Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 212-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 71 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 4 маусымдағы № 236-нқ және Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 32 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 маусымда № 34478 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 212-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 71 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21350 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-
Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
__________Н. Байбазаров
      Қазақстан Республикасы Сауда
және интеграция министрі
__________А. Шаккалиев

  "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитеті

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2024 жылғы 10 маусымдағы № 32 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
Бірінші вице-министрі
2024 жылғы 4 маусымдағы № 236-нқ
Бірлескен бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 71 мен
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2020 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 212-НҚ Бірлескен бұйрыққа
қосымша

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан
Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру парағы

      _______________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес) кәсіпкерлік
                              субъектілеріне қатысты

      ________________________________________________________________________
                  (бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы)

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт ___________________________________________
                                                (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-
                              сәйкестендіру нөмірі

      ________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________

Талаптар тізімі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1.

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпаратты, оның байланыс деректерін, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің байланыс деректерін, сондай-ақ тұтынушының өз бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру



2.

Күнтізбелік он төрт күн ішінде тиісті сападағы және кепілдік мерзімі ішінде тиісті емес сападағы тауарды, ал егер тауарға тауарды тұтынушыға берген күннен бастап екі жыл шегінде кепілдік мерзімі белгіленбеген жағдайда айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету



3.

Тұтынушының шағымын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын жою туралы шағымға жазбаша жауап ұсыну



4.

Тауар туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беру:
1) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) атауын;
2) ұсынылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) түрлері мен ерекшеліктерін;
3) егер тауар (жұмыс, қызмет) сәйкестікті растау рәсіміне жататын жағдайда сәйкестік белгісі;
4) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) негізгі тұтыну қасиеттері туралы, өнімнің тағамдық, биологиялық және энергетикалық құндылығы туралы мәліметтер, сондай-ақ жекелеген аурулар кезінде оларды қолдануға қарсы көрсетілімдер туралы мәліметтер;
5) өнімді органикалық өнімге жатқызу туралы мәліметтер, егер болса;
6) тауардың құрамын, тамақ өнімдеріне қатысты – олардың құрамы, оның ішінде тамақ қоспаларының, азықтардың және азық қоспаларының, тамаққа биологиялық активті қоспалардың болуы және олардың мөлшері туралы мәліметтерді;
7) егер мұндай компоненттегі генетикалық түрлендірілген организмдер құрамы 0,9 және одан да көп процентті құрайтын болса, тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген организмдерден тұратын немесе соларды қолдана отырып алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтерді қамтуға тиіс, сондай - ақ жеке сөйлеммен "осы өнімнің құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар" деген сөздерді заттаңбада - оралған өнімдер үшін, өнім туралы нұсқамаларда -оралмаған өнімдер үшін көрсету;
8) дайындаушының тауарлық белгісін;
9) тауарды шығарған ел;
10) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) теңгемен құнын және сатып алу шарттарын;
11) кепілді мерзімнің болуын немесе болмауын;
12) егер бұл тауарлардың ерекшелігіне байланысты талап етілсе, тамақ өнімдерін дайындау жөніндегі ұсынымдарды;
13) тауардың дайындалған күні мен орны, қызмет ету мерзімін және (немесе) жарамдылық мерзімін және (немесе) сақтау мерзімін, егер тауарды сақтаудың талаптары тиісті тауарды сақтаудың әдеттегідей жағдайларынан ерекшеленетін не арнайы сақтау талаптарын қажет ететін болса, оларды сақтау талаптарын көрсетуді, сондай-ақ, егер тауар көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне және қоршаған ортаға қауіп төндіретін болса немесе мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болса, көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін тұтынушының қажетті іс-әрекеттері және мұндай іс-әрекеттерді орындамаған кездегі ықтимал салдарлар туралы мәліметтерді;
14) сатушының (дайындаушының, орындаушының) атауын (фирмалық атауын), орналасқан жерін (заңды мекенжайын), сатушы (дайындаушы) тұтынушыдан қойылған кінәларды қабылдауға уәкілеттік берген және тауарды жөндейтін әрі оған техникалық қызмет көрсететін дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің) орналасқан жерін;
15) егер мұның жұмыс (көрсетілетін қызмет) сипатымен байланысты мәні болса, жұмысты орындайтын (қызмет көрсететін) нақты тұлғаны көрсетуді және ол туралы ақпаратты;
16) музыкалық туындыларды орындаушылардың ойын-сауық қызметтерін көрсетуі кезінде фонограммаларды, дыбыс-бейне жазбаны пайдалануын көрсетуді;
17) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) массасының шамасын (нетто), көлемін, санын және (немесе) жиынтықталымын;
18) тауарды тиімді және қауіпсіз қолданудың мақсаты мен шарттары туралы мәліметтер, сондай-ақ тұтынушыға ұсыну үшін міндетті болып табылатын не тұтынушы мен сатушы (дайындаушы, орындаушы) арасында жасалған шартта көзделген өзге де мәліметтер;



5.

Тауарды сатып алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұтынушыға сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы қайтарып бере отырып, оны пайдалануына, тауар түрін, тұтыну қасиеттерін, пломбаларды, заттаңбаларды сақтауына қарамастан, зияткерлік меншік құқықтарын бұза отырып шығарылған, жарамдылық мерзімі өткен сатылған тауарды, қауіпті және (немесе) сапасыз тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету



6.

Сатушының тауарды тұтынушыға беруі, оның ішінде тауарды электрондық саудада өткізу кезінде, үлгіге және (немесе) сипаттамаға сәйкес



7.

Егер шартта өзгеше мерзім белгіленбесе, оны орындау (көрсету) барысында табылған жұмыстың (қызметтің) кемшіліктерін және тиісті талап қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) кемшіліктерін жою



8.

Тұтынушымен жасалған шартқа тұтынушының құқықтарын бұзатын және (немесе) оларға қысым жасайтын талаптарды енгізу:
1) тұтынушының өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жағдайда сатушыны (орындаушыны, дайындаушыны) жауапкершіліктен босату немесе оны негізсіз шектеу;
2) сатушы (дайындаушы, орындаушы) шарттық міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тұтынушының құқықтарын болғызбау немесе шектеу;
3) өтеулі тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша сатушы (орындаушы, дайындаушы) қосымша таңған тұтынушылардың міндеттерін белгілеу;
4) туристік қызмет көрсетуге арналған шарттарды және қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттер сатып алу шарттарын қоспағанда, тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оның мөлшерлес емес үлкен (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі жөнінде талап белгілеу;
5) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төленген жағдайдағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бағасынан асатын баға белгілеу;
6) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты біржақты тәртіппен өзгерту және (немесе) бұзу құқығын беру;
7) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шартты бұзған жағдайда ұсынылмаған тауар (көрсетілмеген қызмет, жұмыс) үшін төленген ақшалай соманы қайтармау құқығын беру;
8) тұтынушыға шартты бұзу құқығын берместен, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) бағаны ұлғайту мүмкіндігін беру;
9) сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) тауардың шарт талаптарына сәйкестігін анықтау құқығын беру немесе оған шартты түсіндіру құқығын беру;
10) сатушының (орындаушының, дайындаушының) өкілдері алған міндеттемелер бойынша оның жауапкершілігін шектеу;
11) егер сатушы (орындаушы, дайындаушы) өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушының барлық міндеттемелерді орындау міндетін белгілеу;
12) міндеттемедегі адамдардың ауысуы туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларын сақтамастан, сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) шарт бойынша өз құқықтарын және міндеттерін үшінші тұлғаға беру құқығын беру.



      Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________________

      _____________________________________________________________________
                        (лауазымы) (қолы)

      _____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы _________________________________________
                                                (лауазымы) (қолы)

      _____________________________________________________________________
                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады