Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 204 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 мамырда № 34324 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) арасында бөлу бекітілсін.

      2. ЖЖОКБҰ-ның ректорлары Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын студенттер мен магистранттарға ЖЖОКБҰ-ның ғылыми қеңестері шешімдерінің негізінде тағайындасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті көрсетілген стипендияны 1 қаңтардан бастап тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде төлеуді жүзеге асырсын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 29 сәуірдегі
№ 204 бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

Стипендия

Студенттерге

магистранттарға

1

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

130

1

2

Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты

4


3

А. Құсаинов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

3


4

Астана халықаралық университеті

11


5

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

120

2

6

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

102

1

7

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

6


8

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

9


9

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

2


10

"КИМЭП" университеті

2


11

"Тұран" университеті

12


12

Қазақ технология және бизнес университеті

2


13

Нархоз университеті

4


14

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті

1


15

Алматы технологиялық университеті

16


16

Алматы Менеджмент университеті

2


17

Еуразия технологиялық университеті

5


18

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

9


19

Каспий қоғамдық университеті

3


20

Қазақстан-Британ техникалық университеті

2


21

К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті

19


22

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

10


23

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

20


24

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

13


25

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университеті

1


26

Торайғыров университеті

20


27

Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

26


28

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

35


29

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

8


30

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

36


31

Халықаралық инженерлік-техникалық университеті

8


32

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

15


33

Alikhan Bokeikhan University

10


34

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

8


35

Сулейман Демирель атындағы университет

11


36

Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

10


37

Қарағанды индустриялық университеті

8


38

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi

66

1

39

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті

1


40

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

24


41

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

9


42

М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi

30


43

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

16


44

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

28


45

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

26


46

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

2


47

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

5


48

Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

1


49

Халықаралық білім беру корпорациясы

25


50

Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

20


51

Қазақстан-Американдық еркін университеті

6


52

Халықаралық туризм және меймандостық университеті

2


53

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

10


54

М.С.Нарикбаев атындағы КазГЮУ университеті

2


55

Esil University

4


56

З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті

30


57

Д.А. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы

4



Всего

1014

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады