Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 маусымда № 34606 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 23.10.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 270-3-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
Е. Оспанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 32 Бұйрыққа
қосымша

Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ереже

      1. Осы Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 270-3-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыруды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) медициналық оқыс оқиға – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдаланумен байланысты, организмнің қалыпты жұмыс істеуінің ауытқуынан туындайтын, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің қайтыс болуына алып келуі мүмкін оқиға Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.

      3. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларын бірыңғай тізілімі) ақпараттық есепке алу функциясын орындайды және медициналық оқыс оқиғаның басталу фактілерінің талдау деректерімен қамтамасыз ете отырып, мүдделі тараптарды медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы ағымдағы жағдайы туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.

      4. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

      5. Медициналық оқыс оқиға және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған ведомстволық бағынысты ұйым (бұдан әрі – Ұйым) қалыптастырып, жүргізеді.

2-тарау. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      6. Ұйым пациентті қолдау және медициналық ұйымдардың ішкі сараптама қызметі (бұдан әрі – Қызмет) жүргізетін медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау нәтижелері, сондай-ақ бірыңғай сақтандыру Қазақстан Республикасы Медицина жұмыскерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру мақсаттары үшін құрылған, өзіне заңды тұлға құрмай компаниялар тобын біріктіруді қамтитын бірыңғай сақтандыру пулының ақпараттық платформасынан алынған мәліметтер негізінде бірыңғай тізілімді қалыптастырады.

      Бірыңғай сақтандыру пулының әкімшісі ақпараттық платформаға рұқсат береді.

      7. Қызмет медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізіліміне енгізу үшін медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін тоқсан сайын Ұйымға жібереді.

      8. Қазақстан Республикасы бойынша медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімі Медициналық оқыс оқиғаның басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға және Сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізу және қалыптастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша электрондық форматта қазақ және орыс тілдерінде қалыптастырылады және жүргізіледі.

      9. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларын бірыңғай тізілімін орналастыру "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіліп, Ұйымның ресми интернет-ресурсында жүзеге асырылады.

  Медициналық оқыс оқиғаның
басталу фактілерін есепке
алудың бірыңғай тізілімін
қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Медициналық оқыс оқиғаның басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімінің мәліметтері

Оқыс оқиға күні, уақыты

Оқыс оқиғаның санаты (клиникалық/ корпоративтік)

Оқиғаның салдары (салдармен/салдарсыз)

Оқиғаға әкелетін жағдайлар

Бейіні

Өмір анамнезінің ерекшеліктері, аурулары (триггердің болуы)

Пациент туралы мәліметтер (жынысы, жасы, диагноз)

Көрсетілген көмек

Оқыс оқиғаны жою және олардың қайталануына жол бермеу бойынша қабылданған шаралар

Оқиғаның дамуына әсер ететін, анықталған факторлар нәтижесінде түзету шаралар жоспарының болуы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























  Сақтандыру жағдайларының
басталу фактілерін
есепке алудың бірыңғай
тізілімін жүргізу және
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімінің мәліметтері

Оқиғаның күні, уақыты және орны

Бейіні

Жеке тұлғалар туралы мәліметтер (жынысы, диагнозы)

Сақтандырылған/ сақтандырылмаған

Өмір анамнезінің ерекшеліктері, аурулар

Денсаулыққа зиян келтіру (ятрогения/өлім)

Сақтандыру жағдайына алып келген жағдайлар

Көрсетілген медициналық көмек

Қабылданған шаралар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады