БҰЙЫРАМЫН:
1. "Инновация және қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағында:
7 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы 2024 жылғы 26 маусымдағы № 13 бұйрығына 1-қосымша |
Мемлекеттік статистика органдары құпиялығына кепілдік береді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының | |||||
| ||||||
Индексі |
2-қызмет көрсету |
жылдық |
есепті кезең |
жыл | ||
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 58-60, 62, 63, 64.20.0, 68-75, 77, 78, 80-82, 90-93, 95, 96 кодтарына сәйкес қызмет көрсету саласында негізгі қызмет түрі бар заңды тұлғалар және (немесе) қызметкерлерінің саны 100-ден жоғары олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, сондай-ақ іріктемеге түскен қызметкерлерінің саны 100 адамға дейін заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер ұсынады | ||||||
БСН коды |
ЖСН коды | |||||
1. Қызмет көрсетілген өңірді көрсетіңіз облыс, қала, аудан | ||||||
1.1 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес аумақ коды (ӘАОЖ) (респондент статистикалық нысанды қағаз жеткізгіште ұсынған кезде аумақтық статистика бөлімшесінің тиісті қызметкері толтырады) | ||||||
2. Қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызмет көлемі туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге | ||||||
Жол |
КҚСЖ бойынша қызмет түрлерінің атауы |
КҚСЖ1 коды |
Көрсетілген қызметтер көлемі |
Одан – халық қаражаты |
А | Б | В | 1 | 2 |
1 |
Барлығы | Х | ||
оның ішінде: | ||||
1.1 | ||||
1.2 | ||||
1.3 | ||||
1.4 | ||||
1.5 | ||||
1.6 | ||||
1.7 | ||||
1.8 | ||||
1.9 | ||||
1.10 | ||||
1.11 | ||||
1.12 |
Ескертпе:
Примечание:
1 Мұнда және бұдан әрі КҚСЖ – Көрсетілетін қызметтер анықтамалығы, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы "Статистикалық жіктелімдер" бөлімінде орналасқан
1 Здесь и далее СКУ – Справочник услуг, размещен на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан www.stat.gov.kz, в разделе "Статистические классификации"
3. Қосалқы қызмет түрлері бойынша өндірілген өнім (жұмыс, көрсетілетінқызмет) көлемі туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге
Укажите информацию об объеме произведенной продукции (работ, услуг) по вторичным видам деятельности, тысяч тенге
Жол коды |
Қызмет түрлерінің атаулары |
ЭҚЖЖ коды2 |
Қосалқы қызмет түрлері бойынша өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі |
А | Б | 1 | |
1 |
Барлығы | Х | |
оның ішінде: | |||
1.1 | |||
1.2 | |||
1.3 | |||
1.4 | |||
1.5 | |||
1.6 | |||
1.7 | |||
1.8 |
4. Статистикалық нысанды толтыруға жұмсалған уақытты көрсетіңіз, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз)
Укажите время, затраченное на заполнение статистической формы, в часах (нужное обвести)
1 сағатқа дейiн | 1-2 | 2-4 | 4-8 | 8-40 | 40 сағаттан артық |
до 1 часа | более 40 часов |
Ескертпе:
Примечание:
2 ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының www.stat.gov.kz интернет-ресурсындағы "Статистикалық жіктелімдер" бөлімінде орналасқан
2 ОКЭД – Общий классификатор видов экономической деятельности, размещен на интернет-ресурсе Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан www.stat.gov.kz, в разделе "Статистические классификации"
Атауы Мекенжайы (респонденттің)
Наименование _______________________ Адрес (респондента) ____________________
_____________________________________________ ____________________________
Телефоны (респонденттің) ____________________________ _____________________
Телефон (респондента) стационарлық ұялы
стационарный мобильный
Электрондық пошта мекенжайы (респонденттің)
Адрес электронной почты (респондента) ____________________________________
Орындаушы
Исполнитель ________________________________________ ______________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жа қолы, телефоны
фамилия, имя и отчество (при подпись, телефон (исполнителя)
Бас бухгалтер немесе оның
міндетін атқарушы тұлға
Главный бухгалтер или лицо,
исполняющее его обязанности _____________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Басшы немесе оның
міндетін атқарушы тұлға
Руководитель или лицо,
исполняющее его обязанности _____________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы
фамилия, имя и отчество (при его наличии) подпись
Ескертпе:
Примечание:
Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну және бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады
Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики в установленный срок являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях"
"Көрсетілген қызметтердің көлемі туралы есеп" (индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы нұсқаулық "Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп" (2-қызмет көрсету, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысанды Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) төменде келтірілген кодтарына сәйкес қызмет көрсету саласындағы негізгі қызмет түрі бар респонденттер тапсырады:
1) 58 – баспа қызметі;
2) 59 – кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, дыбыс жазбалар және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет;
3) 60 – бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау бойынша қызмет;
4) 62 – компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер;
5) 63 – ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет;
6) 64.20.0 – холдингтік компаниялар қызметі;
7) 68 – жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар;
8) 69 – құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет;
9) 70 – бас компаниялардың қызметі; басқару мәселелері бойынша консультация беру;
10) 71 – сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет;
11) 72 – ғылыми зерттеулер және әзірлемелер;
12) 73 – жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу;
13) 74 – өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
14) 75 – ветеринарлық қызмет;
15) 77 – жалдау, прокат және лизинг;
16) 78 – жұмысқа орналастыру саласындағы қызмет;
17) 80 – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу бойынша қызмет;
18) 81 – ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;
19) 82 – коммерциялық қызметті қолдауға бағытталған офистік әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет;
20) 90 – шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет;
21) 91 – кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер;
22) 92 – құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша қызмет;
23) 93 – спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;
24) 95 – компьютерлерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке тұтынатын заттарды жөндеу;
25) 96 – өзге де дербес қызметтер көрсету.
3. Егер заңды тұлғалар құрылымдық және оқшауланған бөлімшелеріне статистикалық нысандарды тапсыру бойынша өкілеттігін берген болса, заңды тұлғалардың өзі орналасқан жердегі құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерін статистикалық нысандарды ұсынады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде мұндай өкілеттіктері болмаса, заңды тұлғалар олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзі құрылымдық және оқшауланған бөлімшелер бөлінісінде статистикалық нысандарды ұсынады.
4. 2-бөлімдегі "Қызметтің негізгі түрлері бойынша көрсетілген қызметтер көлемі" көрсеткіші олардың төлемінің уақытына қарамастан (яғни, орындалған қызмет көрсетулердің көлемін есептеу аудару әдісі бойынша жүргізіледі) орындау сәтіндегі көрсетілген қызметтер құнын білдіреді.
Көрсетілген қызметтердің құны қосымша құн салығынсыз ағымдағы бағада есептелінеді.
Көрсетілген қызметтер көлеміне халық қаражаты және қызметті тұтынушылардың басқа санаттарының қаражаты есебінен (кәсіпорындардың меншікті қаражаты және көрсетілген қызметтерді төлеуге мемлекеттік бюджеттен алынған қаражатты қамтиды) төленген қызметтердентүскен табыстар қосылады.
Көрсетілген қызметтер көлеміне, оларға төлем уақыты бойынша емес, өндіріс процесіне шығу сәтіндегі қызметтерді ұсынумен байланысты барлық шығындар қосылады:
1) көліктік-дайындау шығыстарын есептегенде негізгі материалдардың, шикізаттың құны;
2) өндірістік және басқа да қажеттіліктерге (сынақ өткізу, бақылау) пайдаланылатын, сатып алынатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың құны;
3) көрсетілген қызметтің өндірісі үшін пайдаланылатын отынды сатып алу шығындары, сондай-ақ сатып алынатын энергияның барлық түрлерінің құны (электрлік, отындық, сығылған ауа);
4) табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты шығындар (су шаруашылығы жүйесінен алынған суға төлем, түбіріне жіберілген ағашқа төлемінің бір бөлігі);
5) бөгде субьектілермен орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызмет көрсетулер құны;
6) субъектіге меншік, жедел басқару құқығында тиесілі барлық негізгі құралдардың түрлері, сондай-ақ ұзақ мерзімді жалға алынатын негізгі құралдар бойынша амортизацияның аударымдардың есепті кезең ішінде есептілік соммасы;
7) жалақы төлеміне шығыстар;
8) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, іс-сапарлық, өкілдік шығыстар, қайырымдылық көмек және басқалары;
9) ағымдағы жөндеу, коммуналдық қызметтер.
Көрсетілген қызметтер көлеміне ғимараттар мен ғимараттардың құрылысына немесе күрделі жөндеуіне, машиналар мен жабдықтарды оларды пайдалану мерзімін арттыру және өнімділігін көбейту мақсатында жаңарту(мұндай шығыстар негізгі капиталдың жалпы жинақталуы ретінде түсіндіріледі) және жөндеуге жұмсалған шығыстары қосылмайды.
Құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер көлеміне (КҚСЖ 92), мөлшерлемелер мен ұтыстарды төлеу арасындағы айырмашылық қосылады.
2-бөлімнің 1-жолының 2-бағанында халықтың өз қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтер көлемі көрсетіледі. Бұл жолға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халыққа көрсетілетін қызметтер көлемі қысылмаған, бұл көлем 2-бөлімнің 1-бағанына енгізлген.
5. 3-бөлімде қосалқы қызмет түрлері бойынша 2-бөлімде көрсетілген деректерді қоспағанда, өндірілген өнімнің (жұмыс, қызмет көрсетудің) көлемі туралы мәліметтер көрсетіледі. Қызметтің қосалқы түріне негізгіден басқа, үшінші тұлға үшін тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) өткізу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет түрі жатады.
Қосалқы қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтер тізбесі 5-таңба бөлінісінде ЭҚЖЖ-ға сәйкес көрсетіледі.
6. Есепті кезеңде қызметі болмаған кезде респондент тиісті жылға арналып бекітілген Респонденттердің жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген осы есепті кезең үшін статистикалық нысандарды ұсынудың ең ерте мерзімдерінің аяқталу күнінен кешіктірмей Қызметінің болмағандығы туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларында белгіленген тәртіппен ұсынады.
7. Осы статистикалық нысанды тапсыру электрондық түрде немесе қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды түрде толтыру Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында (https://cabinet.stat.gov.kz/) орналастырылған "Респонденттің кабинеті" арқылы он-лайн режимде жүзеге асырылады.
8. Арифметикалық - логикалық бақылау:
1) 2-бөлім:
1-жол = КҚСЖ-нің 9 белгісі бойынша жолдардың ∑;
1-баған ≥ әр жол бойынша 2-баған.
2) 3-бөлім:
1-жол = барлық жолдардың ∑.