"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 27 мамырдағы № 121 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № 26 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 31 мамырда № 34430 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына (Нормативтік – құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12777 болып тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру бөлігінде білім беру жүйесін бағалау және тәуекелдерді басқару өлшемшарттарына:

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарын бұзу дәрежесіне:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 35-жолмен толықтырылсын:

      "

35

Жас ерекшелігі бойынша топтарды жасақтау кезінде жас кезеңділігін сақтау

өрескел

      ";

      Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарын бұзу дәрежесіне:

      реттік нөмірлері 5, 6, 7, 8, 9 және 10-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

5

Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткен кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы.
Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтерінің жалпы санынан үлесі кемінде 90% құрауы.
Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің жалпы санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі:
1) бастауыш білім беру деңгейінде шағын жинақталған және арнайы мектептер үшін кемінде 20%; жалпы білім беретін мектептер үшін кемінде 25%;
2) негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде шағын жинақталған және арнайы мектептер үшін кемінде 25%; жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін кемінде 35%; лицейлер үшін кемінде 40%, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30%; гимназиялар үшін кемінде 40%, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30%; дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін кемінде 45%, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкестігі.

өрескел

6

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартына сәйкес медициналық қызметке лицензияның немесе балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.
Балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жасалған жағдайда, білім беру ұйымын өндірістік база ретінде көрсете отырып, лицензияға қосымшаның болуы.

елеулі

7

Кітапхана қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларға және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиет кітапханалық қорының болуы. Болжалды білім алушылар контингентіне арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бір оқушыға арналған оқулықтар жиынтығының болуы.

болмашы

8

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде ғимараттарда (оқу корпустарында) білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.

елеулі

9

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.
Спорт залының және/немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ автокөлік жолдарының, теміржол жолдарының қиылысын қамтитын жерде болуын қоспағанда, объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болған жағдайда спорт залын және/ немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі.

елеулі

10

Компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен, оқу пәндік кабинеттермен, зертханалармен (шағын жинақталған мектептер, арнайы мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары жанындағы мектептер үшін физика, химия, биология пәндері бойынша ұсынылатын оқу-зертханалық жабдықтардың болуы жеткілікті), спорт залдарымен жабдықталуы; edu.​kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы; жабдықтар мен жиһаздардың болуы; жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру; ғимаратта денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздардың, қол жуатын раковиналардың) болуы; 400 оқушыға дейін интернеттің ең аз жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с, оған қосымша бір ауысымдағы контингент санын ескере отырып, әрбір 20 оқушыға 1 Мбит/с.
Білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.

елеулі

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:

      "

17

Тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейін және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.

өрескел

      ";

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарын бұзу дәрежелеріне:

      реттік нөмірлері 8, 9, 10, 11, 12 және 13-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

8

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, кәсіптік стандартқа (болған жағдайда) сәйкес келетін білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының болуы.
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (болған жағдайда), кәсіптік стандартқа (болған жағдайда) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
"Педагог" кәсіптік стандартына, тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларына, бағдарламаларына (болған жағдайда) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкес білім беру саласында мамандарды даярлау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының болуы.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламасының сәйкестігі.

өрескел

9

Даярланатын мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне және (немесе) модульдеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне және (немесе) модульдеріне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 36 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы.
Негізгі жұмыс орны лицензият болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі – кемінде 10 %.
Даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50%.
Даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.

өрескел

10

Даярланатын мамандық бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесі – кемінде 30%, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында - кемінде 40%.
Даярланатын мамандық бойынша негізгі жұмыс орны лицензият болып табылатын педагогтер санынан соңғы 3 жылда ұйымдарда және/немесе өндірісте көлемі кемінде 36 сағат болатын тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жоғары білімі бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша, бейіндік пәндер бойынша – бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе дін саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, дін саласындағы семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің даярланатын мамандық бойынша педагогтер санынан кемінде 50 %.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %.

Өрескел

11

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, даярланатын мамандық бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.

елеулі

12

Даярланатын мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай–ақ интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жабдықталуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымының құрылымында симуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы.
Қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдер мен басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу – материалдық базасын бірлесіп пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен меморандумдардың болуы.

елеулі

13

Толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық бойынша практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы.

болмашы

      ";

      реттік нөмірі 18-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

18

Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдай жасау (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жатақханалармен, және/немесе хостелдермен, және/немесе қонақ үйлермен қамтамасыз ету).

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 19-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

19

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде білім беру саласындағы мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандарды даярлау үшін білім беру саласында кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласында мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде денсаулық сақтау саласындағы мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау саласында кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.

өрескел

      ";

      реттік нөмірі 21-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

21

Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, колледждер даярланатын мамандық бойынша білім алушыларды қабылдауды 3 жылда кемінде 1 рет жүзеге асыруы.

болмашы

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 25-жолмен толықтырылсын:

      "

25

Тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейін және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.

өрескел

      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес бiлiм беру жүйесiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бөлігінде бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты тексеру парағында:

      1-кіші бөлімінің Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2

Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткен кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтерінің жалпы санынан үлесі кемінде 90% құрауы. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің жалпы санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі бастауыш білім беру деңгейінде шағын жинақталған және арнайы мектептер үшін кемінде 20 %; жалпы білім беретін мектептер үшін кемінде 25 %.
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкестігі.



3

Кітапхана қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларға және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиет кітапханалық қорының болуы. Болжалды білім алушылар контингентіне арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бір оқушыға арналған оқулықтар жиынтығының болуы.



4

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартына сәйкес медициналық қызметке лицензияның немесе балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.
Балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жасалған жағдайда, білім беру ұйымын өндірістік база ретінде көрсете отырып, лицензияға қосымшаның болуы.



5

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде ғимараттарда (оқу корпустарында) білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.



6

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.
Спорт залының және/немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ автокөлік жолдарының, теміржол жолдарының қиылысын қамтитын жерде болуын қоспағанда, объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болған жағдайда спорт залын және/ немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі.



7

Компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен, оқу кабинеттерімен, зертханалармен, спорт залдарымен жабдықталуы, edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың, жабдықтар мен жиһаздардың, жеке пайдалану үшін жабдықталған шкафтардың болуы; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру; ғимаратта денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздардың, қол жуатын раковиналардың) болуы; 400 оқушыға дейін интернеттің ең аз жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с, оған қосымша бір ауысымдағы контингент санын ескере отырып, әрбір 20 оқушыға 1 Мбит/с.
Білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.



8

Тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейін және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.



      ";

      2-кіші бөлімінің Негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2

Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткен кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтерінің жалпы санынан үлесі кемінде 90% құрауы. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтердің жалпы санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде шағын жинақталған және арнайы мектептер үшін кемінде 25%; жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер үшін кемінде 35%; лицейлер үшін кемінде 40%, оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30%; гимназиялар үшін кемінде 40%, оның ішінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогтердің үлесі кемінде 30%; дарынды тұлғаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін кемінде 45%, оның ішінде аудандық және/немесе облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагогтер (болған жағдайда).
Білім беру ұйымы басшысының және педагогтерінің білімі, жұмыс өтілі педагог лауазымдарының біліктілік сипаттамалары талаптарына сәйкестігі.



3

Кітапхана қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларға және білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізбесіне сәйкес оқу және көркем әдебиет кітапханалық қорының болуы. Болжалды білім алушылар контингентіне арналған оқу жұмыс жоспарына сәйкес бір оқушыға арналған оқулықтар жиынтығының болуы.



4

Ғимараттардың (оқу корпустарының) жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Орта білім беру ұйымдарында медициналық көмек көрсету стандартына сәйкес медициналық қызметке лицензияның немесе балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарттың болуы.
Балаларға медициналық қызмет көрсету құқығымен медициналық қызметке лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымымен шарт жасалған жағдайда, білім беру ұйымын өндірістік база ретінде көрсете отырып, лицензияға қосымшаның болуы.



5

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде ғимараттарда (оқу корпустарында) білім алушылар үшін тамақтану объектісінің болуы. Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарттың болуы.



6

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтеріне және төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган бекіткен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу.
Спорт залының және/немесе спорт объектісінің білім беру ұйымы ғимаратынан 1000 метрден астам қашықтықта, сондай-ақ автокөлік жолдарының, теміржол жолдарының қиылысын қамтитын жерде болуын қоспағанда, объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болған жағдайда спорт залын және/ немесе спорт объектісін жалға алуға рұқсат етіледі.



7

Компьютерлік сыныптармен, интернет желісіне қосылған компьютерлермен, оқу пәндік кабинеттермен, зертханалармен (шағын жинақталған мектептер, арнайы мектептер, оқу-сауықтыру орталықтары жанындағы мектептер үшін физика, химия, биология пәндері бойынша ұсынылатын оқу-зертханалық жабдықтардың болуы жеткілікті), спорт залдарымен жарақтандырылуы; edu.​kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы; жабдықтар мен жиһаздардың болуы; жеке пайдалануға арналған жабдықталған шкафтардың болуы; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес ауыз су режимін ұйымдастыру; ғимаратта денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған санитариялық қағидаларға сәйкес келетін санитариялық тораптардың (унитаздардың, қол жуатын раковиналардың) болуы; 400 оқушыға дейін интернеттің ең аз жылдамдығы кемінде 20 Мбит/с, оған қосымша бір ауысымдағы контингент санын ескере отырып, әрбір 20 оқушыға 1 Мбит/с.
Білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы.



8

Тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейін және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.



      ";

      көрсетілген бірлескен бұйрыпен бекітілген Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес бiлiм беру жүйесiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлігінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты тексеру парағында:

      реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, кәсіптік стандартқа (болған жағдайда) сәйкес келетін білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының болуы.
Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін денсаулық сақтау саласындағы Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (болған жағдайда), кәсіптік стандартқа (болған жағдайда) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі.
"Педагог" кәсіптік стандартына, тәрбие мен оқытудың және/немесе бастауыш, негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын ескере отырып, үлгілік оқу жоспарларына, бағдарламаларына (болған жағдайда) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкес білім беру саласында мамандарды даярлау үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының болуы.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісілген жалпы білім беретін және діни пәндерді қамтитын білім беру бағдарламасының сәйкестігі.



2

Даярланатын мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне және (немесе) модульдеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне және (немесе) модульдеріне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 36 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы.
Негізгі жұмыс орны лицензият болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі, даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70%, оның ішінде медициналық білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін, мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан қолданбалы бакалавриат, магистратура деңгейі бар мейіргерлерден педагогтердің үлесі – кемінде 10 %.
Даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50%.
Даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі – кемінде 50 %.



3

Даярланатын мамандық бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесі – кемінде 30%, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында - кемінде 40%.
Даярланатын мамандық бойынша негізгі жұмыс орны лицензият болып табылатын педагогтер санынан соңғы 3 жылда ұйымдарда және/немесе өндірісте көлемі кемінде 36 сағат болатын тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жоғары білімі бар, жалпы білім беретін пәндер бойынша, бейіндік пәндер бойынша – бейіні бойынша жоғары білімі бар және/немесе дін саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, дін саласындағы семинарияны немесе медресені бітірген педагогтердің даярланатын мамандық бойынша педагогтер санынан кемінде 50 %.
Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында даярланатын мамандық бойынша педагогтердің жалпы санынан магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі – кемінде 10 %.



4

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, даярланатын мамандық бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиетті, кітапханалық қорының болуы.
Рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы.



5

Даярланатын мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларына сәйкес оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай–ақ интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жабдықталуы.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымында симуляциялық кабинеттің (орталықтың) болуы. Қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары үшін әскери бөлімдер мен басқа да әскери оқу орындарының оқу-материалдық базасын пайдалану туралы ведомстволық бұйрықтың, әскери кафедралардың оқу – материалдық базасын бірлесіп пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен меморандумдардың болуы.



6

Толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық бойынша практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы.



      ";

      реттік нөмірлері 12 және 13-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

12

Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде білім беру саласындағы мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандарды даярлау үшін білім беру саласында кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласында мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде денсаулық сақтау саласындағы мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, денсаулық сақтау саласында кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы.



13

Жаңадан ашылатын білім беру ұйымдарын қоспағанда, колледждер даярланатын мамандық бойынша білім алушыларды қабылдауды 3 жылда кемінде 1 рет жүзеге асыруы.



      ";

      реттік нөмірі 15-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

15

Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған қағидаларға сәйкес мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдайлар жасау (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес жатақханалармен, және/немесе хостелдермен, және/немесе қонақ үйлермен қамтамасыз ету).



      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-жолмен толықтырылсын:

      "

17

Тиісті бейіні бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды 3 жылда кемінде 1 рет 36 сағаттан кем емес көлемінде қамтамасыз ету. Білім беру ұйымдарының басшылары үшін тиісті бейін және білім беру саласында менеджмент бойынша біліктілікті арттыру - 3 жылда кемінде 1 рет.



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
Н. Байбазаров
     
      Қазақстан Республикасы оқу-ағарту
министрінің міндетін атқарушы
Н. Жумадильдаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады