БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33308 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 14-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 120) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда (бұдан әрі – шетелдік ұйымдар) ғылыми тағылымдамадан өту үшін үміткерлерді конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әкімші – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым;
2) ғылыми тағылымдама – "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберіндегі тағылымдаманы қоспағанда, таңдалған ғылыми зерттеулер бағыты бойынша кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ғылыми орталықтарда және өзге де ұйымдарда ғалымдардың тағылымдамадан өтуі;
3) еңбек қызметі (еңбекпен өтеу) – өтінімі бойынша конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілген жұмыс берушіде Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми зерттеудің таңдалған бағыты бойынша нақты еңбек өтілін жүзеге асыру бөлігінде шарттық міндеттемелерді орындау процесі;
4) жұмыс беруші – жұмыскер Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша еңбек қатынастарында тұратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы, оның филиалы, өкілдігі;
5) кепілдік хат – тағылымдамадан өту және визаны рәсімдеу үшін конкурс жеңімпаздарына әкімші беретін, шығыстарды жабу міндеттемесіне кепілдік беретін ресми хат;
6) кешенді тестілеу – зияткерлік қабілеттер, тұлғалық-іскерлік құзыреттілік, шетелде оқуға психологиялық әзірлік деңгейін айқындау бойынша тестілеу;
7) конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссия – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы ретінде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
8) конкурс жеңімпазы – осы Қағидаларда көзделген барлық турлардан өткен, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес ғылыми тағылымдама тағайындалған үміткер;
9) сараптама комиссиясы – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы жанындағы ғылыми тағылымдамадан өту конкурсына (бұдан әрі – конкурс) қатысатын үміткермен жеке әңгімелесуді жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган;
10) үміткер – осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін және конкурсқа қатысатын Қазақстан Республикасының азаматы;
11) шартсыз шақыру – ғылыми тағылымдамадан өту мерзімін көрсете отырып, тағылымдамаға ақы төлеу туралы шарттарды қамтитын, ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне кіретін шетелдік ұйымда тағылымдамадан өтуге ресми шақыру;
12) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия – Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы және ғылыми тағылымдамалардан өту мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – Республикалық комиссия);
13) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – жұмыс органы).
3. Ғылыми тағылымдама ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттары тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес жүргізілетін ғылыми зерттеу шеңберінде жүзеге асырылады.
Тізбе осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми бағыттардың сыныптауышына сәйкес қалыптастырылады.
Әрбір басым бағыт бойынша ғылыми тағылымдамалар саны тағайындалатын ғылыми тағылымдамадалрдың жалпы санының 10 (он) пайызына дейін құрайды.
Бұл ретте, "Инжиниринг және технологиялар", "Ауыл шаруашылығы және ветринария ғылымдары", "Жаратылыстану ғылымдары", "Медицина және денсаулық сақтау" бағыттары бойынша тағайындалатын ғылыми тағылымдамалардың жалпы санының 30 (отыз) пайызына дейін қайта бөлуге рұқсат беріледі.
4. Жұмыс органы бекітетін конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуі ғылыми зерттеулердің таңдалған бағыты бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру мақсатында ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізіміне (бұдан әрі – тізім), кіретін шетелдік ұйымдарда, жұмыс органының шешімі бойынша жеке тәртіппен айқындалған өзге де шетелдік ұйымдарда 3 (үш) айдан 12 (он екі) айға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
5. Ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады және мына шығыстарға ақы төлеуді қамтиды:
1) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге ақы төлеу;
2) ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын ақпараттық қамтамасыз ету;
3) үміткерлер үшін кешенді тестілеу жүргізу;
4) сараптама комиссиясы мүшелерінің үміткерлермен жеке әңгімелесу өткізуі;
5) визаны (консулдық алым) ресімдеу, ұзарту;
6) ғылыми тағылымдамадан өту;
7) ғылыми тағылымдама өтетін елдің, конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуін жүзеге асыратын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғарыдан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге ұйымдардың талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтер;
8) тамақтануға, тұруға, ғылыми әдебиетті сатып алуға, тұратын жерінен ғылыми тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға арналған шығыс нормалары туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ғылыми тағылымдама өтетін елде тұру, тамақтану және оқу әдебиетін сатып алу;
9) ғылыми тағылымдама өтетін елдің және (немесе) шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеру;
10) жазатайым жағдайлардан және аурулардың кенеттен пайда болуынан шетелдік азаматтар үшін көзделген медициналық сақтандыру;
11) ғылыми тағылымдамалар тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін жерге дейін және кері қарай жол жүру;
12) ғылыми тағылымдамадан өту жөнінде қызметтер көрсету шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауға байланысты шетелдік әріптестердің шығыстары.
6. Шет елдердің тиісті мемлекеттік органдары, шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен өзге ұйымдар, шетелдік әріптестер және/немесе статистикалық, рейтингтік және өзге де тиісті ұйымдар ұсынған құжаттар және/немесе өзге ақпарат негізінде тамақтануға, тұруға, ғылыми әдебиетті сатып алуға арналған шығыстар нормалары, сондай-ақ конкурс жеңімпазы Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін жерге дейін жол жүретін көліктің түрі мен класы осы Қағидалардағы 3-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
7. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қазақ және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейі осы Қағидаларға 4-қосымшада орналасқан. Бұл ретте шет тілін білудің ең төмен деңгейі шетелдік ұйымның талаптарын ескерумен айқындалады.
2-тарау. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау және қарау тәртібі
8. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткер болып:
1) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесі;
2) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 248-бабының 3-тармағына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ескере отырып, барлық талап етілетін кезеңге міндетті зейнетақы аударымдарының есептелгенін растай отырып, заңды тұлғалар болып табылатын аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінде ғылыми зерттеудің таңдалған мамандану саласында соңғы 12 (он екі) айдағы үздіксіз нақты жұмыс өтілі. Сонымен қатар, жүктілік және босану, бала күтімі бойынша демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық, сондай-ақ бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан екіншісіне ауысу үздіксіз нақты жұмыс өтіліне есептелетін;
3) үміткерді жүргізілетін ғылыми зерттеуге сәйкес ғылыми тағылымдамаға қабылдайтын, тізбеге кіретін шетелдік ұйымның шартсыз шақыруы (қаржылық шарттарды қоспағанда);
4) осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес деңгейде қазақ және шет тілдерін білу туралы жарамды ресми сертификат;
5) ғылыми нәтижелердің (Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларында немесе отандық немесе ғылым және жоғары білім саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсынған шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелетін мақалалар немесе шолулар) және (немесе) Патент Корпорейшн Трэти (Patent Cooperation Treaty) халықаралық өтімі бар Қазақстан Республикасының азаматы табылады.
Ғылыми тағылымдамадан өту шеңберінде алынған ғылыми зерттеудің таңдалған бағыты бойынша үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындамаған Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде тағылымдамадан өтіп, еңбекпен өтеу бойынша шарттық міндеттемелерді орындамаған адамдар ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Ғылыми тағылымдамадан өту бір рет жүзеге асырылады.
Құжат тапсыру сәтінде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша шарттағы міндеттемелерді орындамаған адамдар ғылыми тағылымдамадан өтуді тағайындау үшін конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Бұрын берілген ғылыми тағылымдамадан өтуді пайдаланбаған және тағылымдамадан өтуге кіріспеген адамдарға, Әкімші алдында берешегі болмаған жағдайда, ғылыми тағылымдамадан өтуді тағайындау үшін конкурсқа қатысудың қайталама мүмкіндігі беріледі.
9. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер әкімшіге мына құжаттарды ұсынады:
1) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған конкурсқа қатысу үшін толтырылған үміткер анкетасы;
2) жұмыс органы бекітетін нысан бойынша жұмыс орнының сақталуы шартымен жұмыс берушінің ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған өтінімі;
3) паспорты мен жеке куәлігінің түпнұсқалары және көшірмелері (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
4) ғылым докторы, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесінің, философия докторы (РhD), бейіні бойынша доктор, магистр дәрежесінің болуы туралы құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады).
Шетелдік білім беру ұйымында оқыған жағдайда білімі туралы құжатты тану куәлігін не "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 8-тармағында белгіленген ерекшеліктер ескеріліп білімі туралы құжатты тану жөніндегі өзге құжат;
5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жасалып, жұмыс беруші бекітетін және тізімге кіретін, тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйыммен келісілген, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы;
6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес талап етілетін еңбек қызметі кезеңінде аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді (түпнұсқалары салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
7) нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін осы Қағидалардағы 4-қосымшаға сәйкес қазақ тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
8) нәтижесі белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін шет тілі бойынша емтихан тапсырғаны туралы жарамды ресми сертификаттың түпнұсқасы және көшірмесі (түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін үміткерге қайтарылады);
9) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 072/у нысаны бойынша медициналық анықтама (шетелге шығатындар үшін);
10) үміткерді тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның шартсыз шақыруын (қаржылық шарттарды қоспағанда) растайтын, жүргізілетін ғылыми зерттеу, ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі, құны (есеп-қисабын толық көрсетіп) көрсетілген, қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар құжаттың көшірмелері;
11) жұмыс беруші бекіткен ғылыми нәтижелердің тізімі (Web of Science, Scopus халықаралық дерекқорларында және (немесе) отандық немесе уәкілетті орган ұсынған шетелдік ғылыми басылымдарда индекстелетін және (немесе) халықаралық ғылыми конференциялар жинағында жарияланған кемінде бір мақала немесе шолу) және (немесе) кемінде бір Патент Корпорейшн Трэти (Patent Cooperation Treaty) халықаралық өтінімі;
12) ғылым саласындағы уәкілетті орган берген аккредиттеу туралы жарамды ресми куәліктің көшірмесі;
13) үміткер құжаттарын өзі тапсыра алмаған жағдайда өкілге нотариат куәландырған сенімхат.
10. Үміткер құжаттарды белгілеген құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде әкімшіге "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы және (немесе) қағаз нысанда ұсынады.
Ұсынылған құжатты қарау нәтижесі бойынша үміткерге құжаттың қабылданғаны және конкурсқа қатысуға рұқсат берілгені туралы немесе құжаттың жеке тәртіппен қарау үшін жұмыс органына жіберілгені туралы жазбаша хабарлама не оларды қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады.
Құжатты қарау, қабылдау не оларды қабылдаудан бас тарту мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Құжатты толық көлемде ұсынбау оларды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Құжаттар осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда үміткер бұзушылықтарды жойғаннан кейін оларды қабылдау үшін белгіленген мерзім кезеңінде құжатты қайта ұсыну рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін үміткердің және оның құжаттарының осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарына сәйкестігін қарауды әкімші жүзеге асырады.
13. Құжаттарды қабылдау немесе конкурстан өту кезеңінде әкімші көрінеу жалған мәліметтердің ұсынылғанын анықтаған жағдайда үміткер ағымдағы жылы конкурсқа жіберілмейді.
3-тарау. Ғылыми тағылымдаманы тағайындауға үміткерлерді іріктеуді ұйымдастыру мен жүргізу және оны өткізу тәртібі
14. Конкурс 3 (үш) турдан тұрады.
15. Бірінші және екінші турларды әкімші Қазақстан Республикасы ұйымдармен және сараптама комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырады және өткізеді.
Бірінші турда зияткерлік қабілеттерінің, тұлғалық-іскерлік құзыреттерінің, шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге психологиялық әзірлігінің деңгейін айқындау бойынша кешенді тестілеу жүргізіледі.
16. Екінші тур үміткерлердің сараптама комиссиясының мүшелерімен жасырын дербес әңгімелесуден өтуін ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.
Сараптама комиссиясының құрамын, жұмыс тәртібі мен оны ұйымдастыруды жұмыс органы бекітеді.
Екінші турда үміткердің ғылыми зерттеу бағыты бойынша таңдалған мамандану саласында ғылыми-зерттеу даярлығының деңгейі, теориялық білімі мен ғылыми зерттеуді, шетелдік ұйымды саналы, дәлелді түрде таңдау деңгейі айқындалады.
Әкімші бірінші және екінші турлардың өтетін жері мен уақытын айқындайды, ол туралы үміткер телефон/электрондық байланыс арқылы күнтізбелік 5 (бес) күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
17. Сараптама комиссиясы бірінші және екінші турлардың нәтижелерін ескере отырып, жұмыс органы бекітетін нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлермен жеке әңгімелесуді бағалау парағына сәйкес әрбір үміткер бойынша ұсыным береді.
18. Жұмыс органы кешенді тестілеу нәтижелерімен және сараптама комиссиясының үшінші турға ұсынымдарымен бірге үміткерлердің материалдарын Республикалық комиссияның қарауына енгізеді.
19. Республикалық комиссия ғылыми тағылымдаманы тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы түпкілікті шешім қабылдайды. Ғылыми тағылымдама тағайындалғаны туралы үміткер әкімшінің ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастыру арқылы хабардар етіледі.
20. Республикалық комиссияның шешімімен ғылыми тағылымдамадан өтуінен бас тартылған үміткерлер келесі күнтізбелік жылға оларды қабылдау үшін белгіленген мерзім кезеңінде ғылыми тағылымдамаға шыққан жағдайда ағымдағы жылғы конкурсқа қайта қатысуға жіберіледі.
4-тарау. Ғылыми тағылымдамадан өтуге шарт жасасу тәртібі
21. Конкурс жеңімпазы Республикалық комиссия ғылыми тағылымдаманы тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде үлгілік нысан бойынша әкімшімен осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген ғылыми тағылымдамадан өту туралы шарт (бұдан әрі – шарт) жасасады.
Шартта міндетті түрде мыналар бар:
1) шарттың нысанасы;
2) тараптардың құқықтары мен міндеттемелері;
3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуіне жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі оның міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі;
4) ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі мен шарттары;
5) шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуді аяқтағаннан кейін конкурс жеңімпазының Қазақстан Республикасына міндетті түрде оралуы және конкурс жеңімпазы қай жұмыс берушінің өтінімі бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге жіберілген болса, сонда кемінде 3 (үш) жыл үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асыруы туралы талап;
6) конкурс жеңімпазы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда шығыстарды қаржыландыруды тоқтата тұру туралы талап;
7) конкурс жеңімпазын өз міндеттемелерін еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауы салдарынан орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босату туралы талап;
8) жұмыс берушінің жұмыс орнын (лауазымын) сақтау міндеттілігі туралы талап;
9) ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынудың міндеттілігі туралы талап қамтылуға тиіс.
Ғылыми тағылымданы іске асырумен байланысты шарттар әкімшінің орналасқан жері бойынша жасалады.
22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзімде шарт жасалмаған, конкурсқа қатысу үшін көрінеу жалған мәліметтер ұсынылған, ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы орындалмаған, ғылыми тағылымдамадан оралғаннан кейін үздіксіз еңбек қызметі (еңбекпен өтеу) жүзеге асырылмаған, шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда әкімші белгіленген тәртіппен тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді қоса алғанда, Республикалық комиссия ғылыми тағылымдаманы тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап конкурс жеңімпазына жұмсалған шығыстарды өтету арқылы Республикалық комиссияның ғылыми тағылымдамадан айыру туралы мәселені қарауына бастама жасайды.
23. Конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамадан өтуге шарт жасасу үшін әкімшіге құжаттың мынадай тізбесін ұсынады:
1) конкурс жеңімпазының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы мен көшірмесі). Түпнұсқасы салыстырып тексерілгеннен кейін конкурс жеңімпазына қайтарылады.
2) тұлғаның жұмыс берушінің атынан ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шартқа қол қою өкілеттігін куәландыратын құжаттар, жұмыс берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ жұмыс берушінің банктік деректемелері.
24. Тағылымдамаға жіберілетін конкурс жеңімпаздары міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында екі кепілгер ұсынады.
25. Кепілгер ретінде жұмыс берушінің анықтамаларымен және міндетті зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжатпен (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме) расталатын, соңғы күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде тұрақты жалақысы бар жасы 50 (елу) жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болады.
26. Осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген үлгілік нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өту туралы келісімге кепілдік шартын жасасу үшін мынадай құжат тізбесі ұсынылады:
1) кепілгердің жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірме).
2) кепілгердің лауазымы, жұмысқа қабылданған күні мен кепілдік шартын жасасу күнінің алдындағы күнтізбелік соңғы 12 (он екі) айдағы табысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама (анықтамалар).
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар кепілгер ретінде болған кезде: жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат, сондай-ақ кепілдік шартын жасасу күнінің алдындағы күнтізбелік соңғы 12 (он екі) ай ішінде табыс алғанын растайтын құжат.
3) Кепілдік шартын жасасу күнінің алдындағы күнтізбелік соңғы 12 (он екі) айдағы зейнетақы аударымдарының төленгенін растайтын құжат (оның ішінде зейнетақы қорынан үзінді көшірме).
12 (он екінші) ай үшін зейнетақы жарнасы аударылмаған болса, кепілдік шартын жасасу ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылса, соңғы 11 (он бір) күнтізбелік ай үшін зейнетақы аударымының төленгенін растайтын құжатты ұсынуға жол беріледі.
27. Шарт жасасқан және осы Қағидалардың 21-тармағының 3) тармақшасының шарттарын орындаған соң әкімші конкурс жеңімпаздарының шетелдік ұйымдарға ғылыми тағылымдамадан өтуіне жолдаманы және осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес ақша аударылуын қамтамасыз етеді.
28. Жасасқан шарт ғылыми тағылымдама тағайындалған күннен бастап туындаған конкурс жеңімпазының ғылыми тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша барлық шығыстарды төлеуге байланысты ақшалай қаражатты аудару үшін негіз болып табылады.
29. Конкурс жеңімпазы сырқатты емдеу кезінде, іссапарда болған және тағылымдамадан өтуге шарт жасасуға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде, конкурс жеңімпазы осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей, белгіленген мерзімде тағылымдамадан шартын жасасудың мүмкін еместігі туралы растайтын құжатты ұсынған жағдайда тағылымдамадан өтуге шарт жасасу мерзімін ұзарту туралы Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) жүгінеді.
Ғылыми тағылымдамадан өтуге шарт жасасуды ұзарту мерзімі Комиссия шешім қабылдаған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.
Тағылымдамадан өтуге шарт жасасуды ұзарту Республикалық комиссия ғылыми тағылымдаманы тағайындаған сәтінде тағылымдамадан өту елінде тамақтануға, тұруға және оқу әдебиетін сатып алуға бекітілген шығыс нормалары жоқ болған жағдайды қоспағанда, бір рет беріледі.
5-тарау. Ғылыми тағылымдамадан өтуге дайындықты ұйымдастыру тәртібі, ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының орындалуын және конкурс жеңімпаздарының еңбек қызметін (еңбекпен өтеу) жүзеге асыруын мониторингтеу
30. Ғылыми тағылымдамадан өтуге дайындықты ұйымдастыру ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттардың күшіне енген сәтінен басталады.
31. Конкурс жеңімпазы ғылыми зерттеу бағытының, шетелдік ұйымның, тағылымдамадан өткен елдің ауысымын, тағылымдамадан өту мерзімін ауыстыруды алған кезде (бір жылдан аспайтын мерзімге ауыстырған және қосымша шығыстар болмаған кезді қоспағанда) конкурс жеңімпазы комиссияға өтінішпен және растайтын құжатпен қоса жүгінеді.
Бұл ретте, тағылымдамадан өту мерзімін ауыстыру Комиссия қарауына шығармастан қосымша шығыстар болмаған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бір жылдан аспайтын мерзімді ауыстыру туралы конкурс жеңімпазының әкімшіге берген өтініші негізінде ауыстырылды деп есептеледі.
32. Әкімші конкурс жеңімпазынан өтініш түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік хатын ұсынады.
33. Шартсыз шақыру виза алу үшін құжат ресімдеуге негіз болып табылады. Визаны конкурс жеңімпазы өз бетімен ресімдейді.
34. Қазақстан Республикасында тұратын жерінен тағылымдамадан өту орнына дейінгі жол жүру бойынша әуе билетті сатып алу үшін конкурс жеңімпазы әкімшіге ғылыми тағылымдамадан өту аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей виза алу үшін және кері қайту үшін жазбаша нысанда жүгінеді.
35. Конкурс жеңімпазы тағылымдама аяқталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасына оралады, әкімшіге Қазақстан Республикасына кіргені туралы белгісі бар паспорттың көшірмесін, тағылымдаманы аяқтағаны туралы өтініш, тағылымдамадан өту шартына сәйкес тағылымдаманың аяқталғаны туралы құжаттың қазақ немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармаларын, оның ішінде қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен тағылымдаманы аяқтағаны туралы сертификат (бар болса) ұсынады және Қазақстан Республикасының аумағында үздіксіз еңбек қызметін (еңбекпен өтеуді) жүзеге асыруға кіріседі.
36. Конкурс жеңімпаздарының еңбек қызметін жүзеге асыру мониторингі тағылымдамадан өту шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Конкурс жеңімпазынан шарттағы міндеттемелердің орындалғаны туралы өтініш түскен кезде әкімші конкурс жеңімпазының еңбек өтілі бойынша шарттағы міндеттемелерді орындағанын мыналарды ескере отырып тексереді:
конкурс жеңімпазы тағылымдамадан өткеннен кейін үздіксіз еңбек қызметін жүзеге асырған жұмыс берушінің еңбек кітапшасына жазған жазбаларды;
талап етілетін еңбекпен өтеу кезеңі үшін аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмеде көрсетілген зейнетақы аударымдары (зейнетақымен қамтамасыз етумен байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының ерекшеліктерін ескере отырып);
Қазақстан Республикасының аумағында таңдаған ғылыми зерттеу бағыты бойынша еңбек қызметін (еңбекпен өтілін) жүзеге асыру.
Нақты еңбек өтілінің мерзімін есептеуді әкімші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болуын ескере отырып, күнтізбелік күндерде жүзеге асырады.
37. Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, конкурс жеңімпазы растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам конкурс жеңімпазына еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Комиссияның қарауына мынадай жағдайларда:
еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін ауруды емдеу, әскери қызметке шақыру кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақыру;
шетелде тағылымдамададан өтетін/оқитын жұбайымен немесе зайыбымен ілесіп жүру;
мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
жүктілік кезінде, сондай-ақ тәрбиесінде үш жасқа дейінгі бала (балалар) болған кезде енгізеді.
Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру бір рет: Қағидалардың осы тармағында көрсетілген шетелде тағылымдамадан/оқудан өтіп жатқан жұбайымен немесе зайыбымен ілесіп жүру үшін беріледі.
38. Тағылымдамаға кедергі келтіретін ауру туындаған жағдайда, конкурс жеңімпазы бұл туралы әкімшіге шетелдік емдеу мекемесі берген анықтаманың көшірмесін ұсына отырып хабарлайды және Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін бір ай ішінде емдеу ұйымынан конкурс жеңімпазының денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) анықтамасының түпнұсқасын тағылымдаманы жалғастырудың мүмкін еместігі туралы қорытындымен бірге ұсынады.
39. Тағылымдама қайта басталған кезде конкурс жеңімпазы әкімшіге шетелге шығатындар үшін денсаулық жағдайы туралы тиісті құжатты ұсынады.
6-тарау. Ғылыми тағылымдамадан өту тәртібі
40. Ғылыми тағылымдамадан өту осы Қағидалардың 3-тармағына, сондай-ақ жасалған шарт талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
41. Конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамадан осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы бойынша өтеді.
Мерзімі 6 (алты) айдан асатын ғылыми тағылымдамадан өткен жағдайда конкурс жеңімпазы әкімшіге ғылыми тағылымдама басталған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми тағылымдамадан өту туралы аралық есепті ұсынады.
42. Конкурс жеңімпазы ғылыми тағылымдамадан оралғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде әкімшіге осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды есепті тапсырады. Ғылыми тағылымдамадан өту туралы қорытынды есепті жұмыс беруші бекітеді және оны интернет-ресурсында ақпарат көздерінде орналастырады.
Ғылыми тағылымдама туралы есеп ұсынылмаған жағдайда әкімші осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес жұмыс органының қарауына тағылымдамаға жұмсалған бюджет қаражаты конкурс жеңімпазының өтеуі туралы мәселені шығарады.
43. Конкурс жеңімпазы шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуді аяқтағаннан кейін жұмыс берушінің өтініміне сәйкес өзін тағылымдамаға жіберген ұйымда кемінде 3 (үш) жыл үздіксіз еңбек қызметін (еңбекпен өтеуді) жүзеге асырады.
44. Жұмыс берушіні ауыстыру жұмыс беруші таратылған не қайта ұйымдастырылған кезде жүзеге асырылады.
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 1-қосымша |
Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттарының тізбесі
Scopus және SciVal халықаралық аналитикалық жүйелерінің ASC (All Science Journal Classifications) бағыттарының сыныптауышына сәйкес мамандықтар | Ғылыми бағыттардың сыныптауышына сәйкес мамандықтар | ||
Бірінші деңгей | Екінші деңгей | Үшінші деңгей | |
Environmental Science - 2000 жарияланым; | Жаратылыстану ғылымдары | Математика | Математика |
Қолданбалы математика | |||
Chemistry - 2000 жарияланым; | Статистика ықтималдылық теориясы | ||
Математикалық физика | |||
Earth and Planetary Sciences - 2000 жарияланым; | Математика, пәнаралық қолданым | ||
Логика | |||
Физика ғылымдары | Атомдық, молекулалық және химиялық физика | ||
Biochemistry, Genetics and Molecular Biology - 2000 жарияланым; | Конденсацияланған күй физикасы | ||
Бөлшектер мен өрістер физикасы | |||
Mathematics - 2000 жарияланым; | Ядролық физика | ||
Physics and Astronomy - 2000 жарияланым | Флюидтер мен плазмалар физикасы | ||
Оптика | |||
Акустика | |||
Астрономия және астрофизика | |||
Қолданбалы физика | |||
Квантты технологиялар | |||
Механика | |||
Пәнаралық физика | |||
Химия ғылымдары | Органикалық химия | ||
Бейорганикалық және ядролық химия | |||
Физикалық химия | |||
Полимерлер туралы ғылым | |||
Электрохимия | |||
Аналитикалық химия | |||
Қолданбалы химия | |||
Кристаллография | |||
Пәнаралық химия | |||
Жер және қоршаған орта туралы ғылым | Геохимия және геофизика | ||
Қоршаған орта туралы ғылым | |||
Физикалық география | |||
Геология | |||
Метеорология және атмосфералық ғылымдар | |||
Минералогия | |||
Мұқитзерттеу | |||
Палеонтология | |||
Су ресурстары | |||
Гидрогеология | |||
Жер туралы ғылым | |||
Биологиялық ғылымдар | Биология | ||
Цитология | |||
Микробиология | |||
Вирусология | |||
Биохимия және молекулалық биология | |||
Микология | |||
Биофизика | |||
Генетика және тұқым қуалаушылық | |||
Репродукциялық биология | |||
Даму биологиясы | |||
Ботаника | |||
Зоология | |||
Гидробиология | |||
Экология | |||
Биоәртүрлілікті сақтау | |||
Эволюциялық биология | |||
Лимнология | |||
Математикалық биология және биоинформатика | |||
Радиациялық биология | |||
Пәнаралық ғылымдар | Пәнаралық ғылымдар | ||
Chemical Engineering - 2000 жарияланым; | Инжиниринг және технологиялар | Азаматтық инженерия | Азаматтық инжиниринг |
Құрылыс технологиясы | |||
Engineering - 2000 жарияланым; | Көлік инжинирингі | ||
Электротехника, электроника, ақпараттық технологиялар | Электротехника және электроника | ||
Materials Science - 2000 жарияланым; | Робот техникасы | ||
Автоматтандыру және басқару жүйелері | |||
Energy - 2000 жарияланым; | Коммуникация | ||
Телекоммуникациялар | |||
Computer Science - 2000 жарияланым; | Компьютерлік техника және архитектура | ||
Машина жасау | Машина жасау | ||
Environmental Science - 2000 жарияланым | Термодинамика | ||
Аэроғарыш инжинирингә | |||
Ядролық инженерия | |||
Энергетика және машина жасау | |||
Химиялық инженерия | Химиялық инженерия | ||
Материалдар инжинирингі | Керамикалық материалдар | ||
Жабындар мен үлбірлер | |||
Композициялық материалдар | |||
Қағаз және ағаш материалдар | |||
Тоқыма материалдары | |||
Металлургия | |||
Материалдарды сипаттау және тестілеу | |||
Пәнаралық материалтану | |||
Медициналық инжиниринг | Биомедициналық инжиниринг | ||
Медициналық зертхана техникасы | |||
Жасушалық және тіндік инженерия | |||
Қоршаған орта инженериясы | Экологиялық инженерия | ||
Мұнай инженериясы | |||
Энергия және отын | |||
Қашықтан зондтау | |||
Тау-кен ісі және минералдарды қайта өңдеу | |||
Кеме құрылысы инженериясы | |||
Мұқит техникасы | |||
Геологиялық инжиниринг | |||
Жасыл технологиялар мен тұрақты даму | |||
Сутекті энергия | |||
Биотехнология және қолданбалы микробиология | Биотехнология және қолданбалы микробиология | ||
Өнеркәсіптік биотехнология | Биоматериалдар | ||
Нанотехнология | Наноғылым және нанотехнология | ||
Компьютерлік ғылымдар және информатика | Компьютер ғылымдарының теориясы мен әдістері | ||
Жасанды интеллект | |||
Кибернетика | |||
Ақпараттық жүйелер | |||
Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу | |||
Компьютерлік ғылымдарды пәнаралық қолдану | |||
Ақпараттық қауіпсіздік | |||
Басқа технологиялар | Пәнаралық инжиниринг | ||
Өнеркәсіптік инжиниринг | |||
Өндірістік инжиниринг | |||
Тамақтану ғылымы және технологиясы | |||
Аспаптар және аспап жасау | |||
Микроскопия | |||
Фототехника | |||
Спектроскопия | |||
Biochemistry, Genetics and Molecular Biology - 2000 жарияланым; | Медицина және денсаулық сақтау | Жалпы медицина | Экспериментті медицина |
Анатомия және морфология | |||
Immunology and Microbiology - 2000 жарияланым; | Иммунология | ||
Нейроғылым | |||
Medicine - 2000 жарияланым; | Фармакология және фармацевтика | ||
Медициналық биохимия | |||
Neuroscience - 2000 жарияланым; | Токсикология | ||
Физиология | |||
Dentistry – 500 жарияланым; | Патология | ||
Аудиология және логопедия | |||
Health Professions - 500 жарияланым; | Аллергология | ||
Андрология | |||
Nursing - 500 жарияланым; | Анестезиология | ||
Онкология | |||
Pharm acology, Toxicology and Pharmaceutics - 2000 жарияланым | Кардиология | ||
Реаниматология | |||
Шұғыл медициналық көмек | |||
Стоматология және жақсүйек-бет хирургиясы | |||
Дерматология | |||
Эндокринология және метаболизм | |||
Гастроэнтерология және гепатология | |||
Гериатрия және геронтология | |||
Геронтология | |||
Гематология | |||
Интегративті және сәйкес медицина | |||
Жалпы медицина және ішкі аурулар | |||
Клиникалық неврология | |||
Нейровизуалдау | |||
Акушерлік және гинекология | |||
Офтальмология | |||
Ортопедия | |||
Отоларингология | |||
Педиатрия | |||
Психиатрия | |||
Клиникалық психология | |||
Радиология, ядролық медицина және медициналық визуалдау | |||
Тыныс алу жүйесі | |||
Ревматология | |||
Хирургия | |||
Трансплантология | |||
Урология және нефрология | |||
Перифериялық тамыр аурулары | |||
Денсаулық туралы ғылым | Психобелсенді заттарды теріс пайдалану | ||
Денсаулық сақтау | |||
Денсаулық сақтау саласындағы саясаты және медициналық қызмет көрсету | |||
Алғашқы медициналық жәрдем | |||
Қоғамдық, экологиялық және кәсіптік денсаулық сақтау | |||
Инфекциялық (жұқпалы) аурулар | |||
Медициналық әдеп | |||
Сот медицинасы | |||
Медициналық ақпараттық жүйелер | |||
Мейірбике ісі | |||
Тамақтану және диетология | |||
Паразитология | |||
Психоанализ | |||
Реабилитация | |||
Биомедициналық әлеуметтік ғылымдар | |||
Спорт туралы ғылым | |||
Тропикалық медицина | |||
Медициналық биотехнология | Медицинадағы биотехнологиялық процестер | ||
Agricultural and Biological Sciences - 2000 жарияланым; | Ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдар | Ауыл, орман және балық шаруашылығы | Агрономия |
Балық аулау | |||
Veterinary - 500 жарияланым | Орман шаруашылығы | ||
Бау-бақша шаруашылығы | |||
Топырақтану | |||
Ауыл шаруашылығы инженериясы | |||
Ауыл шаруашылығы экономикасы және саясаты | |||
Ауыл шаруашылығы ғылымдары | |||
Мал шаруашылығы және зоотехния | Мал шаруашылығы және зоотехния | ||
Ветеринария | Ветеринария | ||
Ауылшаруашылық биотехнологиясы | Ауылшаруашылық биотехнологиясы | ||
Business, Management and Accounting - 500 жарияланым; | Әлеуметтік ғылымдар | Психология және когнитивті ғылымдар | Биологиялық психология |
Білім беру психологиясы | |||
Decision Sciences – 500 жарияланым; | Эргономика | ||
Даму психологиясы | |||
Economics, Econometrics and Finance – 500 жарияланым; | Қолданбалы психология | ||
Психология | |||
Psychology - 500 жарияланым; | Математикалық психология | ||
Экспериментті психологиясы | |||
Social Sciences - 500 жарияланым | Әлеуметтік психология | ||
Пәнаралық психология | |||
Экономика және бизнес | Бизнес | ||
Қаржылық бизнес | |||
Экономика | |||
Өндірістік және еңбек қатынастары | |||
Менеджмент | |||
Операциялық зерттеулер және басқару туралы ғылым | |||
Білім беру | Білім саласындағы зертетулер | ||
Ғылыми пәндерді оқыту | |||
Арнайы білім беру | |||
Әлеуметтану | Антропология | ||
Демография | |||
Отбасылық зерттеулер | |||
Әлеуметтік ғылымдардың математикалық әдістері | |||
Әлеуметтік мәселелер | |||
Әлеуметтік жұмыс | |||
Социология | |||
Фелинология | |||
Құқық | Криминология және пенология | ||
Құқық | |||
Саяси ғылымдар | Халықаралық қатынастар | ||
Саясаттану | |||
Мемлекеттік басқару | |||
Әлеуметтік және экономикалық география | Аймақтану | ||
Экологиялық зерттеулер | |||
География | |||
Жоспарлау және дамыту | |||
Көлік | |||
Урбанистика | |||
Дамытуды зерттеу | |||
Өңірлік және қалалық жоспарлау | |||
Журналистика және коммуникациялар | Журналистика және бұқаралық ақпарат құралдары | ||
Ақпарат және кітапханатану туралы ғылым | |||
Басқа әлеуметтік ғылымдар | Мәдениеттану | ||
Қонақүй бизнесі | |||
Шығыстану | |||
Туризм | |||
Пәнаралық әлеуметтік ғылымдар | |||
Arts and Humanities – 500 жарияланым; | Гуманитарлық ғылымдар және өнер | Тарих және археология | Археология |
Тарих | |||
Әлеуметтік ғылымдар тарихы | |||
Орта ғасырлар мен ренессанс тарихы | |||
Қазақстан тарихы | |||
Этнология | |||
Тіл мен әдебиет | Классикалық әдебиет | ||
Ауыз әдебиеті | |||
Лингвистика | |||
Әдебиет теориясы және әдеби сын | |||
Тіл және лингвистика | |||
Әдебиет | |||
Әдеби шолу | |||
Африка, Аустралия және Канада әдебиеті | |||
Америка әдебиеті | |||
Британия әдебиеті | |||
Неміс, голланд және скандинавия әдебиеті | |||
Роман әдебиеті | |||
Славян әдебиеті | |||
Поэзия | |||
Қазақ тілі | |||
Қазақ әдебиеті | |||
Азия елдерінің әдебиеті | |||
Түркітану | |||
Философия, әдеп және дінтану | Әдеп | ||
Философия | |||
Ғылым тарихы мен философиясы | |||
Дінтану | |||
Өнер | Сәулет | ||
Өнертану | |||
Хореография | |||
Кино, радио және телевидение | |||
Музыка | |||
Театр | |||
Арт-менеджмент | |||
Пәнаралық гуманитарлық ғылымдар | Пәнаралық гуманитарлық ғылымдар | ||
Әскери ғылымдар және ұлттық қауіпсіздік | Әскери ғылымдар | Әскери өнер | |
Ұлттық қауіпсіздік | Әскери техника және қару-жарақ | ||
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 2-қосымша |
Шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін (бұдан әрі – Тізім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Жұмыс органы мынадай көрсеткіштерге сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жетекші шетелдік ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін қалыптастырады:
ғылыми орталықтар мен өзге де ұйымдарға арналған көрсеткіш: Тізім жасау сәтіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес соңғы 5 (бес) жыл ішінде SciVal (СайВал) халықаралық аналитикалық жүйесінде кемінде 1 Fwci (field-Weighted Citation Impact) (Филд Уэйтед Сайтейшн Импакт) және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жолдама бойынша жарияланымдардың ең аз санының болуы.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің шетелдік ұйымдары үшін көрсеткіш: Тізім жасау кезіндегі рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес төрт халықаралық рейтингтің екі және одан да көп алғашқы 250 (екі жүз елу) позициясының қатарына кіру: әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі Квакарелли Симондс (QS World University Rankings), әлем университеттерінің академиялық рейтингі (Academic Ranking of World Universities), Tаймс (Times Higher Education World University) басылымының нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингі rankings), Саймаго ғылыми институттарының жалпы рейтингі (SCImago Institutions Rankings).
3. Бұл ретте жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жетекші шетелдік ұйымдары, ғылыми орталықтар және өзге де ұйымдар үшін көрсеткіштер ғылыми тағылымдамадан өту орнын таңдауда "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы зерттеулер" басым бағытына қолданылмайды.
4. Жұмыс органы Тізімді қалыптастырады және бір жылға бекітеді. Тізім келер жылдағы кезең алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін бекітіледі.
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 3-қосымша |
Тамақтануға, тұруға, ғылыми әдебиетті сатып алуға, тұратын жерінен ғылыми тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға арналған шығыс нормалары
1. Тұруға, тамақтануға және оқу әдебиетін сатып алуға тұратын жерінен тағылымдамадан өту орнына дейін жол жүру бойынша көліктің түрі мен класын айқындауға шығыс нормалары елдер бөлінісінде:
№ р/с | Мемлекет | Бір айда ғылыми тағылымдама процесінде тұруға арналған шығыс нормалары | Бір айда ғылыми тағылымдама процесінде тамақтануға арналған шығыс нормалары | Көлік түрі мен класы | Тағылымдама процесінде ғылыми әдебиеттерін сатып алу бойынша шығыс нормалары |
1. | Аустрия Республикасы | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
2. | Аустралия | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
3. | Израиль мемлекеті | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
4. | Ирландия Республикасы | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
5. | Италия Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Рим қаласы | 1050 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 80 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
6. | Дания Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
7. | Бельгия Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
8. | Испания Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
9. | Канада | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
10. | Қытай Халық Республикасы | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 350 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Шанхай қаласы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
11. | Нидерланд Корольдігі | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
12. | Норвегия Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
13. | Швеция Корольдігі | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
14. | Латвия Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
15. | Жаңа Зеландия | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
16. | Болгария Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
17. | Мажарстан Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
18. | Үндістан Республикасы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 300 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
19. | Корея Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Сеул қаласы | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
20. | Польша Республикасы | 550 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
21. | Сингапур Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
22. | Украина Республикасы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
23. | Ресей Федерациясы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Мәскеу қаласы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
24. | Румыния | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
25. | Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Лондон қаласы | 1200 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
26. | Америка Құрама Штаттары: | ||||
Айова, Алабама, Арканзас, Индиана, Вирджиния, Висконсин, Батыс Вирджиния, Канзас, Кентукки, Миссисипи, Миссури, Небраска, Огайо, Оклахома, Орегон, Солтүстік Дакота, Солтүстік Каролина, Теннесси, Оңтүстік Дакота, Оңтүстік Каролина штаттары | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Айдахо, Аризона, Вайоминг, Вермонт, Делавэр, Луизиана, Монтана, Мэн, Невада, Нью-Мексико, Техас, Юта штаттары | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 750 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Аляска, Вашингтон, Джорджия, Колорадо, Мичиган, Нью-Йорк, Нью-Хэмпшир, Пенсильвания штаттары | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Гавай, Миннесота штаттары | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Иллинойс, Коннектикут, Массачусетс, Мэриленд, Нью-Джерси, Род-Айленд, Флорида, Колумбия Федеративтік округы штаттары | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 850 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Калифорния штаты | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
Бостон, Бруклин, Кембридж, Медфорд, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 130 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
27. | Түркия Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
28. | Германия Федеративтік Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
29. | Финляндия Республикасы | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
30. | Француз Республикасы | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Париж қаласы | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
31. | Малайзия Федерациясы | 400 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 75 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
32. | Чехия | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі (эконом-класс) | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
33. | Швейцария Конфедерациясы | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 90 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
34. | Жапония | 1000 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
Токио қаласы | 1100 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 900 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | |
35. | Словакия Республикасы | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі(эконом-класс) | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
36. | Беларусь Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі(эконом-класс) | 20 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
37. | Литва Республикасы | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі(эконом-класс) | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
38. | Әзербайжан Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
39. | Сербия Республикасы | 680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 680 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 60 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
40. | Бахрейн Корольдігі | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
41. | Біріккен Араб Әмірліктері | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 50 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
42. | Эстония Республикасы | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 675 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі (эконом-класс), Теміржол көлігі(эконом-класс) | 55 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
43. | Мексика Құрама Штаттары | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
44. | Чили Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 650 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 65 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
45. | Бразилия Федеративтік Республикасы | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 550 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 40 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
46. | Оңтүстік Африка Республикасы | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 45 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
47. | Хорватия Республикасы | 600 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
48 | Португалия Республикасы | 800 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 700 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | Әуе көлігі, эконом-класс | 70 АҚШ долларына балама сомадан артық емес |
49 | Қазақстан Республикасы* | 130 мың теңге | 150 мың теңге | - | - |
*Ескертпе: осы шығыс нормаларының 3-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін.
2. Әуе көлігін пайдаланғаны үшін жол жүру шығыстарын төлеуді конкурс жеңімпазының өтініші бойынша ғылыми тағылымдама әкімшісі билетті брондау сәтіндегі жол жүрудің ең төмен құны бойынша жүргізеді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдама өтетін орынға дейін жол жүру шығыстары виза алған күннен бастап және кері қайту ғылыми тағылымдамадан өткеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей төленеді. Визаны ресімдеу немесе ұзарту қажет болған жағдайды, оның ішінде Қазақстан Республикасында қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұратын жерінен және ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде кері қайту бойынша шығыстарды төлеуге жол берілмейді.
Шығыстар төлемі қосымша багажды алып жүруге ақы төлемей растайтын құжаттар негізінде нақты шығыстар:
1) Қазақстан Республикасының ішінде жол жүру бойынша – тікелей жүретін әуе және теміржол көлігін пайдаланғаны үшін (Қазақстан Республикасына келген сәттен бастап тұрғылықты жеріне дейін/тұрғылықты жерінен Қазақстан Республикасынан шыққан сәтке дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайды) – купе вагоны тарифінен аспайды (төмендегі жұмсақ диваны, қалыбын реттеу бойынша құрылғысы бар жұмсақ креслосы бар 2 орындық купелі вагонды (ЖВ), сондай-ақ "Турист" және "Бизнес" класты жүрдек пойызды қоспағанда), тас жол және қара жолдар бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін – сол жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша (такси көлігін қоспағанда);
2) Қазақстан Республикасынан тыс жол жүру бойынша – транзиттік әуежайларда/аймақтарда тікелей жүретін/ауысып отыратын әуе көлігін пайдаланғаны үшін (Қазақстан Республикасында тұратын жерінен ғылыми тағылымдамадан өткенге дейін және кері қайтқанға дейін жол жүру/ұшу сәтінен бастап әрбір транзиттік аймақта 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайтын) – экономикалық класс тарифі бойынша, теміржол көлігін пайдаланғаны үшін – экономикалық класс тарифі бойынша, тас жол және қара жолдар бойынша автокөлікті пайдаланғаны үшін – сол жердегі қолданыстағы жол жүру құны бойынша (такси көлігін қоспағанда) жүргізіледі.
Шығыстар сомасын есептеу конкурс жеңімпазының нақты орналасқан жеріндегі шығыстар нормасы бойынша жүргізіледі. Егер конкурс жеңімпазы бекітілген ғылыми тағылымдама бағдарламасында көзделген ғылыми тағылымдамадан өту уақытында ғылыми тағылымдамадан өту елінен өзгеше елде, штатта немесе қалада болса, елдер бөлінісінде шығыстар нормасының бекітілген тізімінде сондай бар болса, конкурс жеңімпазының нақты орналасқан жері елдер бөлінісінде мөлшерді айқындау үшін шығыстар нормасы бойынша есептеу жүргізіледі. Норматив болмаған жағдайда, есептеу ғылыми тағылымдамадан өту елінің шығыстар нормасына сәйкес жүргізіледі.
Ғылыми тағылымдамадан өткен елде тұруға және тамақтануға жұмсалатын шығыстардың ай сайынғы сомаларын есептеу кезеңі шақыру хатына (бірінші рет шығатындар үшін), тағылымдамадан өтудің бекітілген бағдарламасына, бірақ тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға арналған шартта белгіленген мерзімнен аспайтын, виза (DS-2019) ресімдеуге арналған иммиграциялық емес нысандарға сәйкес ғылыми тағылымдамадан өту елінде тағылымдамадан нақты өту кезеңі болып табылады.
Ғылыми тағылымдамадан өту елінде тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу әр күнтізбелік айға толық көлемде жүргізіледі.
Егер ғылыми тағылымдамадан өтудің жалпы мерзімінің бірінші немесе соңғы айындағы күндер саны күнтізбелік 3 (үш) күн немесе одан аз болса, онда осы айлар үшін есептеу жүргізілмейді.
Ғылыми тағылымдамадан өту кезеңінде ғылыми әдебиеттерін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың сомаларын есептеу ай сайын жүргізіледі.
Тұруға, тамақтануға және ғылыми әдебиетті сатып алуға арналған ай сайынғы шығыстарды есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілген шығыстар нормасына сәйкес ведомості құрастыру күніне валюта айырбастаудың нарықтық курсы бойынша жүргізіледі. Тұру мен тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын төлеу алдыңғы айдың 25-нен бастап ағымдағы айдың 5-не дейін жүргізіледі.
3. Ғылыми тағылымдамадан өтуін тоқтатқан, тоқтата тұрған жағдайда тағылымдамадан өтуі қашықтан оқыту және/немесе аралас оқу нысанына ауыстырылған кезде немесе тағылымдамадан өту елінде еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы атап айтқанда: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыс қимылдары, қоршаулар, эпидемиялар және басқа да мән-жайлар туындауының салдарынан, егер шарттық міндеттемелерді орындауға тікелей әсер етсе, мұндай әсер етуге кедергі болу мүмкін болмаған және қалыптасқан жағдайларға байланысты барлық ықтимал шаралар мен әрекеттер қабылданған жағдайда (бұдан әрі – еңсерілмейтін күш жағдайлары):
ғылыми тағылымдамадан өту орнынан Қазақстан Республикасында тұратын жеріне дейін және кері қайту жолына еңсерілмейтін күш жағдайлары аяқталғаннан кейін/ ғылыми тағылымдаманы қайта бастау үшін;
ғылыми тағылымдамадан өту орнынан және кері қайту жолына, визаны ресімдеуге немене ұзартуға қажеттілік болған жағдайда;
ғылыми тағылымдамадан өту елдерінің және/немесе шетелдік ұйымның талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеруді қоса алғанда, визаны (консулдық алымды) ресімдеу, ұзарту, виза (консулдық алымды) ресімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті көрсетілетін қызметтерді төлеу жүзеге асырылады.
Ғылыми тағылымдама өту елінде еңсерілмейтін күш жағдайларының туындауы салдарынан, ғылыми тағылымдамадан өтуді бір айдан астам мерзімге тоқтатқан, тоқтата тұрған жағдайда шетелде жүрген конкурс жеңімпазы, әуе және/немесе теміржол көлігі болған кезде Қазақстан Республикасының аумағына дереу қайтарылады.
Еңсерілмейтін күш жағдайларының пайда болуы салдарынан тұруға және тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын есептеу:
1) ғылыми тағылымдамадан өтуді тоқтату, тоқтата тұру, аяқтау және конкурс жеңімпазы стипендиатын Қазақстан Республикасына қайтып оралуына кедергі келтіретін жағдайлар туындаған;
2) шетелде тағылымдамадан өтуге алғаш рет кірісетін/жалғастыратын және тағылымдамадан өту елінің аумағында орналасқан тұлғалар үшін қашықтан оқыту және/немесе аралас оқыту нысаны, тағылымдамадан өте бастаған және/немесе осындай оқыту нысанына көшкен;
3) Қазақстан Республикасының аумағында ғылыми тағылымдамадан өтуге алғаш рет кірісетін/жалғастыратын тұлғалар үшін қашықтан оқытуды қолдана отырып тағылымдамадан өтіп жатқан;
4) шетелден Қазақстан Республикасының аумағына амалсыздан оралған және Қазақстан Республикасының аумағында тағылымдаманы жалғастыратын тұлғалар үшін қашықтан оқытуды қолдана отырып, ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан жағдайда жүргізіледі;
Бұл ретте тұру мен тамақтануға арналған шығыстардың ай сайынғы сомасын осы шығыстар нормасына сәйкес:
тағылымдаманы тоқтатқан, тоқтата тұрған, аяқтаған сәттен бастап осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін бір айдан аспайтын мөлшерде ғылыми тағылымдамадан өту елінің осы шығыстар нормасына сәйкес;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін ғылыми тағылымдамадан өту елінің осы шығыстар нормасына сәйкес;
осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасында ғылыми тағылымдамадан өту үшін көзделген нормативтерге сәйкес;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін ғылыми тағылымдамадан өту (тұруға) елінің және Қазақстан Республикасында ғылыми тағылымдамадан өту үшін көзделген нормативтерге (тамақтануға) сәйкес, осы шығыстар нормативі бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының аумағына мәжбүрлі түрде қайтып келген және Қазақстан Республикасының аумағында қашықтан оқытуды қолдана отырып, тағылымдаманы жалғастыратын конкурс жеңімпазы еңсерілмейтін күш жағдайлары кезеңінде тағылымдамадан өту елінде тұрғаны үшін шығыстарды төлеу бойынша міндеттемелердің бар екендігі туралы растайтын құжатты, атап айтқанда: тұрғын үйді жалдау шарты, сондай-ақ төлем туралы чектердің түпнұсқалары немесе төлем туралы түбіртектер, немесе банктің мөртабанымен немесе штрих/Quick Response (Квик респонс) кодымен/бантік электронды-сандық қолтаңбасымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе төлем фактісін растайтын шетелдік банктен ресми анықтама/хат ғылыми тағылымдама өту (тұру үшін) елінің нормативі бойынша осы төлемді жүзеге асыру үшін ұсынады.
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 4-қосымша |
Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қазақ және шет тілдерін білудің қажетті ең төменгі деңгейі
1. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін қазақ тілді меңгерудің қажетті ең төмен деңгейі В1 деңгейін (орташа деңгей) құрайды.
Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны берген В1 не одан жоғары деңгейде қазақ тілі (ҚАЗТЕСТ) бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында әзірленген QAZAQ RESMI TEST (ҚАЗАҚ РЕСМИ ТЕСТ) онлайн тестілеу жүйесінде B1 және одан жоғары деңгейімен қазақ тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы QAZAQ RESMI TEST (ҚАЗАҚ РЕСМИ ТЕСТ) ресми сертификатын, осы сертификаттың түпнұсқалығын тексеру үшін Quick Response (Квик Респонс) штрих-кодының болуы және www.qrt.kz. ресми сайтында үміткердің тестілеу нәтижелері туралы ақпаратты тексеру үшін үміткердің ID (АЙДИ) нөмірі ұсынылады.
2. Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлер үшін шет тілін білудің қажетті ең төменгі деңгейі:
№ | Ғылыми тағылымдамадан өту тілі * | Шет тілін білу деңгейі |
1. | Ағылшын |
IELTS: 9.0-ден 5.0 |
2. | Қытай | HSK 6-дан 3 деңгейі |
3. | Корей | TOPIK (level 3) |
4. | Неміс |
Goethe-Zertifikat B1, |
5. | Итальян |
CILS DUE B1 |
6. | Испан | DELE B1 |
7. | Орыс | Талап етілмейді |
8. | Француз | TCF 300-399 DELF B1 |
9. | Жапон | JLPT level N3 |
10. | Түрік | Tömer B1 |
Ескерту:
Осы кестеде ғылыми тағылымдамадан өту тілі болмаған жағдайда, шет тілін білу деңгейі CEFR стандартына сәйкес B1 деңгейінен төмен емес ресми жарамды халықаралық сертификатпен расталады.
Қолданыстағы аббревиатуралардың транскрипциясы:
IELTS (International English Language Testing System - Интернэйшэнал Инглиш Лэнгуич Тестинг Систэм) - ағылшын тілі бойынша білімін тестілеудің халықаралық жүйесі;
TOEFL (Test of English as a Foreign Language - Тест оф Инглиш ас э Форейн Лэнгуич) - шет тілі ретінде ағылшын тілі бойынша тест мынадай түрлерге бөлінеді:
1) PBT (Paper-based test - Пэйпер-бэйзд тест) - қағаз жеткізгіштегі ресми тест;
2) ITP (Institutional Testing Program – Инститьюшнал тестинг программ) - қағаз жеткізгіштегі ресми тест;
3) IBT (Internet-based test - Интернет-бейзд тест) - Интернет арқылы тапсырылатын ресми тест.
DET (Duolingo English test) (Дуолинго Инглиш тест) - бейне әңгімелесу және нәтижелерді жылдам өңдеу арқылы ағылшын тілін білуді анықтау бойынша онлайн-тест.
IELTS Indicator (International English Language Testing System - Интернэйшэнал Инглиш Лэнгуич Тестинг Систэм индикаторы) - Covid-19 пандемия кезеңінде Британдық Кеңес ұйымдастырған ағылшын тілін білуді анықтау бойынша онлайн-тест.
Goethe-Zertifikat (Гете Цертификат) - Неміс тілін білуін растау үшін қажетті Гете-Институтының сертификаты. Гете-институтында сертификат алу үшін емтиханды Гете-институттарында да, біздің әріптестеріміз болып табылатын емтихан алу орталықтарында да тапсырылады;
OnSet (ОнСэт) - неміс тілі деңгейін анықтауға арналған тест;
DSH (Deutsche Sprachprüfung für den Hochschulzugang - Дойч Шпрахпрюфунг фюр ден Хохшульцуганг) - DSH емтиханы Германиядағы жоғары оқу орындарының біріне түсу үшін қажет. DSH емтиханы Германия жоғары оқу орындарында кезекті семестрлер басталғанға дейін 3-4 апта бұрын тапсырылады;
TestDaF (Test Deutsch als Fremdsprache - Тест Дойч альс Фремдшпрахэ) - Тест DaF Германияда оқу үшін қажетті неміс тілі деңгейін тексеретін тест. Бұл емтиханды әлем бойынша лицензияланған орталықтарда, сонымен қатар, Қазақстанда тапсырылады;
CILS (Certificazione di Italiano come Lingua Straniera - Цертификационе ди Итальяно комэ Лингуа Страниера) - шет тілі ретінде итальян тілін білу деңгейін растаушы сертификат;
CELI (Certificatos di Conoscenza della Lingua Italiana - Цертификатос ди Коношэнза делльа Лингуа Итальяна) - шет тілі ретінде итальян тілін білу сертификаты;
DELE (Diplomas de Español como Lengua Extranjera - Дипломас дэ Эспаньол комо Лингуа Икстранхера) - шет тілі ретінде испан тілін білу сертификаты;
TCF (Test de connaissance du français - Тест де конэсонс дью фронсэ) - француз тілін білу тесті;
DELF (Diplome d'Etudes en Langue Francaise - Дипломэ тьюд он Лонг Фронcэз) - француз тілін білуі туралы диплом;
HSK (Hanyu Shuiping Kaoshi - Ханьюй Шуйпин Каоши) - шетелдіктерді, қытай эмигранттарын және аз ұлттар өкілдерін қоса алғанда, қытай тілінде сөйлемейтін адамдардың қытай тілін білу деңгейін сертификаттауға арналған ҚХР мемлекеттік емтиханы;
TOPIK (Test of Proficiency in Korean - Тест оф Профишэнси ин Кориан) - корей тілін білу деңгейін анықтау емтиханы;
JLPT (Japanese Language Proficiency Test - Джапанис Лэнгуич Профишэнси Тест) - жапон тілін білу деңгейін анықтау емтиханы;
Tömer (Türkçe ve Yabancı Dil Uygulama ve Araştırma – Тюркче вэ Яванджи Диль Уйгулама вэ Араштырма) – түрік тілінен деңгейін анықтау емтиханы;
CEFR (Common European Framework of Reference – Комон Европин Фреймок оф Референс) – Еуропалық Одақта қолданылатын шет тілін меңгеру деңгейлерінің жүйесі.
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 5-қосымша |
Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы
Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы міндетті түрде мыналарды қамтиды:
1. Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
2. Өтетін ел;
3. Шетелдік ұйымның атауы;
4. Мерзімі және ұзақтығы;
5. Ғылыми тағылымдамадан өту үшін ғылыми зерттеулердің басым бағыттар тізбесіне сәйкес мамандығы;
6. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша тақырыбы;
7. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша өзектілігі және жаңалығы;
8. Мақсаты;
9. Міндеттері;
10. Өту кезеңдері;
11. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша зерттеу объектісі;
12. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша қолданылатын зерттеу әдістері;
13. Материалдық-техникалық құралдар;
14. Тізбеден таңдаған мамандық бойынша күтілетін нәтижелер;
15. Ғылыми зерттеу әдістерін, ғылыми зерттеу тақырыбын қалыптастыруды, ғылыми жұмысты жоспарлауды, теориялық-эксперименттік зерттеулерді талдауды және қорытындыларды тұжырымдауды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған академиялық хатты қамтитын модульдер;
Тағылымдаманың жоспар-кестесі:
№ | Іс-шаралар атауы | Іс-шараларды өткізу мерзімдері | Тізбеден таңдаған мамандық бойынша қолданылатын технологиялар мен зерттеу әдістері | Есептілік нысаны | |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 6-қосымша |
Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған ҮЛГІЛІК ШАРТ | ТИПОВОЙ ДОГОВОР на прохождение научной стажировки | |
Астана қаласы 20__ж "___" ___________ |
Город Астана "___" _______ 20 года | |
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ |
1. ПРЕДМЕТ ДОГОВОРА | |
2. ТАРАПТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ |
2. ОБЯЗАННОСТИ И ПРАВА СТОРОН | |
3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ |
3. ОБЩАЯ СУММА ДОГОВОРА И ПОРЯДОК ОПЛАТЫ | |
4. ШАРТТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРТТАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ |
4. УСЛОВИЯ И ВИДЫ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ДОГОВОРА | |
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ |
5. ОТВЕТСТВЕННОСТЬ СТОРОН | |
6. ШАРТТЫ БҰЗУ ШАРТТАРЫ |
6. УСЛОВИЯ РАСТОРЖЕНИЯ ДОГОВОРА | |
7. ЕҢСЕРІЛМЕС КҮШ ЖАҒДАЙЫ |
7. ОБСТОЯТЕЛЬСТВА НЕПРЕОДОЛИМОЙ СИЛЫ | |
8. ӨЗГЕ ДЕ ШАРТТАР |
8. ПРОЧИЕ УСЛОВИЯ |
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН
"ОРТАЛЫҚ"/"ЦЕНТР" |
"КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ"/ |
"ЖҰМЫС БЕРУШІ"/ |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Ғылыми тағылымдамадан өту туралы келісімге КЕПІЛДІК ШАРТ
Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған |
ДОГОВОР ГАРАНТИИ |
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЛАРЫ, РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ/ АДРЕСА, РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН
"ОРТАЛЫҚ"/"ЦЕНТР" |
"Кепілдік беруші" /" Гарант" |
Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Ғылыми тағылымдамадан өту туралы есеп
Конкурс жеңімпазының Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда):
_______________________________
Ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған ғылыми зерттеудің бағыты:
________________________________________
Есеп (аралық/қорытынды) (керегінің астын сызу)
№ р/с | Ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасы | Ескертпе | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Ғылыми тағылымдамадан өтетін елі | ||
2 | Шетелдік ұйым | ||
3 | Ұзақтығы | ||
4 | Мамандығы | ||
5 | Тақырыбы | ||
6 | Тапсырмалар | ||
7 | Өзектілігі (конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, форумдарға және басқа қатысу) және жаңалығы | ||
8 | Мақсаттары | ||
9 | Пайдаланылатын зерттеу әдістері | ||
10 | Материалдық-техникалық құралдар | ||
11 | Қол жеткізген нәтижелері (халықаралық ғылыми басылымдарға берілген мақалалар, патенттер, монографиялар және т.б.) | ||
12 | Тағылымдама бағдарламасына және ғылыми тағылымдамадан өту жоспар-кестесіне сәйкес қойылған міндеттерді орындау | ||
13 | Қазақстан Республикасында тағылымдама нәтижелерін енгізу жолдары |
Ескертпе:
Конкурс жеңімпазы ___________________ ___________________
(қолы) Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)
Шетелдік ұйым жетекшісі ___________________ ___________________
(қолы) Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)