Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы № 271-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 маусымда № 34612 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 226 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлуді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34367 болып тіркелген) іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылына арналған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу (бұдан әрі – бөлу) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Білім және ғылыми жұмыс департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары "Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі № 136 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6936 болып тіркелген) тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарларында қарастырылған қаражаттар шегінде қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын төлеуді жүзеге асырсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 271-НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылына арналған стипендиясын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасында бөлу

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының атауы

Стипендия

Студенттерге

Магистранттарға

1.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

4

0

2.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

10

1

3.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі

1

0

Барлығы:

15

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады