"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 231 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 44 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 27 маусымда № 34619 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілерге қатысты тексеру жүргізу кезіндегі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 19 қарашадағы № 807 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 81 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141 және 143-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) осы бірлескен бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізетін заңды тұлғаларға қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру парағы;";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақпен толықтырылсын:

      "19) осы бірлескен бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып айқындау (қажет болған кезде) тізбесі бекітілсін.";

      осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес 22-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
Б. Омарбеков
     
      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін атқарушы
К. Кажкенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
м.а.
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 44 мен
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің міндетін
атқарушысының
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 231 Бірлескен бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 19 қарашадағы
№ 807 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 26 қарашадағы
№ 81 бірлескен бұйрығына
22-қосымша

Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып айқындау (қажет болған кезде) тізбесі

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қойылатын талаптардың атауы

Жедел ден қою шарасы

Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі

Тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) қатысты

1.

Тапсырыс берушіде (құрылыс салушыда) жер учаскесіне (құрылысқа арналған алаңға немесе трассаға) құқық белгілейтін құжаттың немесе оны беру туралы жергілікті атқарушы орган шешімінің бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

2.

Жергілікті атқарушы органның қолданыстағы ғимараттардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) арналған шешімі

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

3.

Жер учаскесін бекітілген жобалау құжаттамасына сәйкес және аумақтың нысаналы мақсатын немесе сервитутын, аймақтарға бөлінуін, құрылыс салуды реттеудің қызыл сызығын және сары сызығын сақтай отырып, құрылыс салу үшін (коммуникациялар төсеуді, аумақты инженерлiк жағынан дайындауды, абаттандыруды, көгалдандыруды және учаскенi жайғастырудың басқа да түрлерiн қоса алғанда) пайдалану

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

4.

Орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгi

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

5.

Электр берудің желілері әуе және байланыс желілері аймағында, темір жолға бөлінген белдеуде, құрылыс алаңында орналасқан тау-кен жұмыстарының жер учаскелерін өңдеу аймақтарында жұмыстар жүргізуге тиісті ұйымның рұқсатының бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

6.

Бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

7.

Жобалар сараптамасының оң қорытындысының, оның ішінде түзетілген кезде жобалар сараптамасының қайта қорытындысының бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

8.

Объект бірінші немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған жағдайда техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғалармен шарттың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

9.

Екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде қызметті жүзеге асыратын техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғамен шарттың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

10.

Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеген тұлғамен (жобаны әзірлеушімен немесе аттестатталған сарапшымен) авторлық қадағалауды жүзеге асыруға шарттың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

11.

Ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және бұзу (кәдеге жаратудан кейін) кезінде жобалау (жобалық-сметалық) құжаттаманың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

12.

Жұмыс жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамадан және нормативтік талаптардан ауытқумен жүзеге асырылған жағдайда оларды тоқтата тұруды қамтамасыз ету

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

13.

Бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқыған кезде келісудің және растайтын құжаттардың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

14.

Мүгедектердің және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін объектінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

Жобалаушы ұйымға (бас жобалаушыға) қатысты

15.

Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайларын ескермей, автопаркингтер, гараждар мен тұрғын және қоғамдық ғимараттардың инженерлік жабдықтарын орналастыру үшін жерасты кеңістігін жобалау

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

16.

Бастапқы материалдардың талаптарын (сәулет-жоспарлау тапсырмасы, тік жоспарлау белгілері, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, техникалық шарттар, сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары, сауалнама парағы және топографиялық түсірілім) ескермей, қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) салу және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын, оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты жобаларды әзірлеу

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

17.

Жобаны объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтармен әзірлеу

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

Мердігерге (бас мердігерге) қатысты

18.

Бекітілген (қайта бекітілген) жобалау-сметалық құжаттаманың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

19.

Орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгi

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

20.

Атқарушылық техникалық құжаттаманың тиісті және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

21.

"Сейсмикаға төзiмдi құрылыс" курсы бойынша (сейсмикалық аудандарда құрылыс жүргізілген жағдайда) қолданыстағы куәліктің бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

22.

Техникалық қадағалау және авторлық қадағалау журналына енгізілген нұсқаулардың орындалуын қамтамасыз ету

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

23.

Бекітілген жобалау құжаттамасынан ауытқыған кезде келісудің бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

24.

Енгізілген өзгерістер ескерілген жобалау-сметалық құжаттама бойынша сараптама қорытындысының бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты

25.

Қол қойылған жасырын жұмыстарды куәландыру және жауапты конструкцияларды аралық қабылдау актілерінің бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

26.

Тапсырыс берушіге және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының бөлімшесіне мердігердің авторлық қадағалаудың нұсқауларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы ақпарат беру

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

27.

Орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгi

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

28.

Журналға белгі қойған кезде автор және (немесе) жобаны әзірлеуші немесе авторлық қадағалауды жүзеге асыратын сарапшы орындалған жұмыстардың сәйкессіздігін анықтаған сәттен бастап күнтізбелік бес күннің ішінде тапсырыс берушіге, мердігерге және мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясына ол туралы жазбаша нысанда ескерту, ақпарат беру

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қатысты

29.

Бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

30.

Жобаға сараптаманың оң қорытындысының бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

31.

Мердігерлік ұйымда лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензияның бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

32.

Орындалған (орындалып жатқан) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекiтiлген жобалық шешiмдерге және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге, оның iшiнде тiреу және қоршау конструкцияларының берiктiгін, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн және үйлердің (ғимараттардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтерге сәйкестiгi

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

33.

Техникалық қадағалау журналының бар-жоғы және жүргізілуі

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

34.

Белгіленген мерзімдерде нұсқауларды орындау үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру құқығымен, мердігердің (бас мердігердің) құрылыс барысында өзі жол берген мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерді бұзушылықтарды, бекітілген жобада көзделген жобалық шешімдерден және (немесе) ұйымдық-технологиялық құжаттардың талаптарынан ауытқуларды міндетті түрде жоюы туралы жазбаша нұсқаулардың бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

35.

Мердігердің техникалық қадағалаудың нұсқауларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны туралы тапсырыс берушіге және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының бөлімшесіне ақпарат беру

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

36.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының бар-жоғы

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты

37.

Техникалық тексеру жүргізген барлық аттестатталған сарапшылар қолының бар-жоғы, сондай-ақ сарапшылардың дербес мөртабандарын ұсыну және ұйым беретін ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру жөніндегі сараптама қорытындысын ұйымның бірінші басшысының бекітуі

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

38.

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша бекітілген құрылыс нормаларының талаптарын бұза отырып орындалған және ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөліктерінің немесе жекелеген конструкциялық элементтерінің пайдалану сапасын нашарлатуға, олардың беріктігін, орнықтылығын төмендетуге әкеп соғуы мүмкін дұрыс емес деректерді қамтитын қорытынды беру

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату

Күнтізбелік 90 күн

Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізетін заңды тұлғаларына қатысты

39.

Тұрғызылатын не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалық (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптаманың (сараптамалық бағаның) оң қорытындысын беру

Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтату

Күнтізбелік 90 күн


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады