"Діни қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 38 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 165-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 сәуірде № 34304 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Діни қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13449 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы мәліметтер;";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тиісті іс-шаралармен адамдарды қамту жөніндегі мәліметтер.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және
ақпарат министрі
2024 жылғы 25 сәуірдегі
№ 165-НҚ Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2016 жылғы 9 ақпандағы
№ 38 бұйрығына
8-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

"20__" жылғы __ тоқсандағы есепті кезеңге __________________ бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тиісті іс-шаралармен адамдарды қамту жөніндегі мәліметтер

      Ұсынылады: Діни қызмет саласындағы уәкілетті орган

      Нысан, интернет-ресурсына орналастырылған: www.gov.kz

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: "20__" жылғы __ тоқсандағы есепті кезеңге ________________________ бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тиісті іс-шаралармен адамдарды қамту жөніндегі мәліметтер".

      Нысанның индексі: 8-АҚМ

      Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес

      Есепті кезең: 20___ жылғы ___ тоқсан.

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: Діни қызмет саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.

      Ұсынылу мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-не

      кесте

"20__" жылғы __ тоқсандағы есепті кезеңге ________________________ бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тиісті іс-шаралармен адамдарды қамту жөніндегі мәліметтер

Р/с №

Іс-шаралардың атауы

Қамтылатын адамдар саны, адам

Іс-шаралар саны

1

2

3

4

1.

Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету дәрежесі



1.1

Теологиялық-психологиялық оңалту іс-шараларымен қамту жөніндегі мәліметтер



1.2

Нысаналы топтарды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен қамту жөніндегі мәліметтер



1.3

Қазақстандық медиа - кеңістікте алдын алу және қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізу кезінде нысаналы аудиторияны қамту жөніндегі мәліметтер



1.4

Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерін интернет-кеңістікте діни экстремизмнің алдын алу және оған қарсы насихаттау жұмысына оқытуды ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер



2.

Діни қызметшілердің ағарту жұмыстарын жүргізуі жөніндегі мәліметтер



3.

Экстремистік көзқарастардан бас тартқандар туралы мәліметтер



4.

Діни бағыттағы білім алушылардың жалпы санынан "Теология" мамандығы бойынша жоғары білім алатын студенттер туралы мәліметтер



      Телефондар

      __________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы

      __________________________________________________________________

      Орындаушы ________________________________________ қолы __________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________________________________________ қолы __________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны

      (жеке кәсіпкерлер cубектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

  "20__" жылғы __ тоқсандағы
есепті кезеңге
________________________
бойынша "Жергілікті атқарушы
органдар жүзеге асыратын тиісті
іс-шаралармен адамдарды қамту
жөніндегі мәліметтер"
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша

________________________ есепті кезең 20__ жылғы ___ тоқсан жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тиісті іс-шаралармен адамдарды қамту жөніндегі мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (Индекс: 8-АҚМ Кезеңділік: тоқсан сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес)

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (бұдан әрі – түсіндірме) "Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын тиісті іс-шаралармен адамдарды қамту жөніндегі мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан діни қызмет саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерімен толтырылады және діни қызмет саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

      3. Нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не ұсынылады.

      4. Нысанға жауапты адам және басқарманың басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам өзінің тегін және аты-жөнін, сондай-ақ толтыру күнін көрсете отырып қол қояды.

      5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1) 1-бағанда нөмір "№ " ретімен толтырылады;

      2) 2-бағанда іс-шаралардың атауы көрсетіледі;

      3) 3-бағанда қамтылатын адамдардың саны, өлшем бірлігі көрсетіледі;

      4) 4-бағанда іс-шаралардың саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады