Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 2 мамырдағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 мамырда № 34323 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Бұйрықпен
бекітілген

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10685 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;

      2) қызметтің түйінді көрсеткіші – даму жоспарының мақсатына қол жеткізу деңгейін айқындауға мүмкіндік беретін сандық тұрғыдан өлшенетін көрсеткіш;

      3) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) – Заңның 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      4) электрондық есеп – Тізілімнің веб-порталында дайындалған және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және бекіту жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.

      Компанияның директорлар кеңесі он бес жұмыс күні ішінде Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын қарайды және оны бекіту туралы не пысықтау үшін атқарушы органға қайтару туралы шешім қабылдайды.

      Ескертулер болса, атқарушы орган Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта ұсынады;

      2) Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасы компанияның директорлар кеңесінің отырысында бекітіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың отызыншы күніне дейін бекітілген жылдық аудиттелген қаржылық есептілік болмаған жағдайда атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) әзірлеуді жүзеге асырады және электрондық есепті (жедел деректер бойынша) Бірыңғай операторға есепті кезеңнен кейінгі алтыншы айдың бірінші күнінен кешіктірмей Тізілімге енгізу үшін жібереді.

      Электрондық есеп (жедел деректер бойынша) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес Тізілімге енгізу үшін ұсынылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;

      2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) – Заңның 1-бабының 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласындағы бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару және пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;

      3) электрондық есеп – Тізілімнің веб-порталында дайындалған және ұлттық куәландырушы орталық берген компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есеп.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеу және бекіту жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) жылдық аудиттелген қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына енгізеді.

      Компанияның директорлар кеңесі он бес жұмыс күні ішінде Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын қарайды және бекіту туралы не пысықтау үшін атқарушы органға қайтару туралы шешім қабылдайды.

      Ескертулер болса, атқарушы орган Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын компанияның директорлар кеңесі айқындаған, бірақ ескертулерді алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде пысықтайды және оны компанияның директорлар кеңесінің қарауына қайта ұсынады;

      2) Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасы компанияның директорлар кеңесінің отырысында бекітіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Есепті кезеңнен кейінгі үшінші айдың отызыншы күніне дейін бекітілген жылдық аудиттелген қаржылық есептілік болмаған жағдайда атқарушы орган Бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) әзірлеуді жүзеге асырады және электрондық есепті (жедел деректер бойынша) Бірыңғай операторға есепті кезеңнен кейінгі бесінші айдың бірінші күнінен кешіктірмей Тізілімге енгізу үшін жібереді.

      Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті (жедел деректер бойынша) әзірлеу және бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті әзірлеуге жауапты компанияның құрылымдық бөлімшесі есепті кезеңнен кейінгі төртінші айдың оныншы күнінен кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) әзірлеуді жүзеге асырады және оны компанияның атқарушы органының қарауына енгізеді.

      Компанияның атқарушы органы күнтізбелік жеті күн ішінде Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) қарайды және бекіту туралы не оны пысықтау үшін қайтару туралы шешім қабылдайды.

      Ескертулер болса, компанияның жауапты құрылымдық бөлімшесі Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) компанияның атқарушы органы айқындаған, бірақ ескертулерді алған кезден бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде пысықтайды және оны компанияның атқарушы органының қарауына қайта ұсынады;

      2) Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есептің жобасын (жедел деректер бойынша) компанияның атқарушы органы бекітеді.

      Іс-шаралар жоспарының орындалуы жөніндегі есепті (жедел деректер бойынша) бекіту қорытындылары бойынша үш жұмыс күні ішінде электрондық есепке компанияның атқарушы органының оны бекіту туралы шешімінің сканерленген көшірмесін тіркей отырып, Тізілімге енгізу үшін Бірыңғай операторға электрондық есеп жіберіледі.".

      2. "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10663 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 4-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау тәртібін (бұдан әрі – даму жоспары) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;

      2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспары (бұдан әрі – даму жоспары) – ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның онжылдық кезеңге арналған миссиясын, пайымын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;

      3) компания – акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;

      4) электрондық есеп – ұлттық куәландырушы орталық берген және мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін дайындалған, компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының мәтінін және/немесе қосымшаларымен оның іске асырылуын бағалауды және/немесе тиісті саланың уәкілетті органы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерін қамтитын есеп.";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер көрсетіледі.

      Даму жоспары шеңберінде компания қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметінің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер көрсетіледі, оның ішінде жылдар бойынша бөліністе көрсетіледі.

      Қызметтің стратегиялық бағыттары миссияға сүйене отырып айқындалады және компания тиісті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге барынша әсер ететін қызмет салаларын білдіреді.

      Әрбір стратегиялық бағыт үшін мақсаттар – нәтижесінде компанияның жалпы мақсаттарына қол жеткізуге әкелетін қызметтің нақты, өлшенетін бағдарлары әзірленеді.

      Әрбір мақсатты іске асыру шеңберінде міндеттер айқындалады, оларды шешу тиісті мақсатқа қол жеткізу үшін қажетті және жеткілікті шарт болып табылады. Сондай-ақ әрбір мақсат бойынша қызметтің 3-тен аспайтын түйінді көрсеткіші әзірленеді (жылдар бойынша бөліністе), олар бойынша компания қызметінің мақсаты мен стратегиялық бағытына қол жеткізу бағаланатын болады. Әрбір стратегиялық бағыт үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілгеннен кейін күтілетін нәтижелер сипатталады.

      Қызметтің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметтің түйінді көрсеткіштерін және олар бойынша күтілетін нәтижелерді онжылдық кезеңнің әрбір жылына бөле отырып, осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша даму жоспарына жеке қосымша түрінде ресімдеу ұсынылады.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қордың атқарушы органы жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың 20 қарашасынан кешіктірмей Қордың директорлар кеңесі мақұлдаған Қордың даму жоспарының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізуді қамтамасыз етеді.

      13. Тиісті саланың уәкілетті органы жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші қарашасына дейін Қорды қоспағанда, компанияның директорлар кеңесі мақұлдаған компанияның даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жоспарланып отырған онжылдық кезеңнің алдындағы жылдың бірінші желтоқсанынан кешіктірмей директорлар кеңесі мақұлдаған Қордың даму жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Тиісті саланың уәкілетті органы бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында компанияның даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есепті дайындайды.

      Даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есеп қызметтің стратегиялық бағыттарына, мақсаттарына, міндеттеріне, қызметтің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі ақпаратты қамтиды.

      Даму жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.";

      30-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) Компанияның даму жоспарының іске асырылу тиімділігін бағалау ҚСБ мен ҚТК-ға қол жеткізу дәрежесін анықтау арқылы жүзеге асырылады.

      Компанияның ҚСБ мен ҚТК-ға қол жеткізуін бағалау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Әрбір ҚСБ даму жоспарын іске асырудың қорытынды рейтингінде белгілі бір үлес салмаққа ие, олардың жалпы көлемі жиынтығында 100 %-ды құрайды және ҚТК-ның белгілі бір санын қамтиды.

      ҚСБ ішіндегі ҚТК-ға үлес салмақ беріледі, оның жалпы сомасы әрбір ҚСБ-ның 100 %-ын құрайды.

      ҚТК-ға қол жеткізу дәрежесін есептеу қорытындылары бойынша әрбір ҚТК-ға 0-ден 4-ке дейін балл беріледі, бұл ретте:

      4 – жоспардан 85%-дан 100%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу;

      3 – жоспардан 70%-дан 84%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу;

      2 – жоспардан 55%-дан 69%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу;

      1 – жоспардан 40%-дан 54%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу;

      0 – жоспардан 0%-дан 39%-ға дейін ҚТК нәтижелеріне қол жеткізу.

      ҚТК-ға қол жеткізудің бағалауын қорытындылау үшін әрбір ҚТК бойынша балдар жинақталады. Балдардың жиынтық санына және қол жеткізуге болатын ең жоғары нәтижеге сүйене отырып, әрбір ҚСБ-ның іске асырылу дәрежесі есептеледі.

      Әрбір ҚСБ бойынша қол жеткізілген нәтижелерге сәйкес, сондай-ақ компанияның даму жоспарына қол жеткізудегі олардың үлес салмағын ескере отырып, қызметтің түйінді көрсеткіштері бойынша компанияның даму жоспарын іске асырудың қорытылған нәтижесі есептеледі.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері бойынша компанияның даму жоспарын іске асырудың қорытылған нәтижесі мынадай деңгейлерге бөлінеді:

      85%-дан 100%-ға дейін – даму жоспарын іске асырудың жоғары тиімділік деңгейі;

      70%-дан 84%-ға дейін – даму жоспарын іске асырудың орташа тиімділік деңгейі;

      55%-дан 69%-ға дейін – даму жоспарын іске асырудың төмен тиімділік деңгейі;

      40%-дан 54%-ға дейін – даму жоспарын тиімсіз іске асыру;

      0%-дан 39%-ға дейін – даму жоспары іске асырылмаған.";

      33-тармақ алып тасталсын;

      осы тізбеге қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) атқарушы орган – алқалы орган немесе атауы компанияның жарғысында айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға;

      2) іс-шаралар жоспары – ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг және ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің бесжылдық кезеңге арналған көрсеткіштерін айқындайтын құжат;

      3) компания – Қорды қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, компаниялар;

      4) электрондық есеп – ұлттық куәландырушы орталық берген және мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізу үшін дайындалған, компанияның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын іс-шаралар жоспарының мәтінін, сондай-ақ қоса берілетін іс-шаралар жоспарының нысандары мен тізбесін және/немесе қосымшаларымен оның іске асырылуын бағалауды және/немесе тиісті саланың уәкілетті органы басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын іс-шаралар жоспарының іске асырылуын мониторингтеу нәтижелерін қамтитын есеп.

      3. Компанияның іс-шаралар жоспарының жобасы оның даму жоспарын іске асыру мақсатында бесжылдық кезеңге бір рет әзірленеді және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында (аумақтарды дамыту бағдарламаларында), мемлекеттік органдардың даму жоспарларында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, тиісті саланың уәкілетті органдарымен және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджеттік параметрлерге сәйкестігі тұрғысынан бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және оны директорлар кеңесі бекітеді.

      Іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеу кезінде қызмет тиімділігінің түйінді көрсеткіштерінің даму жоспарындағы қызмет тиімділігінің түйінді көрсеткіштеріне, оның ішінде жылдар мен мәндер бойынша сәйкестігі қамтамасыз етіледі.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жоспарланып отырған тиісті кезеңге арналған іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлеуді компанияның атқарушы органы мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) әзірлеген Тізілімнің веб-порталында жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші жоспарланатын жылдың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері толық (таратылып жазылған) түрде, кейінгі жоспарланатын жылдардың қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері жылдар бойынша бөліністе біріктірілген (жиынтық) түрде көрсетіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Тиісті саланың уәкілетті органы бірыңғай оператор әзірлеген Тізілімнің веб-порталында шоғырландырылған негізде компанияның іс-шаралар жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есепті дайындайды.

      Іс-шаралар жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есеп компания қызметінің мынадай негізгі көрсеткіштерін орындау жөніндегі ақпаратты қамтиды: іс-шаралар жоспарының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, кірістер, шығыстар, қаржылық нәтиже, инвестициялар, борыштық жүктеме, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, дивидендтер, жұмыскерлердің орташа тізімдік саны, еңбекақы төлеу қоры, жаңа жұмыс орындарын құру, активтерді қайта құрылымдау, қаржылық орнықтылық.

      Іс-шаралар жоспарының іске асырылуын мониторингтеу жөніндегі есеп нысаны осы Қағидаларға 3-қосымшада ұсынылған.".

      3. "Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18328 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларында:

      2-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тізілім деректеріне бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Ағымдағы қаржы жылы ішінде жартыжылдықта екі реттен асырмай даму жоспарын жартыжылдық нақтылауға жол беріледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Ұйымның атқарушы органы осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген жағдайларда даму жоспарының әрбір қосымшасына енгізілген нақтылаулардың негіздемелері мен түсіндірмесін қамтитын түсіндірме жазбасы бар нақтыланған даму жоспарының жобасын бекіту органының қарауына енгізеді.

      Ұйымның атқарушы органы даму жоспарын жартыжылдық нақтылау жобасымен бір мезгілде бекіту органына осы Қағидаларға 14, 15, 16, 17, 17-1, 17-2, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 және 25-қосымшаларға сай нысандарға сәйкес қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің есептемелерін (активтер, пассивтер, персонал, тану көздері бойынша кірістер, ақша қаражатының түсуі мен шығуы, республикалық бюджет және жергілікті бюджет қаражаты есебінен өнімдерді өткізу, инвестицияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, негізгі өндіріс жоспары, үстеме шығыстар мен қосалқы өндіріс шығыстары есепке алынған негізгі өндірістің шығыстары, қосалқы өндіріс шығыстары, үстеме шығыстар, әкімшілік шығыстар, сыйақылар бойынша шығыстар, өзге де шығыстар) ұсынады.

      Атқарушы орган даму жоспарында бекітілген жиынтық көрсеткіштер шеңберінде осы Қағидаларға 14, 15, 16, 17, 17-1, 17-2, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24 және 25-қосымшаларға сәйкес нысандарда көрсетілген қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің есептемелеріне түзетулерді дербес енгізеді.

      Қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерінің есептемелерін түзету тізілімнің веб-порталында жүзеге асырылады және атқарушы органның шешімі негізінде ұйымның электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады.

      Бекіту органы нақтыланған даму жоспарының жобасын келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Ескертулер болса, ұйымның атқарушы органы ескертулер алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде нақтыланған даму жоспарының жобасын пысықтап, оны бекіту органының қарауына қайта ұсынады.

      Атқарушы орган нақтыланған даму жоспарын қарауға енгізген күннен бастап бекіту органы оны жиырма жұмыс күні ішінде, бірақ осы Қағидалардың 14-тармағының ережелерін ескере отырып, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жиырма бесінші маусымнан және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында жиырма бесінші желтоқсаннан кешіктірмей бекітеді.".

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 2 мамырдағы
№ 22
Өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесіне
қосымша

  Акционері мемлекет болып
табылатын ұлттық басқарушы
холдингтердің, ұлттық
холдингтердің, ұлттық
компаниялардың даму
жоспарларының орындалуы
жөніндегі есептерді әзірлеу
және ұсыну қағидаларына
1-1-қосымша

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің түйінді көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер

Компанияның даму жоспарының мақсаттары

Компанияның даму жоспарының міндеттері

Компанияның даму жоспарының түйінді көрсеткіштері (ТК) (сандық немесе сапалық)

Өлшем бірлігі

Өткен жыл (факт)

Ағымдағы жыл (жоспар/ бағалау)



1-бағыт

1-мақсат

1-міндет

ТК 1





ТК n





n міндет

ТК 1





ТК n





n мақсат

1-міндет

ТК 1





ТК n





n міндет

ТК 1





ТК n





n бағыт

1-мақсат

1-міндет

ТК 1





ТК n





n міндет

ТК 1





ТК n





n мақсат

1-міндет

ТК 1





ТК n





n міндет

ТК 1





ТК n





      кестеннің жалғасы

Іске асыру жоспары

1 жыл

2 жыл

3 жыл

4 жыл

5 жыл

6 жыл

7 жыл

8 жыл

9 жыл

10 жыл

1-бағыт

















































































n бағыт


















































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады