"2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 13 қыркүйектегі № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 қыркүйекте № 35062 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34285 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2024 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанда қолданылады.";

      аталған бұйрықпен бекітілген 2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалардың күші 2024 жылғы су тасқыны салдарынан жылжымайтын мүлік шығынын қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеуге қолданылмайды.";

      13-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүлік иесінен Өтемақы туралы өтініштерді қабылдауды Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы 2024 жылғы 10 желтоқсан қоса алынған мерзімде жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады