"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысының 15-тармағының 119-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
2024 жылғы 18 маусымдағы № 197 бұйрығына қосымша/ |
Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидалары және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысының 15-тармағының 119-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тәлімгерлікті ұйымдастыру және кәсіпорындарда (ұйымдарда) шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарды белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
2) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
3) жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері;
4) тәлімгер – өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын кәсіпорынның (ұйымның) білікті жұмыскері.
2-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптар
3. Қазақстандық жұмыскерлердің біліктілігін арттыру мақсатында алты айдан он екі айға дейінгі кезеңге тәлімгер бекітіледі.
Тәлімгерлік жұмыс беруші шетелдік жұмыскерді тартқан кезде жүзеге асырылады.
4. Тәлімгерді бекіту ол жұмысқа қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.
Жұмыскерге (жұмыскерлерге) бір тәлімгер бекітіледі, бұл ретте жұмыскерлердің саны тәлімгердің жұмыс жүктемесіне (негізгі жұмысына) сүйене отырып айқындалады.
5. Тәлімгерлік мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 маусымындағы № 32977 болып тіркелген) сәйкес бірінші, екінші, үшінші және төртінші санаттағы шетелдік жұмыс күші қатарынан тәлімгерді бекітуді;
2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тәлімгердің жұмыс жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) іске асыруды;
3) тәлімгердің Жоспарды іске асыру туралы есеп жасауын қамтиды.
6. Жұмыс беруші:
1) шетелдік жұмыскер тәлімгерлік жүргізу кезеңінде Жоспарда шетелдік жұмыскердің, оны Қазақстан Республикасына тартуға негіз болған тәжірибесін, құзыреттерін, дағдыларын беруді қамтамасыз ететін шараларды көздейді.
2) тәлімгерлер мен жұмыскерлерге жұмыс тәжірибесін беру бөлігінде жағдай жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды.
3) шетелдік жұмыскерден алған тәжірибені қазақстандық жұмыскерлерге таратуға ықпал етеді.
7. Тәлімгер:
1) жоспарды іске асыруды жүзеге асырады;
2) жұмыскердің кәсіби дағдыларын, білімін дамытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тарту үшін негіз болған тәжірибесі мен құзыретін игертуге ықпал етеді;
3) жұмыскерлермен кәсіби әңгімелер өткізеді.
8. Тәлімгер тәлімгерлік аяқталғанға дейін үш жұмыс күні бұрын Жоспардың іске асырылуы туралы (еркін нысанда), сондай-ақ тәлімгерлік кезеңінде жұмыскердің алған білімі мен дағдылары туралы есеп дайындайды;
9. Жоспарды іске асыру туралы есепті тәлімгер тәлімгерлік ұйымдастырылған кәсіпорынның кадр қызметіне тәлімгерлік аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жібереді.
___________________________________
2024 жылғы 18 маусымдағы № 197 бұйрығына қосымша/ |
|
Қазақстандық жұмыскерлердің тәлімгерлігін ұйымдастыру қағидаларына және шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қойылатын талаптарға қосымша |
Нұсқа
Бекітемін
_________________________________
(жұмыс берішінің ТАӘ және лауазымы)
_____________
(бекіткен күні)
Тәлімгердің жұмыс жоспары
Тәлімгердің ТАӘ: _________________________
Жұмыскердің ТАӘ: __________________________
Тәлімгерлікті өткізу мерзімі: 20__жылғы "___"________бастап 20__ жылғы
"___"_________ дейін
Р/с | Іс-шаралар | Тәлімгерлікті өткізу күні мен уақыты | Тәлімгерді бағалау |