"Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 30 мамырдағы № 199 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 маусымда № 34460 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 333 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11119 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау және "Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау тәртібін және жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, сондай-ақ Мемлекеттік жылжымалы құрам тізілімінен алып тастау мемлекеттік қызмет көрсетуді айқындайды.

      2. Бірыңғай мемлекеттік деректер банкін қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында көзделген қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді), сондай-ақ Қазақстан Республикасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығаруды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – тіркеуші орган) жүзеге асырады.";

      16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жеке (оның ішінде жеке кәсіпкер) және заңды тұлғаның тіркелген орнын бір қаладан басқа қалаға ауыстыру;";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде оны көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.

      Көлік саласындағы уәкiлеттi орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін үш жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.";

      2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      8-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
С. Аблалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 199 Бұйрыққа
1-қосымша
  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
2-қосымша

      ____________________________________________

      облысы (қаласы) бойынша

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушы туралы

      мәліметтер автоматты түрде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерек қоры немесе

      "Заңды тұлғалар" мемлекеттік дерек қоры арқылы автоматты түрде көрсетіледі)

      Нысан

Өтініш

      Тіркеуді (қайта тіркеуді), Мемлекеттік тізілімнен құқыққа тиесілі жылжымалы

      құрамды алып тастауды (керек емесін сызып тастауды) сұраймын

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ________ (меншік, мүліктік жалға беру, жалға алу немесе лизинг)

      шарттың мерзімі __________ (шарт мерзімі өткеннен кейін жылжымалы құрам

      тізілімнен шығарылады)

      Бірлік ___ санында

      Мекенжайы:

      ______________ қаласы, ____________________ көшесі, жеке сәйкестендіру

      нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі: _________________________

      Байланыс телефондары (факс), _______________

      Тізбе _____ парақта қоса беріледі.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Өтініш беруші ______________________/_____________________

      (басшының қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 199 Бұйрыққа
2-қосымша
  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
4-қосымша

"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

"Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу;
2. Жылжымалы құрамды мемлекеттік қайта тіркеу;
3. Жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығару

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы:

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; жылжымалы жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен алып тастау туралы хабарлама; мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы және тегін негізде көрсетіледі.
Жүк, жолаушылар, арнайы жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу ақылы негізде көрсетілетін тартқыш, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеуді қоспағанда, тегін негізде жүзеге асырылады. Тіркеу алымы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерлемелер бойынша және тәртіппен жергілікті бюджетке төленеді:
1) тіркеу үшін – алым төленетін күні қолданыстағы 0,25 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) қайта тіркеу үшін – алымды төлеу күні қолданыста болған 0,25 АЕК.
Алым сомасын төлеу қолма – қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы немесе "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.gov.kz интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлігінде орналастырылған.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын, электрондық нысанда толтырылатын жылжымалы құрам паркінің тізбесі;
3) меншік құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (оның ішінде егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, жылжымалы құрамның мемлекеттік тізілімінен шығару туралы хабарламаның болуы);
4) жылжымалы құрамның әрбір бірлігіне дайындаушы зауыттың техникалық паспортының (формулярының) электрондық көшірмесі.
Жылжымалы құрамды мемлекеттік қайта тіркеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) электрондық нысанда толтырылған, мемлекеттік қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрам паркінің тізбесі;
3) жылжымалы құрамды қайта тіркеу үшін негіздемені растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жылжымалы құрамды Мемлекеттік тізілімнен шығару үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) еркін нысандағы жылжымалы құрамды есептен шығару туралы акт не жылжымалы құрамның зақымданғаны және/немесе жоғалғаны туралы құжат не мүліктік жалдау (жалға алу), лизинг шарты не меншік құқығының тоқтатылғанын растайтын құжат (сатып алу-сату, сыйға тарту, мұрагерлік шарты).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 199 Бұйрыққа
3-қосымша
  Жылжымалы құрамды және
оның кепілін мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), сондай-ақ
Мемлекеттік жылжымалы құрам
тізілімінен алып тастау
қағидаларына
8-қосымша

"Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы "Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу"
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу;
2) Жылжымалы құрам кепілін өзгерту, толықтыруды мемлекеттік тіркеу;
3) Жылжымалы құрамның тіркелген кепілін тоқтату.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; жылжымалы құрамның тіркелген кепілін тіркеуден шығару туралы хабарлама; мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу, жылжымалы құрамның тіркелген кепілін өзгерту, толықтыру және тоқтату үшін алым "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген алым мөлшерлемесі бойынша тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді және: жеке тұлғалар үшін 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); заңды тұлғалар үшін - 5 (бес) АЕК. Алым сомасын төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолмақол емес нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің - www.gov.kz интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті бөлімінің "Мемлекеттік органның қызметтері" бөлігінде орналастырылған.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу үшін порталға осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Жылжымалы құрам кепілін өзгерту, толықтыруды мемлекеттік тіркеу және тіркелген кепілін тоқтату үшін порталға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Өтінішті портал арқылы жіберген кезде жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы да алуға болады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады