"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 221 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 маусымда № 34616 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;";

      69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Жұмыс берушілер мансап орталығына enbek.kz порталы арқылы жіберген бос орындарды тіркегеннен кейін мансап орталығы бір жұмыс күні ішінде осы тараудың 2-параграфына сәйкес бос орындарға кандидаттар таңдауды жүргізеді.";

      Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жарияланғаннан кейін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабардар етуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі

      Ұлттық статистика бюросы

  2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 221 бұйрығына
1-қосымша
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
1-қосымша

"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – egov.kz порталы);
3) ақпараттандыру объектісі enbek.kz порталы (бұдан әрі - enbek.kz порталы).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) egov.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) enbek.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге:
1) тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса).
Жеке басты куәландырғаннан және "Еңбек нарығы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2. Egov.kz порталы немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 365 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33380 болып тіркелді) 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын толтырады.
Egov.kz порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің осы Талаптар тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.enbek.kz;
2) www.egov.kz;
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.enbek.kz.
Бірыңғай байланыс орталығы: "1414" .
"Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада уәкілетті пайдаланушылар үшін қолжетімді".

  "Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбелеріне
1-қосымша
Нысан

      ________ мансап орталығы

      кімнен

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) : ____________________;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ____________________;

Өтініш

      Мені жұмыс іздеуші ретінде тіркеуді сұраймын, сонымен қатар:

"Электрондық еңбек биржасы" (www.enbek.kz) ақпараттық порталында түйіндеме орналастыру

Ия □
Жоқ □
(белгі қою)

Халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтерді аутсорсинг арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді аутсорсинг шеңберінде жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне дербес деректерді беру

Ия □
Жоқ □
(белгі қою)

      "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Жалған мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Телефон: ___________Ұялы телефон: __________E-mail: _________________;

      "___" ___________ 20____ жыл.

      (күні)

      Өтініш берушінің қолы: __________

      __________________________________________________________________

      (кесу сызығы)

      Азаматтың(шаның) өтініші ________________________________ қабылданды

      "___" _________ 20___ жылы № _____тіркелді, құжаттарды қабылдаған адамның тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      __________________ _______________ Күні қолы

  2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 221 бұйрығына
2-қосымша
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша

"Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – тізбе)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Еңбек мобильділігі орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Нәтиже:
1) мансап орталығы;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – egov.kz портал);
3) ақпараттандыру объектісі enbek.kz порталы (бұдан әрі – enbek.kz порталы);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін электрондық үкіметтің веб-порталында немесе enbek.kz тіркеу кезінде) арқылы беріледі.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/проактивті

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) мансап орталығында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
3) egov.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
4) enbek.kz порталында – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Құжаттарды ұсыну талап етілмейді

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған адамдар;
2) жұмыспен қамтылған адамдар;
3) Әлеуметтік кодекстің 207-бабының 1-3-тармақтарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдар;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;
5) Әлеуметтік кодекске сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
6) сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не мәжбүрлеу жұмыстарына, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі жаза шартты түрде тағайындалмаған жағдайда, осындай жазаға сотталған адамдар жұмыссыз адам ретінде тіркелмейді.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.enbek.kz порталы;
2) www.egov.kz порталы;
Бірыңғай байланыс орталығы: "1414".
"Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада уәкілетті пайдаланушылар үшін қолжетімді".

  2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 221 бұйрығына
3-қосымша
Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
мансап орталықтары көрсететін
еңбек делдалдығын жүзеге
асыру қағидаларына
7-қосымша

"Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мансап орталығы.

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) "Электрондық үкіметтің" веб-порталы: www. egov. kz (бұдан әрі – egov.kz портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) күн.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) /қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) egov.kz порталында - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында мансап орталықтары көрсететін жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес өтініш;
Egov.kz порталында мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Жұмыссыз ретінде тіркелмеген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат беруден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414" Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады