"Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 маусымда № 34484 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14613 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мынадай есептердің түрлерін жасайды және ұсынады:

      тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп – 1-АҚ нысаны бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 1-АҚ нысаны);

      филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен түсетін ақша түсімдері және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДК нысаны бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 2-ДК нысаны);

      өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ нысаны бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – 3-ӨШ нысаны);

      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген 4-20 нысан бойынша бюджеттік сыныптама жөніндегі шығыстар бойынша жиынтық есеп (бұдан әрі – 4-20-нысан);

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі-МӘСҚ) түсімдері мен шығыстары осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес 8-МӘСҚ нысаны (бұдан әрі – 8-МӘСҚ нысаны) бойынша туралы есеп;

      Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – ӘлМСҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидаларға 9-2-қосымшаға сәйкес 8-ӘлМСҚ нысаны бойынша (бұдан әрі-8 – ӘлМСҚ нысаны);

      Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының (бұдан әрі – БИҚҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидаларға 9-3-қосымшаға сәйкес 9-БИҚҚ нысаны бойынша (бұдан әрі – 9-БИҚҚ нысаны);

      Арнаулы мемлекеттік қорының (бұдан әрі – АМҚ) түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидалардың 9-4-қосымшасына сәйкес 10-АМҚ нысаны бойынша (бұдан әрі - 10-АМҚ нысаны);

      АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы есеп осы Қағидалардың 9-5-қосымшасына сәйкес 11-арнаулы мемлекеттік қоры-тиісті саланың орталық уәкілетті органы/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы/активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган нысаны бойынша (бұдан әрі - 11-АМҚ-ОУО/ЖУО/УО нысаны).";

      65-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Шоғырландырылған бюджет – өздерінің арасында өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері мен шығыстарын, Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен төлемдерін, МӘСҚ түсімдері мен шығыстарын, БИҚҚ түсімдері мен шығыстарын, АМҚ түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры.";

      77-тармақтың екінші бөлігі бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау мына:

      1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің;

      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша жиынтық) есептің;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есептің;

      4) Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланыл уы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есептің;

      5) МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      6) ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      7) БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      8) АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің негізінде жүргізіледі.";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы есеп өзіне мынадай бөлімдерді (кіші бөлімдерді) қамтиды:

      1) кірістер (I):

      салықтық түсімдер;

      салықтық емес түсімдер;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

      трансферттер түсімдері;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер (II);

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер (III);

      4) МӘСҚ-ға түсетін түсімдер (IV);

      5) ӘлМСҚ-ға түсетін түсімдер (V);

      6) шығындар (VI):

      7) Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер (VII);

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу (VIII);

      9) МӘСҚ шығыстары (IХ);

      10) ӘлМСҚ шығыстары (Х);

      11) БИҚҚ шығыстары (ХI);

      12) АМҚ шығыстары (ХII);

      13) таза бюджеттік кредит беру (ХIII):

      бюджеттік кредиттер;

      бюджеттік кредиттерді өтеу;

      14) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо (XIV):

      қаржы активтерін сатып алу;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

      15) бюджет тапшылығы (профициті) (XV);

      16) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) (XVI);

      17) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) (XVII):

      қарыздар түсімі;

      қарыздарды өтеу;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары;

      18) "Бюджет қаражатының қалдықтары" анықтамалық бөлімі:

      қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары;

      есепті кезең соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары.

      Бюджет тапшылығы (профициті) мынадай формула бойынша анқталады:

      Db(Pb) = D+Ip+Id+Dgfss+Dfsms-Z-Pr-Wk-K-S-Rfgss-Rfsms – Rfpio - Rsgf, мұнда:

      Ip – Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер;

      Id – Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

      Dgfss – МӘСҚ-ға түсімдер;

      Dfsms – ӘлМСҚ-ға түсімдер.

      Pr – Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды жабу;

      Wk – Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ төлеу;

      Rgfss – МӘСҚ шығыстары;

      Rfsms – ӘлМСҚ шығыстары;

      Rfpio – БИҚҚ шығыстары;

      Rsgf - АМҚ шығыстары.

      Теріс белгісімен алынған шама тапшылық, оң белгісімен алынған шама – бюджеттің профициті болып табылады.

      Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) мынадай формула бойынша анықталады:

      NDb(NPb) = D - T (NF) - VTP + Ip + Id + Dgfss +Dfsms – Z – Pr – Wk -K – S – Rgfss – Rfsms- Rfpio - Rsgf.

      Теріс белгісімен алынған шама мұнайға қатысты емес тапшылығы, оң белгісімен алынған шама – бюджеттің мұнайға қатысты емес профициті болып табылады.";

      89-тармақтың екінші бөлігі бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық есеп, есептiден кейiнгi айдың 15-iнде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға да, мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы айлық есеп есептiден кейiнгi айдың 20-сында - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Мемлекеттiк және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы жылдық есептi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiне, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға өткен қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының есептерiн Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткеннен кейiн он жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынады.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Шоғырландырылған бюджеттің атқарылуы туралы айлық/жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі:

      1) ведомство ұсынған республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректердің;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ұсынған, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттерінің атқарылуы туралы есептердің негізінде құрылымдық бөлімшенің өзі қалыптастырған жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша жиынтық) есептің;

      3) ведомство ұсынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы есептің;

      4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы жылдық есепті жасау функциясын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі ұсынған Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кірістердің және Ұлттық Қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің жоспарлы көрсеткіштерінің;

      5) ведомство ұсынған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен оның пайдаланылуы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есептің;

      6) МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      7) ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      8) БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің;

      9) АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы есептің негізінде жасалады.";

      6-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1-тарау. Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есепті, МӘСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті, ӘлМСҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті, БИҚҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті, АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы есепті жасау мен ұсыну тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 104-4 тармақпен толықтырылсын:

      "104-4. АМҚ түсімдері мен шығыстары туралы айлық, жылдық есепті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, тиісті саланың орталық уәкілетті органы, тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган жасайды және бөлімдерді қамтиды:

      1. мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган үшін:

      1) АМҚ кірістері - салықтық емес түсімдер, барлығы (I),

      2) АМҚ шығыстары, барлығы (II);

      3) кірістер мен шығыстар сальдосы (III);

      4) қаржы жылының басындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы (IV);

      5) есепті кезеңнің аяғындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы (V).

      I "АМҚ кірістері - салықтық емес түсімдер, барлығы" бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары және ерекшеліктері бойынша АМҚ салықтық емес түсімдердің сомаларын көрсетеді.

      II "АМҚ шығыстары, барлығы" бөлімі АМҚ шотынан жүргізілген төлемдер сомасын көрсетеді.

      III "Кірістер мен шығыстар сальдосы" бөлімі I "АМҚ кірістері - салықтық емес түсімдер, барлығы" және II "АМҚ шығыстары, барлығы" бөлімдері арасындағы айырмашылықтың сомасын көрсетеді.

      IV "Қаржы жылының басындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы" бөлімі қаржы жылының басындағы АМҚ ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

      V "Есепті кезеңнің соңындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы" бөлімі III "Кірістер мен шығыстар сальдосы" және IV "Қаржы жылының басындағы АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы" бөлімдерінің қорытынды сомасын көрсетеді.

      2. тиісті саланың орталық және жергілікті уәкілетті органдары және активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган үшін:

      1) ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-ға түсімдері, барлығы (I);

      2) ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дан шығыстар, барлығы (II);

      3) Түсімдер мен шығыстардың сальдосы (III);

      4) Қаржы жылының басындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы (IV);

      5) Есепті кезеңнің аяғындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы (V).

      I "ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-ға түсімдері, барлығы" бөлімі бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) бойынша салықтық емес түсімдердің сомаларын көрсетеді.

      II "ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дан шығыстар, барлығы" бөлімі жүргізілген төлемдер сомасын, оның ішінде өңірлер бойынша және жобалар бойынша, бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары бойынша (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) көрсетеді.

      III "Түсімдер мен шығыстардың сальдосы" бөлімі бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) бойынша I "ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-ға түсімдері, барлығы" және II "ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дан шығыстар, барлығы" бөлімдерінің арасындағы айырма сомасын көрсетеді.

      IV "Қаржы жылының басындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы" бөлімі бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) бойынша қаржы жылының басындағы ақша қалдығының сомасын көрсетеді.

      V "Есепті кезеңнің аяғындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы" бөлімі бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік) бойынша III "Түсімдер мен шығыстардың сальдосы" және IV "Қаржы жылының басындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ-дағы ақша қалдығы" бөлімдерінің қорытынды сомасын көрсетеді.

      АМҚ қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша есепті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 9-4-қосымшасына сәйкес ұсынады.

      Тиісті саланың орталық уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша есепті тиісті саланың орталық уәкілетті органы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 9-5-қосымшасына сәйкес ұсынады.

      Тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша есепті тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы тиісті саланың орталық уәкілетті органына ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 9-5-қосымшасына сәйкес ұсынады.

      Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның қолма-қол ақшаны бақылау шоты бойынша есепті активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 9-5-қосымшасына сәйкес ұсынады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      9-3-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгереді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      көрсетілген Қағидаларға 9-4 және 9-5-қосымшалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толықтырылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 12-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 21-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 351 бұйрығына
1-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
  1-қосымша

Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті жасау нысандарының тізбесі

Кезеңділік

Нысандардың атауы

айлық

тоқсандық

жартыжылдық

жылдық

1

2

3

4

5



жартыжылдық

жылдық

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп – 1-АҚ нысаны*



жартыжылдық

жылдық

1-АҚ нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп – 1-АҚ-УО нысаны**



жартыжылдық

жылдық

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2ДҚ-нысан



жартыжылдық

жылдық

Өкілдік шығындар бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп 3-ӨШ нысаны

айлық



жылдық

Бюджеттің атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып, бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы есеп – 6-БДБ-нысан

айлық



жылдық

Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

айлық



жылдық

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларының орындалуы туралы есеп – 7-БИЖ нысаны

айлық



жылдық

Бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

айлық



жылдық

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

айлық



жылдық

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы және жәбірленушілерге жүргізілген өтемақы төлемдері туралы есеп

айлық



жылдық

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп

айлық



жылдық

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп

айлық




Бюджеттік сыныптама бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есеп – 4-20-нысан

айлық



жылдық

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

айлық



жылдық

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп – 9-БИҚҚ нысаны

айлық



жылдық

Арнаулы мемлекеттік қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп – 10-АМҚ нысаны

айлық



жылдық

Арнаулы мемлекеттік қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп – 11-АМҚ-ОУО/ЖУО/УО нысаны

      Ескертпе:

      *1-АҚ нысаны – мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін;

      **1-АҚ-УО нысаны – бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараты.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 351 бұйрығына
2-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттік есептілікті ұсыну нысаны

Есептер нысандарының атауы

Есептерді ұсыну нысаны:

мемлекеттік мекемелер

жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі

аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджетін атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары

республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган (ведомстволар)

мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаны жұмсау жоспарының орындалуы туралы есеп – 1-ӨҚ/1-ӨҚ-УО нысаны

электронды түрде және қағаз тасығышта

электронды түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

электронды түрде және қағаз тасығышта

электронды түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

біріктірілген форматта ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растаумен АЖ арқылы (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

-

2

Филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанға қолдау көрсету жөніндегі қызметтен ақша түсімі және олардың жұмсалуы туралы есеп – 2-ДҚ нысаны

электронды түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

АЖ арқылы

электронды түрде және қағаз тасығышта

электронды түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

біріктірілген форматта ЭҚАБЖ бойынша есепті деректерді растаумен АЖ арқылы (бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз)

-

3

Өкілдік шығындарға бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп – 3-ӨШ нысаны

-

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

-

-

-

-

-

4

Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп

-

-

-

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

функционалдық топтар, функционалдық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бағдарламалар, кіші бағдарламалар бойынша бюджет түсімдері сыныптамасының санаттары, сыныптары, кіші сыныптары мен ерекшеліктері және бюджет шығыстары бойынша бюджет түсімдерін көрсете отырып, АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша (қағаз тасымалдағыштағы жылдық есеп)

-

-

5

Республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер

-

-

-

-

-

-

айлық – АЖ арқылы және біріктірілген нысандағы ЭҚАБЖ арқылы, онда бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімінде бюджет түсімдері сыныптамасы түсімдерінің санаттары мен сыныптары қамтылуға тиіс, ал бюджет шығыстарын қамтитын есептің бөлімдерінде бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары мен кіші топтары қамтылуға тиіс; жылдық – АЖ және ЭҚАБЖ арқылы толық көлемде

-

6

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы туралы есеп

-

-

-

-

-

-

АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

-

7

Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері және оны пайдалану туралы есеп

-

-

-

-

-

-

АЖ арқылы және ЭҚАБЖ бойынша

-

8

Бюджеттік сыныптама бойынша шығыстар жөніндегі жиынтық есеп (4-20-нысан)

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

АЖ арқылы

-

-

-

-

-

9

Есепті деректерді салыстырып тексеру актісі

-

-

-

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

электрондық түрде және қағаз тасығышта

-

-

10

Инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларының орындалуы туралы есеп –
БИЖ 7- нысаны

-

-

электронды түрде

-

-

-

-

-

11

8-МӘСҚ нысаны

-

-

электронды түрде

-

-

-

-

-

12

ӘМСҚ
8-нысаны

-

-

электронды түрде

-

-

-

-

-

13

БИҚҚ
9-нысаны

-

-

электронды түрде

-

-

-

-

-

14

10-АМҚ нысаны

-

-

-

-

-

-

-

электронды түрде

15

11-АМҚ-ОУО/ЖУО/УО нысаны

-

электронды түрде

электронды түрде

-

-

-

-

-

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЖ – ақпараттық жүйе;

      АМҚ – Арнаулы мемлекеттік қор;

      ӘлМСҚ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорың;

      БИҚҚ – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры;

      ЖУО – тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы;

      МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

      ОУО – тиісті саланың орталық уәкілетті органы;

      РББӘ – республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі;

      УО – активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті орган;

      ЭҚАБЖ – электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 351 бұйрығына
3-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
9-4-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.minfin.gov.kz

Арнаулы мемлекеттік қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп

      Индекс: 10-АМҚ-нысан

      Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын

      Есепті кезең: _____________ жылдарға арналған

      Ұсынатын тұлғалар тобы: мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган

      Ұсыну мерзімі: ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Атауы

Бюджет түсімдері сыныптамасының коды (Санаты, Сыныбы, Кіші сыныбы, Ерекшелігі)

Өспелі қорытындымен есепті кезең үшін атқарылу

1

2

3

I. АМҚ кірістері – салықтық емес түсімдер, барлығы



оның ішінде түсімдер коды бойынша:









II. АМҚ шығыстары, барлығы



III. Кірістер мен шығыстар сальдосы



IV. Қаржы жылының басындағы АМҚ ҚБШ-сындағы ақша қалдығы



V. Есепті кезеңнің аяғындағы АМҚ ҚБШ-сындағы ақша қалдығы



      Атауы ______________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________

      Телефоны___________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________

      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның басшысы

      __________ _________________________________________
      (қолы)       (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)

      Мөр орны

      Есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      __________ ______________________________________
      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АМҚ – Арнаулы мемлекеттік қор;

      ҚБШ – қолма-қол ақшаны бақылау шоты.

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Қағидалардың 104-4-тармағында келтірілген.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 351 бұйрығына
4-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
9-5-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға/тиісті саланың орталық уәкілетті органына

      Нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.minfin.gov.kz

Арнаулы мемлекеттік қорының түсімдері мен шығыстары туралы есеп

      Индекс: 11-АМҚ-ОУО/ЖУО/УО нысаны

      Кезеңділігі: ай сайын, жыл сайын

      Есепті кезең: _____________ жылдарға арналған

      Ұсынатын тұлғалар тобы: тиісті саланың орталық уәкілетті органы/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы/активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органы

      Ұсыну мерзімі:

      тиісті саланың орталық уәкілетті органы үшін ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде

      тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы үшін ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде;

      активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органы үшін ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде.

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Атауы

Бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамаларының кодтары (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, Бағдарлама, Кіші бағдарлама, Ерекшелік)

Өспелі қорытындымен есепті кезең үшін атқарылу

1

2

3

I. ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ түсімдер, барлығы



оның ішінде жергілікті уәкілетті органнан қайтарулар, барлығы *









II. ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ шығыстар, барлығы



оның ішінде өңірлер бойынша, барлығы – ,
оның ішінде жобалар бойынша: **












III. Түсімдер мен шығыстардың сальдосы



IV. Қаржы жылының басындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ ақша қалдығы



V. Есепті кезеңнің аяғындағы ОУО/ЖУО/УО АМҚ ҚБШ ақша қалдығы



      Атауы ______________________________________________

      Мекенжайы _________________________________________

      Телефоны___________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы _______________________

      Тиісті саланың орталық уәкілетті органының/тиісті саланың жергілікті уәкілетті органының/активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның басшысы

      __________ _____________________________________
      (қолы)      (тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде)

      Мөр орны

      Есепті қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысы

      __________ _________________________________
      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АМҚ – Арнаулы мемлекеттік қор;

      ЖУО – тиісті саланың жергілікті уәкілетті органы;

      ҚБШ – қолма-қол ақшаны бақылау шоты;

      ОУО – тиісті саланың орталық уәкілетті органы;

      УО – активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органы;

      * – тиісті саланың орталық уәкілетті органы үшін;

      ** – тиісті саланың орталық және жергілікті уәкілетті органдары үшін.

      Нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы Қағидалардың 104-4-тармағында келтірілген.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 351 бұйрығына
5-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
12-қосымша

_____________ жылға арналған шоғырландырылған
бюджетінің атқарылуы туралы есеп

      Кезеңділігі: айлық, жылдық

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Бюджеттік сыныптама коды

Атауы

Бекітілген (түзетілген) бюджет

атқарылуы

атқарылу %

1

2

3

4

5


I Кірістер





Салықтық түсімдер




1

Салықтық түсімдер





Салықтық емес түсімдер




2

Салықтық емес түсімдер





Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер




3

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер





II. Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер





III. Заңнамада тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер





IV. МӘСҚ-қа түсетін түсімдер





V. ӘМСҚ-ға түсетін түсімдер





VI. Шығындар




01

Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер




02

Қорғаныс




03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет




04

Білім беру




05

Денсаулық сақтау




06

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру




07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық




08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік




09

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорға латын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары




11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі




12

Көлік және коммуникация




13

Өзгелер




14

Борышқа қызмет көрсету





VII. Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер





VIII. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу





IХ. МӘСҚ шығыстары





Х. ӘМСҚ шығыстары





XI. БИҚҚ шығыстары





XII. АМҚ шығыстары





XIII. Таза бюджеттік кредит беру





Бюджеттік кредиттер




06

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорға латын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары




13

Өзгелер





Бюджеттік кредиттерді өтеу




5

Бюджеттік кредиттерді өтеу





XIV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо





Қаржы активтерін сатып алу




01

Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер




02

Қорғаныс




03

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызмет




04

Білім беру




05

Денсаулық сақтау




07

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық




09

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану




10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорға латын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары




12

Көлік және коммуникация




13

Өзгелер





Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер




6

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер





XV. Бюджет тапшылығы (профициті)





XVI. Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)





XVII. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)





Қарыздар түсімі




7

Қарыздар түсімі





Қарыздарды өтеу




16

Қарыздарды өтеу





Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары





Анықтама: Бюджет қаражатының қалдықтары





Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары





Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары




      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АМҚ – Арнаулы мемлекеттік қор;

      ӘлМСҚ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      БИҚҚ – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры;

      МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 351 бұйрығына
6-қосымша
  Мемлекеттік мекемелердің,
бюджеттік бағдарламалар
әкімшілерінің, бюджетті атқару
жөніндегі уәкілетті органдардың
және аудандық маңызы бар
қалалар, ауылдар, кенттер,
ауылдық округтер әкімдері
аппараттарының бюджеттік
есептілікті жасау және ұсыну
қағидаларына
21-қосымша

Шоғырландырылған, мемлекеттік бюджеттердің,
облыс бюджетінің атқарылуы туралы есептерді қалыптастыру үлгісі

Бөлімдер

Кодтар

Бюджет көрсеткіштерінің атауы

Республикалық бюджет/облыстық бюдже

Жергілікті бюджеттер (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті) / аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері

Республикалық бюджет+жергілікті бюджеттер/ облыстық бюджет+аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері

Алып тасталатын сома

Түсімдер сыныптамасы

Шығыстардың функционалдық сыныптамасы




А

1

2

3

4

I



Кірістер

1120,0

570,0

1690,0

231,0

1


Салықтық түсімдер

960,0

350,0

1310,0

-



Оның ішінде кедендік әкету баждары

1,0


1,0


2


Салықтық емес түсімдер

75,0

5,0

80,0

1,0

3


Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

15,0

5,0

20,0

-

4


Трансферттер түсімдері

70,0

210,0

280,0

230,0




оның ішінде:








төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан берілетін трансферттер

20,0


20,0

20,0




жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан берілетін трансферттер


210,0

210,0

210,0




Ұлттық қордан берілетін трансферттер

50,0


50,0





Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер








Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер








МӘСҚ-ға түсетін түсімдер








ӘлМСҚ-ға түсетін түсімдер








Оның ішінде
нысаналы жарна








ТМККК шеңберінде қызмет көрсетуге ақы төлеу үшін








әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы үшін





II



Шығындар

1050,0

590,0

1640,0

231,0



1

Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

70,0

30,0

100,0

-



2

Қорғаныс

70,0

10,0

80,0

0,3



3

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқарушылық қызметі

100,0

25,0

125,0

0,7



4

Білім беру

60,0

165,0

225,0

11,0



5

Денсаулық сақтау

60,0

100,0

160,0

5,0




Оның ішінде мемлекет жарналары








ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге бюджеттен трансферттер








әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілеріне қызметтер көрсетуге ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге бюджеттен трансферттер







6

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

280,0

38,0

318,0

1,5



7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

25,0

60,0

85,0

30,0



8

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

20,0

30,0

50,0

3,5



9

Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану

28,0

10,0

38,0

9,0



10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары

60,0

10,0

70,0

1,0



11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

1,5

0,5

2,0

-



12

Көлік және коммуникация

90,0

25,0

115,0

13,0



13

өзгелер

60,0

25,0

85,0

5,0



14

Борышқа қызмет көрсету

35,5

1,5

37,0

1,0



15

Трансферттер

90,0

60,0

150,0

150,0




Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер








Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды өтеу





III



Таза бюджеттік кредит беру

44,0

4,0

48,0

40,0



Бюджеттік кредиттер

65,0

10,0

75,0

41,0


4

Білім беру

8,0

-

8,0

-


7

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

40,0

-

40,0

40,0


10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары

3,0

8,0

11,0

-


12

Көлік және коммуникация

6,0

-

6,0

-


13

Өзгелер

8,0

2,0

10,0

1,0



Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-нан төлемдер







Ұлттық қорды басқарумен және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізумен байланысты шығыстарды өтеу







МӘСҚ шығыстары







ӘлМСҚ шығыстары







БИҚҚ шығыстары







АМҚ шығыстары







Таза бюджеттік кредит беру

44,0

4,0

48,0

40,0



Бюджеттік кредиттер

65,0

10,0

75,0

41,0

5


Бюджеттік кредиттерді өтеу

21,0

6,0

27,0

1,0

IV



Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

68,0

9,0

77,0

-



Қаржы активтерін сатып алу

70,0

10,0

80,0

-

6


Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

2,0

1,0

3,0

-

V



Бюджет тапшылығы /профициті

-42,0

-33,0

-75,0

-40,0

VI



Бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы/ мұнайға қатысты емес профициті

-93,0

-33,0

-126,0

-40,0

VII



Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

42,0

33,0

75,0

40,0

7


Қарыздар түсімі

200,0

31,0

231,0

41,0


16

Қарыздарды өтеу

158,0

1,0

159,0

1,0

8


Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

-

3,0

3,0

-




Анықтама үшін:








Бюджет қаражатының қалдықтары








Қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары








Есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары





      Кестенің жалғасы

Мемлекеттік бюджет/облыс бюджеті

Ұлттық қордан түсетін түсімдер мен шығыстар

Алып тасталатын сома

Жәбірленушілерге өтемақы қорынан түсетін түсімдер мен төлемдер

МӘСҚ

ӘлМСҚ

БИҚҚ

АМҚ

Алып тасталатын сома

Шоғырландырылған бюджет

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

2169,0

680,0

50,0

13,0

99,0

88,0

500,0

700

39,0

3859,0

1310,0

677,0








1987,0

1,0









1,0

79,0

2,0


10



400,0

390


881,0

20,0

1,0








21,0

50,0


50,0







0,0




















0,0










0,0

50,0









50,0




3,0



100,0

310


413,0


10








10





99,0





99,0






88,0




88,0






1,0



1,0







28,0



28,0

0






10,0



10,0

0

1409,0

50,0

50,0






39,0

1370,0

100,0









100,0

79,7









79,7

124,3









124,3

214,0









214,0

155,0









155,0






1,0



1,0







28,0



28,0

0,0






10,0



10,0

0,0

316,5









316,5

55,0









55,0

46,5









46,5

29,0









29,0

69,0









69,0

2,0









2,0

102,0









102,0

80,0









80,0

36,0









36,0

0,0









0,0


50







50

0


10








10

8,0









8,0

34,0









34,0

8,0









8,0

0,0









0,0

11,0









11,0

6,0









6,0

9,0









9,0




10,0






10,0


10,0








10,0





90,0





90,0






80,0




80,0







500,0



500,0








700


700,0

8,0









8,0

34,0









34,0

26,0









26,0

77,0

0,5








77,5

80,0









80,0

3,0

0,5








3,5

-35,0

629,5


3,0

9,0

8,0




624,5

-86,0

629,5









35,0

-629,5


-3,0

-9,0

-8,0




-624,5

190,0









190,0

158,0









158,0

3,0









-656,5









































      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АМҚ – Арнаулы мемлекеттік қор;

      ӘлМСҚ – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;

      БИҚҚ – Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры;

      МӘМС – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру;

      МӘСҚ – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

      ТМККК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады