тіркеу және тарату" – "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама беру" қосымша парағында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама.

      Мұндай құжат су тасқыны салдарынан жоғалған немесе жойылған жағдайда – ішкі істер органдары берген уақытша жеке куәліктің көшірмесі;

      3) автокөлік құралының тозуын ескере отырып, бағалау туралы есеп;

      4) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың автокөлік құралын толық сақтандыру шартының (КАСКО) жоқтығы туралы өтініш.

      16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған кезде Өңірлік комиссияның жұмыс органы болып табылатын, кәсіпкерлікті дамытуға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі ұсынылған құжаттардың толық болмауына байланысты Өтемақы туралы өтінішті қайтару туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттарды қайтару туралы шешім өтініш берушіні Өтемақы туралы өтінішті қайта жіберу мүмкіндігінен айырмайды.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Егер мүлік иесі осы Қағидалардың 17, 18 және 19-тармақтарындағы есептеулерге сәйкес көзделген, жойылған тауарлық-материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды (жылжымайтын мүлікті қоспағанда) өтеу сомасымен келіспеген және нақты келтірілген залал бойынша өтемақы алуға ниет білдірген жағдайда, осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттарға – өтемақы сомасын айқындау жөніндегі сот сараптамасы/арнайы зерттеу (сот-бухгалтерлік немесе сот-тауартану) қоса беріледі.";

      2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссия туралы үлгілік ережеде:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Өңірлік комиссия бетпе-бет нысанда (онлайн форматтағы бетпе-бет нысан) өткізілетін отырыста оның мүшелерінің жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Өңірлік комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер Өңірлік комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1) қосымшамен толықтырылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 18 маусымдағы
№ 34 бұйрығына
1-қосымша
  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
1-1-қосымша

2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссия туралы үлгілік ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленді және 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі аудандық (облыстық маңызы бар қала) комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) мәртебесі мен қызметіне байланысты мәселелерді реттейді.

      2. Комиссия алқалы орган болып табылады және өз қызметін 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен мүлік иесін айқындау үшін қажетті кезеңде жүзеге асырады.

2-тарау. Комиссияның құрамы

      3. Комиссия ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылады және бекітіледі.

      4. Комиссияның құрамы бес мүшеден кем болмауға тиіс.

      Комиссияның құрамына ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдарының және өңiрлiк кәсiпкерлер палаталары филиалдарының, өзге де мүдделi мемлекеттiк органдардың және жеке ұйымдардың өкiлдерi кіредi.

      5. Комиссияға кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары жетекшілік етеді.

      6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының кәсіпкерлікті дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшесі мүлік иелерінің 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен деп тану туралы өтініштерін қабылдауды жүзеге асыратын Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      7. Комиссияның қызметін бастау және тоқтату туралы шешімді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

3-тарау. Комиссияның міндеттері

      8. Комиссияның міндеттері:

      1) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану;

      2) мүлік иелері ұсынған құжаттарды қарау;

      3) бүлінген ғимараттарға, құрылыстарға, жойылған мүлікке қарап-тексеру жүргізу (қажет болған жағдайда);

      4) мүлік иелері ұсынған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді ұйымдастыру (қажет болған жағдайда) болып табылады.

      9. Жүктелген мiндеттердi орындау үшiн Комиссия:

      1) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану туралы мәселенi қарау кезiнде Комиссияның отырыстарына (қажет болған жағдайда) мүлiк иелерiн және (немесе) лауазымды адамдарды, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шақырады (қажет болған жағдайда);

      2) 2024 жылғы су тасқыны салдарынан өзін зардап шеккен деп тану мақсатында мүлік иесі ұсынған мәліметтер мен құжаттарға тексеру жүргізеді (қажет болған жағдайда);

      3) өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен және шарттармен шешімдер қабылдайды.

4-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      10. Төрағаның шешімі бойынша Комиссияның отырыстары мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) Комиссия мүшелерінің бірлесіп қатысуы (бетпе-бет нысан не онлайн форматтағы бетпе-бет нысан);

      2) өтініш берушінің не ол уәкілеттік берген адамның қатысуымен Комиссияның көшпелі отырыстары.

      11. Комиссияның отырысы қажеттігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі.

      12. Комиссия бетпе-бет нысанда (онлайн форматтағы бетпе-бет нысан) өткізілетін отырыста оның мүшелерінің жартысынан астамы болған кезде шешім қабылдайды.

      13. Комиссия отырысының күн тәртібін төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Комиссия мүшесі бекітеді.

      14. Комиссия отырысын төраға, ал ол болмаған кезде – тиісті шешімнің негізінде төрағаның міндетін атқарушы Комиссия мүшесі шақырады.

      15. Комиссияның отырыстарын шақыру Комиссияның отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Комиссияның мүшелеріне электрондық нысанда (ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық поштаны немесе байланыстың өзге де түрлерін қоса алғанда, электрондық байланыс арналарын, сондай-ақ хабарламаны алу фактісін анық айқындау мүмкіндігін пайдалана отырып немесе адресатқа тікелей қол қойғызу арқылы табыс етіледі) хабарламалар жіберу жолымен жүргізіледі.

      16. Хабарламада мыналар көрсетіледі:

      1) Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты, орны және форматы;

      2) Комиссия отырысының күн тәртібі.

      Хабарламаға қаралатын мәселелерге байланысты қажетті материалдар қоса беріледі.

      17. Комиссияның отырыстарын шақыру туралы хабарлама қажет болған жағдайда Комиссияның бетпе-бет отырысына қатысу үшін шақырылатын өзге адамдарға да жіберіледі.

      Шақырылатын адамдардың тiзбесiн төраға немесе бұйрықтың негiзiнде төрағаның мiндетiн атқарушы Комиссияның мүшесi айқындайды.

      18. Комиссия отырысын өткізу нысанына қарамастан, мәселелерді шешу кезінде Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.

      19. Комиссия мүшелері Комиссияның жұмысына жеке өздері қатысады. Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ басқа адамдар үшін дауыс беруге жол берілмейді.

      20. Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.

      21. Комиссия хатшысы:

      1) Осы Ережеде көзделген тәртіппен Комиссияның қарауына шығарылатын мәселелер қатарынан Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібін қалыптастырады және оны Комиссияның төрағасына бекітуге ұсынады;

      2) Комиссияның отырысын шақыру туралы хабарламаларды дайындауды және таратуды, қажетті материалдарды жинауды және таратуды ұйымдастырады;

      3) отырысқа шақырылған адамдарды Комиссия отырысының өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді, оларға отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар жібереді;

      4) келіп түскен меншік иелері туралы өтініштердің есебін жүргізеді;

      5) Комиссия отырыстарының хаттамаларын жүргізеді және оларға қол қояды;

      6) Комиссияның қарауына ұсынылған материалдардың түпнұсқаларын есепке алуды және сақтауды жүргізеді;

      7) Комиссияның қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      8) Комиссия отырысының хаттамаларынан үзінді көшірмелерді олардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен таратуды жүзеге асырады;

      9) Комиссия отырысы хаттамаларының көшірмелерін, сондай-ақ Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмелерді (үзінді көшірмелердің көшірмелерін) куәландырады.

      22. Комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Комиссияның құрамында әрекет ете отырып, Комиссияның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыса алады;

      2) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініштер жасай алады, ұсыныстар енгізе алады;

      3) Комиссияның жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша жазбаша ұсыныстар енгізе алады;

      4) осы Ережеде көзделген тәртіппен Комиссия отырысын шақыруды талап ете алады;

      5) Комиссия отырысының хаттамасына Комиссия отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қабылданған шешімдер бойынша ерекше пікірін енгізуді талап ете алады.

      23. Комиссия мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді;

      2) Комиссияның мүддесі үшін адал, парасатты және әділ әрекет етеді;

      3) Комиссия отырысына өзі қатысады;

      4) Комиссия хатшысына Комиссия отырысы басталғанға дейін кемінде бір күн бұрын өзінің болмау себептерін көрсете отырып, Комиссияның отырысына қатысу мүмкіндігі жоқ екені туралы хабарлайды;

      5) мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда өзінің қызметтік жағдайын (Комиссия мүшесі ретінде) пайдаланудан бас тартады.

      24. Комиссияның мүшелері мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда Комиссияны хабардар етеді және тиісті шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруден (тиісті шешім қабылдаудан қалыс қалу) қалыс қалады.

5-тарау. Комиссияның қорытындысын тіркеу

      25. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша Комиссия хатшысы ол өткізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Үлгілік ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды дайындайды, оған Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қояды.

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан мүлік иесін зардап
шеккен деп тану жөніндегі
аудандық (облыстық
маңызы бар қала) комиссия
туралы үлгілік ережеге
қосымша

      Нысан

2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі комиссияның ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      _ аудан/қала_____ 2024 жылғы "__" ______

      ________ облысы __________ ауданының/облыстық маңызы бар қаласының

      2024 жылғы су тасқыны салдарынан мүлік иесін зардап шеккен деп тану жөніндегі комиссиясы:

      АНЫҚТАДЫ:

      2024 жылғы "_" _______ бастап "_" _______ дейінгі кезеңде ________облысының _____, ______ ауданы/облыстық

      маңызы бар қаласы, _________ ауылының/кентінің ______көшесі мекенжайы бойынша _________ЖК/ЖШС тиесілі

      аумақта/ғимаратта су басу орын алды.

      Су басу нәтижесінде мынадай мүлікке залал келтірілді: ___________

      ____________________________________________________________________.

      Келтірілген залалдың алдын ала сомасы __________ теңгені құрайды.

      Комиссия төрағасы _________

      Комиссия хатшысы _________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 18 маусымдағы
№ 34 бұйрығына
2-қосымша
  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынға
өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  2024 жылғы су тасқыны
салдарынан шағын және орта
кәсіпкерлік субъектілеріне
келтірілген мүліктік шығынның
өтемақысын айқындау жөніндегі
өңірлік комиссия
_________________________
  (облыстың)

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу туралы өтініш

      1. Жеке индикациялық нөмір/Бизнес индикациялық нөмір: _____________

      2. Дара кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы: __________________________

      3. Байланысатын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ___________

      4. Байланыс деректері: ___________________________________________

      5. Электрондық пошта мекенжайы: _________________________________

      6. Жеке/ заңды тұлғаның заңды мекенжайы: _________________________

      ________________________________________________________________

      7. Банктің банктік сәйкестендіру коды: _____________________________

      8. Есеп айырысу/карточкалық шот нөмірі: ___________________________

      9. Қайтару түрі __________________________________________________

      (1. сот сараптамасын/арнайы зерттеуді жүргізбей

      2. сот сараптамасы/арнайы зерттеу негізінде өтеу)

      10. Мүлікті ерікті сақтандыру шартының болуы: _____________________

      11. Объект түрі: _________________________________________________

      ерікті түрде (сауда, тамақтану, қонақ үй, жол бойындағы сервис)

      12. Өтемақының жалпы сомасы: ____________________________________

      13. Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі: _______________________

      _______________________________________________________________

      дара кәсіпкердің/заңды тұлға өкілінің тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса),

      күні, қолы, мөрі (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады