Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 маусымда № 34610 болып тіркелді

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министр
Ч. Аринов

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 249 бұйрығымен бекітілген

      Нысан

Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы № ___ акт

      20___жылғы "____" ________ ___________________ ______________

      "____" сағат "____" минут толтыру орны

      1. Жедел ден қою шарасының түрі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Мемлекеттік бақылау және қадағалау органының атауы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін

      тоқтата тұру туралы актіні құрайтын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке

      басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның басшысының тегі,

      аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет

      түрлерін тоқтата тұру туралы актіні ресімдеу кезінде қатысқан бақылау және

      қадағалау субъектісі өкілінің лауазымы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Жедел ден қою шарасын қолдану негізі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі (қажет болған кезде)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін

      тоқтата тұру туралы актіні алу немесе алудан бас тарту туралы мәліметтер (күні

      мен бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе бақылау және

      қадағалау субъектісі өкілінің қолы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін

      тоқтата тұру туралы актіні ресімдеген лауазымды адамның қолы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Бақылау және қадағалау органы басшысының лауазымы, тегі, аты, әкесінің

      аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және қолы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады