"Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 мамырда № 34379 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларын және Пайдалы қазбалар қорларын мемлекеттік есепке алу бойынша ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 393 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17053 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларында:

      19-тармақта екінші және үшінші абзацтар алынып тасталсын;

      22-тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Кен орнын жою немесе консервациялау кезінде есептен шығару немесе оларды қазіргі уақытта пайдалану экономикалық тұрғыдан тиімсіз немесе техникалық және технологиялық тұрғыдан мүмкін емес, бірақ одан әрі баланстық (рентабельді) қорларға (минералды қорларға) ауыстырылуы мүмкін қалған қорларды баланстан тыс қорларға немесе ресурстарға ауыстыру жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы немесе KAZRC-ге сәйкес дайындалған құзыретті тұлғаның есебі негізінде жүзеге асырылады.";

      24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "24. Кен орнының қорларын оларды өндіру, өндіру кезіндегі ысыраптар нәтижесінде, сондай-ақ пайдалы қазбалардың ресурстарын және (немесе) қорларын, перспективалы минералдану туралы геологиялық-экономикалық деректерді қайта бағалау кезінде жыл сайынғы мемлекеттік есепке алу есепті жылы өндірілген пайдалы қазбалар бойынша есептілікке, сондай-ақ әр жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде осы Қағидаларға 11-1, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ұсынылған деректерге негізделеді.";

      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік есепке алу осы Қағидаларға 29-қосымшаға сәйкес пайдалы қазбаның әрбір түрі бойынша өлшем бірліктерінде жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 26 тармақпен толықтырылсын:

      "1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12-қосымшаларда объектілердің ортасының және контурларының бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары көрсетіледі. 4-қосымшада кен пайда болу орталығының географиялық координаттары көрсетіледі.";

      Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларына 1-қосымшада:

      36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. Өнеркәсіптік емес кен денелері (Өнеркәсіптік емес минералдану)";

      42-кестенің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "42. МҚК бойынша негізгі пайдалы қазбалар";

      49-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "KAZRC бойынша ресурстар мен қорлар";

      мынадай мазмұндағы 52.1-тармақпен толықтырылсын:

      "KAZRC бойынша аршылған және төселген жыныстардағы кең таралған пайдалы қазбалардың қорлары:";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын "Ресурстар және (немесе) қорлар туралы өзге де деректер:";

      Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларына 2-қосымшада:

      52-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын "KAZRC бойынша ресурстар мен қорлар";

      53-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын "KAZRC бойынша негізгі пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары";

      54-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын "KAZRC бойынша ілеспе пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары";

      55-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын "KAZRC бойынша аршылған жыныстардағы және қосалқы жыныстардағы пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары";

      Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларына 3-қосымшада:

      37-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын "KAZRC бойынша негізгі пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары";

      38-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын "KAZRC бойынша ілеспе пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары";

      40, 41, 42-тармақтар алып тасталсын;

      44-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "44. Ресурстар мен қорлар туралы өзге де деректер";

      Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларына 4-қосымшада:

      27-кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдалы қазбалар

Пайдалы қазбалар

Құрамының өлшем бірлігі

Құрамы

Қорлардың өлшем бірлігі

Минералдану потенциалы

бастап / дейін

орташа

1

2

3

4

5

6







      ";

      Мемлекеттік жер қойнауы қорының бірыңғай кадастрын жүргізу қағидаларына 6-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы 33.1-тармақпен толықтырылсын:

      "KAZRC бойынша көмір (тақтатас) ресурстары мен қорлары:";

ҚПҚ

Балансты есепке алу

Өлшем бірлігі

Қорлар

Ресурстар

Дәлелденген

ықтимал

өлшенген

анықталған

болжалды

1

2

3

4

5

6

7

8









      ";

      мынадай мазмұндағы 33.2-тармақпен толықтырылсын:

      "KAZRC бойынша аршылған жыныстарда және астыңғы жыныстарда кең таралған пайдалы қазбалардың қорлары:";

ҚПҚ

Балансты есепке алу

Өлшем бірлігі

Қорлар

Ресурстар

Дәлелденген

ықтимал

өлшенген

анықталған

болжалды

1

2

3

4

5

6

7

8









      ";

      36-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "36. МҚК кондициясы";

      осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2024 жылғы 15 мамырдағы
№ 170 Бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік жер қойнауы
қорының бірыңғай кадастрын
жүргізу қағидаларына
29-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Қорлардың өлшем бірліктерін көрсете отырып, қорлардың жиынтық баланстары жасалатын пайдалы қазбалардың тізбесі

№ р/с

Баланстың атауы

Өлшем бірліктері

Металл пайдалы қазбалар
(жабық)

1

Ванадий

кен, мың т/V2O5, мың т, құмдар, мың м3

2

Гафний

кен, мың т/гафний, т

3

Индий

кен, мың т/индий, т

4

Осмий

кен, мың т/осмий, кг

5

Сирек жер элементтері

кен, мың т/сирек жерлер, т

6

Рений

кен, мың т/рений, т

7

Селен

кен, мың т/селен, т

8

Скандий

кен, мың т/скандий, т /Sc2O3

9

Таллий

кен, мың т/таллий, т

10

Теллур

кен, мың т/теллур, т

Металл пайдалы қазбалар
(ашық)

11

Бериллий

кен, мың т /ВеО-т

12

Бокситтер

кен, мың т

13

Висмут

кен, мың т/висмут, т

14

Вольфрам

кен, мың т/құмдар, мың м3/WO3, т

15

Галий

кен, мың т/галлий, т

16

Германия

кен, мың т/германий, т

17

Темір рудалары

мың т

18

Алтын

кен, мың т/ алтын-кг

19

Кадмий

кен, мың т/кадмий, т

20

Литий

кен, мың т/Li2O, мың т

21

Марганец кендері

мың т

22

Мыс

кен, мың т/мыс, мың т

23

Молибден

кен, мың т/молибден, т

24

Мышьяк

кен, мың т/ мышьяк, мың т

25

Никель, кобальт

кен, мың т/никель, мың т/кобальт, т

26

Қалайы

кен, мың т/құм, мың м3/қалайы, т

27

Сынап

кен, мың/сынап, т

28

Қорғасын, мырыш

кен, мың т/қорғасын, мырыш, мың т

29

Күміс

кен, мың т/күміс- т

30

Стронций

кен, мың т/SrO, мың т

31

Тантал, ниобий

кен, мың т/құмдар, мың м3/Та2О5, Nb2O5, т

32

Титан, цирконий

кен, мың т//құмдар, мың м3/TiO2, мың т

кен, минерал, мың т/құмдар, мың м3/ZrO2, мың т

33

Уран

кен, мың т/уран, т

34

Хром кендері

кен, мың т

35

Цезий

кен, мың т/цезий, т

Металл емес пайдалы қазбалар

36

Алмаздар

кен, мың т/құм, мың м3/алмас, мың карат

37

Алуниттер

кен, мың т

38

Асбест

кен, мың т/ асбест, мың т

39

Бариттер

кен, мың т

40

Бор кендері

кен, мың т/В2О3, мың т

41

Бром

тас тұзы мен көлдердегі қорлар, мың т; терең суларда, мың м3/тәулік

42

Вермикулит

кен, мың т/ вермикулит, мың т

43

Волластонит

кен, мың т/волластонит, мың т

44

Гипс және ангидрит

мың т

45

Бентонитті саздар

мың т

46

Қыш ыдыстардың балшықтары

мың т

47

Отқа төзімді саздар

мың т

48

Отқа төзімді саздар

мың т

49

Графит

кен, мың т/ графит, мың т

50

Топырақтар

мың м3

51

Металлургияға арналған доломит

мың т

52

Флюстік әктастар

мың т

53

Аралау тастары

мың м3

54

Құрылыс тастары

мың м3

55

Каолин және фарфор тас

мың т

56

Әкті жағуға арналған карбонатты шикізат

мың т

57

Қант, шыны және целлюлоза-қағаз өнеркәсібіне арналған карбонатты шикізат

мың т

58

Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарына арналған карбонатты шикізат

мың т

59

Химия өнеркәсібіне арналған карбонатты шикізат

мың т

60

Кварц және кварциттер

кен, мың т/ кварцит, мың т

61

Кварц шикізаты

пьезооптикалық кварц, кг/мбл; кристалды шикізат, балқытуға арналған тас кристалы, т; түйіршіктелген және сүтті ақ кварц, мың т

62

Керамзит және аглопорит шикізаты

мың м3

63

Кірпіш шикізаты

мың м3

64

Минералды бояулар

мың т

65

Кремнийлі (кристобалит-опал шикізаты)

мың м3

66

Бор

мың т

67

Ұсақ өлшемді мусковит

слюда - кенжар шикізаты, т

68

Өңделген кеңістікті толтыруға арналған минералды шикізат

мың м3

69

Балқымалы шпат, кешенді фосфорит кендеріндегі фтор

кен, мың т/ CaF2, мың т

70

Дала шпаты шикізаты және волластонит

мың т

71

Перлитті шикізат

мың м3

72

Құрылыс құмдары

мың м3

73

Құмды-қиыршықтасты материал

мың м3

74

Қалпына келтіруге арналған топырақ-өсімдік қабаты

мың м3

75

Табиғи қаптамалы тастар

мың м3

76

Жанғыш тақтатастар

мың т

77

Калий тұздары

шикі тұздар, К2О есептегендегі мың т/ тұздар, мың т

78

Магний тұздары

шикі тұздар, мың т/ MgCl2, мың т

79

Күкірт

кен, мың т/күкірт, мың т

80

Сүрме

кен, мың т/сүрме, т

81

Натрий сульфаты

шикі тұздар, мың т; рапа мың м3, тұздықтар, м3/тәу, тұзды ерітіндіден Na2SO4 алу, мың т

82

Ас тұзы

тас және рапстағы, мың т; тұздықтар, м3/тәулік

83

Шыныдан жасалған құрамында кварц бар шикізат

мың т

84

Минералды мақта өндіруге және тас құюға арналған шикізат

мың т

85

Тальк, тальк тасы және пирофиллит, магнезит

кен, мың т/тальк тасы, мың; пирофиллит, магнезит, мың т

86

Көмір

мың т

87

Бұрғылау ерітінділеріне арналған ауырлатқыш (целестин)

мың т

88

Қалыптау материалдары

мың т

89

Фосфорит кендері

кен, мың т/Р2О5, мың т

90

Оптикаға арналған флюориттік шикізат

шикі, т / минерал, кг

91

Түрлі-түсті тастар, халцедон, абразивті шикізат

асыл, жартылай асыл және сәндік тастар:


изумруд, жақұт, лағыл-карат;


аквамарин, топаз, тау хрусталы, марион, турмалин, агат, нефрит-кг


халцедон, яшма, агалматолит, малахит, лазурит, гагат -т

92

Цеолиттер

кен, мың т/ цеолиттер, кендегі құрамы %

93

Цементтік шикізат

мың т

Көмірсутектер

94

Газ

млн.м3

95

Мұнай

мың т

96

Гелий

мың м3

97

Конденсат

мың т

98

Метан

млн.м3

99

Бос газдағы этан, пропан, бутан

мың т

100

Еріген газдағы этан, пропан, бутан

мың т

101

Асфальтиттер, битумдар, киралар

мың т

Су

102

Минералды сулар

тәулігіне м3

103

Жерасты сулары

тәулігіне мың м3

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      т – тонна;

      м3 – шаршы метр;

      млн – миллион:

      кг – килограмм;

      мбл – миллиламберт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады