"Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 16 мамырда № 34377 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 344 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22020 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жолдаманы беру электрондық сатып алуды және жолдаманы қалыптастыруды қамтамасыз ететін сервистік бағдарламалық өнімдер (бұдан әрі – сервис) арқылы жүзеге асырылады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жолдама сервис арқылы электрондық құжат түрінде беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

  Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 13 мамырдағы
№ 99 бұйрығына
қосымша
  Заңды тұлға мәртебесі бар
ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар құрамына енетін су
объектілерінде әуесқойлық
(спорттық) балық аулауды,
мелиорациялық аулауды,
ғылыми-зерттеу мақсатында
аулауды, өсімін молайту
мақсатында аулауды жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыруға жолдама

Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі
комитетінің _______________________
(мекеменің атауы)

ТҮБІРТЕК №_______

"_____________________"
республикалық мемлекеттік
мекемесі
Кімге берілді ______________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/
ұйымның атауы)
Бір реттік/маусымдық
__________________
Жолдама құны _____________ теңге
Мөлшері ______ (килограмм)
Балық түрі ________________
Су айдынының және учаскенің
атауы ____________________
Көлік ____________________
(түрі, маркасы, мемлекеттік нөмірлік белгісі)
Қолданылу мерзімі:
20__ж. "_" _____ және
20__ж. "__" _____ аралығында
Берілген күні 20_ ж. "__"_____
Жолдаманы алдым,
Қағидалармен таныстым
__________________________
(Балық аулаушының Т.А.Ә.,
(бар болған жағдайда)
___________________қолы)
Жолдаманы берген
_______________________
(Т.А.Ә., бар болған жағдайда)
___________________
(қолы)

Қазақстан Республикасының Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар
дүниесі комитетінің
_________________________
(мекеменің атауы)

ЖОЛДАМА № _____

"_______________________"
республикалық мемлекеттік мекемесі
Кімге берілді _______________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)/
ұйымның атауы)
Бір реттік/маусымдық
__________________
Жолдама құны _____________ теңге
Мөлшері ______ ( килограмм)
Балық түрі________
Су айдынының және учаскенің
атауы ____________________
Көлік ____________________
(түрі, маркасы,мемлекеттік
нөмірлік белгісі)
Қолданылу мерзімі:
20__ж. "_" __________ және
20__ж. "__" _____ аралығында
Берілген күні 20_ ж. "__"________________
Аумаққа кіру кезінде көлікті
жете тексерген мемлекеттік
инспектор ________________
(Т.А.Ж., бар болған жағдайда)
___________қолы)
Аумақтан шығу кезінде ауланған
балық көлемін тексерген
мемлекеттік инспектор
________________
(Т.А.Ә., бар болған жағдайда,
_________________ қолы)

ЖОЛДАМАНЫҢ сыртқы беті
Балық аулау туралы мәліметтер

Күні

Балық түрі

Мөлшері (килограмм)








ЖИЫНЫ:



 
Мемлекеттік инспектор
________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
________________________ (қолы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады