"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпаздары туралы мәліметтер" мәдениет және өнер саласындағы негізгі орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім алушылардың әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Білім және ғылыми жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
К. Искаков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 7 маусымдағы № 236-НҚ Бұйрыққа қосымша |
"Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпаздары туралы мәліметтер" мәдениет және өнер саласындағы негізгі орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім алушылардың әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылады.
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Нысанының атауы: "Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпаздары туралы мәліметтер".
Индекс: 1-ПРМКФ.
Кезеңділігі: жылдық.
Есепті кезең: 20 _ жыл.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Қазақ ұлттық хореография академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, "Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, "Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, "Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, "Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік–қолданбалы өнер колледжі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, "Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі, "Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаты" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын 31 желтоқсанға дейін.
Реттік № | Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпазының тегі, аты, әкесінің аты | Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың атауы | Жүлделі орын |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім алушылардың орташа жылдық саны | |||
барлығы |
Орындаушы ____________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)
Білім беру ұйымының басшысы немесе оның міндетін атқарушы
_______________________________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)
Нысанды тапсырған күні 20___жылғы "___"__________
мөрдің орны (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)
"Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпаздары туралы мәліметтер" мәдениет және өнер саласындағы негізгі орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім алушылардың әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпаздары туралы мәліметтер" мәдениет және өнер саласындағы негізгі орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім алушылардың әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс - 1-ПРМКФ, кезеңділігі - жылдық)
1. Осы түсіндірме "Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпаздары туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары толтырады және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынады.
3. Нысанға білім беру ұйымына жетекшілік ететін басшысы не оның міндетін атқарушы адам өзінің тегі мен аты-жөнін көрсете отырып (білім беру ұйымының басшысының міндеттерін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде) қол қояды.
4. Нысан жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірілмей беріледі.
5. Нысан мемлекеттік тілде және орыс тілінде толтырылады.
6. Нысан мынадай түрде толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпазының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;
3-бағанда республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдардың атауы көрсетіледі;
4-бағанда жүлделі орын көрсетіледі. Республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдар жеңімпаздарының растайтын құжаттарының көшірмелері (дипломдар, сертификаттар, грамоталар, куәліктер) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жіберіледі;
Білім алушылардың орташа жылдық саны жолында білім алушылардың орташа жылдық саны көрсетіледі.